ӘЛЕУМЕТ
«Zhas Project» бизнестің бастауы |
| Жастар корпусын дамыту жобасы 2017 жылдан бастап ел аумақтарында жүзеге асырылып келе жатыр. Бұл –жастарға арналған бірегей бағдарлама. Бұл-Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы. Жобаны конкурстық негізде анықталған Үйлестіру агенттігі іске асырады. Жобаның басты мақсаты- жастарды,әсіресе осал топтарды қоғамның белсенді өміріне тарту. Қоршаған ортаның игілігі үшін пайдалы қызмет дағдыларына оқыту арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту. Аталған бағдарламамен жұмыс жасаудың 4 негізгі бағыты бар Олар: - Әлеуметтік бағдарламаны іске асыру үшін гранттар мен шәкіртақылар; - Өмірлік маңызы бар дағдылар мен жобаларды оқыту; - Жастардың осал топтарымен жұмыс істеу; - Үйлестіру, ақпараттық жұмыс және есептілік. «Zhas Project» жобасына 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары қатыса алады. Оқымайтын және жұмыс істемейтін немесе жұмыс істейтін, бірақ табысы төмен жастарға жоба аясында бас... |
| Толығырақ... Оқылды: 302 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.01.2020 |
Көліктік бақылау инспекциясындағы өзгерістер |
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша Алматы облысында 48 489 бірлік жүк көліктері бар. Бұл ел аумағы бойынша ең үлкені болып есептелінеді. Сондай-ақ облыс бойынша, 30195 бірлік жүк тасымалдау көлігі тіркелген. Осылайша, еліміздегі жүк көліктерінің 17,4%-ын облыс аумағынан көруге болады. Алматы облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының құрамы 32 адамнан тұрады, 4 бөлім жұмыс істейді. Заң шеңберінде аталған инспекция 19 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. 2019 жылдың 12 айында 25610 Мемлекеттік қызмет көрсетіген, оның ішінде 15531 жағдайда Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған. - автомобиль көлігі саласында 7 мемлекеттік қызмет түрі кіреді. Соңғы 12 ай қорытындысы бойынша, 25252 мемлекеттік қызмет көрсетілді, және де 15262жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту тіркелген; - теміржол көлігі саласында 3 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. 60 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның ішінде мемлекеттік қызмет... |
| Толығырақ... Оқылды: 332 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.01.2020 |
Қазгидромет Орталық Азиядағы әріптерімен өңірдегі бірегей тәжірибесімен бөліспек |
| 2020 жылдың 27 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласында Қазгидрометтің «Су тасқынын болжау үшін өзен ағынын модельдеу» атты семинары өз жұмысын бастайды. Қазгидромет Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімен тұңғыш мәрте өзен ағынын қысқа мерзімді болжау әдісімен бөлісетін болады. Семинар Қазгидромет ғимаратында 27-31 қаңтар күндері өтеді. Ұйым қызметкерлері 3-7 күнге өзендердің ағынына қалай болжау жүргізуге болатындығы жайында әңгімелемек. Семинар Орталық Азия Аймақтық экология орталығының Дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен жүзеге асырылып отырған «Климат өзгерісіне бейімделу және Арал теңізі алабының салдарын жеңілдету бағдарламасы» (CAMP4ASB) аясында өткізілуде. Жоба аясында жергілікті өзендерге осы модельдерді бейімдеу және кеңес беру мақсатында Орталық Азия елдерінің гидрометеорологиялық орталықтарында көшпелі семинарларды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Тренингке қатысушылар - Тәжікстан,Өзбекстан, Түркіменстан гидрометеорологиялық қызметтерінің мамандары.... |
| Толығырақ... Оқылды: 316 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.01.2020 |
Салық кодексіне енгізілген негізгі өзгерістер |
| «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде "Jetisy`Media" ақпараттық алаңында өткізілген баспасөз-мәслихатында ҚР-ның Салық кодексіне енгізілген негізгі өзгерістер баяндалды. Сонымен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап орын алған заңдағы түзетулерге назар салсақ. 2020 жылдан бастап салық салу объектісі өзгертілді. Егер қазір салық салу объектісі - жердің бағалау құны болса, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық салу объектісі-оңайлатылған декларациядағы табыс болады. Табыстың ставкасы 0,5% құрайды. Бұл жаңа енгізілім БЖС (Бірыңғай Жер Салығы) қолданатын және микро - немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын салық төлеушілерге үш жыл мерзімге табыс салығын төлеуден босатуға мүмкіндік береді. Барлық жеңілдіктер сақталады. Ендігі кезде аталмыш заң шеңберінде Тіркелген салық төлеушілер салық салудың басқа режимдеріне көшуге және тіркелген салық салу объектілерін есептен шығаруға міндетті (Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссы... |
| Толығырақ... Оқылды: 365 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.01.2020 |
АТҚАРЫЛҒАН ШАРУА АЗ ЕМЕС, АЛДАҒЫ ЖОСПАР АУҚЫМДЫ |
| Елбасының тапсырмасына сай елімізде барлық деңгейдегі әкімдердің жыл басында халықпен кездесіп, ел-жұртпен бірге өткенді ой елегінен өткізіп, болашаққа бағдар жасау, елдің айтқан арыз-талап, ұсыныс-тілектерінен хаттама жасау, олардың кезең-кезеңмен орындалуын қамти отырып, бақылауда ұстау, атқарылған істері мен алдағы күннің міндеттері жайлы халыққа есеп беруі қалыптасқан дәстүрге айналды. Осынау игі дәстүр сәрсенбінің сәтті күні Айнабұлақ және Алғабас округтерінде жалғасын тапты. Алдыменен, Түрксіб құрылысының солтүстік және оңтүстік бөліктері түйіскен , қазақы қылық пен жақсылықтың иісі аңқыған ауылдардың бірі – Айнабұлақ округіне ат басын тіредік. Округ әкімі Мәулен Бәзілов өткен жылдың ауыл үшін жағымды жаңалықтар мен толағай табыстарға толы болғанын айтып, өз қорытынды есебін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Жолдауымен бастады: - Халқымы... |
| Толығырақ... Оқылды: 300 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.01.2020 |
Ақтық сапарды атқару- ақылы |
| Бүгінгі күні марқұмды ақтық сапарға шығарып салуды табыс көзіне айналдырып отырғандар баршылық. Құзырлы органдардың айтуынша, бұл сала - бір шеңберде жұмыс істейтін бизнес: аталған шеңберге мәйіт қызметкерлері, полиция органдары, жедел жәрдем, ауруханалар кіреді. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Сағындықұлы мәлімдеді. Осы саламен айналысатын сарапшылар мен мамандардың айтуынша салттық бизнес – бұл көлеңкелі бизнесттің бірі болып табылады. Жерлеу рәсімдерін атқарушы бизнес өкілдері сыбайлас жемқорлыққа жол береді деседі. Олар зираттардағы орындар мен қайтыс болғандар туралы мәліметті сатуға дейін барады екен. Осыған байланысты, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департам... |
| Толығырақ... Оқылды: 378 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.01.2020 |
Талдықорғанда «TALDYQORGAN –ADALDYQ ALAṄY» жобалық кеңсесі ашылды |
| Талдықорған қаласының әкімдігі жанынан TALDYQORGAN –ADALDYQ ALAṄY жобалық кеңсесі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің ғимаратында «Open Taldykorgan» кеңсесі ашылды. Енді қала тұрғындары әкімдіктің бірінші қабатында орналасқан алаңға келіп, шенеуніктерге өтініштерін қалдыра алады, сондай-ақ олармен жеке кездесіп, туындаған мәселелерді талқылайды. Сонымен қатар, хатты adal_taldyqorgan@mail.ru электронды мекен-жайына жіберуге немесе +7 747 246 91 45 нөміріне хабарласуға болады. Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Данияр Тұрғанбаевтің айтуынша, бұл кеңсені ашудағы басты мақсат — сыбайлас жемқорлыққа жалпыға бірдей төзбеушілік қағидасын қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, және тиісті ұсыныстар мен ұсынымдарды жіберуге қолайлы жағдай жасау арқылы қала тұрғындарын жан-жақты ақпараттандыру. Ал, Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбді... |
| Толығырақ... Оқылды: 348 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.01.2020 |
Бүгін Қабылиса ауылдық округі мен аудан әкімінің есеп беру жиыны өтті. |
| Қабылиса округінде ауылшаруашылықпен шұғылданатын 97 шаруа қожалық,32 жеке кәсіпкер бар. Инфрақұрылым бойынша округте ұзындығы 21 км болатын 4 көшеге асфальт төселінген. Спорт және білім саласында да жағдай тұрақты. Бір сөзбен айтсақ,табиғаты тұмса мекеннің жағдайы жақсы. Артынша аудан басшысы ауданның ахуалымен таныстырды. Ауыл тұрғындары өз тарапынан сұрақтарын қойып,есептік кездесуге қанағаттанарлық деген баға берді. |
| Толығырақ... Оқылды: 336 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.01.2020 |
ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ - ТӘЛІМ ТАБАЛДЫРЫҒЫ |
| Білімді жастың білігін арттыруға керегі тәжірбие. Осы тұрғысында мемлекет жас түлектердің танымын кеңейтуге бағытталған кезекті бағдарламаны іске асырғанына 10 жылға жуық уақыт болды. Ол-«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы. Қазіргі таңда жұмыссыздықпен күрес жүргізу жаппай белең алуда. «Екі қолға - бір күрек» табылмаудың сыры жемқорлықта деседі. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) "Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесімен бірлесе Алматы облысында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасын жүзеге асыру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізген. Аталған зерттеу шараларының қорытындысымен «Jetisy Media» ақпараттық алаңында сала мамандары бөлісті. Ресми деректерге сәйкес, 2018 жылы Алматы облысында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының сомасы 459,3 млн. тең... |
| Толығырақ... Оқылды: 335 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.01.2020 |
«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы |
| 2020 жылғы15 қаңтарда бүкіл ел бойынша «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы басталады. Акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Акцияны өткізудің орны және кезеңі: республиканың өңірлерінде, 2020 жылғы 15 қаңтардан бастап 15ақпанға дейін. Қатысушылардың сапалық құрамы: мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, мүдделі мемлекеттік органдардың, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың, ата-аналар қауымдастығының, мекемелердің, еңбек ұжымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, жергілікті полиция қызметтерінің өкілдері және т.б. Акцияның мазмұны және форматы: Ұраны - «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін». Акция аясында жоспарланған: Мектептіктасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқа... |
| Толығырақ... Оқылды: 361 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.01.2020 |
