ӘЛЕУМЕТ
Журналистердің 3 сұрағына жауап |
| 1. Алтын Орда маңындағыжол мен жолайрықтарыныңқұрылысықашанбасталады? Алтын ОРДА Асыл АРМАН Құрылыс-монтаждаужұмыстарынбастауғарұқсат Алматы облысы МАСК жергіліктіатқарушыорганынаналынды. Мердігерқұрылысалаңындамытуғадайындықжұмыстарынбастады, оныңішіндетехника мен персонал жұмылдырылды. 2. Құрылыс аяқтауқашанғажоспарланған? Алтын Орда Құрылыстыңбасталуы - 2017 жылғыжелтоқсан (33 ай / 2 жыл 9 ай). Құрылыстың аяқталуы - 2020 жылдың соңы. Асыл Арман Құрылыстың басталуы - 2020 жылдың қаңтары (14 ай / 1 жыл 2 ай) Құрылыстың аяқталуы - 2021 жылдың 1 жартыжылдығында 3. Құрылыстың бас мердігері кім? Құрылысты кім қадағалайды? Мердігер: «Дәулет-Дорстрой» ЖШС («AYTEI GROUP Holding Company» ЖШС компаниялар тобы https://aytei.kz/) Куратор - тапсырыс беруші - «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы Сәулеттік қадағалау - «АстанаСтройПроектСервис-М» ЖШС Инженерлік қы... |
| Толығырақ... Оқылды: 405 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.01.2020 |
«Jetisy ART» тарихи- танымдық жобасы таныстырылды |
| Тарихын танып, тау тұлғаларын ұлықтаған текті елдің ұландары кезекті істі қолдарына алды. Баршамызға белгілі биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтің 175 жылдығы мен әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фарабидің 1150 жылдығы тойланады. Атаулы күннің кең көлемде аталып өтуіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма берген болатын. Торқалы тойдың әлқисасы ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты танымдық мақала жазып, халық назарына ұсынды. Бұл бастаманың өзі кемеңгер тұлғаның қазақ қоғамындағы алар орнының айшықты екенін көрсетеді. Тек Абай ғана емес, Әл-Фарабидің да ел руханияты үшін қосқан үлесі өлшеусіз. Қос бірдей «бәйтерек» ағартушылық жолында аянбай тер төккен ғұлама ретінде ел есінде мәңгі қалып, есімдері тарих бетінде алтын әріптермен қашалып жазылғаны сөзсіз. Бір ауыз сөзбен «Ұлттық болмыстың үлгісі» деп айтуға болады. Олардың өшпес өнегелерін бүгінгі таңда жас буын барынша дәріптеуде. Осыған орай Алматы об... |
| Толығырақ... Оқылды: 382 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.01.2020 |
«Tarihi Jol»:Туризмнің заманауи жаңғыруы |
| Алматы облысында тарихи маңызы бар мекендер мен ескерткіштерді цифрландыру мақсатында жасалған «Tarihi Jol» атты мабильдік қосымшасы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында таныстырылды. Бұған дейін Алматы облысында «Tarihi Jol» -Қазақстан тарихын жандандыру жобасы»тақырыбында презентация ұсынылған болатын. Жоба авторлары бір жыл ішінде облыстағы 15 нысанды ұялы телефон қосымшасына енгізген болатын, жыл соңына дейін 25-тен астам нысанды жобаға кіріктіру жоспарланып отыр. «Бүгінгі таңда біз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарын өзіміз шығарған жобаға кіргіздік. Еліміз бойынша 135 нысанды қамтып отырмыз. Алматы облысы бойынша атлған қосымшада 15 аймақ көрсетілген»,- деді өз сөзінде «AV-Software» ЖШС директоры Арман Маратұлы. Бұл өнім елдің туристік секторын үйлестіруге және жақсарту үшін қазақстандық жас мамандардың ойлап тапқан жобасы. «Tarihi Jol»-ды қолданудың бірегейлі- бұл жаңа техно... |
| Толығырақ... Оқылды: 304 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.01.2020 |
Алматы облысында еріктілер жылының салтанатты ашылуы өтті |
| Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жарияланған болатын. Осыған орай, Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында «Біз бергеміз» атты еріктілер жылы салтанатты ашылды. Шараның шымылдығы қазақ елінің тарихынан сыр шертетін және жалынды жастардың қарым-қабілетін танытатын бейнеүзіктер көрсетілімінен және заманауи бимен ашылды. Ашылу салтанатында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Қылышбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Зағипа Балиева, Омархан Өксібаев, Ерсұлтан Бектұрғанов, Марат Бопазовтар сөз алып, салтанатты шараның ашылуын құттықтап, қазақ елінің жастарына деген сенімдерін білдірді. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін айтты.Бүгін, міне, жер жаннаты Жетісуда көңілден шыққан істің басында жиналып отырмыз. Мен әрқашанда еріктілердің жұмысына ризашылығымды білдіріп келемін. Бүгінде облысымызда 1043 ері... |
| Толығырақ... Оқылды: 352 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.01.2020 |
Памятник Абаю установят в Талдыкоргане |
| В этом году исполняется 175 лет со дня рождения Абая Кунанбаева. Юбилей выдающегося классика с большим размахом отметят и в Алматинской области. На брифинге на площадке КГУ «Jetisý media» руководитель управления культуры, архивов и документации Алматинской области, Марлен Кольбаев поделился планами по празднованию значимых дат в жетысуском крае. «В этом году будет широко отмечаться значимые мероприятия, как 175-летие Абая Кунанбаева, 1150-летие Абу Насира аль-Фараби, 600-летие Оракты батыра, 185-летие Чокана Валиханова, 80-летие Елбасы Нурсултана Назарбаева, 75-летие Победы в Великой Отечественной войне. В течение года продолжатся познавательные вечера, фестивали народных театров к 175- летию Абая. А также со всей Республики мы соберем лучшие произведения, посвященные Абаю. Авторов лучших работ мы наградим ценными призами и включим их работы в сборник «Абайға арнау». Кроме того, Абаю установят памятник в городе Талдыкорган. На сегодняшний день ре... |
| Толығырақ... Оқылды: 297 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.01.2020 |
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе! |
| Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» тақырыбындағы мақаласы – қазақ көшбасшысының көрегендігін тағы бір рет айғақтады. Президентіміз мақаласын 175 жасқа толып отырған халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына арнап, қалам тербеген. Бүкіл әлемге қазақ деген халықты танытқан ғұлама ақынымыз, біртуар перзентіміз Абай Құнанбайұлы халықты өнер-білімге шақырып, мыңмен жалғыз алысып, надандықпен күрескен ұлы тұлға. Барша халық Абай тәлімін оқып, түсініп сол жолмен жүретін болса, ақын өзі айтқандай, дүниенің бір кірпіші болып қаланарымыз анық. Ғажайып талант иесі, қазақ поэзиясы ғұламасының - көркем табиғат , сұлу қыз, жүйрік ат, достық пен махаббат туралы өлеңдері эстетикалық тәлімнің қайнар бұлағы. Абай бүгін де жарқын бейнесімен, жалынды жырымен бізбен бірге. Біз ұлы ақынымызбен мақтанамыз! Абайдың 175 жылдық мерейтойына дайындық жұмысы өткен жылдан бастау алды. Бүкіл әлем жұртшылығы ұлы ақыны... |
| Толығырақ... Оқылды: 410 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.01.2020 |
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МАҚАЛАСЫ - БҮГІНГІ РУХАНИ ҚАЖЕТТІЛІК |
| Абай мұрасындағы адам мен қоғамның үйлесімді дамуына қатысты көзқарастар бүгінгі еліміз бен ұлтымыздың жаңғыруына бірден-бір жаңа серпін, тың идеялар беретін ғибраты мол және ерекше сипатта. Әлемдегі әрбір ұлт өркениетті даму жолында мемлекеттің өркендеуіне ерен ықпал ету қабілеті зор болмыстарына, соның ішінде тарихи тұлғалар мұрасына қайта оралып, үнемі зерделеп отырған. Уақыт өткен сайын тұлғалардың адамзат өмірінің әр алуан қырларын тереңінен қарастырып, адам мен қоғамның үдемелі даму негіздерін айқындап беретін көзқарастарын басты құндылық ретінде жаңа заман лебімен үйлестіре жаңғыртқан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы түптеп келгенде бізге жаңа биіктіктерге ұмтылуға жол ашқан зор дүние деп қабылдадық. Мақаланың мемлекетіміз бен халқымыз үшін тарихи тұрғыдан аса маңызды жылдың басында шығуы заңдылық әрі көптен күткен дүние. Мемлекет басшысының мақаласының өзегі – қазақтың дана тұлғасы Абай Құнанбайұлы. Абай... |
| Толығырақ... Оқылды: 418 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.01.2020 |
Мәрлен Қапашұлы: «Жаңа жыл, жаңа бастама!» |
| «Jetisy Media» ақпараттық алаңында «Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 2020 жылға бағытталған жұмыстары» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өтті. Мәдениет саласының сайып қырандары 2019 жылды табысты аяқтады. Облыс жұртшылығын елең еткізер елеулі шаралар өте көп болды. Жыл бойында 50 мыңнан аса түрлі мәдени шаралар атқарылды. Атап айтар болсақ есепті жыл Балпық бидің 325, М.Тынышпаевтың 140, І.Жансүгіровтің 125 жыл мерейтойларының өтуімен есте қалды. Облыстағы мәдениет маусымының салтанатты ашылуы, көктем мен күз айларындағы Ретро концерттермен, халықтық театр фестивалдерімен ерекшеленді. Айтулы мерейтойлар аясында және достық қарым-қатынасты арттыру мақсатында облыс өнерпаздары өңір басышысы Амандық Ғаббасұлының қолдауымен Түркия, Тайланд, Ресей, Қырғыз, Украина елдерінде облыс өнерін паш етіп қайтқан. Бұл туралы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Қапашұлы мәлімдеді. Аталған басқарма үшін жа... |
| Толығырақ... Оқылды: 344 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.01.2020 |
Іле ауданында үйі өртеніп, баспанасыз қалған жанұяға көмек қолы созылды |
| Қаңтар айының 12-нен 13-не қарған түні таңғы сағат 3 - те Іле ауданы, Байсерке ауылы, Набережная көшесінде орналасқан үй қызыл жалынға оранды. Тоқтың тұйықталуынан үйде өрт шыққан. Өрт құрсауында қалған үй Алатау Жарық Компаниясына (АЖК) тиесілі қызметтік үй-жайы болып табылады. Бұл баспананың салынғанына 60 жыл болған. Ағаш үйдің жалпы ауданы 70 шаршы метр. Осы үйде Алатау Жарық Компаниясының (АЖК) қызметкері 1976 жылдың тумасы, №60 қосалқы станцияның кезекшісі Даулет Сарбасов тұрған. Отбасында өзі, жұбайы мен 3 баласы бар. Төтенше жағдай орын алған жерге Байсерке ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан Даулет Сарыбасовтың отбасына округ әкімі Т. Көпбаев барды. Өрттен зардап шеккен жанұяға көмек қолын созу үшін арнайы комитет құрылған. Комитет мүшелері аталған отбасын уақытша тұру үшін пәтерге орналастырып, қажетті азық түліктер мен отбасы мүшелерін керек киім-кешектермен қамтамасыз еткен. Сонымен қатар, мектеп жасындағы балаларын білім ошағында тегін тамақпен қамтамасыз етуді д... |
| Толығырақ... Оқылды: 390 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.01.2020 |
«Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрді |
| Биыл қазақтың Ұлы ақыны Абайдың туғанына 175 жыл толып отыр. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрді. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы, көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланады,-деп басталған мақалада. Қасым-Жомарт Кемелұлы маңызды жобаның бірі-ұлы ақынның шығармаларын он тілге аударып, басып шығару керек екенін айтты. Аталмыш мақала «Ұлттық болмыстың үлгісі», «Мемлекет ісінің мүдделері», «Әлемдік мәдениеттің тұлғасы», «Торқалы тойдың тағылымы» деген бөлімдерден тұрады. Мақаланың әр бөлімі арнайы бір мәселелерге тоқталған. Соның ішінде «Торқалы тойдың тағылымы»... |
| Толығырақ... Оқылды: 378 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.01.2020 |
