ӘЛЕУМЕТ
«100 жаңа есім» жобасына өтініштер қабылдау басталды |
| 2019 жыл Тұңғыш Президент – Елбасы ұсынысымен «Жастар жылы» болып белгіленгендіктен, биылғы жобаға 39 жасқа дейінгі жас қазақстандықтардың жетістіктерінің тарихын іздеуге және таңдауға ерекше назар бөлу жоспарланған. Жобаның басты мақсаты – Тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан, ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту. Үміткерлер 100janaesim.ruh.kz сайтында өтінім толтырып және қалауы бойынша өз жетістіктері туралы бейнероликті жүктеп жобаға қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 1 қазанынан 1 қарашаға дейін жүзеге асырылады. Осыған орай, ұйымдастырушылар елорданың мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым, бизнес, спорт, қоғам саласында қызмет етіп, Қазақстанды көркейтуге үлес қосып жатқан азаматтарды жобаға қатысуға шақырады. Жобаға қатысу критерилері: 1. 39 жасқа толмаған азамат болуы керек; 2. Нақты бір саладағы жетістіктері болуы тиіс; 3. Үміткер Қазақстан азаматы болуы тиіс. |
| Толығырақ... Оқылды: 367 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.10.2019 |
Талдықорғанда мемлекеттік сатып алу саласындағы инновациялар талқыланды |
| Талдықорғанда мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесі бойынша жиналыс өтті. Кездесу барысында Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тапсырыс берушілермен және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылармен бірге қазынашылық департаментінің қатысуымен бюджеттік қаражаттарды бақылау саласындағы жұмыстың күшейгені туралы хабарлады және 2019 жылдың 9 айындағы жұмыс нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды, Kazakhstan Today www.kt.kz Департаменттің ақпаратына сәйкес, есепті кезеңде 247 аудиторлық іс-шаралар өткізіліп, нәтижесінде жалпы сомасы 29,9 млрд. теңгеге құқық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 6,4 миллиард теңге өндіріліп, 8,2 миллиард теңге бюджетке қайтарылды. Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 197 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Ал бюджеттің кірістерінен толық өндірілген 32,6 млн. теңге сомасына 425 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, бүгінде ҚР-ның Қаржы министрлігі мемлекеттік сект... |
| Толығырақ... Оқылды: 419 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.10.2019 |
Талғар ауруханасында заманауи жабдықтар пайда болды |
| Қазіргі таңда Алматы облысы, Талғар аудандық орталық ауруханасында 240 орынды 6 бөлімше қызмет атқарып тұр. Ал осыдан бірнеше ай бұрын аталған денсаулық мекемесінде американдықтар өндірген жаңа рентген аппараты пайда болды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігінің бюджеті есебінен бес жыл бұрын сатып алынған томограф бар. Бұдан бөлек, әр бөлімшеде төрт мезгіл тамақтана алатын асханасы және балалар ойнай алатын жеке бөлмелер қарастырылған. Алматы облысындағы ірі ауруханалардың бірі 2011 жылы "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы бойынша салынған,- деп хабарлайды Алматы облысының «Jetisy Media» ақпараттық алаңы, Kaztoday агенттігіне сілтеме жасап. Пациент ауруханаға түскен сәттен бастап, оны медбике қарап, науқасқа қандай көмек қажет екенін анықтап, әрі қарай керекті мамандарға жолдайды. Осы мақсатта, медициналық мекемеде үш түсті көрсеткіш бар. Жасыл-шұғыл ауруханаға жатқызуды қажет етпейді, сары-шұғыл медициналық көмекті қажет етеді, қызыл – дер... |
| Толығырақ... Оқылды: 374 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.10.2019 |
Мас жүргізушілердің мәшинесін тәркілеу ұсынылды |
| Елде жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан көлік жүргізуге қатысты көптеген фактілер бар. Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алкогольді ішімдіктердің кез-келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет деп, заңға өзгертулер енгізуді тапсырды,деп хабарлайдыZakon.kz. Соған байланысты ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мас күйінде көлік жүргізгендердің жазасын қалай күшейткелі отырғанын айтты. - Мемлекет басшысының тапсырмасын, заңдағы кей олқылықтарды ескере отырып, біз осы баптарға қатысты жазаны күшейту мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Жалпы, елде жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан көлікті жүргізуге қатысты көптеген фактілер бар, - деді ол. Оның айтуынша, Ресей мен Беларусьтің заңдары зерттелуде. - Беларусь заңнамасында тіпті белгілі бір құқық бұзушылықтардан кейін көлік құралын тәркілеу қарастырылған. Біз де осы жолды таңдаймыз. Бірінші кезекте жүргізу... |
| Толығырақ... Оқылды: 342 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.10.2019 |
«Жетісу адалдық алаңында» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды |
| Облыста жыл басынан бері "Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсесінде 50-ге жуық қоғамдық қабылдау өткен. 200-ден аса азамат өтініш беріпті. Бүгінде оның 30 пайызға жуығы оңтайлы шешімін тапқан. Біз мұнда халықтың түйіткілді мәселелерін шешіп қана қоймай, түрлі жағдайларға байланысты кеңес береміз, - дейді жоба жетекшісі. Аманжол Жазықбаевтың айтуынша, тұрғындардың басым бөлігі - мемлекет тұрғын үй қорынан үй алу, жер телімін рәсімдеу сынды өтініш білдіреді. Жалпы, бұл мәселелер адалдық алаңы жобасы аясында кестеге сай жүргізіліп келеді. Осы орайда ҚР әділет министрлігінің кадр қызметі департаменті директорының орынбасары Мақсат Жақсыбаев пен әдеп жөніндегі уәкілі Алма Сыдықова атаулы жобалық кеңседе қоғамдық қабылдау өткізді. Жиында өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы бірқатар сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші этикасын қалай сақтау қажеттігі жайлы ақпараттандырды. «Жетісу аймағына келгендегі басты себебіміз, Алмат... |
| Толығырақ... Оқылды: 351 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.10.2019 |
Алматы облысы озық өңір атанды |
| 24 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» атты тұңғыш республикалық форумы болып өтті. Республикалық формуға Алматы облысынан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев, басқарама қызметшілері және облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушылары мен әдіскерлері қатысты. Форум барысында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жаһандану үдерісіндегі қазақ тілінің болашағы мен даму бағыттары, латын графикасына көшіру барысы талқыланды. Өңірлердегі тілдік ахуалға мониторинг жасалып, әр өңірдегі өзекті мәселелердің шешу жолдары сарапталды. Форум аясындағы интерактивті көрмеде Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев өңірімізде жүзеге асып жатқан жобалар мен өнімдерді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға көрсетіп, таныстыр... |
| Толығырақ... Оқылды: 355 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.10.2019 |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б.Б. Дембаевтың «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабы тәртібінде үндеуі |
| ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! Әлеуметтік желілерде сотпен экстремистік деп танылған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» ұйымы (ҚДТ) мен оның жақтастары 2019 жылғы 26 қазанда кезекті заңсыз акцияларды ұйымдастырып, қатысуға шақырулар таратуда. Аталған ұйымның мүшелері аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін шетелде сот төрелігінен жасырынып жүр. Олар тұрғындарды құқыққа қарсы іс-әрекеттерге айдап салып, адамдардың қауіпсіздігіне, олардың өмірі мен денсаулығына, мүлкіне залал келтіру, қоғамның қалыпты тіршілік әрекетін бұзу қауіпін туындатуда. Бұл тұлғалардың қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қатер төндіретін іс-әрекеттеріне жол берілмейді және олар шектеуге жатады, өйткені Конституцияның нормаларына және елдің заңдарына, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 19, 20, 21-баптарына қайшы келеді. «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 13-бабына сәйкес экстремистік ұйымдарды тарта отырып, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пик... |
| Толығырақ... Оқылды: 413 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.10.2019 |
Кербұлақ ауданының 59 елді мекені орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған |
| Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихаты барысында Кербұлақ ауданының әкімі Махаббат Бигельдиев хабарлады. Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында оң серпін байқалды. Осы жылдың III-ші тоқсанында ауыл шаруашылық, өнеркәсіп және де басқа салалардың барлығында өсім сақталды,-деді аудан әкімі өз есебінде. Сонымен қатар, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2 млрд 969 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 102,8 пайыз болды. Ауылшаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 2018 жылмен салыстырғанда 1 мың 118 гектарға артып, 111 мың 793 гектарға жеткен. Барлығы 88 мың 143 гектар дәнді дақылдан түсімділігі 20 центнерден 175 685 тонна астық орылды. Келесі жылдың есебіндегі 25 мың 748 гектар алқапқа күздік бидай себіліп, жоспар 100 пайызға орындалған. Картоп өндірісі 2 мың 640 гектарға себіліп, жоспар 100 пайызға аяқталды. Әр гектардан орташа түсім 208 центнерден айналып 54 мың 900 тонна өнім өндірілді. Сонымен қатар,... |
| Толығырақ... Оқылды: 389 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.10.2019 |
Беларусь елі Панфилов ауданы арқылы Қытайға өз тауарын шығармақ |
| «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Беларусь елінің тауарлары сатылатын арнайы сауда орталығы ашылды. Қазірдің өзінде бұл еркін экономикалық сауда аймағында 20-дан астам түрлі компаниялардың өнімдері қойылған. Беларусь Республикасының Премьер-министрінің бірінші орынбасары Александр Турчиннің айтуынша жаңадан ашылған сауда павилоны арқылы Қытай нарығына қандай тауар керектігін зерттейміз. Егер біздің өнімдерге сұраныс артып жатса Алматы обысында Беларусь елінің өнімдерін өндіретін боламыз,-деді. Беларусь Республикасы Қытай еліне өз өнімдерін мұхит арқылы бір айдан астам тасымалдаса, «Құрғақ порт» арқылы 15 күнге тасымалдау мүмкіндігі бар. Осы орайда, облыс әкімі Амандық Баталов А.Турчинға «Nur joly» және «Құрғақ порт» бекеттерінің жұмыстарын таныстырды. Айта кету керек, өткен жылы Қазақстан мен Беларусь арасында 1 млрд теңге сауда-саттық жасалынған. Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметі. |
| Толығырақ... Оқылды: 362 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.10.2019 |
Алматы облысы бойынша МКД баспасөз-мәслихатын өткізді |
| Jetisy` media алаңында Мемлекеттік кірістер Департаментінің ұйымдастыруымен «2019 жылдың 9 айындағы кедендік әкімшілендіру жұмысының негізгі бағыттары жөнінде Алматы облысы бойынша МКД қызметінің қорытындысы» тақырыбында баспасөз-мәслихатын өткізді. Спикерлер Алматы облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Д.Н.Маулетов және кедендік әкімшілендіру басқарма басшысы Р.О. Қалиаждаров кедендік әкімшілендіру жұмысының негізгі бағыттары және осы жылдың 9 ай ішінде орын алған құқық бұзушылықтар жөнінде баяндады. Бүгінде Департамент құрылымы 20 аумақтық басқармалардан, «Достық» кеденінен, бес «Алтынкөл-жол», «Қорғас-ШЫХО», «Қалжат», «Нұр жолы» және «Талдықорған» кеден бекеттерінен тұрады. Жалпы, Департамент кеден ісі саласында 9 ай көлемінде 672 құқық бұзушылық анықтады, 87 628 125 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, 78 096 750 теңгеге айыппұл өндірілді. Оның ішінде тек қана ҚР ӘҚБтК 551-бабы бойынша &la... |
| Толығырақ... Оқылды: 407 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.10.2019 |
