ӘЛЕУМЕТ

Қаратал жағалауында «JETISÝ ETNO STYLE» облыстық жастар фестивалі өтті

Елімізде Жастар жылының жариялануы Мемлекет басшысының жас буынға арнаған жарқын үндеуіне айналды. Осы бағдарлама аясында елімізде әртүрлі шаралар өтуде. Cоның бірі Талдықорған қаласында өткен «JETISY ETNO STYLE» облыстық жастар фестивалі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Мәдениет ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады» деген болатын. Осыған орай, жастар жылы аясында өткізілген «JETISY ETNO STYLE» облыстық жастар фестивалінде тарих пен дәстүр сабақтасып, көшпелілер мәдениетінің айшықты көріністері заманауи қоғамда жарасымын тапты. Кіреберісі саясаткерлер аймағынан бастау алатын алаңның соңы қазақ үйлермен жалғасын тапқан. Өзенді көбелей орналасқан үлкен керуеннің...
Толығырақ... Оқылды: 423 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.09.2019

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі фермерлік шаруашылықты қате қосымша кеден есептеулерінен қорғады

Бұл туралы Агенттіктің алаңында өткен брифингінде хабарланды. Экономиканы дамыту үшін Қазақстанға шетелдік инвестициялар тарту - мемлекеттік маңызды міндет, ол әсіресе ауыл шаруашылығы мәселесінде. «Green Capital Kazakhstan» компаниясы жаңа жылыжай технологиясын қолдана отырып, Ақтөбе облысында көкөністер өсіреді. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мамыр айында кәсіпорынның жұмысымен танысты. Сол кезде фирма директоры Дирк Алевен қызанақтың жыл сайынғы өнімі шамамен 3 мың тонна болатынын мәлімдеген болатын. – Әр апта сайын біз 100 тоннадан жинаймыз. Негізінен 80%-ы Ресейге экспортқа кетеді. Қазір бізде 90 адам жұмыс істейді. Жылыжай бес гектарда орналасқан. Біз тағы 5–еу салғанда қызметкерлер саны 150-160 адамды құрайтын болады, - деп Д.Алевен айтқан болатын. Бизнесмен қазақстандық БАҚ-қа берген сұхбатында жылыжайдың құрылысына рұқсат алуға 100 000 евро (500 млн. теңге) жұмсағанын атап өтті. Алайда, іс мұнымен бітпеген. Нидерландтық инвесто...
Толығырақ... Оқылды: 408 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.09.2019

Алматы шыңын жастықтың жалыны бағындырды

«Параға емес – биікке ұмтыл» ұранымен Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері «Үлкен Алматы шыңын» бағындырды. Аталмыш іс-шараны Алматы облысының әкімдігі мен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаменті ұйымдастырды. Шара барысында 50 адамнан құралған топ теңіз деңгейінен 3682 метр биіктікте орналасқан Үлкен Алматы шыңына көтерілді. Шара мақсаты-жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жат мінездердің алдын алу, қызметкерлердің спорттық шеберліктерін және жан – жақты дайындықтарын арттыра отырып, еліміздегі туризмді дамыту. - «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен ұйымдастырылған шараға әрбір жас белсене ат салысуда. Бұл орташа таудың жоталарына шықсаңыз табиғаттың шеберлігіне таңқаласыз. Көк күмбезеге таласа бой көтерген зеңгір таулар, тау-тасты жарып аққан бұлақтар, жылғалар, қалың қарағай, шырша, аққайың аралас ормандар, б...
Толығырақ... Оқылды: 353 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.09.2019

Алматы облысы Іле ауданында майлау материалдарын өңдейтін зауыт ашылды

Алматы облысы, Іле ауданында майлау материалдарын өңдейтін зауыт іске қосылды. Өндірістік кешеннің ашылуына Премьер-Министр Асқар Мамин қатысты. Зауыт ұжымы мен арнайы келген қонақтарды Қазақстан Үкіметі атынан құттықтады. « «Лукойл» компаниясы біздің стратегиялық әріптесіміз және инвесторымыз болып табылады. 1995 жылдан бастап, компания елімізде 9,5 млрд теңгеге инвестиция салған. «Лукойл» компаниясы бірқатар бірлескен жобаларға қатысуда. Бұл өзара тиімді ынтымақтастық болып табылады»- деп атап өтті Премьер-Министр өз сөзінде. Еліміздегі ірі кешенді салу жұмыстары 2016 жылы басталған. Зауыттың құрылысына жалпы көлемі 9,4 миллион доллар қаражат кеткен. Кәсіпорын жылына 100 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Замануи қондырғылар автоматтандырылған басқару жүйесіне қосылғандықтан әр құрылғы өз жұмысын санаулы минутта атқарып тастайды. Соның арқасында кез-келген тапсырысты бір тәуліктің ішінде дайындап, тапсырыс берушіге жеткізіп беруге мүмкіндігі бар....
Толығырақ... Оқылды: 414 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.09.2019

ТЕХНИКА ТІЛІН ТҮСІНГЕН

Техника сынбай, тозбай тұрмайды. Сапасыз жөндеген техниканың жарамдылығы да көпке бармайды. Осыны түсінген Балпық ауылының тұрғыны Мереке Мұқамедқалиев шағын «шиномонтаж» нысанын ашады. Ол мамандармен кеңесе келе, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы 5 жылға 1,5 млн. теңге несие рәсімдейді. Алдымен дөңгелек жөндеуге қажетті станок, компрессор жәнебасқа да қажетті құрылғыларды сатып алған. Ауыл орталығында орналасқан оның жұмыс орны әрі-бері жолаушы тасымалдайтын әрбір автокөлік иесіне қолжетімді. Машина ақаулы болған жағдайда дереу Мерекенің қызметіне жүгінуге болады. Әп-сәтте құрал-сайманын сайлаған шебер өз ісін сапалы жасайды. Қос кәсіпті қатар алып жүруге дағдыланған ол күніне 3-4 автокөлікті жөндесе, көліктің 10-15 доңғалағын қайта қалыпқа келтіреді екен. Көмекшісі Бауыржан Армия екеуі жасалған жұмыстың сапалы болуына мұқият зер салады. Еңлік ҚАБДЕШ Көксу ауданы
Толығырақ... Оқылды: 464 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.09.2019

Ынтымағы жарасқан

«Нұрбол» шаруа қожалығының негізін қалаушы – ағайынды Абақ пен Қайнар Рахимовтар. Атакәсіпті нәсіп еткен олар бірлестікті 2005 жылы құрған. Шаруашылық құрылған жылы Мұсабек ауылдық округінен 30 шақырым қашықтықта орналасқан 1200 гектар жерді қожалыққа тіркеді. Осылайша қолда бар 40 бас сиыры мен 20 шақты жылқысын және 100-ден аса қойын көбейтуге күш салды. Бірнеше жылдан кейін шаруашылықтың тасы өрге домалады. Өйткені, 1975 жылдан бері ағайынды Абақ пен Қайнар мал қасында жүріп, бағып-қағудың қыр-сырын үйренді. Шаруашылықтың есеп-қисабын Кемелхан Рахимова реттеп отырады. – «Нұрбол» деп шаруаны бастауымыздың басты себебі – ағайындылардың қатынасын нығайту. Отбасының ажырамауы мақсатында кәсібімізді бастадық. Басымыздан талай қиындық өтті. Бірақ, оған жасымадық. Жиған малымызды кейінгі ұрпақтың кәдесіне жараса екен деп өсірдік. Қазіргі уақытта кәсіпті балаларымыз жалғастыруда. Бүгінде мал басын көбейтіп, асылдандырудамыз, – дейді Абақ...
Толығырақ... Оқылды: 434 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.09.2019

ТІРЛІГІ ТОЛЫМДЫ

«Жұмыспен қамту– 2020 жол картасы» бағдарламасы – кәсіптің нәсібін көрем деген азаматтарға үлкен мүмкіндік. Бүгінде жоба аясында өз кәсібін ашып, шаруасын дөңгеленткендер қатарында Гүлсінай Ақбар да бар. Қолына ине-жіп ұстап, іс тігетін жанға да кәсіп баршылық. Гүлсінай Ақбар жастайынан тігінмен айналысып, үйдің тұрмысына қажетті көрпе, жастық, құрақ көрпешелерді өзі тігіп алатын. Қытайда тігінші мамандығында білім алды. Кейіннен арнайы оқыту курстары мен тренингтерге қатысып, білімін жетілдірді. Әуелі Амангелді ауылында жеңгесі екеуі шағын тапсырыстарды орындау арқылы нәпақасын тауып жүрді. Уақыт өте тігіншілік өнерін жеке кәсіпке айналдырып, кәсібін ашуды ойластырады. «Атамекен» ҰКП Көксу аудандық филиалына тиісті құжаттар тапсырып, 1,5 млн. теңге көлеміндегі қаражатқа қол жеткізді. Осылайша Балпық ауылындағы «Шаған» сауда кешенінде тігін цехы жұмысын бастайды. Алған несиеге 5 тігін машинасын, маталар, ине-жіп секілді қажетті...
Толығырақ... Оқылды: 455 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.09.2019

Семинар өтті

Ағымдағы жылдың 11 қыркүйек күні аудандық әкімшілікте «Алматы облысындағы ЖК «Каримов» фермасының тәжірибесін қолдана отырып, үлгілі сүт фермаларын тиімді басқару туралы семинар жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұрдаулет Кененбаев, «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми - зерттеу институты» ЖШС өкілдері, аудандық шаруалар қатысты. Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландырудың Жол картасын іске асыру аясында 2018 жылдан бастап олар республиканың әртүрлі аймақтарындағы әртүрлі ауылшаруашылық кәсіпорындарында жүзеге асырылды, онда «ақылды» сүт фермаларын құру жобалары енгізіліп отыр. Бағдарлама Ауыл шаруашылығы министрлігі бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Ахметов Еркебұлан Қаратайұлының қолдауымен іске асырылады. Сүт өндіру мақсатында сауынды сиыр тұқымын молайтуды қолға алу көп...
Толығырақ... Оқылды: 433 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.09.2019

Алматы облысында Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды

Қыркүйек айының 1-нен бастап президенттік жастар кадр резервіне тіркеу басталды. Бұл туралы облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев мәлімдеді. Ақпарынша тіркеу онлайн платформада жүргізіледі. Іріктеу бірнеше кезеңнен құралған. Үміткерлер алдымен тест тапсырып, кейін эссе жазады. Бұл арқылы қатысушылардың ой-өрісі, грамматикасы мен көшбасшылық қабілеті бағаланады. Онлайн сыннан сүрінбей өткендер бейнежазбалар арқылы өз жобаларын қорғайтын болады. Іріктеу соңында эксперттік комиссия әр үміткермен жеке кездесу өткізеді. Ең көп балл жинаған кандидаттар тізімі ҚР Президенті жанындағы жастар кадрлік резервін жасақтайтын ұлттық комиссия отырысында белгілі болады. Жастар кадр резерві - бұл қызметтік өсуге ынталы, кәсіби дағдылар мен басқару біліктіліктерінің жоғары деңгейіне ие, өзін-өзі кәсіби дамытуға, оқып-үйренуге бейім, сараптамалық ақыл-қабілеті айқын көрінетін көшбасшылық сипатқа ие жастарға арналған резерв. Президенттік кадр резерві алдағы...
Толығырақ... Оқылды: 370 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.09.2019

Алматы облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы қолға алынды

Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Қуаныш Асыловтың қатысуымен өткен актив жиынында Алматы облысы әкімі Амандық Баталов айтты. Талдықорғанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылау бойынша облыстық актив өтті. Жиынғааймақтағы әр мекеменің басшылары, аудан, қала әкімдері, кәсіпкерлер, жастар, БАҚ және партия өкілдері мен басқа да саланың жетекші-мамандары қатысты. Мемлекет басшысының Жолдауында берілеген тапсырмалар мен міндеттерді талқылап, жүзеге асыру жолдарын белгілеу мақсатында өткен жиында облыс басшысы Амандық Баталов баяндама жасады. Сондай-ақ, облыс әкімі аймақта атқарылып жатқан және де алдағы уақытта Жолдау аясында атқарылатын жұмыстарды нақтылады. Аймақта өнеркәсіпті өркендетіп, ауылшаруашылығын, орта және шағын бизнесті дамыту арқылы экономиканы жедел жаңғыртуға болатынын тілге тиек еткен Амандық Ғаббасұлы: -Ха...
Толығырақ... Оқылды: 356 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.09.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.