ӘЛЕУМЕТ
«Нан бағасы өспейді»: Алматы облысының наубайханалары төмендетілген бағадағы ұнмен қамтамасыз етілді |
| Алматы облысында қалыпты нан бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Тұрақтандыру қорының қаражаты есебінен 6 мың тонна көлемінде бірінші сұрыпты бидай ұнын сатып алды. Осыған дейін облыс әкімі Амандық Баталов нан бағасын тұрақтандыру бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырған болатын. «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ, аудан әкімдіктері мен наубайханалар арасында ұн жеткізу жөнінде агенттік келісім жасалды. Жақында «Жетісу» ӘКК мамандары жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесе наубайхана мен дүкендердің басшыларымен кездесіп, бағаны ұстап тұру жөніндегі шаралардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Ұн «АзияАгроФуд» АҚ жергілікті кәсіпорнынан сатып алынды. Зауыт Алматы облысында қалыпты нан бағасын тұрақтандыруға бағытталған іс-шараларға үнемі қатысып келеді. «Қазіргі таңда Алматы облысының аудандарының басым бөлігіне 500 тоннадан астам тонна ұн жібердік. Алдағы уақытт... |
| Толығырақ... Оқылды: 403 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.11.2019 |
Алматы облысында қысқы жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр |
| «Jetisy Media» алаңында «Қысқы кезеңде төтенше жағдайды алдын алу және жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар», «Қысқы кезеңде пешті және электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өтті. Облыс аумағында ағымдағы жылдың басынан бері 1267 өрт оқиғасы тіркелген. Оның ішінде тұрғын үй секторында 791 өрт, шаруашылық объектілерінде 61 өрт шыққан. Өрттен келген шығынның жалпы сомасы 136 млн. 55 мың теңгені құрайды. Өртте 14 адам қаза тауып, 17 адам жарақат алған. Жыл басынан 173 улы газбен улану оқиғасы тіркелген. ТЖ ретінде есепке алынған улы газбен улану фактілері бойынша 55 адам жарақат алып, 19 адам қаза болған. Былтырғы жылмен салыстырғанда жарақат алу саны 14-ке төменсе, адам өлімі 4-ке артқан. «От жағу маусымындағы орын алатын ыстан улануды азайту мақсатында Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс әкімдігімен бірлесіп, үйлерде тұншықтырғыш газ датчиктерін орнату... |
| Толығырақ... Оқылды: 380 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.11.2019 |
АЛИМЕНТ |
| Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің бесінші бөлімімен реттеледі. Алимент дегеніміз - ол бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат. Атап айтқанда қаражат кәмелетке толмаған балаларға, қамқорлықсыз қалған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларға, еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарға және ерлі-зайыптыларға, жүктілігі кезеңінде және бала туған күннен бастап үш жыл бойы зайыбына қамтамасыз етілу үшін арналған. Ата-аналардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде, алимент сот тәртібімен өндіріп алынады, ол өз кезегінде сот орындаушының мойына түседі. Алиментті өндіру, оның ішінде балаларға арналғаны, халықтың әлеуметтік осал топтарының мүдделерін қозғайды және әлеуметтік маңызы бар істердің бірі болып табылады. Статистикалық мәліметіне сүйенсек ағымдағы жылдың 9 айындағы есептік кезеңнің аяғындағы атқару құжаттарының қалдығы 16 мыңнан ас... |
| Толығырақ... Оқылды: 474 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.11.2019 |
Хабарландыру |
| «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету аясында ағымдағы жылы 21 қарашада Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні жалпы республикалық іс-шарасы ұйымдастырылады. Осыған байланысты 2019 жылы 21 қарашада сағат 09.00-де Алматы облысының әкімі А.Ғ.Баталов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді. Азаматтарды қабылдау Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 38-үй мекенжайы бойынша облыстық әкімдіктің ғимаратында (шағын зал, 3-қабат) өткізіледі. Қабылдауға алдын ала жазылу 8 /7282/ 24-71-40 телефоны бойынша жүргізіледі. Облыс әкімі аппараты басшысының м.а. Ж.Әлімбеков |
| Толығырақ... Оқылды: 399 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.11.2019 |
"Egemen qazaqstan"-100: Дархан Қыдырәліге "Құрметті профессор" атағы берілді |
| Биыл - Ілияс Жансүгіровке 125 жыл. Сонымен бірге, құлагер ақын қалам сілтеген «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтойы. Осыған орай Талдықорған қаласында «Музейдегі түн» жобасы аясында «Ілияс ізі: "Еңбекші қазақтан" – "Егемен Қазақстанға" дейін» атты әдеби-сазды кеш өтті. Шағын шаңырақтағы үлкен шараның тізгінін облыстық "Жетісу" газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Әміреев пен ақын Гүлбақыт Қасен ұстады. Мөлтек жиынға аймақтағы әдебиеті жанашырлары толықтай жиналып, Сарыарқадан сағынып келген Халықаралық түркі академиясының президенті, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлімен дидарласты. Келелі кешке мұрындық болған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев алдымен сөз алып, жиналған қауымға жүрек лебізін жеткізді. – Бұл әдеби кештің Ілияс Жансүгіров музейінде өтуінің өзінді... |
| Толығырақ... Оқылды: 429 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.11.2019 |
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ |
| Талдықорғандағы «Өркен» спорт кешенінде мемлекеттік қызметкерлер арасында суда жүзу спортынан жарыс өтті. Додаға 8 команда қатысты. Шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайыс облыстық ішкі саясат басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің мұрындық болуымен өтті. Өңірімізде мемлекеттік қызметкерлер арасында тұңғыш рет ұйымдастырылған дүбірлі дода тартысқа толы болды. Жарысқа жоғары дайындықпен келген спортшылар жеңістің желкенін көтеру үшін барын салып өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша 100 м қашықтықта 1-орынды Алмаз Нақыпбаев, 2-орынды Рустам Орсаев, 3-орынды Шынтас Нысаимов жеңіп алды. 25 м қашықтықта 1-орынды қалалық кірістер басқармасы, облыстың тауарлар мен көрсетілетін қызмет... |
| Толығырақ... Оқылды: 396 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.11.2019 |
Алматы облысында «Музейдегі түн» әдеби-сазды кеші өтті |
| Талдықорғанда Ілияс Жансүгіров атындағы әдеби музейінде жыр Құлагерінің 125 жылдығы мен "Егемен Қазақстан" газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған "Ілияс ізі: Еңбекші қазақтан - Егемен Қазақстанға дейін» атты әдеби сазды кеші өтті. Кештің өткізілудегі мақсаты қазақ әдебиетінің төкпе жорғасы, алдына қара салмайтын тұлпары, биік бәйтерегі, жырдың алтын діңгегі Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойының жалғасы ретінде Жыр жампозының артына қалдырған ізіне көз жүгіртіп, еске алу. Және де ақынның өзі қызмет еткен мемлекетіміздің бас газеті, еліміздің басынан өткерген сан түрлі әлеуметтік дүниені, маңызы зор оқиғаларды қалт жібермей қалың оқырманға жеткізіп жүрген, қазақ үшін құнды, ұлт үшін ұлағатты, сол кездегі «Еңбекші қазақ" бүгінгі «Егемен Қазақстан" газетіне биыл жүз жыл толуы жөнінде кеңінен ақпарат беру. Шара "Egemen Qazaqstan» республикалық газеті акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Ілиястанушы, Дархан Қыдырәлінің қ... |
| Толығырақ... Оқылды: 369 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.11.2019 |
«Жасыл ел» штабы маусымды жемісті қорытындылады |
| «Jetisy Media» алаңында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ХV еңбек маусымына арналған баспасөз-мәслихаты өтті. «Жасыл ел» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы негізінде 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Штаб құрылған 15 жыл ішінде қаншама жастың Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, елімізді жасыл желекке айналдыру мақсатында оларды бір арнаға тоғыстырды. Жастарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Алматы облыстық филиалы Республикалық көрсеткіштер бойынша көшбастап тұр. «2013-2017 жылдар арасында 4 мәрте қатарынан «Үздік штаб» номинациясына ие болса, 2016 жылы «Үздік жасақ» және «Үздік жоба» номинацияларымен қатар 2018 жылы қаһарман «Жасыл ел» номинациясына қол жеткіздік. Осы ж... |
| Толығырақ... Оқылды: 611 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.11.2019 |
Алматы облысында «ЕРЕКШЕ» жандарға арналған жоба іске асуда |
| «Jetisy Media» алаңында «A&A: IT-services & Education» жастар қоғамдық бірлестігі Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің тапсырысымен «Сөйлейтін пернелер» жобасын жүзеге асыруына байланысты баспасөз - мәслихаты өтті. XXI ғасыр ақпараттың уақыты. Күннен күнге жаңарып келіп жатқан мәліметтерден көз аша алмаймыз. Ал, қоғамның «ерекше мүшелері» осы тұрғыда өздерін жаңалықтармен қалай қамтамасыз етпек? Бұл бүгінгі күннің басты сауалы. Бұл ретте «Сөйлейтін пернелер» атты жобаның мақсаты аталған кемшіліктерді реттеу болып табылады. «Адам көз арқылы 80 пайыз, есту қабілеті арқылы 20-30 пайыз ғана ақпарат алады. Толық мәліметтен құлақдар болу үшін, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «тифо флеш плеер» атты құрылғы көмекке келе алады»,- дейді жоба авторы Қуаныш Қапанов. Қалтаға салып жүруге ыңғайлы құрылғы да, 150-ге жуық интернет... |
| Толығырақ... Оқылды: 452 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.11.2019 |
Алматы облысында экологтар бас қосты |
| Табиғат - адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Табиғатты қорғауға ғылыми тұрғыда бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар өткізіледі. Осы тұрғыда Алматы облысы да табиғатты қорғауға қатысты шаралардан қалыс қалған емес. Күні кеше еліміздегі барлық экологтардың басын қосқан Салтанат сарайында «Балқаш-2019» республикалық дөңгелек үстелі өтті. Шараның мақсаты еліміздегі экологиялық жағдайдың бір шама жақсаруына үлес қосу. Балқаш сынды өзгеде көлдердің тартылып кетпеуінің алдын алу шараларын ұйымдастыруға үндеу. Шара барысында Балқаш көлі мен Іле-Алакөл бассейінінің мәселелерінің пайда болуы, динамикасы, қазіргі жағдайы және шешімдері қарастырылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар мен спикерлер «Балқаштың кеше-бүгін-ертеңі жайлы мәселелерімен оның шешу жолдары мен болашағы» туралы баяндамалар жасап, кәсіби пікірлерін ұсынды. Дөңгелек үстелде «Экологиялық мәселелерді ғылыми зерттеу институтының» директ... |
| Толығырақ... Оқылды: 404 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.11.2019 |
