ӘЛЕУМЕТ

Талдықорғанда комикстер фестивалі өтті

Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Талдықорғанда комикстер фестивалі өтті. Қай заманның балалары болмасын, оларға иллюстрациялық кітаптар қызықты. Сол себепті жоба авторлары ата-бабаларымыздың тарихы туралы жас оқырмандарға жеткізуді көздеп отыр. Бұл іс-шара бірегей және баламасы жоқ. Өйткені, ел бойынша комикстердің жалғыз көрмесі. Фестивальді "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында облыс басшылығы ұйымдастырып отыр. Мұнда атақты шетелдік иллюстраторлар - Эмре Ердур, Игорь Бараньколар келді. Фестиваль аясында компьютерлік ойындардан жарыс өтіп, оқушылар түрлі-түсті текше жинаудан өзара сайысты. Ал комикс шығарушылар өздерінің туындыларын балаларға тегін ұсынды. Сондай-ақ қонақтар түрлі кейіпкерлермен суретке түсіп, өздері де ертегі кейіпкерлерінің киімін киіп келді. Шараға тәжірбиесімен бөлісуге шетелдік мамандар келіп, 13 компания өз өнімдерін ұсынды. Енді алдағы уақытта шараны республикалық деңге...
Толығырақ... Оқылды: 432 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.11.2019

"Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі көмір отынмен қамтамасыз ету саласына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы көмір кен орындарының қоры бойынша АҚШ, Ресей, Қытай, Германия, Украина елдерімен қатар әлемдік көшбасшылардың 10 елінің қатарына кіреді, ал ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) елдері арасында 3-ші орынды алады. Алайда, осындай көрсеткіштерге қарамастан, жыл сайын Қазақстанда жылыту маусымы басталғанда еліміздің барлық өңірлерінде дүрлікпе мен көмір жетіспеушілігі мәселесі орын алуда. Тұтынушылар тек қара отынның жетіспеушілігімен ғана емес, сонымен қатар азаматтардың тарапынан ұсынылатын көмірдің сапасына қатысты көптеген сұрақтар туындайды. Осы бағытта, «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселені зерделеп, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментімен, Алматы облысы бойынша арнайы мониторингтік тобының мүшелерімен Алматы облысында көмір отынымен қамтамасыз ету саласына сыбайлас жемқорлыққа қарсы м...
Толығырақ... Оқылды: 437 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2019

Алматы облысында гендірлік зорлық-зомбылыққа қарсы жиын өтті

«Jetisy media» алаңында «Әйелдер мен қыздарға жасалған зорлық-зомбылыққа қарсы» республика бойынша бірінші рет халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Біріккен ұлттар ұйымының Гендірлік және әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы Гендерлік негіздегі зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік акция өткізуге білек сыбана кірісті. Іс-шараның алғашқы 3 күні Талдықорған қаласында өтеді. Яғни, облыс орталығында 25,26,27 қараша аралығында жаңа форматтағы жұмыстар қарқынды түрде жүргізіледі деп жоспарлануда дейді ұйымдастырушылар. Ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырушылар қыз-келіншектердің құқығын қорғауды нысанаға алған. «Немолчи.кз» сайтының жетекшісі, Дина Смаилованың айтуынша, өткен жылғы статистикаға көз жүгіртсек 36 адам тұрмыстық зорлық – зомбылық көрсеткені үшін темір торға қамалған. Темірдей тәртіп орнатылып, құрбандарды құтқару жалғасын тапсада, балалардың құқықтарын бұзу жағдайы азайма...
Толығырақ... Оқылды: 368 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.11.2019

«Әлеуметтік желілердегі әкімдер»: Mатрица.kz порталы 2019 жылдың үздіктерін марапаттады

«Матрица.kz» ақпараттық интернет-порталы әрдайым Қазақстан аймақтарында болып жатқан оқиғаларды мұқият қадағалап отырады. Соңғы жылдары жергілікті атқарушы органдардың және әкімдердің халықпен қарым-қатынасын, жұмысын түсіндіріп, көрсету үшін аймақтардың ақпараттық белсенділігін талдауды жүйелеу туралы шешім қабылдаған болатын. Бір жыл сараптама жүргізіп, үздік нәтиже көрсеткендерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік мерекесіне орай Алматы қаласында марапаттады. Қорытындылай келе, 2019 жылдың «Үздік әкімі» болып Алматы облысының әкімі Амандық Баталов танылды. Екінші орында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов болса, үшінші орыннан - Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Уразалин көрінді. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «Дағдарысқа қарсы әкім» номинациясымен марапатталса, «Белсенді әкім» - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевқа бұйырды, ал «Тұрақты әкім» номинациясын - Қараға...
Толығырақ... Оқылды: 355 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.11.2019

СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІ

Өткен апта Көксу ауданының тұрғындары үшін жағымды жаңалықтарға толы болды. Олай дейтін себебіміз, ауданға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкімет мүшелерінен құралған жұмысшы топ келіп, жаңалықтарымен бөлісіп, аудан тұрғындарымен кездесті. Ең алдымен, жұма күні ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов арнайы іссапармен келді. Ол аудандық Б.Оңғаров атындағы орталық стадионның жұмысымен танысты. Айта кететін жәйт, орталық спорт алаңы былтырғы жылы ғана күрделі жөндеуден өтіп, қазіргі заманға сай құрылғылармен жабдықталған. Нәтижелі өзгерістерге оң бағасын берген Елдос Мұратұлы әрмен қарай, стадион базасында орналасқан «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне» де аяқ басты. Бұл мектеп спорттың 12 түрінен оқушыларды шынықтырады. Спортшылармен 35 жаттықтырушы жұмыс істейді. Жалпы спортпен айналысатын 1241 бала 90 топқа бөлінген, оның ішінде: - 63 алғашқы дайындық топтарында 632 оқушы, - 27 оқу жаттығу тобында 309 оқушы. Спорт түрл...
Толығырақ... Оқылды: 475 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.11.2019

Танымал американдық продюсермен кездесу өтті

Талдықорған қаласындағы журналистер үйінде киноматаграфия саласының үздігі Дженнифер Арнольд шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сабағы кино сүйер қауымға осы салада еңбек жолын бастайтын жанның бәріне қызық болғаны анық. Сыр-сұхбат форматында ұйымдастырылған кеш барысында режиссер түсірілім барысында басынан өткерген қызықты жайттарды айтып, Арнольд көркем және өзгеде жанрдағы фильмдерге сахналарды қайтып құру және қалай бағыттау керектігі туралы өз аузынан әңгімелеп берді. Дженнифер Арнольд туралы ақпаратқа сүйенсек, ол - Эмми сыйлығына үміткер, жазушы, продюсер және режиссер. Оның еңбектеріне «A Small Act» (HBO), «The Diplomat» (ESPN) және «Tig» (Netflix), толық метражды комедиялары «Fat Camp» сынды телевизиялық комедиялары, сонымен қатар «Жердегі соңғы адам» (Fox), «Елес» (Fox) сияқты комедиялар кіреді. Кездесу соңында тыңдармандар продюсерге емен-жарқын сұхбаты үшін ризашылығын білдіріп, естелік сур...
Толығырақ... Оқылды: 370 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.11.2019

Алматы облысында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны өтуде

«Jetisu Media» алаңында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқанына орай баспасөз- мәслихаты өтті. 1988 жылдан бері жыл сайын 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні болып белгіленген, биылғы жылы науқандық іс-шаралар «Қоғамдастықтың шешуші рөлі» ұранымен өткізіліп жатыр. Осы тұрғыда Алматы облысында 2019 жылдың 5-ші қарашасы мен 5-ші желтоқсаны аралығы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанын өткізу айлығы боп жаряланды. Айлықтың басты мақсаты – облыс халқының АИТВ/ЖИТС бойынша білім деңгейін көтеру, оның ішінде халықтың осал топ өкілдері, сонымен қатар жастар арасында АИТВ жұқпасының таралуының алдын алу. Жыл сайын АИТВ жұқпасына 250 000 адам (облыс тұрғындарының 12 %) шалдығады. Жұқпаның 70-80% жыныстық қатынас арқылы, 17-20% есірткі қабылдайтындар арасында, 1-2% анадан балаға жұғу жолымен таралуда. «Соңғы жылдары адамдардың дәрігерге кешігіп қаралу үдерісі байқалуда, соның есебінен 2019 жылы анықталған әрбір бесінші науқас ЖИТС-тің...
Толығырақ... Оқылды: 398 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2019

ХАБАРЛАМА!

Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні - республикалық іс-шараның шеңберінде 2019 жылдың 21 қарашасында сағат 10-00-ден Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының басшылары азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдайды. Облыс прокуроры А.С.Жылқыбаев азаматтарды қабылдауды Талдықорған қаласы, Абылай хан көшесі, 113 (ӘКК «Жетісу» ғимараты) мекен-жайында орналасқан Алматы облысы прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығында өткізеді. Қабылдауға алдын ала жазылу Құқық қорғау қызметтері орталығында немесе 8 (7282) 41-32-80 телефоны арқылы жүргізіледі. Аудандық бөлімдерде қабылдау орны мен жазылу жолдары жайлы www.alm.prokuror.gov.kz сайтынан біле аласыздар.
Толығырақ... Оқылды: 382 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.11.2019

Қазақстанда "5-20-25" бағдарламасы іске қосылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елімізде «5-20-25» бағдарламасы іске қосылатынын мәлімдеді. Министрдің сөзінше, аталған тұрғын үй бағдарламасындағы басты шарт қазақстандықтардың табысының мөлшері болмақ. «Бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру» тапсырмасының аясында баспанаға қолжетімлідік баспалдағы енгізіледі. Мұнда халықтың табысы айқындаушы фактор болмақ. Кезекте тұрған жетім балалар, 1 және 2-топ мүгедектері, зейнеткерлер мен тағы басқаларының отбасында жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне, яғни 29,7 мың теңгеге жетпесе, сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспана беріледі», - деді Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында. Министрдің сөзінше, табысы екі ең төменгі күнкөріс деңгейіне (59-4 мың теңге) жетпейтін көпбалалы, толық емес және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға «Бақытты отбасы» бағдарламасы қолжетімді бола бермек. Өз сөзінде Атамбаев табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіні...
Толығырақ... Оқылды: 368 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.11.2019

Хабарландыру

Достар, егер мемлекеттік бағдарламаларға қатысу не банктен баспанаға қатысты қызметтерді алу үшін жылжымайтын мүліктің бар/жоғы туралы анықтама қажет болса, оны онлайн алудың жолын оқып, ойға тоқи жүріңіз
Толығырақ... Оқылды: 350 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.11.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.