ӘЛЕУМЕТ
Жетісулық кәсіпкерлер 6 бірдей көп балалы және аз қамтылған отбасыға үй сыйлады |
| Алматы облысы, Алакөл ауданында «1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесі қарсаңында кәсіпкерлер бастамасымен қайырымдылық іс-шарасы өткізіліп, 6 аз қамтылған, көп балалы отбасыларға тұрғын үй кілттері табысталды. Бүгінде қоғамда қайырымды игі іс жасап, қол ұшын созар жомарт азаматтар саны көбейіп келеді. Солардың бірі Екпінді ауылдық округінде орналасқан «Майқынов Е» ШҚ басшысы Майқынов Ермек Серікбайұлы «Күміс алқа» иегері, көпбалалы ана Сартбаева Қарақатқа 7 бөлмелі үйді сыйға тартты. «Ауданымызда көпбалалы аналар саны аз емес. Солардың бірі алты баланың анасына үйдің кілтін табыстап отырмын. Ауданымызда басталған мұндай қайырымдылықтар әрі қарай жалғасын тауып, қазақтың әрбір батыр аналарының көңілі тоқ болсын», - дейді жеке кәсіпкер. Дәл осындай қуанышқа Қабанбай ауылының тұрғындары, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған Старченко Зоя Сергеевна мен көп балалы ана, «Күміс алқа» иегері Ақшолақова... |
| Толығырақ... Оқылды: 422 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.05.2019 |
ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА |
| Сәуір айының 9-ы күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мақсатында «Алматы облысы бойынша терроризмге қарсы тұрғындардың қауіпсіздігіне және құқық бұзушылықтың алдын-алуға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу» атты лот аясында семинар өтті. Бұл жиынға ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті академиясының оқытушылары Болат Шоманов, Евгений Ли, аудандық мектеп оқытушылары мен ІІБ түгелдей қатысты. Семинардың басты мақсаты: террорлық әрекет кезіндегі іс-әрекеттер туралы мағлұмат беру. Осы туралы еліміздегі болып өткен террористтік жағдайларды видеоролик түрінде көрсетіп, қауіп деңгейлерін түсіндірді. Қазіргі таңда діни - ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс. Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себе... |
| Толығырақ... Оқылды: 531 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.04.2019 |
Лучших фотографов наградили в Жетысу |
| В Доме журналистов города Талдыкорган подвели итоги фото-конкурса «Мой Жетысу», где наградили самых талантливых и креативных фотографов в области. На прием заявок от участников, организаторы выделили месяц времени, в период которого комиссией было утверждено 58 работ от 18 желающих. Претендентов было больше, однако некоторые были отсеяны. По словам организаторов и членов комиссии, эти работы не соответствовали требованиям конкурса. «Фото- конкурс «Мой Жетысу» проходил с 10 февраля по 10 марта текущего года. Организатором выступил «Союз фотографов и видеографов» региона, а огромную поддержку оказало управление внутренней политики Алматинской области. Пользуясь, случаем, хочется поблагодарить руководство управления внутренней политики и его команду, которые всегда оказывают помощь в проведении подобных мероприятий. По трем номинациям к нам поступило большое количество работ, поэтому по ним у нас 3 призовых места. Несмотря на то, что приняли уч... |
| Толығырақ... Оқылды: 396 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.04.2019 |
«Үндеуге-қолдау» |
| «Тарихи сәтке куә болып отырған, тәуелсіз елдің жастарымыз. Біз Елбасының салған даңғыл жолымен келеміз. Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде айтқандай, жастарға үлкен сенім артты. Сондықтан біз, жастар бұл жолды әрі қарай жалғастырамыз. Елімізді дамытуға бар күш-жігерімізді саламыз. Қазір Астананың атауын өзгерту туралы халық көп пікір білдіруде, соған қарамастан, біз Нұр-Сұлтан атауы да болашақта жаңа бренд болып қалыптасатынына сенімдіміз». Бүгінгі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеуі жариялап, кезектен тыс Президенттік сайлау қашан өтетінін мәлімдегендігі біз үшін көптен күткен жаңалықтардың бірі болды. Біз Елбасыныңсара жолыменжүреміз.Халқымыз – біртұтас. Тәуелсіздігіміздің ең жоғары құндылығыретінде мемлекетіміздің іргесімығым.Алдағы Президент сайлауы осыған дәлел болуы керек. Сондықтан, елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп,алға басу үшін,әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерділайықты жүзеге асыру үшінбізге айқындық қажет. Оның үст... |
| Толығырақ... Оқылды: 537 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.04.2019 |
|
|
| СЕКЕНБАЙ ШЕҢГЕЛБАЕВ, Облыстық мәслихат депутаты: 9 маусымда елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өтеді. Бұл туралы бүгін республикалық телеарналар арқылы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндеу жариялады. Президент мемлекет үшін маңызы зор науқанға бір кісідей қатысуға шақырды. Кандидаттар тізімінде жаңа саяси тұлғалар болғандықтан, ол халықтың дана шешім қабылдайтынына сенім білдірді. Байқап қарасақ, бүгінде билік халыққа етене жақындады. Ел-жұрттың мұң-мұқтажы айрықша назарға алынып, тұрмыстың түйткілдер кешенді түрде шешілуге бет бұрды. Нақты іс-шаралар тиянақты жүргізіле бастады. Сайлаудың қойылған уақытынан ерте болатыны саясаттың бір салқын соққан лебі сияқты. Себебі, қоғамды дамытуға серпінді қадамның бірі – сайлау. Мемлекетімізде халық таңдап алған басшы болса, батыл қадамдар жасауға жол ашылары айқын. Қазіргідей әлемнің алмағайып кезеңінде жайбарақаттыққа жол беруге болмайды. Еліміз дамудың сапалық жаңа деңгейіне көтерілген кезеңде бәрінен бұрын ең қымба... |
| Толығырақ... Оқылды: 460 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.04.2019 |
|
|
| Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 13.00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жариялады. Үндеуді басынан аяғына дейін мұқият қарап, тыңдадым. Бірақ, ҚР Президенті сайлауының неліктен уақытанан бұрын өтейін деп жатқандығын өз басым түсінбедім десем де болады. Мүмкін халықтың алаңдауын басып, келер жылды күттірмей тізігінді нақты бір адамға беру үшін қабылданған шешім шығар. Қандай шешім қабылданса да халықтың игілігі мен тыныштығы үшін болса деген ойдамын. Сайлау Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев айтқандай әділ, әрі ашық түрде өткізілсе нұр үстіне нұр болады. Бұл менің зайырлы-демократиялық мемлекеттің азаматшасы ретінде айтқан жеке пікірім, өз ойым. Әлия ИМАНЖАНТЕГІ. |
| Толығырақ... Оқылды: 540 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.04.2019 |
|
|
| ӘЛДИБЕК ДОСЫМБЕКОВ: «9 сәуір күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел алдындағы өзінің алғашқы Үндеуін жария етті. Еліміздің президентін анықтайтын сайлаудың осы жылдың 9 маусымында өтетіндігін мәлімдеді. Бұл біздер үшін үлкен жаңалық дер едім. Қазақстан халықаралық жүйеде өзінің лайықты орнын бекемдеген мемлекет. Бізді ықпалды және белді мемлекет ретінде бүкіл әлем мойындайды. Өткен айдағы болып өткен оқиғаларға сүйенер болсақ, қазіргі таңда тарихи кезеңді бастан өткеріп отырмыз. Бәріне белгілі, жоғары билік заңды және бейбіт жолмен ауысқан болатын. Бүкіл әлем қоғамдастығы осы оқиғаны түсіністікпен және құрметпен қабылдады. Қасым-Жомарт Кемелұлы айтпақшы, алдағы сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтетініне сенімдімін. Бұл жолғы мерзімінен бұрынғы сайлау толығымен заң аясында өтеді және елдегі әлеуметтік, саяси, рухани салаларды тиімді дамытуға әсер етеді. Тез өзгеріп, мың құбылып тұрған заманда ішкі және сыртқы саясатты ұстап тұру үшін елдің басшысы қажеті екені сөзсіз. Бұ... |
| Толығырақ... Оқылды: 490 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.04.2019 |
Жол полицейлері дабыл қағуда: Алматы облысында жол көлік оқиғасының саны артты |
| Алматы облысында жыл басынан үлкенді-кішілі жолдарда тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 512-ге жетіп, өлім жағдайы көбейген. Жол үстінде 100 адам қайғылы қазаға ұшыраса, 700-ден астам жолаушы түрлі жарақаттар алған, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Алматы облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Алмасбековтың айтуынша, тіркелген жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі жүргізушілердің жауапсыздығынан болып отыр. «Алматы облысына қарасты Алматы-Талдықорған, Алматы-Тараз, Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомагистралдарында жол-көлік оқиғалары жиі тіркелуде. Былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда жол үстінде көз жұмған жандар саны өкінішке орай, 53 пайызға артты. Қайғылы жағдайдың басты себебтерінің бірі жылдамтықты асыру және мас күйінде көлік айдау. Осы жағдайға байланысты барлық көлік жүргізушілеріне және жолаушыларға дабыл қағамыз. Жол үстінде барынша мұқият және жауапкершілікті болыңыздар, - дейді ол. Жол-көлік оқиғаларыны... |
| Толығырақ... Оқылды: 440 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.04.2019 |
Жер жаннаты Жетісу - «7-20-25» бағдарламасының алтын бесігі |
| «Баспана» ипотекалық ұйымының есебі бойынша Алматы облысының «7-20-25» ипотекалық кредиттеу бағдарламасының көшбасшысына айналуға барлық мүмкіндігі бар. Өңірдегі жағымды экономикалық өзгерістер, тиімді логистикалық және өндірістік жобалар, тұрғындар табыстарының өсуі облыстың «7-20-25» бағдарламасына арналған тұрғын үй құрылысын жандандыруына қолайлы жағдай жасап отыр. "7-20-25" – Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін ипотекалық бағдарлама. Бағдарлама Елбасының Жолдауында айтылған «Әрбір отбасы үшін баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші бастамасын іске асыру мақсатында әзірленді. Бағдарламаның атауы оның негізгі талаптарын айқындайды. 7 – бұл ипотекалық кредит бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме. Ол түпкілікті болып табылады және өзгермейді. Қарыз алушы ешқандай комиссиялық ақыларды төлемейді және қосымша шығындарды көтермейді. 20 – бұл пайыз түрінде көрсетілген бастапқы жарна. 25 – бұ... |
| Толығырақ... Оқылды: 601 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.04.2019 |
Текелі қаласында 40 пәтерлі тұрғын үй салынады |
| Алматы облысының Текелі қаласында көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға арнайы 40 пәтерлі тұрғын үй салынбақ. Аталмыш тұрғын үй құрылысы осы жылдың маусым айында басталып, 6 айға созылады, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. 40 отбасыға есептелген бұл жобаның сметалық құжаты өткен жылы дайындалған. Бүгін де мемлекеттік сараптамадан оң баға алып, керекті қаражат бөлінді. «Қазіргі таңда қалада көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға көп көңіл бөлінуде. Қалада 415 көпбалалы және 197 тұрмысы төмен отбасы тіркелген. Жақында 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталады. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады », - дейді қала әкімі Бахтияр Өнербаев. Айта кету керек, дәл осындай 40 пәтерлі 2 тұрғын үйдің сметалық құжаттары дайын, енді мемлекеттік сараптамадан өтсе, келесі жылы тағы да 80 отбасы үйлі болады. Меруерт МАХМҰТЖАН |
| Толығырақ... Оқылды: 441 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.04.2019 |
