ӘЛЕУМЕТ

"DariКz" мобильді қосымшасының тиімділігі

Шілде айынан бастап дәрі-дәрмектер дәрігердің рецебінсіз сатылмайды. Яғни, құрамында психотроптық және есірткі қоспасы анықталған дәрілік заттар мүлдем берілмейді. Егер бұл талап орындалмаған жағдайда дәріхана қызметкерлері жауапкершілікке тартылады. Бұл жөнінде облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері баспасөз мәслихатында айтты. Жалпы, Қазақстанда 8 мыңға жуық дәрілік зат тіркелген. Заңнамаға сәйкес 6 мыңнан аса дәрі қатаң дәрігер рецепті бойынша ғана беріледі. Ал, дәрумендерге, ерітінділер мен шөп қоспасынан дайындалған өнімдерге шектеу жоқ. Жиында "DariКz" мобильді қосымшасының тиімділігі де түсіндірілді. Онда учаскелік дәрігердің нұсқаулығы, рецептік дәрілер мен басқа да мәліметтер енгізілген. Сол арқылы дәріханадан дәрі-дәрмек те алуға болады. Осы жүйе бойынша, мамандар препараттардың заңсыз сатылуының алдын алмақ. Қазіргі уақытта дәрілік заттарды сату мәселесі 2009 жылғы ҚР «Халық денсаулығ...
Толығырақ... Оқылды: 442 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.07.2019

Талдықорғанда ауыл әйелдерінің форумы өтті

Жетісулық іскер қыз-келіншектер Талдықорғанда басқосты. "Облыстық ауыл әйелдерінің" форумына әр аймақтан кәсіпкерліктің тұтқасын ұстап жүрген жандар келді. 200-ден аса қатысушы түрлі сала бойынша пікір алмасты. Жетістікке жетудің құпиясы, бизнесті басқару мен отбасы құндылықтарын талқылады. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев те қатысып, өңірдегі кәсіпкерлік әлеуетін таныстырды. Қазір облыста 122 000 шағын және орта бизнес субъектісі болса, соның тең жарымын қыз-келіншектер басқарып отыр. Басқосуда табысты еңбек етіп жүрген бірқатары өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ қаржы ұйымдары кәсіпкерлерге арналған бағдарламаларын таныстырды. Жиында алғаш сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ақан Жылқышыбайұлы: «Құрметті форумға қатысушылар, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың атынан сіздерге қош келіпсіздер деймін. Жиын жұмысына сәттілік тілеймін. Өңірде жаппай кәсіпкерлікті дамыту тиімді жүргізілуде. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін кешенді Жол картасы...
Толығырақ... Оқылды: 528 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.07.2019

Алматы облысында «Жетісудың жеті батыры» анықталды

Ержүректік пен ерлік, батырлық пен қайсарлық тек соғыс сағатында ғана сомдалмайды. Күнделікті өмірдің кез келген сын сәттерінде басын қатерге тігіп, ерлік көрсеткен жандар осы қасиеттері арқылы талай жүректерге от тастап, намысын найзағайдай ойнатады, рухты оятады. Жетісу жерінде батыр азаматтарымыз жетерлік. Алайда есімдері елге танымал болмай, ұмыт қалғандары қаншама. Сол есімдерді жаңғырту, танымал ету, ерліктерін білу мақсатында «Жетісудың жеті батыры» атты жобасы бастау алып, алғашқы жеті батыры да белгілі болды. Жаңа жоба белгілі журналист, блогер Сандуғаш Дүйсенованың идеясы. Бүгінде ол «Пятый регион» атты қоғамдық бірлестік құрып, қайырлы істерді насихаттауға ден қойған. «Бұл күнде қайсарлық танытатын азаматтар кемде-кем. Бірақ, көпке топырақ шашуға да болмайды. Өз өмірін ойланбастан басқа азамат үшін қиып, қол ұшын созатындар да жетерлік. Тіпті, өмірден озғандарда қаншама. Сондай игі істерді атқарған азаматтарымыздың ерен еңбектерін жаңғы...
Толығырақ... Оқылды: 489 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.07.2019

БІЗ АРЫСПЕН БІРГЕМІЗ...

«Апат айтып келмейді» деп жатамыз... шынымен де, өткен аптадағы Түркістан өңірінің Арыс қаласында болған алапатты апат бүкіл елді дүрліктірді. Ел аман, жұрт тынышта орын алған бұл жойқын жарылыс барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. «Оттың ісі – қуырмақ» демекші, қаншама адам үй-жайларын тастап, қашуға мәжбүр болды. Баспанасыз қалған жандарды көршілес Шымкент қаласына уақытша қоныстандырды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев апат болған түні арыстықтарға келіп, оқыс оқиғаның мән-жайымен танысты. Қауіпсіз жерге көшірілген халықты ыстық тамақпен, дәрігерлік көмекпен қамтамасыз етуді, барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Бір сөзбен айтқанда, шырғалаңға түскен тұрғындардың шертер күйі – шығар мұңына назар аударды. Зардап шеккендерге мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау жасалатындығын айтты. Бұл дегеніміз – елдің қамын ойлаған жанашыр басшысының мәрттігі. Арыстықтардың иығына түс¬кен ауыртпалық барша елдің басын бірік...
Толығырақ... Оқылды: 508 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.07.2019

ПРОКУРАТУРА ОТЫРЫСЫ

Өткен аптада аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен, өкілетті органдардың өзара ынтымақтастық іс - шаралар жүргізу мақсатында, аудандық борышкерлердің мемлекет пайдасына, алимент және өндірілуі тиіс атқару өндірістері бойынша отырыс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ұлан Досымбеков, Көксу ауданының прокуроры Азамат Бекеев, аудан прокуратурасының аға прокуроры Ләззат Сүлейменова және өкілетті органдардан осы жобаны іске асыру үшін ауданның мемлекеттік сот орындаушылары, мекеме, бөлім басшылары мен округ әкімдері қатысты. Көксу ауданының прокуроры Азамат Бекеев өз сөзінде бірлескен жұмыс жасаудың нәтижесінде жақсы көрсеткішке жететіндігін атап өтті. Ал, аудан прокуратурасының аға прокуроры Ләззат Кенесқызы алимент пен мемлекет пайдасына сомаларды өндіру бойынша орындаудан жалтарып жүрген борышкерлерден өндіруге ықпал ету үшін, аудан бойынша өкілетті органдардың өкілдері өзара ынтымақтастық іс - шаралар жүргізу мақсатында, меморандумның...
Толығырақ... Оқылды: 584 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.07.2019

Алматы облысы Арыс қаласындағы жекеменшік үйлердің қалпына келуіне атсалысуда

Жетісулықтар Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы журналистер үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. БАҚ өкілдері алдында сөз алған облыс әкімі: «Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша еліміздің әр облысы және республикалық маңызы бар қалаларға арнайы учаскелер бөлінді. Бізге №15 учаске берілді. Ол, ауданда: 29 көше, 9 әлеуметтік, 14 коммерциялық нысан мен 854 жекеменшік тұрғын үй орналасқан. Соның ішінде 157 жекеменшік тұрғын үйді қалпына келтіру жұмысы біздің аймақтың еншісінде. Бұл үшін қазір біз жергілікті қазынадан 1 млрд. теңге бөліп, нақты жұмыс жоспарын жасап, құрылыс ауқымын анықтаудамыз. Бұл істі жүзеге асыру үшін Арыс қаласында арнайы құрылған жұмыс тобы жүр. Ал, құрылысты салуға бірнеше танымал серіктестік жұмылдырылмақ. Жұмыс бір айдың ішінде бітуі тиіс»,-деді. Сонымен қатар, Арыс қаласының 150 мектеп оқушысына бір ай бойы жер жәннаты Жетісуда тегін демалып қайтуына бар жағдай жа...
Толығырақ... Оқылды: 442 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.07.2019

Талдықорғанда Манас» III Халықаралық форумы өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған Халықаралық Түркі академиясы жыл сайын дәстүрлі түрде қазақ-қырғыз зиялыларының форумын ұйымдастырып келеді. Аталмыш форум биыл да өз жалғасын тауып, киелі Жетісу жерінде ұйымдастырылды. Форумның ашылу салтанатына Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаев, Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Султан Раев, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Мәмбет Қойгелдиев және облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы қатысты. Сонымен қатар жиынға елшілер мен дипломаттар, көрнекті ғалымдар мен ақын-жазушылар, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлеріде арнайы келді. Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, туристік салаларды дамыту жөнінде әңгіме өрбіді. Алдымен сөз Қырғы...
Толығырақ... Оқылды: 411 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.07.2019

Текелі қаласында «Шұғыла» журналистер слеті өтті

Журналистер күніне орай, Текелі қаласында «Шұғыла» жас журналистер шығармашылық слеті өтті. Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған шараға қаламды қару еткен ақпарат қызметкрелері қатысты,-деп taldykorgan-online.kz БАҚ өкілдерін шаһар басшысы Бақтияр Әлтайұлы қарсы алып, қонақтарға ілтипат көрсетті. Қаланың көрікті жерлерін аралатып, атқарылған жұмыстарды да атап өтті. Журналистерді әуелі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке апарып, Қора мен Шажа өзендерін көрсетті. Қосылған қос өзеннің тоғысқан торабына алдағы уақытта ғашықтар көпірін салатынын айтты. Ол үшін қаржыда қарастырылып қойыпты. Бұл аймаққа көпір салам деуі де тегін емес. Текелі тұрғындары Қора өзенін ұлға, Шажа өзенін қызға теңеуімен тікелей байланыстырды. «Біздің өлкенің табиғаты ерекше. Туризмді дамытуға өте қолайлы жер. Себебі, жаз мезгілінде мұнда қатты ыстық болмайды. Ал, қыста керсінше, қатты аяз жоқ. Жанға жайлы ауарайын көруге болады»,-дейді Текелі қаласыны...
Толығырақ... Оқылды: 431 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.07.2019

Жетісулықтардың күнде су жаңа ұялы телефон ұтып алуға мүмкіндігі бар

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өтетін кезекті республикалық науқан өткізуде. Бұл шара азаматтық белсенділікті арттыру, тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Ұйымдастырушылардың сөзіне сүйінсек, Мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдастырып отырған науқанға кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады. Бұл үшін оған тұтынған тауар немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің суретін Play Market-те немесе App Store-да «Таңдау» мобильді қосымшасын жүктеп,тіркеуіңіз шарт. Акцияның толық шарттары мен қосымшасымен жұмыс істеу нұсқаулығын www.trebui.kz акция сайтынан көруге болады. Қазақстан Республикасының барлық азаматтары «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал» акциясына қатыса алады. Акцияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрл...
Толығырақ... Оқылды: 471 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.06.2019

«Nur Otan»-НЫҢ НҰРЛЫ ОТЫРЫСЫ

Сәрсенбінің сәтті күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалының саяси кеңес отырысы өтті. Бұл жиынға ҚР Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Талдықорған өңірлік кәсіподақ комитетінің төрағасы, облыстық саяси кеңес мүшесі Садық Әбдіқадыров, аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов, саяси кеңес мүшелері, округ әкімдері мен мәслихат депутаттар, жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Сәрсенбінің сәтті күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалының саяси кеңес отырысы өтті. Бұл жиынға ҚР Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Талдықорған өңірлік кәсіподақ комитетінің төрағасы, облыстық саяси кеңес мүшесі Садық Әбдіқадыров, аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов, саяси...
Толығырақ... Оқылды: 514 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.06.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.