ӘЛЕУМЕТ
Ақсу ауданы: еңбек пен даму жолында |
| Өтіп баражатқан жыл ақсулықтар үшін табысты болды. Өңірдің даму көрсеткіштерімен, атқарылған жұмыстың саны мен сапасына аудан әкімі Есім Сейілханұлы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында баяндады. Аудан экономикасының көтерілуіне сеп болатын бірден бір бағыт ол инвестиция тарту. Биылғы жылы Ақсу өңіріне 9 млрд. 295 млн. теңге инвестициялар тартылып, нәтижесінде 2,8 есеге өсу байқалады. Бюджеттік емес инвестициялардың үлесі 6 млрд. теңгені құраған. 2020 жылға 12,6 млрд. теңгеге жеткізу көзделуде. Инвестиция тартылса тұрғындарғада шабағаты тиері сөзсіз. Аудан халқының хал-ақуалын назардан тыс қалдырмайтын басшы мырза аудан бойынша жеке меншік есебінен 6400 шаршы метр тұрғын үйлер салынуына ықпал жасап, халықтың көңілін тапқан жайы бар. «Жол азабын жүрген білер» дегендей, биылғы жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 10,4 шақырымы 617 млн. теңгеге орташа жөндеуден өткен. Осы қатарда Жансүгіров, Ойтоған ауылдарындағы күре жолдар жөндеуден өткен. Жалпы көл... |
| Толығырақ... Оқылды: 393 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.12.2019 |
Ана бақыты-әлем бақыты |
| Жамбыл ауданының тәртіп сақшылары, «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында аудандық Мәдениет үйінде аудан тұрғындарысен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты әйелдер мен балаларға қатысты зорлықзомбылықты ескертуге, алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейту. Іс-шара барысында Ұзынағаш ауылының Абай Құнанбаев мен Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектептерінің 8- сынып оқушыларынан құралған «Полицияның жас көмекшілері» отбасылық құндылықтар туралы арнайы әзірленген көрініс қойып, бақыты балалық шақ, бақытты отбасы ұранымен мерекелік көнцертпен жалғастырылды. Акцияға аудандық білім бөлімінің өкілдері, мектеп психологтары мен ата-аналар қатысты. Кездесу соңында Жамбыл АПБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің инспекторы полиция капитаны Бота Болатқызы Оспанова, әйелдердің құқығын қорғау бойынша аудан аумағында қабылданып жатқан іс-шараларға тоқталып, зорлық-зомбылық құр... |
| Толығырақ... Оқылды: 410 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.12.2019 |
Алматы облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 11,2 млрд теңге көлемінде жарналар түсті |
| 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 29 қарашасы аралығында Алматы облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлереден түскен аударымдар мен жарналардың жалпы көлемі 11,2 млрд теңгеден аса соманы құрады. Бұл қаражаттың 10,6 млрд-тай теңге (шамасы 94%) көлемі жұмыс берушілердің аударымдары, 0,6 млрд теңге (шамасы 6 %) көлемі – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалардың жарналары. Аймақтар кескінінде түскен жарналардың басым үлесі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан және Қарағанды облысынан түсуде. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен қаражат, сенімгерлікпен басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады, және болашақта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған қызметтерге жұмсалады. Алматы облысы бойынша КЕАҚ «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарастыру бөлімі |
| Толығырақ... Оқылды: 331 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.12.2019 |
Алимент төле-міндетің |
| Алимент төлемдерін өндіріп алу істері әлеуметтік аса маңызы бар істердің бірі болып табылады. Статистиқалық көрсеткіштерге сүйенсек Алматы облысында ағымдағы жылдың 10 айында алимент төлемдерін өндіру туралы 20 мың атқару құжаты орындауда болған, оның 3 мыңы өндіріп алушымен борышкердің арасында келісімге келуіне байланысты өндіріп алушыларға қайтарылған, 16 мыңнан астам алимент өндіру құжаттары орындалуда. Өкінішке орай оның ішінде бір 1 мыңға жуық істер бойынша борышкерлердің қарыздары 800 млн. тенге көлемінде құрайды, себебі айтылған борышкерлер мүлдем төлемейді немес төлем уақытын созады. - «Әділет органдарымен атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ететін орган ретінде, Әкімдікпен жергілікті мемелекеттік басқару орган ретінде және жеке сот орындаушыларының палатасымен жеке сот орындаушыларының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметін ұйымдастыру ұйым ретінде, ағымдағы жылдың 19 қарашасында Алименттерді өндіріп алу мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық... |
| Толығырақ... Оқылды: 394 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.12.2019 |
Экономика:Өрлеу. Даму. Өсу. |
| Аграрлық секторда алдыңғы қатардағы өңірдің өткенге өкпесі жоқ, келер жылға жоспары көп. Атқарылған істі сараптап, болашақты бағамдаған Марат Мелісұлы «Jetisy media» алаңында қорытынды есеп берді. Әуел баста айтып өткен аграрлық салада 35 млрд. 706 млн. 300 мың теңгенің өнімін өндіру жоспарланса, 10 айда 38 млрд. 253 млн. 900 мың теңгенің өнімі өндірілген. Аудан бойынша жалпы ішкі өнімнің көлемі 63 млрд. 330 млн.700 мың теңгені құрап, жан басына шаққанда 1 млн. 764 мың 086 теңгеден айналды. Аудан басшысының сөзіне сәйкес, 2020 жылы ауылшаруашылық бойынша өндірілген өнім көлемі 42 млрд. теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Сөйтіп,аудан келер жылы бұдан да жоғары көрсеткішке қол жеткізбек. «Өзен жағалағанның өзегі талмас» деген сияқты, астықтың айналасында жүргеннің жағдайы жақсармаса, кері кетпейтіні ақиқат. Бұл тұрғысында да Сарқан ауданы жарап тұр. Бүгінгі күнге дәнді дақылдардың 54 212 гектарынан 137 494 тонна астық жиналып, орташа өнімділігі гек... |
| Толығырақ... Оқылды: 397 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.12.2019 |
Ауғандық жауынгерлер Қазақстандағы соғыс ардагерлері мәртебесін алады |
| Еңбекмині әзірлеген «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына ұсыныстар талқыланды. Бұл Заң соғыс және еңбек ардагерлерінің Қазақстан Республикасының Парламентіне, Үкіметке және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдаған көптеген өтініштеріне байланысты әзірленгенін атап өтті. Құжат қолданыстағы заңнамаға сәйкес ардагерлерге берілетін барлық жеңілдіктер мен кепілдіктерді біріктіреді. Заң жобасының аясында: ардагерлердің 5 әлеуметтік қорғалатын санатын анықтау; Ауғанстандағы және басқа елдердегі ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілерді басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жатқызу; басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінің санаттарын кеңейту; интернационалист-жауынгерлерді, Чернобыльға қатысушыларын, сондай-ақ Социалистік Еңбек Ерлерін әлеуметтік қолдау бойынша шараларды күшейту ұсынылады. Министрдің айтуынша, 5 әлеуметтік қорғалатын санаттағы ардагерлерге: Ұлы Отан соғысын... |
| Толығырақ... Оқылды: 549 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.12.2019 |
Ауылшаруашылық күні аталып өтті |
| Ауыл - алтын бесік болса, ауылшаруашылығы саласының отымен кіріп, күлімен шығып жүрген мамандар шынымен құрметке лайық. Берекесі мен бірлігі біте қайнасқан еңселі ауылдың бүгінгі тірлігі де жарасымды. Бұл егін, мал шаруашылығын дамытып, туған жердің қамын көксеп жүрген азаматтардың арқасы екені талас тудырмайды. Осы мерекеге орай Көксулықтар сала қызметкерлерінің күнін бір кісідей тойлады. Аудандық мәдениет үйіндегі салтанатты жиын аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының құттықтау сөзімен ашылды. Шара барысында жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындыланып,үздіктер марапатталды. Олардың қатарында Алматы облыстық ауылшаруашылығы басқармасының Құрмет грамотасымен "Ойшы" шаруа қожалығының басшысы Тимур Ойшынов мадақталды. "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасындағы айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында,2018-2019 оқу жылындағы еліміздің барлық өңірлеріндегі білім,мәдениет,өнер,әлеуметтану саласындағы үздік қызметкерлердің жетістіктерін қоғамға кеңінен насих... |
| Толығырақ... Оқылды: 391 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.12.2019 |
Миллионнан аса қазақстандықтың «қалтасында ХҚО» бар |
| Мобильді азаматтар базасына тіркелген 7 млн аса пайдаланушы eGov mobile қосымшасы мен Telegram, Vk, Fb мэссенджерлері арқылы сұранысқа ие анықтамалар мен сервисті ХҚО-ға бармай-ақ ала алады. Ұялы телефон көмегімен бірқатар мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі жөнінде бүгін Үкімет отырысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева айтып берді. Бүгінде 1,5 жыл бұрын қолданысқа енген egovkzbot2.0 телеграм-ботын 654 мың қазақстандық жүктеп үлгерген. Оның көмегімен азаматтар көбіне соттылықтың болу/болмауы, псих-нарко диспансерлердің есебінде болмау, жылжымайтын мүліктің болу/болмауы сияқты қызметтермен, сондай-ақ ХҚО кезегін брондау, айыппұлдардың барын тексеру тәрізді сервистерді жиі пайдаланған. Электронды үкімет порталының ұялы телефонға арналған eGov mobile қосымшасында бүгінде 28 қызмет қолжетімді. Жаңарған қосымша ЭЦҚ-ны биометрия мәліметтерімен сәйкестендіріп, авторизациядан жылдам өтуге мүмкіндік беріп отыр... |
| Толығырақ... Оқылды: 369 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.12.2019 |
Тұрғын үй кезегін онлайн қадағалаңыз |
| Бүгін #қысқанұсқа айдарында біз сіздерге ешқайда бармай-ақ, уақыт үнемдеп тұрғын үй кезегін онлайн білу жолымен бөліспекпіз. Сіз тұрғын үй кезегінің нөмірін www.egov.kz электрондық үкімет порталынан тексере аласыз. Ол үшін сізге: ✔ЭЦҚ арқылы порталға кіру қажет ✔ «Жылжымайтын мүлік» бөлімі арқылы «Тұрғын үй қатынастары» бөліміне өтіп, «Мемлекеттік тұрғын-үй қорындағы баспана алу кезегін қарау» қызметін таңдау жеткілікті. |
| Толығырақ... Оқылды: 432 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.12.2019 |
Алматы облысы тұрғындарының 75% тұрақты түрде спортпен шұғылданады |
| Алматы облысы тұрғындарының 75% спортпен жүйелі түрде айналысады. Ал сүйікті спорт түрлерінің тізімінде футбол болды, сұралғандардың 43% - ы теңбіл доп ойынын таңдады. Бұл туралы "Jetisy media" КММ алаңында өткен брифингте Саят Сембаев мәлім етті. "Спорт салауатты өмір салтының маңызды бөлігі екені баршаға мәлім. Бақытымызға орай, қазіргі уақытта спорттың әр түрімен айналысуға көптеген мүмкіндіктер бар. Бірақ, барлық адамдар спортпен айналысады ма? Бүгінде адам үшін спортпен айналысу маңызды ма? Біреу бұл сұраққа нақты жауап береді, ал біреу, керісінше, салауатты өмір салты оларды мүлде қызықтырмайды дейді. Адамдардың спортқа деген көзқарасын білу үшін талдау және болжау орталығы КММ "Сіздің спортқа деген көзқарасыңыз"тақырыбында сауалнама жүргізді. Бұл зерттеудің мақсаты адамдардың спортқа, салауатты өмір салтына деген қарым-қатынасы туралы ақпарат алу, сондай-ақ жетісулықтардың өміріндегі спорттың рөлін анықтау болып табылады. Сауалнамаға әртүрлі... |
| Толығырақ... Оқылды: 349 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.12.2019 |
