ӘЛЕУМЕТ
Алматы облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шаралары жұмысын бастады |
| «2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық сақтандырудың екі пакеті енгізілетін болады. Бұл жаңа модельдегі тегін медициналық көмек көрсету (ТМКК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттері»,- деп « Jetisy Media» алаңында Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ тарқатып айтты. Басқарма басшысы Бауыржан Ербозымұлының айтуынша, қазіргі таңда МӘМС жүйесін енгізу үшін келесі нормативті құқықты актілерге қажетті өзгерістер енгізілген: жоспарлау, тарифтік саясат, медициналық қызмет көрсетуді сатып алу мен төлеу. 2017 жылдан бастап жиналған жарналарды ескере отырып 2020 жылға бюджет жоспарланған. Нәтижесінде, облыс кескінінде ТМКК және МӘМС бойынша қаржыландыру көлемі 2020 жылы 105 млрд.теңгені құрап, соның ішінде 73 млрд.теңге үлесіне тиіп отыр. Ал, МӘМС жүйесі бойынша 32 млрд. теңгеге қаржыландырылады. Қаржыландыру өсімі 2019 жылмен салыстырғанда 37% құрайды. Келер жылдың 1-ші қаңтарына орай міндетті әлеу... |
| Толығырақ... Оқылды: 379 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.12.2019 |
Мемлекеттік қызметкерлер бозкілемге шықты |
| Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлері арасында GRAPPLING GI (UWW) күресінен Мемлекеттік қызметкерлер арнасында турнир өтті. Аталған сайысты ұйымдастырушылар Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы. Мемлекеттік қызметтегі сайып қырандардың білек күшін сынайтын сайыстар бұған дейінде өткізілген болатын. Джу-житсу-дан өткен аталмыш дода Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастырған 8-ші іс-шарасы. Жарыстың мақсаты- мемлекеттік қызметкерлер арасында грэпплинг ги күресін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен жүйелі айналысуына ықпал ету, бұқаралық спорт түрлерін дамыту болып табылады. Сайысқа қатысушы «Жастар мен кадет»-тер «геплинг» бойынша, ал, мемлекеттік қызметкерлер «греплинг ги» түрінен бақ сынады. Спорттың ең бір қарулы түрі, ерлердің күш-қуатын анықтайтын джу-житсудан өткен турн... |
| Толығырақ... Оқылды: 418 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.12.2019 |
ЖЫЛ ҮЗДІГІ -2019 |
| Қазақ халқының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев өз өлеңінде: Сендердікі қоғам, өмір, заманда, Сен түзеген қалаңменен далаңда, Болашақта барлығыда сендердікі, жасұрпақ, Сендерге аманат етіп табыстаймыз, қабылалыңдар! - деп атап өткен болатын. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздіңжарқын болашағы білімдіде, білгір жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де солардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар екені даусыз. Елбасымыз халыққа Жолдауында: "Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр",- деп жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын ету, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек. Кез-келген ел өзінің болашағын өскелең ұрпағымен байланыстырады. Демек, елімізді өркендетіп, мемлекетімізді көркейту үшін сапалы білім мен саналы тәрбие алу – жастард... |
| Толығырақ... Оқылды: 624 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.12.2019 |
ЖАҢАЛЫҚ ЖАРШЫСЫ - ЖАҢА ЖЫЛ |
| Жаңа жыл – жаңару мен жақсылықтың, тазалық пен әдеміліктің мерекесі. Жаңа жыл ғажайыптарға толы мереке. Есігімізден еніп, төрімізден орын алатын жаңа жыл мерекесі жер бетіндегі барша адамдар үшін ортақ мереке, әсіресе, оның балалар өмірінде алар орны айрықша. Жылдағы дәстүр бойынша әсерлі қойылыммен өріліп, түрлі сый-сияпаттармен толығатын балалардың дәстүрлі той-думаны Қадырғали Жалайыри атындағы мектеп-гимназиясында өтті. Сән-салтанатқа толы мерекенің қонақтары алдымен театрландырылған бағдарламаны тамашалады. Кейін барлығы Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алып, ойын-сауық әсем шыршаның маңында жалғасты. Көздері бал-бұл жанып тұрған оқушыларды мерекелерімен аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы құттықтады: – Біз аз күндерден кейін 2019 жылды шығарып салып, 2020 жылды қарсы аламыз. Бұл – адам өміріндегі үлкен бір белес. Бір жылдан екінші жылға өткен кезде алдағы уақыттан жақсылықтар күтіп, жаңа жылға үмітпен қарайды. Өткен жылы біраз игі жұмыстарды бітіріп, жақсы нәти... |
| Толығырақ... Оқылды: 518 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.12.2019 |
Жыр Құлагері «ILIYAS» |
| Алматы облысында Ілияс Жансүгіровтың өмірінен сыр шертетін фильмнің тұсау кесері өтті. Фильмді «Жетісу» телеарнасы мен Zhetisu Film кинокомпаниясы Алматы облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша түсірді. Туындының продюсері «Жетісу» телеарнасының директоры, белгілі журналист Бейсен Құранбек, ал фильмнің режиссері - Ерлан Ушакпаев. Фильм Мұратхан Иманғазинов, Қажет Андас, Елдос Тоқтарбай сынды тарихи кеңесшілердің көмегімен түсірілген. Фильм ұлы ақын, қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Жансүгіровке арналған. Ілияс қазақ қоғамындағы алғашқы мәдени сәулетшісі болды. Ілияс Жансүгіровтің өмірбаяны қазіргі жастарға үлгі болып, ой саларлық сара жолдың бірі. Тағдыры сын тезіне салса да шыдаған сері жігіттің өмір жолы оңай болған жоқ. Басы ноқтаға сыймаған атпалдай азаматтың өткені фильде бастан-аяқ көрініс тапқан. Фильмде авторлар Ілияс Жансүгіровтің ақын, жазушы, журналист, қоғам қайраткері ретіндегі тұлғасының жан-жақты сипатын ашуға, сол дәуірдің қайғылы өмірін кө... |
| Толығырақ... Оқылды: 470 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2019 |
ПАРТИЯ ТӨРІНДЕ ЖАҢА БАСШЫ |
| Желтоқсан айының 23-ші жұлдызында аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының төрағалық өтуімен жиын өтті. Шараға арнайы "Nur Otan" партиясы Алматы облысы бойынша бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев қатысты. Еске сала кетсек, Жанболат Әкебайұлы 10-шы желтоқсанда Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен өткен активте жаңа қызметке тағайындалған болатын. Жиында атаулы партияның алға қойған міндеттері мен алдағы сайлауалды бағдарламаның жобасы сөз етілді. Елбасының атап көрсеткен 7 серпін бағдарламасы да айтылды. Жанболат Жөргенбаев: "Қазақстанның Тұңғыш Президенті ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – "Nur Otan" партиясының 7 серпіні" атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы партияның белсенді мүшелерін топтастыру, яғни партияның ядролық электоратын қалыптастыру мен бастауыш ұйымдардың ролін көтеру; жемқорлықпен күресті күшейту мен партиядан лайықты емес мүшелерді шығару үш... |
| Толығырақ... Оқылды: 421 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2019 |
Жыл басынан бері Алматы облысында 180-нен астам сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық анықталды |
| Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті әртүрлі салалардағы сыбайлас жемқорлық қауіпіне 17 сыртқы талдау жүргізді, оның ішінде Агенттік атынан 15 және бастамашыл талдаулар 2. Барлығы 189 салада сыбайлас жемқорлық қауіпі анықталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері «Jetisy media» алаңында өткен баспасөз-мәслихатында хабарлады. Бөлім сыртқы талдаудың арқасында ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтай алды. 189 құқық бұзушылықтың 21-ін Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кеден саласы арқылы жасаған. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлықтың 19 қатері анықталды, ал жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларда - 17. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын-алудың тиімді шараларының бірі - сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу. Сыртқы талдау сыбайлас... |
| Толығырақ... Оқылды: 362 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.12.2019 |
Жұқа мұз, жарық-от: Қыстағы қауіп |
| «Jetisy Media» ақпараттық алаңында "жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын және пиротехникалық заттарды пайдалану қағидаларын сақтау және "қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу"тақырыбында брифинг өтті. Жарық шамдар, әдемі кеш жаңа жылдық көңіл күйді бергенімен арты оқыс оқиғаға ұласып жатады. Сондай келеңсіз жайыттардың алдын алу үшін төтенше жағдайлар департаменті халыққа үндеу тастады. Қыс мезгілінде қауіптің артары анық. Жолдағы апаттар, мұзды жерлерде орын алатын жағдаяттар қахарлы қыстың қоғам қауіпсізгігіне ықпал ететінін аңғартады. Осы ретте Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздікті күшейту шараларын бастап кеткен. Мәселен, қар құрсауында қалып қойып зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 10 стационарлы жылыту пункті, 3 жылжымалы жылыту пункті және 1 стационарлы вагон қараша айынан бастап Алакөл ауданында Үшарал-Достық автожолында Ырғайты асуында қойылған. Зардап шеккендерді қаб... |
| Толығырақ... Оқылды: 430 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2019 |
2020 жылы медициналық көмек қалай көрсетіледі? |
| Келесі жылдың маңызды жаңалықтардың бірі, ол медициналық сақтандырудың жаңа жүйесінің іске қосылуы. Жаңа медициналық сақтандыру моделі екі пакеттен тұрады. Олар, тегін медициналық көмек көрсету (ТМКК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС). Аталған жаңашылдық халықты медициналық көмекпен теңдей қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, медициналық көмекке негізсіз жұмсалатын артық шығындардан қорғайды. МӘМС жүйесі бойынша халықты медициналық көмекпен қамту 95%-дан жоғары деңгейде жоспарланады. ТМККК және МӘМС шеңберінде қызмет көрсетуден үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің саны 131. Олардың 56 мемлекеттік және 75 жеке меншік. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғам (КЕАҚ) Алматы облысы бойынша филиалымен 2019 жылы 80 медициналық мекеме келісім-шартқа отырды (мемлекеттік - 45 (60%), жеке меншік - 35 (40%)). Жеке меншік мекемелердің қосылуыменен, мемлекеттік мекемелерге медициналық қызмет көрсетуде бәсекелестік пайда болады.... |
| Толығырақ... Оқылды: 425 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2019 |
ТӘУЕЛСІЗДІК - ТЕҢДЕСІ ЖОҚ БАЙЛЫҒЫМ |
| Тәуелсіздік! Ата бабам аңсаған, Қаншама жыр арнады екен жан саған. Көк байрағым желбіреген сәттерде Қадамыңа Қазақстан тамсанам! «Тәуелсіздік»... Осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде» мен қазақпын!» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды. Себебі, сонау алмағайып кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы болған осы тәуелсіздік еді. Біз бұл кезеңді көрмесек те, қазақтың таңғажайып тарихын, деректерін оқу арқылы білеміз. Бұл қол жетпес бақытқа жету жолында Алаш ардақтыларының басын бәйгеге тіккені, әсіресе 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына қатысқан қайсар аға-апаларымыздың ұмытылмас ерліктері көз алдымызға елестейді. Тәуелсіздік таңы – тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жаңғыртты. Егеменді елдігімнің айғағы – аспан түстес азат байрағым, Елтаңбам, Гимніміз дүниеге келді. Тәуелсіздік алған елдің айрықша белгілері ретінде ұлттық валюта, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеу,... |
| Толығырақ... Оқылды: 644 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2019 |
