ӘЛЕУМЕТ

Панфилов ауданындағы су тасқынына байланысты арнайы комиссия жұмыс жасауда

Панфилов ауданының Пенжім ауылдық округінде орын алған сел салдарын жою жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел мәлімдеді. «Қазселденқорғау» мекемесі, әскери қызметкерлер мен басқада құзырлы мекемелермен бірге 200-ге тарта адамдар мен 40 техника көшелер мен ауладағы қалдық суды сорғызып, шағыл төсеу жұмыстарын жасауда. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар бөлімі, арнайы сала мамандары әр үйлерді тексеріп, материалдық шығындарды анықтау үстінде. Еске сала кетейік, 3 маусым күні Пенжім ауылында ауа температурасының көтерілуі мен жауын-шашын салдарынан сел жүрген болатын. Салдарынан 270 үйдің ауласына су кірген. Бастысы адам шығыны мен қираған үйлер тіркелмеген. Қазірдің өзінде жергілікті кәсіпкерлер отбасыларға азық-түлік, ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ауылда жарық, су инфрақұрылым барлығы қалыпты жұмыс жасауда.
Толығырақ... Оқылды: 500 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.06.2019

Алматы облысында шомылу маусымына дайындық пысықталды

Суға шомылу маусымы басталды. Бұл суға түсу кезіндегі қауіпсіздік туралы ойлайтын уақыт. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару бөлімшелері жаз маусымына әзірлікке келтіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Адамдар суда қауіпті жағдайда болатын себептерінің бірі - жүзе білмеуі немес өз күштерін дұрыс бағаламауы, жеке құтқару құралдарысыз балық аулау, жабдықталмаған жерлерде суға шомылу. «Судағы жазатайым оқиғаны болдырмау үшін тек жабдықталған шомылу орындарына бару, суға түсу үшін тұрақты орынды анықтау, өз жақындарыңыз бен достарыңыздың қауіпсіздікке көзқарастарын тексере отырып, оларға арнайы жабдықталған орындар туралы хабарлаңыз. Алысқа жүзер алдында арқаға жатып суда демалуды үйрену керек. Бір-бірінің үстіне мініп, қолдары мен аяқтарынан ұстап суда ойнауға тыйым салынады. Өзендер мен көлдерді жүзіп өтуге тырыспаңыз, себебі сіз өз күшіңізді есептей алмай қалуыңыз мүмкін»...
Толығырақ... Оқылды: 539 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2019

Көпбалалы аналар қуанышқа кенелді

Рамазан айында еліміздің түкпір-түкпірінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созғандардың саны күннен-күнге өсіп келеді. Сондай игі іс Алматы облысының Райымбек ауданында да жүзеге асты. Райымбек ауданында 423 аз қамтылған және 829 көпбалалы отбасы бар. Солардың бірі Сарыжаз ауылындағы көпбалалы Исаевтар әулеті. Ұзақ жылдар бойы жалдамалы пәтер жалдап келген жанұяға алты бөлмелі баспананың кілтін сол ауылдың О.Атеев, Т.Төлемісов, Н.Чубанов, Б.Кейкеев, Е.Жүнісбеков, О.Әбдіразақов, ағайынды Ғалым, Нарын сынды кәсіпкер азаматтары демеушілік жасап, сыйға тартты. Исаевтар әулеті 7 баланы тәрбиелеп отыр. Үлкені 2002 жылғы, Талғар қаласындағы педагогикалық коллеждің білімгері болса, үйдің кенжесі 2016 жылы дүниеге келген. Ақ кимешек киген әжелер үйлері құт-берекеге толы болсын деп шашу шашса, жасы үлкен ақсақалдар бата беріп, аудан әкімі Жолан Омаров жылы лебізін білдірді. «Елбасы «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде «көп балалы және тұрмысы...
Толығырақ... Оқылды: 620 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2019

Алматы облысында «Бақытың жаныңда» жобасы басталды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Бақытың жаныңда» жобасының бастау алатындығын жариялайды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Жадыра Иманғалиева «Жоба аясында мемлекеттік қызметшілердің жас отбасылары марапатталып, қоғамға мемлекеттік қызметте жүріп отбасын құрудың қиын еместігін жеткізуді алға қойып отырмыз», - деп айтты. Отбасы - бұл махаббат, құрмет, ынтымақтастық және бауырмалдық көзі, онсыз адам бола алмайды. Отбасыдан адамның өмірі басталады, осында азамат болып қалыптасады. Отбасының арқасында мемлекет нығайып, дамиды, халықтың әл-ауқаты өседі. Барлық замандарда еліміздің дамуы туралы - отбасының қоғамдағы жағдайы және оған деген мемлекеттің көзқарасы негізінде бағаланатын. Анықтамалық: 2019 жылғы 1 мамырдағы жағдайы бойынша Алматы облысын...
Толығырақ... Оқылды: 384 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.05.2019

Жетісу журналистері FIFA турниріне қатысты

Талдықорғанда облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай, FIFA-дан қалалық турнир өтті. Аталмыш турнирге БАҚ өкілдерінен құралған 6 командадан 5 қатысушы қатысты. Турнирдің басты ұйымдастырушылары «Алматы облысының ішкі саясат басқарамасы», «Рухани жаңғыру» орталығы және облыстық «Жетісу» телеарнасы. Шараның басты мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, қатысушылардың шеберлігін шыңдау. Тартысты ойында Ішкі саясат басқармасының намысын қорғап шыққан «Turan» командасы бас жүлдеге ие болды. «Қазіргі таңда "Play Station" ойын консольін білмейтін жасөспірім кемде-кем. Олардың маңыздылығы әлі күнге дейін өз мағынасын жойған жоқ. Қарсыластарымыз өте мықты. Жеңіске жету оңайға түскен жоқ. Мұндай жарыстар әлі де жалғасын табатынына сенімім мол. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз», -деді бас жүлде иегері Арсен Бесетаев. Айта кетейік, аталмыш доданың қатысушылары...
Толығырақ... Оқылды: 450 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.05.2019

Талдықорғанда алғаш рет киберспорттық турнир өтті

Демалыс күндері қаламызда алғаш рет «Taldyqorgan ESPORTS CUP» киберспорттық турнирі өтті. Жарыс ауқымды ойын алаңына айналды. Шараға жалпы алғанда 200-дей адам қатысқан. Басым көпшілігі оқушы мен студенттер. Киберспорт – компьютер ойындары арқылы өткізілетін топтық жарыс түрі. Киберспорт дүниежүзіндегі қарқынды дамып келе жатқан «спорт» ретінде саналады. 1997 жылдан бастап осы кезге дейін турнирлер әр жыл сайын «Warcraft III», «LoL», «Dota2», «Counter-strike» және де «Starcraft» атты компьютер ойындарынан өткізіліп келеді. Бұған қоса киберспорт дамыған Россия, Корея, Қытай секілді мемлекеттерде киберспортсмендерді оқытып шығаратын арнайы кафедралар 2015-і жылдан бастап студенттер қабылдап, үйрете бастаған. Жанат Омарұлының бұл ойын түрінен 15 жылдан астам тәжірибесі бар. Оның айтуынша, Қазақстанда интернет желісінің төмендігі ең ауқымды мәселе екен. Біздің жылдамдықпен қазақстандықтардың...
Толығырақ... Оқылды: 384 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.05.2019

Алматы облысында дәрілік препараттарды сату мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары басталды

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Дәрілік препараттарды сату мәселесі»бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Онда Талдықорған қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Өмірзақ Әбілсейітұлы дәрі-дәрмек саудасына байланысты салалық министрліктің түсіндірме жұмыстарын баяндады. Денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасарының айтуынша, биыл елімізде Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты фармация мен қоғамдық денсаулық сақтау комитеттері біріктіріліп, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті болып құрылуда. «Дәрі-дәрмектердің рецепт бойынша сатылуы қоғамда маңызды мәселе болып тұр. Дәрмектерді тиімсіз қолданудан адамның денсаулығына зиян келтіретін фактілер кездесуде. Сала мамандары дәрілік заттарды қабылдауда оны сату бойынша дәрігерлер мен жеке кәсіпкерлерге қолданыстағы талаптардың қағидаларын сақтау қажеттігін атап өтті. Мамандардың айтуынша, елімізде дәрілік з...
Толығырақ... Оқылды: 441 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.05.2019

Көпбалалы отбасыларға көрсетілер көмек көп

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау шарлары елімізде кешенді түрде іске асып келеді. Оларға көрсетілер көмек түрі де жыл сайын артуда.Бұл туралы облыс орталығы Талдықорғанда «Алматы облысының әлеуметтік картасының мақсаттарын жүзеге асыру» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Жетісу өңірінде 40 мың 409 көпбалалы отбасы 165 мың бала тәрбиелеп отыр. Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлының тапсырмасына сәйкес, жыл басында облыстың «Әлеуметтік картасы» дайындалып, бұл бағытта жергілікті бюджеттен 3,4 млрд. теңге бөлінді. Аталған қаржы төмендегі іс-шараларға бағытталады: - 7-20-25 бағдарламасы бойынша 1 млн.теңгеден тұрғын үй сертификаттары үшін барлығы 300 млн. теңге бөлінді. - Табиғи газға қосылу үшін аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына жеңілдетілген мүмкіндіктер қарастырылуда. Ол үшін жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге бөлінген. Өткен жылы 238 мың адамға 10,5 млрд. теңге көлемінде әртүрлі көмектер көрсетілді. Сонд...
Толығырақ... Оқылды: 445 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.05.2019

Жаз мезгілінде дұрыс тамақтану

Жаз мезгілі жеміс-жидектердің, көкөністер мен бақша өнімдердің молшылығымен ерекшеленетін маусым. Бұл ретте ерте піскен көкөністер мен бақаш өнімдерін пайдалануда сақтық шараларын ескерген жөн. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы Қоғамдық Денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Марат Әділжанұлы мәлімдеді. Өнімді жақсы және тез арада жинау үшінкөп көлемде тыңайтқыштар қосылады,оның бірі азот қышқылының тұзы- нитраттар. Тыңайтқыштың аз мөлшері біздің организмге өз зиянын тигізбегенімен,бірақ олардың шектен тыс мөлшері топыраққа түскенде, өсімдіктегінитраттар саныбірден өсіп кетеді. Адам ағзасына түскен нитраттар тотығу процесстерінің нәтижесінде нитриттерге, яғни уға айналады. Бұл біздіңденсаулығымызғақауіпті проблема болып табылады. Нитриттер қан эритроциттеріне (метгемоглабин құра отырып) негативті әсер етеді, сондықтан оттегін тіндерге тасымалдау қабілетін қиындатады. Ал ол адам ағзасының оттегімен «тыныс а...
Толығырақ... Оқылды: 484 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.05.2019

«Алтын таяқша» және «Кестелі орамал» байқауы өз мәресіне жетті

Алматы облысында Бикен Римова атындағы драма театрда Мұқан Төлебаев атындағы V Халықаралық «Алтын таяқша» дирижерлер, «Кестелі орамал» вокалистер байқауы өз мәресіне жетіп, салтанатты гала-концерт өтті. Дәстүрге айналған рухани шараны Алматы облысы әкімдігі, Алматы облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырды. Шараға екі аталым бойынша 52 вокалист,30 дирижер қатысып, 22 мамыр күнгі іріктеу турына 21 вокалист, 17 дирижер өткен болатын. 23 мамыр күні ақтық сынға 11 вокалист, 10 дирижербақтарын сынады. Осылайша, дирижерлар байқауы бойынша лауреат атанып, бас жүлдені Нұр-Сұлтан қаласынан келген Руслан Баймурзин жеңіп алды. Ал, вокал номинациясы бойынша қызылордалық дарын иесі Азат Мәліктің алдына түсер ешкім болған жоқ. Дирижерлер арасында арнайы жүлдемен (20 000 теңгені) Алматы облысынан Жексембаев Самат, Астана қаласынан Сарыбай Берік пен Атырау облысынан Джумашева Сая жеңіп алды. Дәл осы...
Толығырақ... Оқылды: 483 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.05.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.