ӘЛЕУМЕТ

Талғарда кішігірім арбат ашылды

Ауыл тұрғындарының сұрауы бойынша, қоғамдастық мүшелерінің шешімімен ағымдағы жылдың мамыр айында Гүлдала ауылындағы Сейфуллин көшесінде саяжол құрылысы басталып, тамыз айының 23-ші күні қолданысқа берілді. Аталған саяжолға балалар ойнайтын алаң, спорт құрылғылары, тұрғындар дем алатын орындықтар және ерекше дизайнмен салынған заманауи электр диодты жарық шамдары орналастырылды. Сонымен қатар, саяжолға бірнеше ағаш түрлері отырғызылып, гүлдер егілді. Жүру аумағында заман талабына сәйкес түрлі түсті тас төсеніштер салынып, балалар ойнайтын аумаққа арнайы қауіпсіз қызыл түсті резеңке төсеніштер және жасанды шөп төселді. 18 орындық, 15 қоқыс жәшігі, 4 алтыбақан, балалар жасына қарай 2 ойын қалашығы, 1 сырғанақ, 5 тренажер бар. Ұзындығы 220 метрді құрайтын саяжолдың құрылысына жалпы 19 млн 555 мың теңге кетті. Барлық қаражат жергілікті ауыл әкімшілігінен бөлінген. Саяжолдың жобасы мен эскиздік суреттерін және сметалық есебін «Фламинго» ЖШС жасады. Құрылыс жұмыста...
Толығырақ... Оқылды: 364 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.08.2019

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Жаңа оқу жылының қарсаңында өтетiн «Мектепке жол» дәстүрлi акциясы биыл да көпбалалы, әлеуметтiк жағынан аз қамтылған отбасы балаларына қуаныш сыйламақ. Бұл үрдістің бастауына Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Бүгінгі таңдағы ауыртпашылықтар — біздің үлесімізге тиген алғашқы сынақ емес, барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-аухатын жақсарту аса маңызды міндет болып қала береді. Сондықтан қазақстандықтарды аталған іс-шараларды жүзеге асыруға, еңбексүйгіштікке және қайсарлық танытуға, көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесуге және қамқорлық көретуге шақырамын», - деп баса айтқан болатын. Елордадан бастау алып, елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнде жалғасын тапқан бұл шара ауданымызда шілде айының 5-нен басталып, бүгінгі күнге 200-ге жуық балаға көмек көрсетілді. Жыл сайын өтетін қайырымдылық шарасы биыл Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен көмекке мұқтаж балаларды барынша қамтуға басымдық беруде. Ос...
Толығырақ... Оқылды: 471 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2019

«Bіlіm jáne Ǵylym!»

Білім және ғылым. Биылғы тамыз конференциясы дәл осындай ұранмен өтті. Оған қатысу үшін 2 мыңнан астам ұстаз келген. Тамыз кеңесінде олар өздерін толғандырған мәселелерін атап, сауалдарына жауап алғысы келді. Республикалық маңызды шараға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты. Шара басында еліміздің түкпір-түкпірінен келген ұстаздар сөз сөйледі. Олар оқушыларға қосымша білім беру, үйірмелерге қатыстыру, ата-аналар қауымдастығын құруды ұсынды. Ел Президенті білім саласындағы басты түйткілді мәселелерге тоқталды. Қадірлі ұстаздар! Құрметті әріптестер! Дәстүрге айналған Тамыз конференциясы – ұстаздар қауымы бас қосатын ауқымды әрі маңызды жиын. Әр адам қандай жетістікке жетсе де, білім берген ұстаздарын ерекше қадірлейді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мәртебелі мамандық иелеріне деген ықыласы ерекше екенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Мен де бүгін Сіздермен кездесу үшін осы жиынға арнайы келіп отырмын. Ең алдымен, білім және ғылым саласының барлық қызметкер...
Толығырақ... Оқылды: 464 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2019

Балаларға үй тапсырмасы керек пе?

Үй тапсырмасын беру – көптеген елдерде мектеп өмірінің қалыпты жағдайына айналғанымен, кейбір елдерде оның көп болуы балалардың оқуға деген ынтасын төмендетеді деп есептейді. «Қазір көбірек күш салсаңдар, болашақта өздеріңе жеңіл болады» - бала кезімізде бәріміз осы сөзді естіп өстік. Ол ешбір ойшылдың қанатты сөзі болмаса да, ақиқаты үлкендер үшін айқын болғанымен, балалар үшін қиынның қиыны. Қай бала күні бойы сабақ оқығысы келеді? Мектепке барады, кейбіреулері мектептен тыс үйірмелерге қатысады. Мектептен келіп тағы да оқулыққа шұқшияды. Осыдан келіп, балаларға үй тапсырмасын беру керек пе деген заңды сұрақ туындайды. Бүкіл әлемде мектептегі білім баланың қабілетіне қарауға және еркін ойлылыққа көбірек бағыт алып барады. Бірақ жалпы, үй тапсырмасының болмауы тиімді ме? Былтыр Украина мектептерінде үй тапсырмасын бермей оқыту тәжірибесін қолданып көрді. 2017 жылғы білім беру реформасының аясында 4 мектеп Білім министрлігінің сынамалы жоспарының қатысушылары болды...
Толығырақ... Оқылды: 564 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2019

КЕЛЕШЕККЕ КЕМЕЛ БІЛІММЕН

Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де асығып тұрғандай... Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Санаулы күндерден кейін жаңа серпіліс, жаңа талаптары анықталған жаңа оқу жылы басталады. «Әр iстiң өз iргетасы бар» дегендей, әр жаңа оқу жылының өз жоспар-жобасы болуы заңдылық. Өткен аптада Елорда төрінде барша ұстаздар қауымы күтетін «Тамыз кеңесінің» өткені белгілі. Бұл кеңес отырысында бірқатар келелі мәселелер көтерілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жеті түрлі ілім білетін» ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті екенін айта келе, болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет екеніне тоқталып өтті. Президент атап өткен бағдарларды саралаған аудандық білім бөлімінің басшысы Тлеумұрат Сейтниязов жаңа оқу жылымен ұстаздар қауымын құттықтап, алға қойған айқы...
Толығырақ... Оқылды: 928 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2019

«Мектепке жол акциясы» аясында Көксу ауданында 200 балаға көмек көрсетілді

Осы жылдың 5 шілдесінен бастау алып, қыркүйек айына дейін жалғасатын акцияның мақсаты– мектепке келуге мүмкіндігі жоқ аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға қамқорлық көрсетіп, мұқтаж отбасылардың балаларын мектепке дайындауда көмек көрсету және оларға толықтай білім алуға жағдай жасау. Республикалық «Мектепке жол» акциясына барлық деңгейдегі мекеме басшылары, аудан әкімі, ауылдық округ әкімдері, кәсіпкер азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, аудандық білім бөлімі, сондай-ақ, мектеп басшылары атсалысуда. Бүгінгі күні 200 балаға 2 млн теңгенің материалдық көмегі көрсетілді. Республикалық акция әлі де жалғасуда.
Толығырақ... Оқылды: 407 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.08.2019

Ержан Рашев: Блогер болу үшін табандылық қажет. Менің танымал блогер болуым үшін 10 жыл кетті

Джастин Холл мен Йорен Баргер тұңғыш рет блог жүргізуді бастағанда бірнеше жылдан соң бұл істің мамандық қана емес, талайдың нәпақа табу жолы болатынын сезбеген де шығар. Ал, бүгінде блогер болу – талайды қызықтырған мамандыққа айналғаны сөзсіз. Сонымен, әлеуметтік желіде оқырманды қызықтырып, жоспарлы медиа контент жасау үшін қандай қадамдар істелу керек? Бұл сұраққа Ержан Рашев, Бейбіт Әлібеков және Қыран Талапбек сынды блогерліктің майын ішіп, жілігін шаққандар жауап берді. Осы мамандықтың біразсырын ашты. Alakol Open Air – айдынды өлкедегі дәстүрлі жазғы мектеп. Жыл сайын республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері тәжірибе алмасу үшін Алакөлде бос қосады. Биыл Жетісу жерінде үшінші рет ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты қатысушыларға электронды бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіні тиімді пайдалана білуді үйрету. Биыл ашық әңгіме алаңына 20-ға жуық журналист, баспасөз хатшысы мен сайт редакторы қатысты. Жаһанды жаулаған әлеуметтік желіні игеріп, оның пай...
Толығырақ... Оқылды: 448 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.08.2019

ҰСТАЗ ДЕГЕН ҰЛЫ ЕСІМ

Өткен жұма күні жыл сайынғы үрдіске сай келетін, барлық ұстаздар асыға күтетін "Тамыз кеңесі" өтті. Биылғы Тамыз кеңесі жылдағыдан өз форматы бойынша ерекшеленді. Шешімін таппай келе жатқан бірқатар келелі мәселелердің шешімі табылып, Президент тарапынан нақты тапсырмалар берілді. Соның ішінде педагог кадрларының құрамы мен кәсібилігі, білім сапасын көтеру үшін кешенді шаралар ретінде мұғалімдердің біліктілігіне қатысты айтылған Президенттің тапсырмасы өте орынды болды. Ал «Педагог мәртебесі» туралы заңның қолданысқа енгізілу мерзімі бекітілді. Бұл – барлық ұстаздар асыға күткен аса маңызды құжат. Бұдан бөлек, білім беру жүйесін цифрландыру, заманауи ғылым және оны дамыту жолдары төңірегінде министрлік бірқатар міндетті айқындады. Аталған мәселелер – кезек күттірмес шешімді қажет ететін өзекті тақырыптар. Мұғалімдердің жалақысын көтеріп, 5 күндік жұмысқа көшіру - бұл да ұстаздардың мәртебесінің көтерілгенін айғақтайды. Ұстаз еңбегі қызықты да,...
Толығырақ... Оқылды: 533 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.08.2019

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ ЖИЫН

Тамыз кеңесі - бұл тамыры терең, тағылымы мол, айтары айқын, мақсаты тың тақырыптарды талқыға салатын - жауапты жиын. Жыл сайынғы өтетін дәстүрлі тамыз кеңесі биылда өз деңгейінде жақсы өтті. Президенттің ағылшын тіліне байланысты ұсынысы көпшіліктің қолдауына ие болып, қызу талқылануда. Мені де қуантқаны осы жағдай. Мемлекет басшысы ағылшын тілін 3 немесе 5 сыныптан бастап оқытуды тапсырды. Менің ойымша, қазіргі балаларға 3 сыныптап бастап оқытылғаны әлбетте дұрыс деп ойлаймын. Себебі, жаңадан оқуға келген бала бірден үш тілді меңгере алмайды. Білім министрінің "қайтадан Әліппені енгіземіз" дегені қуантты. Өйткені, Әліппе - біздің бала күніміздің естелігі, алғашқы оқулығымыз. Сондықтан да, әр бала ең алдымен осы Әліппеден сусындауы керек деп ойлаймын. Айгерім АРТОМОНОВА, аудандық "Жастар ресурстық орталығының" маманы.
Толығырақ... Оқылды: 480 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.08.2019

СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚТЫ ЖАНДАР

Тамыз кеңесі – ұстаздар арасында көп жылдан бері дәстүр болып қалыптасқан алқалы жиын ғана емес. Бұл –білімінің заман талабына сай даму бағыттарын айқындайтын, ұлт ұрпағын тәрбиелейтін тұлғалардың пікір алмасып, ой бөлісетін ортасы. Өткен аптада Елордада Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысуымен дәстүрлі "Тамыз кеңесі" өтті. Бұл жолғы отырыс білім атты қайнар бұлақтың жанашырлары - ұстаздардың мәртебесін асқақтатқан жиын болды деп айта аламын. "Білім сапасын көтеру үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Бұл, алдымен, мұғалімдердің біліктілігіне, оқулықтардың сапасына, заман талабына сай инфрақұрылым мен материалдық қорға байланысты мәселелер. Аталған бағыттар бойынша тиімді жұмыс істеу қажет, яғни туындаған мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды шешудің оңтайлы жолдарын ұсыну керек", – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев. Оған қосымша, үштілділікті қайта қарауды тапсырды. Бұл дегеніміз - мектеп табалдырығын енді аттағалы отырған бүлдіршіндер үш...
Толығырақ... Оқылды: 418 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.08.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.