ӘЛЕУМЕТ
«Қайыңды» серіктестігі қамбаны толтырады |
| Аудан экономикасының дамуының негізгі бағыттарының бірі - ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 11 айда 39 млрд. 50 млн.теңгені құрап, заттай көлем индексі 106,6 процентке жеткен. Жыл аяғына дейін жоспар 105,4 процентке артып, 41,1 млрд. теңгеге орындалатын болады. Ал алдымыздағы жылға барлық егіс көлемін 84700 гектарға игеру жоспарлануда. Оның ішінде дәнді дақылдарды - 33360 га, қант қызылшасын - 857 га, майлы дақылдарды – 36160 га, картопты – 1597 га, жеміс-жидек және бақша дақылдарын - 997 га, азықтық дақылдарды - 11729 га артырыу көзделуде. Сондай ақ, «Алакөл Агро» серіктестігінің құны 700 млн.теңгені құрайтын 5 000 басқа арналған ұсақ мал және 1,9 млрд. теңгені құрайтын «Қайыңды» серіктестігі 20 000 басқа арналған ірі қара малын бордақылау алаңын 2020 жылы қолданысқа беруді жоспарлап отыр. Ауданда ауыл шаруашылығы саласымен бірге өнеркәсіп саласы да қарқынды даму үстінде. 2020 жылы «Қайыңды» серіктестігіні... |
| Толығырақ... Оқылды: 367 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.12.2019 |
Өнеркәсібі өркендеген аудан |
| Әлеуметтің әлеуетін көтеретін бірден бірі бағыт ол-өнеркәсіп. Өткен жылды ойдағыдай қорытындылаған Кеген ауданы, келер жылдың жоспарын «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында жариялады. Өнеркәсіп саласында 2019 жылдың 10 айында 7 млрд. 890 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріп, жылдың аяғында өнімінің көлемін 10 млрд. 98 млн. теңге жетізген ауданның ауыз толтырып айтар жетістігі аз емес. Аудан экономикасын көтеріп отырған өнеркәсіпті өркендету жалғасын таппақ. 2020 жылы өнеркәсіп саласын дамытуға бағытталған бірнеше жобалар жолға қойылған. Солардың бірі 2020 жылы өнеркәсіп саласын дамытуға байланысты «Alko Enerji», («Новотекс», «Восток ветерь») ЖШС-і арқылы жобалық құны 3 млрд. 300 млн. теңге, қуаттылығы 15 мВт болатын жел электр станциясының құрылысын салуды жоспарлауда. Ол үшін Кеген ауылы маңынан 50 га жер телімі бөлінген. Бүгінде жобалар мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жоба іске қосылған жағдайда 13 адам т... |
| Толығырақ... Оқылды: 322 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.12.2019 |
«Бір түп алма ағашы» - Өмірдің өзі |
| 20 желтоқсан күні, 19:00-де Бикен Римова атындағы облыстық драма театрында атымтай жомарт азаматтың атынан «Бір түп алма ағашы» атты қайырымдылық спектаклі көрерменге ұсынылмақ. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихатында баяндалды. Облыстық театрдың репертуарындағы аталған қойылым 10 жыл бойы сахна төрінен түспеген. Спектаклдің авторы Әлімбек Оразбеков болса, қоюшы режиссері Мұрат Ахманов. «Бұл спектакльде отбасында кездесетін жағдаяттар көрсетіледі. Ананың тағдыры, бауырлар арасындағы қарым-қатынас барлы осында айтылады. Көзі қарақты көрермен ішінен өзіне керекгін іліп алады деп ойлаймын. Осы уақытқа дейін ел назарына ұсынып жүрген шығарманың көпке берері мол, тағылымы терең»,- дейді Бикен Римова атныдағы облыстық драма театрының директоры Ғалия Темербаева . Туынды да баяндалған оқиға шынайы өмірде орын алған. Шағын мемлекеттің керегесінің кең, шаңырағының биік болуы өзара ынтымақтастықта екенін көпке түсіндіру үшін атал... |
| Толығырақ... Оқылды: 403 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.12.2019 |
ОБЛЫСЫМЫЗДА «АҚЫННЫҢ ҚАЛАМЫ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ (ӘДІЛДІК. ПАРАСТТЫЛЫҚ. СЕНІМ.)» АТТЫ АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ! |
| Жастар бойында адалдық пен сенімділікті, парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, отансүйгіштікті кеңінен насихаттау, жас ақындар шығармашылығын қолдау мақсатында «Ақынның қаламы – адалдық алаңы (Әділдік. Парасттылық. Сенім.)» атты жастар арасында ақындар мүшәйрасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы облысы жастар ресурстық орталығымен бірлесе ұйымдастыруымен өтті. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының Бірінші орынбасары Жұмабаев Жандос Сағындықұлы осындай шараларды жастар арасында өткізудің маңыздылығы туралы айтып, жас ақындар адалдықты насихаттап өлең жолдарын жазуы өте қажет екенін атап өтті. Ақындар додасына облысымыздың 14 пен 21 жас аралығындағы шығармашыл, жазба ақындар өнерлерін көрсетті. Қатысушылардың арнау өлеңдері бұрын жарияланбаған,... |
| Толығырақ... Оқылды: 350 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.12.2019 |
Балалар қауіпсіздігі басты назарда |
| «Jetisy Media» ақпараттық алаңында «ата-ананың қараусыз қалдырғанның салдарынан болатын кәмелетке толмаған балардың жарақаттану және қаза болу жағдайлары туралы» тақырыптарында баспасөз-мәслихаты өтті. Олардың айтуынша, 2019 жылдың 12 желтоқсанында Талдықорған қаласында оқыс оқиға орын алған. ересектердің қарауынсыз қалған5 жасар бала, 3 қабаттан құлап кетке. Бүгінгі таңда баланың жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалап отыр. Мұндай төтенше жағдайдың алдын алу үшін құтқарушылар ата-аналарды келесі ұсыныстарды орындауға шақырады: Егер кішкентай бала үйде болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз, өйткені баланың өміріндегі соңғы сәт болуы мүмкін немесе оны мүгедектер арбасына таңуы мүмкін; - Терезенің тиісті қорғанысы жоқ масаға қарсы торларын қолданбаңыз - балалар оларға сүйенеді, оларды сенімді тірек ретінде қабылдайды, содан кейін құлап кетеді; - Баланы қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезелер мен шыны есіктердің жанында ойнағанда абай болыңыз; - Бала... |
| Толығырақ... Оқылды: 381 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.12.2019 |
Алматы облысының 425 тұрғын үйлері бұлтты бейнебақылаумен қамтылған |
| 2019 жылы Алматы облысының 425 тұрғын үй бұлтты бақылау қызметін пайдаланады. Оның 370-і Талдықорғанда. Бұл туралы "Қазақтелеком" өкілдері "Jetisy Media" КММ алаңында өткен брифингте хабарлады. Спикерлердің айтуынша, "Бұлтты бейнебақылау қызметін ұйымдастыру" жобасы Қазақстан бойынша кеңселер мен үй шаруашылықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұдан басқа, бүгінгі күні Алматы облысының 51 елді мекенінде қызметтерді жаңғырту мақсатында жалпы сомасы 308 млн.теңгеден астам желілік құрылыстарға күрделі жөндеу жүргізілді. Бұдан басқа, "Қазақтелеком" мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында өткен жылдың соңынан бастап бүкіл Қазақстан бойынша "талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша ауылдық елді мекендерді кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету" жобасын іске асыруда. Алматы облысы Қазақстанда алғашқылардың бірі болып кең жолақты Интернетке қол жеткізген өңірлердің біріне айналды. Жоба мем... |
| Толығырақ... Оқылды: 332 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.12.2019 |
Ел әлеуеті басты назарда |
| 2019 жыл - ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуының тағыда бір сатыға көтерілген жылы болды. Негізгі көрсеткіштерінің орындалуы бойынша, алдыңғы жылмен салыстырғанда біршама жұмыстар атқарған Қаратал ауданының 2020 жылға да біраз жоспарлары да бар. Бұл туралы Қаратал ауданының әкімі Қайрат Найманбайұлы «Jetisy media» ақпараттық алаңында айтты. Шағын және орта бизнес саласында жұмыс жасайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 2527 бірлік, осы бағытта жұмыспен қамтамасыз етілгендер саны – 6193 адам. Жалпы 2019 жылдың қаңтар айынан бастап аудан бойынша 1339 жаңа жұмыс орындары ашылды. Дегенменде жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 5,3 пайыз. (1314 адам жұмыссыз). Облыс бойынша көрсеткіш 4,6 пайыз, алдымыздағы жылы жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша тиісті жұмыстар атқарылатын болады. Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша 2 жоба іске асырылуда; 1. Аудан аумағында «Қаратал селекция – гибридтық орталығы» мал... |
| Толығырақ... Оқылды: 353 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.12.2019 |
Ескелді ауданында 400 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылысы жоспарлануда |
| Алдағы 2020 жылы Ескелді ауданында жаңа ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда. Оның бірі Бақтыбай ауылдық округінде 400 басқа арналған заманауи сүт-тауар фермасының құрылысы. Бұл туралы "Jetisy` media"КММ алаңында өткен брифингте Ескелді ауданының әкімі Рауан Рақымбеков мәлім етті. Жаңа нысан ауылдық округтің 5 тұрғынын жұмыспен қамтамасыз етеді, жобаның жалпы құны 1 миллиард теңгеден астам. Ескелді ауданында 2800-ден астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. "5251 адам 2818 шағын және орта бизнес нысандарында жұмыс істейді. 2019 жылы 14,9 миллиард теңгеге өнім өндірілді және қызмет көрсетілді, бұл өткен жылдың деңгейінен 805 миллион теңгеге артық. Өсу қарқыны 105,7% құрады. Шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке 628 миллион теңге салық түсті, өсу қарқыны 101,6% құрады. Ағымдағы жылдың соңына дейін ШОБ субъектілерінен салық түсімін 680 миллион теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр", - деді Рауан Рақымбеков. Бұдан басқа, "Ауыл-Е... |
| Толығырақ... Оқылды: 385 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.12.2019 |
Қаламы қарымды, жазғаны жалынды журналистер «Самғады» |
| «Арқалағаны алтын, жегені жантақ». Бұл тілші қауымға қаратылып айтылатын сөз тіркесінің астарындағы ақиқаты қалам ұстаған қауымның бар ғұмырын айшықтап тұрғандай. Сансыз жылдары жұрттың жоғын түгендеумен өтетін журналистердің еңбегінің еленетін күні сирек. Ал, Алматы облысы аталған олқылықтың орнын толтырды. Ол жылсайын өтетін Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналисттер арасындағы «Самғау» байқауы. Тілшілер додасы «Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттауды нысанаға алған. Тұлпардың тұяқтысы ғана шыдайтын аламан бәйгені ұйымдастырушылар Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы. Жетісудың жауһарларын тізіп, жетістігін жазып, сара жолын саралайтын сұрмергендер ақпарат таратудан артта қалған емес. Тұшымды ойы, пайымды көзқарасы бар тілші қауымның тіршілігі елдің алдында өтіп жатыр. Халық қалаулыларына айналған сайыпқырандардың «Самғауы» заңдылық. Әдеттегідей, дәстүрден жаңылмай өткен байқауға жоғарыда с... |
| Толығырақ... Оқылды: 431 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.12.2019 |
Сессия отырысы өтті |
| Ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні аудан мәслихатының кезектен тыс 55-ші отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Дәулет Халелов, мәслихат депутаттары, мекеме бөлім басшылары қатысты. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 желтоқсандағы ҚР заңының 11 – бабына сәйкес, аудан мәслихатының кезектен тыс 55 – ші сессиясының күн тәртібі бойынша алты мәселе қаралды. Күн тәртібінде қаралған төрт мәселе бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Серік Нұрмағамбетов сөз сөйледі. Бірінші мәселе, аудан мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы «Көксу ауданының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндама жасады. Екінші мәселе, аудан мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Көксу ауданының ауылдық округтерінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу барысында 2019-202... |
| Толығырақ... Оқылды: 384 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.12.2019 |
