ӘЛЕУМЕТ
Қарасай батырға еңселі ескеркіш қойылды |
| Қарасай ауданының 90 жылдығын мерекелеу аясында Қаскелең қаласындағы орталық алаңға даңқты Қарасай батырдың 11 метрлік еңселі ескерткіші тұрғызылды. Ескерткіш жергілікті меценаттар мен кәсіпкерлердің қолдауымен жасалды. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Амандық Баталов қатысты. Аудан тұрғындары мен қонақтарын құттықтаған облыс әкімі А. Баталов: - Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласы шеңберінде облыста тарихи құндылықтарымызды сақтауға, ұлы тұлғаларымыздың есімін құрметтеуге бағытталған ауқымды шаралар атқарылуда. Бүгін, міне, Қарасай ауданының 90 жылдығына орай аты аңызға айналған қаһарман Қарасай батырға арнап ескерткіш ашып отырмыз. Бұл кейінгі жастарды елжандылыққа тәбиелеуге қосылған үлкен үлес деп білеміз, - деді өз сөзінде. Мұнан соң олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіров және аудан тұрғындары мен қонақтары мерейлі мерекемен көпшілікті құттықтап, ауданда жасалып жатқан игі істерді, соның ішінде Қара... |
| Толығырақ... Оқылды: 484 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.10.2019 |
Алматы облысында «Орбұлақ» шайқасының тарихи клубы құрылды |
| Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасы халықтың тарихи санасын жаңғырту үшін өте маңызды. ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» жалпы ұлттық клубын құру ұсынылған. Осы мақсатта Талдықорған қаласындағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жанынан «Орбұлақ шайқасының тарихи клубы» құрылды. Клуб мақсаты-халқымыздың көп ғасырлық мәдени-тарихи мұрасын жандандыруға және тарихымызға деген жағымды көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. Жалпы ұлттық клубы түрлі фестивальдер өткізу, тарихи естелікті сақтауға жаңа серпін бермек. Сонымен қатар, тарихшылар, археологтар, қолөнершілер, реконструкторлар мен түрлі қоғамдық ұйымдармен тығыз жұмыстар жүргізеді. Клубтың алғашқы отырысына зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен жас мамандар қатысты. Жиында алғаш болып сөз алған «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін «Орбұлақ» шайқасының отандық... |
| Толығырақ... Оқылды: 344 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.10.2019 |
ӘМСҚ КеАҚ Алматы облысы бойынша филиалының медициналық қызметтер сапасына мониторинг жүргізу бөлімінің 2019 жылдың 9 айының жұмысы |
| 2019 жылдың басынан бастап бөлім мамандары келісімшарттық міндеттемелер аясында медициналық ұйымдарға бару арқылы тұрақты негізде мониторинг жүргізіп келеді, медициналық қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Алматы облысында қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту түрі бойынша мониторинг жүргізілді. Мүгедектердің жағдайын жақсарту Қазақстан Республикасының әлеуметтік қызметі үшін ерекше маңызға ие.(«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; «Халық денсаулығы және 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 52-бабының 4-тармағы). денсаулық сақтау жүйесі »). Денсаулықты жақсарту, әлеуметтендіру және созылмалы патологиясы бар науқастарға, ауыр жарақат пен операция жасатқан науқастарға, мүгедектерге пайдалы өмірге оралу мақсатында қалпына келтіру қызметтерін ұсы... |
| Толығырақ... Оқылды: 404 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.10.2019 |
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК НӘТИЖЕЛЕРІ |
| Толығырақ... Оқылды: 547 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.10.2019 |
Брифинг өткізілді |
| 2019 жылдың 8 қазан күні аудандық төтенше жағдайлар бөлімі от жағу маусымы кезеңі бойынша брифинг өткізді. Аудан аумағында 2019 жылдың 9 айында 27 өрт жағдайы тіркелген. Оның ішінде 4 өрт жағдайы тұрғын секторда орын алған. Төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында үй секторларында өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі айлықты өткізіп тұрады. Оның негізгі мақсаты – азаматтардың меншігін, жеке мүліктерін және өмірін өрттен, улы газдан уланудың алдын алу болып табылады. Айлықты өткізу кезінде Балпық би ауылының №8 ӨСБ қызметкерлерімен бірлесіп аудан аумағында орналасқан 1154 тұрғын үй араланып, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу барысында 2308 адамға тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелері үйретілді. Аудандық ТЖБ қызметкерлерімен Көксу ауданының «Халыққа қызмет көрсету орталығының» қызметкерлері арқылы 400 дана жадынамалар таратылды. Қазіргі таңда тұрғын секторда адам өліміне әкелетін өрттер көбейіп келеді. Олардың негізгі себептері: пештерді пайдалану кезінде өрт қауіп... |
| Толығырақ... Оқылды: 430 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.10.2019 |
Талдықорғанда «Жылдың үздік мұғаліміне» автокөлік кілті тапсырылды |
| Талдықорған қаласындағы Б. Римова атындағы облыстық драма театрында мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай «Ұстаз аты –ұлы, әрі мәңгілік » атты салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға облысымыздың аудандары мен қалаларының білім саласының басшылары, мұғалімдер, оқу орындарының оқытушылары қатысты. Аймақ басшысының атынан облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов жиналғандарды құттықтап сөз сөйледі. — Қадірменді білім саласының қызметкерлері! Мұғалімдер күні – орны бөлек, дәрежесі биік мереке. Барша ұстаздарды төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Елбасы Н.Назарбаев білімнің сапасын, мектептің жай-күйін, мұғалімнің жағдайын назардан тыс қалдырған жоқ. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде елімізде жаңартылған білім жүйесі, мықты материалдық-техникалық база, білікті кадрлар қатары қалыптасып үлгерді. «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылдау қажет деп ұйғарды. Қазір де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кеме... |
| Толығырақ... Оқылды: 451 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.10.2019 |
ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ |
| Өздеріңізге белгілі аудан әкімі Алмас Қабдулұлы өңірімізде атқарылып жатқан барлық жұмыстарды, ауданның тыныс-тіршілігін назардан тыс қалдырмай күн сайын жеке аралап бақылауында ұстап келеді. Күні кеше ғана өңір басшысы бір күндік жұмыс күнін, аудандағы құрылыс алаңдары мен бірқатар нысандардың жұмысымен танысуға арнады. Жауапты сала жетекшілерімен бірге Т.Исабаев көшесіндегі Елбасының «Құтты мекен» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 50 және 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылысын бақылап қайтты. Нысандарды аралау барысында аудан әкімі жүргізіліп жатқан құрылыс жұмысының және жолдардың орташа жөнделуіне баса назар аударып, тиісті сала мамандарына тапсырма берді. Ескере кетсек, бұл 50 пәтерлі үйдің құрылысы 15-ші сәуірден басталған. Күрделі жұмыстары толығымен аяқталып, бүгінгі күні есік пен терезелері салынуда. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сомасы 465 миллион 950 мың теңгені құрайды. Желтоқсан айының 16 жұлдызы мерекеге орай тапсыру көзделіп отыр. Ал, 20 пәтерлі үй... |
| Толығырақ... Оқылды: 363 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.10.2019 |
Жаһандық сауалнама жүргізу туралы ақпараттық хабарлама |
| Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 11 қыркүйек пен 30 қараша аралығында Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ересек тұрғындарға темекі өнімдерін қолдану туралы маңызды сауалнама жүргізілетінін хабарлаймыз. АЕО қызметкері үй шаруашылығын (пәтер, үй, жатақхана) ғылыми іріктеу жолымен анықталған болады және электронды құрылғы (планшет) көмегімен үй шаруашылығының (отбасының) бір тұрғынынан темекі өнімдерінің әр түрлерін пайдалану (пассивті темекі шегу, экономикалық аспектілер, білім және темекіге қатысты) мәселелер бойынша сұрайтын болады. АЕО қызметкерінде өзімен бірге фотосуреті және аты-жөні (бейдж) бар интервьюер куәлігі, АЕО-ның темекіні пайдалану бойынша сұрау туралы ақпараттық хаттарының көшірмелері бар. Бұл жобаның табысы үшін әрбір таңдалған респонденттің сауалнамаға қатысуы өте маңызды. Сауалнамаға қатысушы ұсынатын ақпарат толық құпиялылық жағдайында сақталады. Жеке ақпарат басқа біреуге, оның ішінде отбасының басқа мүшелеріне хабарланбайды. Сауалнама нәтижелері ҚР Д... |
| Толығырақ... Оқылды: 403 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.10.2019 |
«Мектепке жол» республикалық акциясының өтілуі туралы |
| Көксу ауданында 2019 жылдың 5 шілде - 30 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 4 шілдедегі «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу туралы № 3-15-3/2717-И тапсырмасына және Алматы облысы әкімінің 2019 жылдың 5 шілдедегі «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы» № 78 –ө н/қ өкіміне негізінде республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Акцияны ұйымдастырып өткізу жөнінде аудан әкімінің 5 шілдедегі № 112-ө н/қ өкімі мен аудандық білім бөлімінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 304/1 –б н/қ бұйрығы қабылданып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Көксу ауданының білім беру ұйымдарында акция жөнінде билборд жасалып, орнатылды. Сонымен қатар, барлық елді мекендерде акция туралы және акцияға шақыру хабарламалары ілінді. «Мектепке жол» акциясы аясында әр мектепте «Жүректен жүрекке» ұранымен қайырымдылық шаралары бекітілген кестеге сәйкес өткізілді. Шара барысында аудандағы жек... |
| Толығырақ... Оқылды: 464 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.10.2019 |
Талдықорғанда қала күніне орай 100 баспана пайдалануға берілді |
| Талдықорған қаласының туған күні қарсаңында көп балалы аналар, ауған соғысының ардагерлері, кезекте тұрған азаматтар қоныстой қуанышына ие болды. Оларға пәтер кілттерін облыс әкімі Амандық Баталов, ұшқыш-косманавт, генерал-майор Айдын Айымбетов және басқа да белгілі азаматтар салтанатты түрде тапсырды. Салтанатты шарада облыс әкімі Амандық Баталов қуаныш иелеріне ізгі тілегін білдірді. - Шаңырағың биік, босағаң берік болсын дейтін жақсы тілек бар қазақта. Бүгін сіздердің қуаныштарыңызға осындай тілектерді арнап айтқым келеді. Жаңа баспанада бала-шағаларыңыз өсіп-өнсін, іші шаттық пен бақытқа толсын! Бұл коттеджді қалашық біраз жыл бұрын қолға алынғанымен, құрылысы біраз саябырлап қалған еді. Биылғы жылы құрылыс жұмыстарын жандандырып, соның 100 үйін аяқтап, көп балалы аналарымызға, баспанаға мұқтаж азаматтарға беріп отырмыз. Елбасы жүргізген, жаңа Президентіміз жалғастырған мемлекеттік саясаттың арқасында осындай зор нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Ынтымағымызды сақтап, бірлесе... |
| Толығырақ... Оқылды: 373 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.10.2019 |
