ӘЛЕУМЕТ

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КІЛТІ

Әрбір азамат еліміздің болашағы үшін өз таңдауын жасауы тиіс. Мен де конституциялық құқығымды пайдаланып, сайлауға дауыс беруге бардым. Орталық сайлау комиссиясының шешімімен, Қасым-Жомарт Кемелұлы басымдықпен алға шықты. Бұл жалпы жеңіс деп есептеймін. Кемел келешек үшін дұрыс таңдау жасалды деп ойлаймын. Маман Қаблисанов, аудандық мәслихат депутаты
Толығырақ... Оқылды: 580 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2019

ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛІ - ТОҚАЕV

Бәрімізге белгілі, 9 маусым күні еліміз үшін өте маңызды әрі жауапты кезең - кезектен тыс президенттік сайлауы өтті. Бұл сайлау - біздің жарқын болашағымыздың кепілі. Сол себепті де, біз - жастар, өз дауысымызды ҚР-ның президенті болуға әбден лайықты деген үміткерге дауыс бердік. Ол - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Және сол кісінің жеңіске жеткеніне қуаныштымыз. Қасым-Жомарт Кемелұлы - осы уақытқа дейін еліміз үшін елеулі еңбек етіп келді. Премьер министр болған жылдары ел экономикасы айтарлықтай жақсарды. Шет мемлекеттермен де байланысымыз тұрақты түрде орнады. Алғаш президенттік қызметке тағайындалған уақытта өзінің білімділігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Халықпен кері байланысты орнату мақсатында әкімдер мен министрлерге әлеуметтік желіде аккаунт ашуды тапсырды. Себебі, қазіргі жаһандық заманда интернет - таптырмас құрал. Тіліміздің мәртебесін де назардан тыс қалдырмады. «Бұл— өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс...
Толығырақ... Оқылды: 502 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2019

Ұйым жұмысы қорытындыланды

Кезектен тыс сайлау кезінде Алматы облысы бойынша төрт құқық бұзушылық анықталды. Оның екеуі ұйымдастқан түрде өткен. Бұл туралы облыстық «Аманат» платформасының жетекшісі Қайрат Жаңабаев айтты. Баспасөз мәслихаты барысында алда атқарылатын жұмыс барысы да баяндалды. Сонымен қатар маңызды кезеннің әділ өтуін қамтамасыз еткен. Ұйымның мақсаты сайлау үдерісіне мониторинг жүргізіп, ашықтықты қадағалау. Жалпы бірлестікте штаб бірлестіктермен қатар, сарапшылар мен жастар да бар. Айта кетсек, «Аманат» платформасы 15 мамырдан бері 5 басты бағыт бойынша өз жұмысын жүргізді. «Болашақта платформамыздың үлкен жоспарлары бар. Оның біріншісі әлеумет жағынан үлкен проектіні қолға алмақпыз. Жастарға көмек көрсету, жұмыспен қамту. Бизнес центрлерді ашу сияқты жобалар жүзеге асырылады»,-деді облыстық «Аманат» платформасының жетекшісі Қайрат Жаңабаев.
Толығырақ... Оқылды: 396 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2019

Көксу ауданында қырық жылдан аса күрделі жөндеу көрмеген мектеп қайта жаңғыртылудан өтеді

Аудан басшысы Алмас Әділ Злиха Тамшыбай ауылындағы З.Тамшыбай атындағы орта мектепке барды. 640 оқушыға арналған білім мекемесінде қазір 302 бала оқып жатыр. Мектеп директоры Гүлмира Садырбаеваның айтуынша, ғимарат 1974 жылы салынған. 1998 жылы мектеп терезесі, 2004 жылы мектеп жабындысы ауыстырылған. Содан бері білім мекемесіне бірде бір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмепті. Қазір тозығы жеткен мектептің демонтаж жұмыстары аяқталып, іргетасының, қабырғаларының сесмикалық күшейту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы мектептің күрделі жөндеуіне 502 миллион теңге бөлінген. Мердігер компанияның айтуынша жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жылыту және желдету, су және кәріз жүйелерін, ішкі электржүйелерін, өртке қарсы дабл жүйелерін, балалардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйелерін орнату қарастырылған екен. Мердігер «Жібек Жолы құрылыс сервис» компаниясы мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарын 20-тамызға дейін аяқтауды уәде етіп отыр. Құрылыс жұмыстарының барысымен танысып шыққан а...
Толығырақ... Оқылды: 405 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2019

ӘДІЛ САЙЛАУ - ӘДІЛЕТТІЛІК НЫШАНЫ

Президенттік сайлау– елдегі демократияны нығайту жолындағы үлкен қадам. Сол қадамның дұрыс жасалуы - әділ өтуіне байланысты. Әділ сайлау - әділеттілік нышаны. 9 маусым - Қазақстан халқының тағдырын шешетін күн. Бұл күн біздер үшін өте маңызды. Сол себепті де, мен де айтулы күнге өзімнің сүбелі үлесімді қосуға тырыстым. Таңның атысымен өзімнің тұрақты мекенімнен сайлау уческесіне бардым. Бұл менің ең алғашқы дауыс беруім. Елімнің болашағын ойлайтын, Тәуелсіздігіміздің айбынын асқақтататын азаматты мемлекет басшысы ретінде ұсыну мен үшін абыройлы іс болды. Сайлаудың әділ әрі тыныш өткеніне қуаныштымын. Еліміз жасасын! Президент жасасын! Диляра Юсупова, "Нұрлы Көксу" газетінің тілшісі. Мен Абдыкалыова Айдана Жандарбекқызы сайлау ашық әрі әділ өтті деп ойлаймын. Себебі, сайлаудың әділ, ашық, заңды түрде ұйымдастырылып, өткізілуін бақылаушылар бақылауында болды. Олар сайлау процессін жіті бақылап, оның әділ де ашық болуын, заңдылықтың сақталуын қадағалады....
Толығырақ... Оқылды: 529 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2019

Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Биыл шілде айында қазақстандықтарды 22 жұмыс және 9 демалыс күні күтіп тұр. “Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы”заңға сәйкес 6 шілде елорданың мерекесі болғандықтан бұл күні қазақстандықтар демалады. 2019 жылы 6 шілде сенбі күніне түсіп тұр. Сол себепті демалыс күні 8 шілдеге ауысады, яғни дүйсенбі күніне. Сондықтан бес күндік жұмыстағы қазақстандықтар үш күн демалады. Бұл 6-8 шілде аралығына келіп тұр. Астана күні– Қазақстанның мемлекеттік мерекесі. 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстанның Жоғарғы кеңесі елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулы шығарған. 1998 жылы 6 мамырда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Ақмола Астана болып өзгерді. Ал 2019 жылдың 20 наурызында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде ант қабылдағаннан кейін Астананы Нұр-Сұлтанға ауыстыруды ұсынды.
Толығырақ... Оқылды: 469 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2019

Көксу ауданында қырық жылдан аса күрделі жөндеу көрмеген мектеп қайта жаңғыртылудан өтеді

Аудан басшысы Алмас Әділ Злиха Тамшыбай ауылындағы З.Тамшыбай атындағы орта мектепке барды. 640 оқушыға арналған білім мекемесінде қазір 302 бала оқып жатыр. Мектеп директоры Гүлмира Садырбаеваның айтуынша, ғимарат 1974 жылы салынған. 1998 жылы мектеп терезесі, 2004 жылы мектеп жабындысы ауыстырылған. Содан бері білім мекемесіне бірде бір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмепті. Қазір тозығы жеткен мектептің демонтаж жұмыстары аяқталып, іргетасының, қабырғаларының сесмикалық күшейту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы мектептің күрделі жөндеуіне 502 миллион теңге бөлінген. Мердігер компанияның айтуынша жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жылыту және желдету, су және кәріз жүйелерін, ішкі электржүйелерін, өртке қарсы дабл жүйелерін, балалардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйелерін орнату қарастырылған екен. Мердігер «Жібек Жолы құрылыс сервис» компаниясы мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарын 20-тамызға дейін аяқтауды уәде етіп отыр. Құрылыс жұмыстарының барысымен танысып шық...
Толығырақ... Оқылды: 475 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2019

Алматы облысында оқыс оқиғадан екі бүлдіршін көз жұмды

Кеше Жамбыл ауданының Еңбекшіарал ауылында, сағат 17.30 шамасында, екі бірдей бала тоққа түсіп мерт болды. Үй алдында ашық тұрған құдыққа құлаған баланың бірі 4 сынып, бірі 2 сынып оқушысы. Оқыс оқиға орын алған уақытта әкесі мал алдына шығып кеткен. Ал, анасы жұмыста болған. Кешкі сағат 19.00-де үйіне келген анасы балаларын тауып, өзі шығарып алған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері бүлдіршіндерді құтқару мүмкін болмағандығын айтады. «Кешкі сағат 20.00 шамасында жеке тұрғын үй ауласынан тоққа түскен екі бала табылды. Құдықтан шығарылған балаларды құтқару мүмкін болмады. Себебі ұрған тоқ күші көп болған, әрі оқиға 2 сағат өткенен кейін хабарланды. Қазіргі уақытта ата-ана балаларын патологоанатомиялық тексеруден бас тартты» , - дейді жергілікті аурухана дәрігері А. Калдарбекова. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері қара жамылған ата-анаға, туған-туыстарына көңіл айтып, жерлеу рәсімін ұйымдастыру шаралар өз мойнына алды.
Толығырақ... Оқылды: 455 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.06.2019

Талдықорғанда Рәміздер күні аталып өтті

Рәміз - халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгі боп саналады. Осы орайда Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында рәміздер күніне арналған шара өткізілді. Кез-келген мемлекеттің көркейіп, гүлденуі сол мемлекеттің төл рәміздеріне деген құрмет сезімінен өрбиді. Осыған орай «Өлке тынысы» ЖШС директоры Мейрам Базарұлы мен Алматы облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идигов жастарға елді сүю, тіл мен тарихты білу, рәміздерді құрметтеу тақырыбында әңгіме өрбітіп, жастарды патриоттыққа тәрбиеледі. Әр елдің халықтары өздерінің мемлекеттік рәміздерін мақтан тұтады. Өз елінің Елтаңбасының, Туының бейнесін және Әнұранын біліп қана қоймай, олардың маңыздылығы мен мазмұнын білу қажет. Ол үшін олардың пайда болу тарихы туралы түсінік болу керек. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні – біздің отанымыз үшін маңызды мереке. Өзінің еліне деген сүйіспенші...
Толығырақ... Оқылды: 441 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.06.2019

Алматы облысында «Аманат» азаматтық платформасының жұмысы қорытындыланды

Талдықорғанда жаңадан ашылған «Social center» әлеуметтік орталығында «Аманат» сайлауға мониторинг жүргізу азаматтық платформасының атқарған жұмыстары туралы қорытынды есебін берді. Жалпы, Алматы облысы бойынша 25 мобильді капитандар, 1040 тәуелсіз бақылаушылар бекітілген. Облыс бойынша «Аманат» азаматтық платформасымен 32 іс-шара ұйымдастырылды. «Аманат» азаматтық платформасы штабының жетекшісі Қайрат Темірғалиұлы мен штаб мүшелері 17 аудан, 3 қала бойынша оқыту тренингтерін өткізіп, Жетісу Мемлекеттік университетінің белсенді жастарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Аманат» азаматтық платформасының жұмысы туралы түсіндірілді. 27 мамыр күні «Аманат» Алматы облыстық штабында Нұр- Сұлтан қаласының бас штабымен онлайн конференция өткізілді. Сонымен қатар, Президенттікке үміткер 7 партияның штаб-пәтерімен кездесу өтті. «Біз бұл сайлаудың заңды әрі өте әділетті өтуін қадағалаймыз. 9 маусым күні &...
Толығырақ... Оқылды: 530 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.06.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.