ӘЛЕУМЕТ

«AQYL» білім беру депозиттері – болашақ кепілі

Бүгін әрқайсысымыздың және балаларымыздың болашағы тікелей білімнің деңгейіне байланысты. Алайда көптеген қазақстандық ата-ана баласының ЖОО-да оқуын төлеу мәселесін соңғы сәтке қалдырады, сөйтіп ақыр соңында банктен кредит не біреуден қарыз алып оны төлеп болғанша қиналады. Осы ретте ақшаны жоспарлы түрде жинақтау – үйде, банктің ұяшықтарында және әртүрлі депозиттерде жинау бұл мәселені шешудің оңтайлы жолдарының бірі болуы мүмкін. Депозиттер нарығында Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің шеңберінде іске асырылатын «AQYL» білім беру депозиті мемлекет тарапынан жыл сайынғы ақшалай көтермеленуінің арқасында ең тиімді қаржы құралы болып табылады. «AQYL» білім беру депозиттері бұл: 1. Мемлекеттен жыл сайын ақшалай сыйлықақы алу «AQYL» білім беру депозитіне банктің сыйақысынан бөлек жинақталған сомадан 5-7 % мөлшерінде мемлекет сыйлықақысы есептеледі. Бұл ретте мемлекеттің сыйлықақысы мен банктің сыйақысы капиталға айналады, яғни негізгі с...
Толығырақ... Оқылды: 505 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.08.2019

Қазақстанда Е-Шаңырақ ақпараттық жүйесі енгізіледі

Ол барлық тұрғын үй қатынасына қатысушылардың өзара іс-әрекетінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реформалау мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Заң жобасының негізгі жаңалықтарының бірі - Е-Шаңырақ деп аталатын шартты түрдегі атаумен тұрғын үй қоры мен ТКШ-на ақпараттық жүйесін енгізу. «Бұл жүйенің тұжырымдамалық архитектурасы тұрғындардың, басқарушы компаниялардың, табиғи монополиялар субъектілерінің, басқару органдарының, жергілікті атқарушы органдардың жеке кабинеттерін біріктіреді. Осылайша, Е-Шаңырақ КҚТҮ (көпқабатты тұрғын үйлер) басқару органдарының ашық қызметін қамтамасыз етеді, тұрғындар шығындар мен кірістер бойынша есептілікті көре алады; электронды дауыс беру арқылы үйді басқару және ұстау бойынша шешім қабылдай алады. Сон...
Толығырақ... Оқылды: 427 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.08.2019

Елімізде өнім өндіру артуда

Биылғы алты айда елімізде сүт өндірісі ұлғайып, 2,9 млн тоннаға жеткен. Бұл бағытта Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында көш бастадық. Елдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 3,8 процентке артты. Еуразиялық экономикалық комиссия ұсынған дерек бойынша жыл басынан бері көршілес Ресейдегі өсім -1,2%, Қырғызстанда – 1,7%, Беларусьте 0,2%-ке жеткен. Ал, Армениядағы көрсеткіш керісінше 6,5%-ға төмендеген. Айта кетейік, елімізде алғашқы жарты жылдықта 870 мың тонна мал мен құс еті өндірілді. Бұл да одақтағы жоғарғы көрсеткіш. Жалпы қаңтар мен маусым аралығында одақ аясындағы ауылшаруашылық өнімінің көлемі 32,5 млрд долларға жеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2%-ға артық.
Толығырақ... Оқылды: 392 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.08.2019

Цифрландыру ауыл шаруашылығын қалай дамытты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық ауылшаруашылығы жерлеріне аудит жүргізуді және жер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрландыруды тапсырған болатын. Ал, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстандағы аграрлық-өнеркәсіптік кешенді цифрландыру жұмыстарын таныстырды. «АӨК-ті цифрландыру климаттың өзгеруіне бейімделу сын-қатерін азайтады, егінді арттырып, мал басын көбейтеді, бизнес-процестерді дер кезінде жоспарлауға мүмкіндік береді. «Ақылды» басқару шешімін қабылдау үшін фермер спутникпен түсірілген суреттер, жер өңдеу алгоритмдері, жоғары технологиялы датчиктер, мобильді қосымшалар мен GPS жүйе сынды цифрлық технологияларды меңгеруі тиіс», - деп атап өтті министр елордада өткен ХІІ Астана экономикалық форумында. Оның айтуынша, өткен жылы бекітілген е-АӨК бағдарламасы мемлекеттік қолдау шараларын автоматтандыруға, дәлме-дәл ауыл шаруашылығы жобаларын жүзеге асыруға және бизнес пен АӨК өкілінің өзара ынтымақтасуына бағытталған. «Ауыл шару...
Толығырақ... Оқылды: 593 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.08.2019

«БЖТ: Бейресмилер үшін жаңа тәртіптеме

Еңбекші ауылдық округінде «Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ): бейресмилер үшін жаңа тәртіптеме» атты ауыл тұрғындары арасында насихаттау жұмыстары өткізілді. Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) режимі формальды емес жұмыспен қамтылғандарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ кәсібін жүргізуге мүмкіндік береді . Табыс табу мақсатында бейресми кәсібін жүргізіп отырған, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбай, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін немесе олардың жұмысын атқаратын, жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер болып танылады. Жаңа тәртіптемені «Бірыңғай жиынтық төлем» енгізу деп ұғынған абзал. БЖТ жобасы Үкіметте сәуірде-ақ таныстырылған болатын, әйтсе де ол кезде қоғамда мұны онша жағымды – «өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға салық» ретінде – қабылдай қойған жоқ. Шындығында, бұл – азаматтар­дың белгілі бір санатына арналған салықтық тәртіптеме....
Толығырақ... Оқылды: 479 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.08.2019

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Еліміздің ішкі саясатының тұрақты болуы әр саладағы даму кезеңінің берік кепілі. Елбасы Н.Назарбаев орнатқан саясаттың негізгі мақсат-мүддесі еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтере отырып, әлемдік деңгейдегі дамыған елдердің қатарынан орын алу. Дау жоқ, жер-жердегі ішкі саяси ахуалдың тұрақты болуы уақыт ағымына сай ілгерілей түсуімізге бірден-бір дәнекер. Шындығында біздің ішкі саясатымыз экономика, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге негізделген. Жалпы, облыс көлеміндегі ішкі тұрақтылық пен ішкі саясаттың орнықтылығы жөнінде Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жаңыс Сапарғалиевтың қатысуымен аудан әкімшілігінің кіші мәжіліс залында дөңгелек үстел өтті. Бұл жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, округ әкімдері мен бөлім, мекеме басшылары қатысты. «Негізгі міндетіміз – жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру болып табылады» деп, сөз бастаған Жаңыс Құдайбергенұлы қоғамдық-саяси ахуалдың алдын-алу шараларын т...
Толығырақ... Оқылды: 446 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.08.2019

«Doing Business» рейтингісінің «Кәсіпорындарды ашу» индикаторы бойынша семинар өткізілді

7 тамызда аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының мәжіліс залында Көксу аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісінің «Кәсіпорындарды ашу» индикаторы бойынша семинар өтті. Бұл жиынға «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Көксу ауданы бойынша филиалының басшысы Айдос Мүлікбай, аудандық Әділет басқармасының басшысы Айтжамал Шегебаева, аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің бас маманы Қанат Сенадилов пен кәсіпкерлік бөлімі және жас кәсіпкерлер қатысты. Іс-шараның мақсаты – азаматтарға жеке кәсіпкерлік субъектілерін электронды тіркеу жолдарын түсіндіру. Кездесу барысында, Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісінде еліміздің ұстанымын жақсарту мақсатында «Кәсіпорындар ашу» индикаторы бойынша аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар реті таныстырылып, кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту туралы тиімділігі, орта бизнеске ин...
Толығырақ... Оқылды: 560 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.08.2019

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ АУДАНДА

Елбасының ұсынған «Құтты мекен» жобасы аясында партиялық бақылау комиссиясы аудан орталығына рейд жүргізді. 6 тамыз күні «Nur Otan» партиясы жанындағы партиялық бақылау қызметінің басшылығы жұмыс барысымен ауданға келді. Сапар барысында Балпық би ауылындағы салынып жатқан 50 және 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй құрылысының жұмыс қарқынымен танысты. Рейдке облыстық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ермек Келімсейіт, филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, облыстық филиалдың партиялық бақылау жөніндегі инспекторы Элеонора Талданбаева, аудан әкімінің орынбасары Дәулет Халелов және аудандық партия бақылау комиссиясының төрағасы Орынхан Нұртаев қатысты. Нысандарды аралау барысында Ғалиасқар Төлендіұлы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмысының және жолдардың орташа жөнделуіне баса назар аударып, мердігер мекеме басшыларына тапсырма да берді. Көпқабатты үйлердің құрылысына жауапты аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қажым...
Толығырақ... Оқылды: 483 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.08.2019

Талдықорған қаласының әкімі 525 балаға қол ұшын созды

Талдықорған қаласының әкімдігі мен «Niyet Charitable Foundation» қоғамдық қорының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Меморандумда аталған қоғамдық қордың көмегімен Талдықорған қаласының аумағындағы аз қамтылған, мүгедек, жетім және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсетілетіні айтылған болатын. - Құрметті қауым! Біз қасиетті мереке қарсаңында осындай қайырымдылық шарасын өткізуді жөн көрдік. Бұл акция Талдықорған қаласы әкімдігі мен «Niyet Charitable Foundation» қоғамдық қоры арасындағы ортақ келісім аясында іске асып отыр. Біз меморандумға қол қояр кезде көмекке мұқтаж жандарға 5000 мыңға дейін киім таратамыз деп келіскен болатынбыз. Қазіргі уақытта келісілген киімдердің 2600 данасы Талдықорған қаласына келді. Бүгін соның алғашқы легінде 525 балаға таратқалы отырмыз, - деді сөйлеген сөзінде қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов. Бұл көмек Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және а...
Толығырақ... Оқылды: 428 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.08.2019

Жас жұптар жарысқа түсті

Елбасы Н.Назарбаев жариялаған «Жастар жылы» аясында кейінгі толқын өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынасты бекіту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жаздың жайма-шуақ күндерін көңілді өткізу және айдынды Алакөл ауданының туризм саласын дамыту мақсатанда Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Alakol TV» ақпараттық-танымдық телестудиясының ұйытқы болуымен көл жағалауында орналасқан Ақши ауылы, «Аяжан» демалыс орнында «Alakol Life» реалити-шоуы жалауын желбіретті. Аталмыш іс-шараға Алматы, Талдықорған қалалары мен Алакөл, Сарқан аудандарының жұптары қатысты. Олардың басты міндеті бір-бірлеріне деген сенім мен сезімнің арқасында байқаудың бас жүлдесін иемдену болды. Үш күнге созылған шараның әр тәулігі таңғы жаттығумен басталды. Бұл алдағы сайыстарға сақадай дайындық пен сергектік сыйлау үшін жасалған дүние. Жұптар арасындағы жарыс екі кезеңге бөлініп, қатысушылар алдымен демалыс орнының аумағында сайы...
Толығырақ... Оқылды: 432 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.08.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.