ӘЛЕУМЕТ
Жетісу жасырған жақұт мекен немесе туристік жаңа карта |
| «Отанымның орнығып кең төріне, Айналасын ақ таулар көмкеруде. Жаралғандай Жетісу ертегіден, Еркелейді Жетісу ерке күнге...» Мұз балақ ақын Мұқағали Сүлейменұлы Дархан даласының жеті қырында гүрілдей аққан өзенінде бал дәмі бар, қара топырағында кешегі тарихтың ізі бар, белдерінде көк аспанмен таласқан заңғар таулары бар киелі Жетісу мекені жер жаннаты емей немене? Осынау киелі мекенің тамаша табиғатына тек қазақ елі ғана емес бүкіл әлем тамсанады десек артық айтқанымыз емес. Айдынды Алакөлі, бір өзіне жылдың төрт мезгілін жабынған Іле-Алауы, сұлулығына көз тоймайтын Көлсай шатқалдары, көркі көз арбаған таңғажайып Шарын шатқалдары және Балқаш көлінен басқа бұл жақұт мекен өз құшағына тағы нені жасырды. Сіз бен біз білмейтін өңірдің тағы бір он тамашасын талдап, картасын сызып көрейік. Ешкіөлмес тау жотасындағы петроглифтер - Алматы облысы, Ескелді ауданы, Ешкіөлмес тау жотасында сақталған тарихи байлық. Таудағы жартас беттері, шың басы мен шатқалдарда тас беті... |
| Толығырақ... Оқылды: 832 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.07.2019 |
Алакөлге жарты миллионға жуық турист келді |
| Табиғаты тамсандырған Жетісу өңірінің ең көрікті мекендерінің бірі – ақ айдынды Алакөл жері. Мұндағы Арқаның қуаң даласындағы құрғақ ауа теңіз бетіндегі дымқыл ауамен араласып жағасындағы адамға жағымды әсер береді. Соынмен қатар әлемдік Қызыл кітапқа енген реликті шағаланы тек осы маңнан кездестіре аласыз. «Өткен жылы ауданда туризм саласы бойынша 214 демалыс орнында 1 млн 19 мың адам демалып, оларға 5 млрд.811 млн теңгенің қызметі көрсетілді. Биылғы жылдың жаз маусымындағы 1 шілдеге дейінгі көрсеткішке сүйенетін болсақ, 393 мың 500 адамға 2 млрд 361 млн теңгеге қызмет көрсетілген. Жазғы демалыс маусымының қызықты мезгілі енді басталғанын ескерсек, бұл сан алдағы уақытта еселене түсері анық», – дейді Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев. Расында, Алакөл аумағы орналасу жағынан туризмнің барлық түрін қамтиды. Сондықтан көптеген турист Алакөлдің емдік суына шомылу үшін және тартымды демалыс ұйымдастыру үшін ағылады. 2018 жылы Алакөл ауданы аумағындағы... |
| Толығырақ... Оқылды: 368 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.07.2019 |
«Жетісу - адалдық алаңы» |
| Мемлекеттік органдар басшыларының ашықтығы мен қолжетімділігі – азаматтардың сенімділігінің кепілі. Және бұл қағиданы барлығы ұстануға тиіс. Осыған байланысты, жобаның жетекшісі, облыс әкімінің орынбасары А. Әбдуалиев «Жетісу –адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің алаңында тұрақты негізде азаматтарды қабылдайды. Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде облыс тұрғындарымен кезекті кездесу өтті. Онда болған қабылдауда: кітаптар шығару, мүгедектерге арналған инклюзивтік телевидениені іске қосу, қазақ эпосының батырлары (Алпамыс батыр, Қорқыт ата, Ертарғын) туралы анимациялық жобаларды іске қосу туралы және тарихи қайраткерлерге ескерткіш орнату, әкім гранттары және қуыршақ театрын ашу мәселелері қозғалды. Әрбір мәселе бойынша тиісті шаралар атқарылуы жоспарда бар. Сонымен қатар, алдағы уақытта кесте бойынша облыстық басқармаларының басшылары мен қала және ауылдық округ әкімдері облыс тұрғындарына қабылдау жүргізеді. Құрметті Алматы облысының тұрғындары Сіздер «Жеті... |
| Толығырақ... Оқылды: 405 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.07.2019 |
Мемлекттік қызметшілерді үстеме жұмысқа тарту он есеге қысқарды |
| Биылғы жыл басынан бері Жетісу өңіріндегі облыстық жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілдерімен 332 алдын алу және түсіндіру іс-шаралары өткізілген. Сонымен бірге мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 623 жеке консультативті көмек көрсетіліп, заңдық кеңес алуға келген 513 азамат арнайы жеке қабылдауда болған. Бұл туралы Талдықорған қаласында «Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі уәкіл институты» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. БАҚ өкілдері алдында сөз алған Алматы облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Талғат Өмірәлиев: «Әдеп жөніндегі уәкілдің институты Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12 – қадамында анық атап көрсетілген. Бағдарламаны жүзеге асырудағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы әдеп кодексі бойынша заң бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ өздерінің функцияларының шеңберінде мемлекетті... |
| Толығырақ... Оқылды: 375 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.07.2019 |
«Лидер.кз» еріктілер тобы үлкен істер атқаруда |
| Алматы облысында «Лидер.кз» еріктілер тобы құрылған болатын. Екі жыл уақыт ішінде өздерінің ерліктерін еш жерде жария қылмай, көмекке мұқтаж жандарға кез келген уақытта қол ұшын созып жатады. Атқарылған жұмыстары елеусіз қалмай, халыққа үлгі ету мақсатында белгілі журналист Алия Ахмедиева мен блогер әрі журналист Сандуғаш Дүйсенованың идеясымен еріктілер тобын марапаттау рәсімі өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. «Қазіргі таңда біздің еріктілер үлкен жұмыс атқаруда. «Лидер.кз» бірлестігінде 160-тан астам еріктілер бар. Алайда бірлестікте екі жылдан астам уақыт жұмыс істеп жүрген азаматтарды ақылдаса отырып іріктеп алдық. Бұл шараның бастамасы. Жұмысын жандандырып, белсенділік танытатын әр ерікті елеусіз қалмайды. Және осы бірлестікке мүшелік еткісі келетін азаматтарды қатарға қосылуға шақырамыз»,-деді марапаттау рәсімінің ұйымдастырушысы Сандуғаш Дүйсенова. Айта кету керек, марапа... |
| Толығырақ... Оқылды: 356 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.07.2019 |
Бақытты отбасы – ұлттық жоба |
| Партиялық жобаның басты мақсаты – Қазақстандық отбасылар мен балалардың әл-ауқатын арттыру болып табылады. Жобаның негізгі міндеттері - отбасы мен балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық шараларды нығайту, отбасы мен балалардың құқықтарының қорғалуын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасы институтын нығайту, балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу. «Бақытты отбасы» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында Алматы облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы А.Баталов жол картасын бекіткен болатын. Осы орайда ағымдағы жылдың 15 шілде күні «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру мақсатында ауданда құрылған жұмысшы топ мүшелері бекітілген жол картасындағы 2 бөлім, 2.3 тармақ, 4 тармақшасындағы «Балаларға арналған қауіпсіз және жайлы инфраструктура» акциясы аясында Көксу ауданы бойынша бірқатар мектепке дейінгі мекемелерге мониторинг... |
| Толығырақ... Оқылды: 528 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.07.2019 |
ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА |
| Мемлекет басымдылық берген «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы елді мекендердегі маман тапшылығын шешуге сеп болуда. Ауылдық аймақтағы сұранысқа байланысты медицина, білім беру және мәдениет саласына білікті, білімді жас мамандар келуде. Олар бүгінде ауылды көркейтуге өз үлестерін қосуда. Еліміз еркіндік алғалы бері, елді дамыту үшін түрлі бағдарламалар орын алып, ғарыштап дамуына қарқынды қадамдар жасалуда. Соның бірі – «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық жердегі кадр тапшылығын бір жолға қоюға бағытталған. Сондай-ақ, жұмыс іздеген жастарға да қолайлы болып отыр. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: «Қазір жұмысты қаладан емес, ауылдан іздеу керек. Бізді асырайтын ауыл. Қаланы асырай алуы үшін жеке шаруаларды, ауыл тұрғындарын шағын шаруа қожалықтарын, қайта қауымдастырып, біріктіру қажет» – деп ашық та, анық айтқан болатын. Ауылға келген жас мамандарға ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме жәрдемақ... |
| Толығырақ... Оқылды: 448 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.07.2019 |
Талдықорғанда мемлекеттік қызметкерлер арасында караоке байқауы өтті |
| Тың бастаманы Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен Кірістер департаменті ұйымдастырды. Дала дауысы деп аталатын байқау өңірде алғаш рет өткізіліп отыр. Қалалық мәдениет және демалыс паркінде өткен тартысты сайысқа облыстың әр аймағынан 28 қатысушы келіп, қатысқан. Ашық аспан астындағы караоке батл еркін форматта өтті. Әнге жаны құмар тұрғындар ән салып, мәз-мейрам болды, өзгелерге де көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қатысушыларға өнер саласында жүрген аға буын өкілдері қазылық етті. Озып шыққан әуесқой «әншілерге» бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Айта кету керек, мемлекеттік қызметшілер арасында осыған дейін әртүрлі спорт түрлерінен және интелектуалды ойын түрінен жарыстар ұйымдастырылған. |
| Толығырақ... Оқылды: 373 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.07.2019 |
КЕЛІНДІ "КЕЛСАП" ҚЫЛАТЫН ЕНЕ МЕ НЕМЕСЕ ЕНЕ МЕН КЕЛІН АРАСЫ |
| "Келін" мен "ене" тақырыбы қай уақытта да өте өзекті болып келеді. Неліктен бұл тақырып күн тәртібінен түспей келеді? Ықылым замандардағы ене мен келіннің арасы қандай болған? Енені неге "кенеге" теңейміз? Бүгінгі таңда жас бойжеткендер неге ата-енесімен тұрғысы келмейді? Жаза берсек, көкейде жүрген сұрақ көп. Шынымен де, келінді "келсап" қылатын ене ме? Алдымен "келсап" сөзінің мағынасын ашып алсақ. Негізінен, келі-келсап - ол дәнді қауызынан арылту және ұнтақтауға арналып қатты ағаштан (кейде тастан қашалып) жасалған аспап. Қазақ халқы келі-келсаппен тарыны, бидайды, т.б. дәнді дақылдарды түйіп, жент, жарма, талқан дайындаған. Сонда келсап болып тұрған келіннің өзі ме әлде сөзі ме? Әрбір қыз баласы өмірде өз сыңарын тауып, тұрмысқа шығары айдан анық. Әйел бақытын сезіну - ол баға жетпес байлық. Одан әрмен, ана атанып, бір шаңырақтың түтінін түтетіп отырғанға не жетсін, шіркін! Бірақ, қазіргі заманның қыздары осы бір жауапты қадамға... |
| Толығырақ... Оқылды: 1668 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2019 |
Журналистер арасында «Самғау 2019» байқауы жарияланды |
| Алматы облысы әкімінің журналистер арасындағы «Самғау» байқауы биыл да ұйымдастырылады. Байқауға жаңа номинациялар қосылып, жүлде қоры да еселенді. Бұл туралы Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Әлиұлы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында баяндады. Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналисттер арасындағы «Самғау» байқауы Алматы облысының дамуына ақпараттық қолдау көрсетуге бағытталған облыстық ауқымдағы іс-шара болып саналады. Байқауға Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын, өзекті мәселелерді жазатын, көрсететін аймақтық газеттердің, телерадиокомпаниялардың редакциялары, шығармашылық бірлестіктер мен ақпараттық агенттіктер, штаттағы немесе штаттан тыс авторлары қатыса алады. Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі: 1. « Жылдың үздік журналисті» (ақпараттық мақала); 2. «Жылдың үздік тележурналисті» (жаңалық сюжет); 3. «Жылдың үздік оператор... |
| Толығырақ... Оқылды: 453 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2019 |
