ӘЛЕУМЕТ
Бөбектер болашағы басшылық назарында |
| 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзгеріс енген АӘК алудың шарттары мен өзіне тән міндеттері бар. Ол бекер емес. Атқарылатын жұмыстар мен қолға алынған бастамалар болашақтың тізгінін ұстар балғындардың келешегі үшін жасалынуда. ОСы ретте, АӘК-тің негізгі бағыттарына тоқатып өткен дұрыс. Сөз басында атап өткендей бөбектерге қалайша қайырымдылық жасалынбақ, оған қол жеткізудің негізгі шарты қандай? Сонымен іс-шаралар кешеніне төмендегідей 3 бағыт кіреді: Біріншісі - көп балалы отбасыларды жеке санатқа шығару және оларға кепілдік берілген жәрдемақыны беру болса, бұдан былай көп балалы отбасы немесе аз қамтылған отбасы деген атаулар алынып тасталынады. Сонымен қатар, бұл көп балалы аналардың, олардың қаржылық жағдайына және әлеуметтік жағдайына қарамастан, елдегі туу деңгейінің өсуіне ықпал етеді.. Сондықтан көп балалы отбасыларға республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. Жәрдемақы мөлшері балалар санына байланысты келесідей болады: 4 балаға - 42 496 теңге (... |
| Толығырақ... Оқылды: 334 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.01.2020 |
Кемеңгер тұлға |
| 2020 жылы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аталып өтіледі. Бұл туралы жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл жаңалық барша қазақ елі үшін жағымды болды деп ойлаймын. Себебі, Абай - қазақ халқының сөнбес жұлдызы, шамшырағы. Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл –ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Абай Құнанбаев – өз ұлтының реалистік гуманистік жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ поэзиясын қоғамдық дамудың озық деңгейіне бағыттап, өз кезінің ең басты мәселелерін дәл бейнелеп, дұрыс қорытынды шығара білген прогрессшіл ақын. Ол халқының болашағы үшін жан аямай қызмет етті, оны мәдениет нұрына үндеді. Белгілі бір тарихи кезеңнің алға қойған сұрауына жауап беріп, елінің әдебиет көшін алға жетеледі. Кемеңгер ақынның ұлы мақсат-мүделері бізге тамаша гуманистік әдеби еңбектері арқылы жетті. Абай қалдырған бұл мұралар өз дәуірінің алуан түрлі мәселелерін қамтыды, сол кездегі қазақ елінің шын сырын аша білді.... |
| Толығырақ... Оқылды: 373 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.01.2020 |
АУДАН МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ |
| Өткен аптада аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында алтыншы шақырылған аудан мәслихатының кезекті 57-ші сессиясы өтті. Сессия отырысына аудан әкімі Алмас Әділ, аудандық мәслихат депутаттары, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Секенбай Шеңгелбаев, мекеме, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, ақсақалдар алқасының мүшелері, саяси партиялар өкілдері, баспасөз ақпарат құралдары қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде екі мәселе - Көксу ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті және ауылдық округтерінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы қаралды. Аталған мәселелер бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Серік Нұрмұханбетов баяндама жасады. - Құрметті аудан басшысы, құрметті депутаттар! Ауданның 2020-2022 жылдарға арналған бюджетінің жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне сәйкес, Президенттің Қазақстан... |
| Толығырақ... Оқылды: 294 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.01.2020 |
МӘСЛИХАТ ҮЗДІКТЕРІНІҢ МЕРЕЙЛІ КҮНІ |
| Еліміз егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет болғанына 28 жылдай уақыт өтті. Тарих үшін қас-қағым сәт аралығында мемлекетімізде саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда түбегейлі реформалар жүзеге асырылып, бүгінгі таңда мемлекеттілік құру жөніндегі тарихи міндет орындалды. Бұл барлық қазақстандықтардың бірлігі мен келісімінің, табанды да қажырлы еңбектерінің ортақ жемісі. Қазақстан Республикасы халқының еркін білдіріп отырған мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі, өкілді органдар - Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолында қоғамды одан әрі демократияландыруға, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқан жергілікті мемлекеттік басқарудың бір тармағы – Қазақстан Республикасы мәслихатының құрылғанына биыл 25 жыл толып отыр. Бұл – тәуелсіздік шежіресімен тұтасып, даму діңгегін нығайта түскен айтулы белес. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1993 жылы «Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар туралы» Заң қабы... |
| Толығырақ... Оқылды: 353 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.01.2020 |
Ауылда жаңа салон |
| Алғабас ауылдық округінде Жаңа жыл қарсаңында «Асыл» сән салоны ашылды. Сұлулық салонының ашылуына Алғабас ауылының әкімі Дәурен Молдағали және ауыл тұрғындары қатысты. Айта кету керек, жаңадан ашылған сән салонында кәсіби білікті мамандар жұмыс жасайды. Олар бет әрлеу, шаш сәндеу, қас-кірпікті әсемдеу секілді қызметтерді көрсетеді. |
| Толығырақ... Оқылды: 388 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.01.2020 |
Көксу ауданында 50 үй пайдалануға берілді |
| Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Көксу ауданында 50 пәтерлі үй пайдалануға берілді. Береке шағын ауданында өткен салтанатты шараға аудан басшысы Алма Әділ қатысып, шаңырақ иелерін қуаныштарымен құттықтады. «Халықтың әл-ауқатын арттырар бағдарламалар көптеп қабылданды. Соның бірі халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі «Нұрлы жер» бағдарламасы. Жыл басынан осы бағдарлама аясында 41 отбасы баспаналы болып, тағы 7 отбасыға жаны жомарт жандар баспана сыйлады. Бүгінгі күні пәтерлі болу кез келген адамның арманы. Жылдан-жылға көркейіп келе жатқан аудан орталығында бүгінгідей жаңа көп қабатты үйлер көптеп бой көтеріп, қоныс тойын тойлайтын тұрғындар қатарының көбейе түсетіндігіне сенім мол. Биылғы жылдың өзінде ауданда 2917 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді», - деді Алмас Қабдулұлы құттықтау сөзінде. Айта кетейік 50 пәтерлі үйдің 10 үйі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, 12 үйі көпбалалы аналарға, ардақты ана, алтын алқа иегерлеріне 5 үй, дәрі... |
| Толығырақ... Оқылды: 312 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.01.2020 |
Талғарда 20 көпбалалы отбасы үйлі болды |
| Бүгін Талғар қаласында аудан әкімі Жолан Омаров салтанатты түрде ауданның 20 көпбалалы отбасына тұрғын үй кілттерін тапсырды. Облыс әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен тұрғын үйге мұқтаж, тұрмысы төмен 20 көпбалалы отбасыларына екінші (вторичное) тұрғын үй немесе пәтер сатып алу жұмыстарына ағымдағы жылы – 243,9 млн.теңге қаражат бөлініп, кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын жеке тұлғалардан 20 тұрғын үй сатып алынған болатын. Сатып алынған тұрғын үй немесе пәтерлер Талғар ауданында орналасқан (Талғар қаласы, Талдыбұлақ ауылы, Кеңдала ауылы, Рысқулов ауылы). Жалпы ауданы – 58,1 шаршы метрден 120,0 шаршы метрді құрайды. Сатып алынған - 20 екінші (вторичное) тұрғын үйлердің – 4-і көпқабатты тұрғын үйде орналасқан пәтерлер, 16-сы жер үйлер. Тұрғын үйлер мен пәтерлер кілттері «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, кезекте тұрған тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға берілді. |
| Толығырақ... Оқылды: 346 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.01.2020 |
Алакөлде жаңа нысан қолданысқа берілді |
| Алакөл ауданының орталығы Үшарал қаласында әлемдегі белгілі ғимараттардың бірі Биг-бен тәріздес сағаттың ашылу салтанаты өтті. Шара барысында аудан әкімі Ә. Жақанбаев пен келген қонақтар сағатты тамашалап, естелік суретке түсті. Айта кетсек, жалпы құны 7,5 млн теңгені құрайтын бұл нысанның биіктігі 8,5 метр, сағат диаметрі 1 метр. Куртинск гранитінен дайындалған нысан Ресей мемлекетінің Санкт-Петербург қаласында жасалған. Бүгінгі күні аудан орталығында халық қажеттілігі үшін түрлі ғимараттар көптеп бой көтеруде. Сондай-ақ, бүгінгі ашылған нысан да Үшарал қаласының көрікті жерлерінің біріне айналары сөзсіз. |
| Толығырақ... Оқылды: 432 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.12.2019 |
Жаңарған шағын орталық қолданысқа берілді |
| Бүгін Ескелді ауданының Мелькомбинат елді мекенінде мектепке дейінгі шағын орталық қолданысқа берілді. Жаңа жылдың қарсаңында есігін бүлдіршіндерге ашып отырған орталыққа 5 ай көлемінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының аясында жүзеге асты. Шағын орталықтың ашылу барысында аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметов жиналған қауымды құттықтап, толымды табыстар тіледі. Айта кетсек, шағын орталықтың ішкі бөлмелерінің қабырғасы, едені жаңарып, жаңадан есік-терезелер орнатылды. Сонымен қатар орталықтың маңына балалар ойнайтын алаң салынды. Мұндай қуаныш Мелькомбинат елді мекенінің бүлдіршіндері мен ата-аналар үшін көптен күткен тосын сый болды. Алдағы уақытта «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы әлі талай елді мекендердің ажары ашылып, көптеген ғимараттар бой көтерері анық. |
| Толығырақ... Оқылды: 337 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.12.2019 |
«СК-Фармация» ЖШС қызметінің ашықтығы |
| «СК-Фармация» ЖШС атынан Бірыңғай дистрибьютор жүйесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласының тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылған. Серіктестік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты толығымен қолдайды және өз қызметіне енгізеді. 2019 жылдың қараша айында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бірыңғай дистрибьюторы базасында «СҚ-Фармация – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды. «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» (Адалдық алаңы) жобалары шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша елорда тәжірибесін тарату идеясы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру&raqu... |
| Толығырақ... Оқылды: 403 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.12.2019 |
