ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысының Құрметті азаматы еңбек демалысына шықты

Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында танымал тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасардың «Жетісу – жүрегімде» атты шығармашылық кеші өтті. Шығармашылық шара жарты ғасырдан астам уақыт «Хабар» телеарнасында елеулі еңбек етіп, көгілдір экран арқылы жаңалықтарға жаршы болып, Жетісу жұртының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған ардагер журналист Тілеуқабыл Үсенұлының құрметті демалысқа шығуына орай ұйымдастырылған. Тілеуқабыл Үсенұлының мерейтойына орай ұйымдастырылған шығармашылық кештің шымылдығын Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы құттықтау сөзімен ашып, ізгі тілегін жеткізді. Бұқара мен билік арасындағы алтын көпірлік міндетін адал атқарған журналистке шапан жауып, халық алдындағы мәртебесін тағы бір асқақтатты. Сондай-ақ, ардагер журналистің жақында ғана жарық көрген «Хабар-аға» және оның қалжыңдары» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді. Басылымға автордың ел аузында жұрген әзіл әңгімелері мен үзеңгілес достарының, шәкіртт...
Толығырақ... Оқылды: 385 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2019

Грузияны бағындырған Димаш

«Golden argo-2019» халықаралық байқауында қазақстандық жас ақын Дінмұхаммед Бекболатұлы бірінші орынды иеленді. Дінмұхаммед Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тумасы. Көлді орта мектебінің 8-ші сыныбында оқиды. Ол 27 маусым мен 3 шілде аралығында Украина, Литва, Болгария, Түркия, Армения, Азербайжан, Иран мемлекеттерінен 200-ге жуық жас өрен қатысқан байқауда бағын сынаған. Әбубәкір Қайранның "Қасқыр" атты өлеңін нақышына келтіре айтып, қазылар алқасының жоғарғы бағасын алды. Жас ақынның шығармашылығын шыңдауға анасы әрқашан қолдау көрсетеді. Ол осыған дейін "Мен де жұлдыз боламын" атты республикалық конкурсына қатысып, халықаралық ақындар жарысының лауреаты атанған. Жас ақын алдағы уақытта өзінің жеке шығармашылық кешін беруді жоспарлап жүр екен.
Толығырақ... Оқылды: 372 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2019

Алматы облысында Қазақстанның заманауи өнерінің көрмесі өтті

Бүгін Талдықорған қаласының Көрме орталығында "Ұлы Дала хикаялары" атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Аталмыш шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы аясында, Алматы облысы әкімдігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Көрмеге қолынан өнер тамған 12 суретшінің 100 - ден астам туындылары қойылды. Олар: Алмагүл Меңлібаева, Сәуле Сүлейменова, Рашид Нұрекеев, Асхат Ахмедьяров, Сәуле Дүйсенбина, Әлібай Бапанов, Молдақұл Нарымбетов, Виталий Симаков, Саид Атабеков, Смаил Баялиев, Арыстанбек Шалбаев. Бұлар заманауи өнердің негізін қалаған жарқын идея мен сүбелі ойға толы азаматтар. Өнер тапқыш дарын иелерімен бірге куратор, ғылым докторы, өнертанушы Юлия Сорокина және халықаралық куратор-Лиза Ахмади шараға бірге келді. Айта кетсек, бұл Қазақстан бойынша алғаш рет ұйымдастырылып отырған ауқымды жоба. Көрмені тамашалауға қатысқан жандар ұлтымыздың бірегейлігі мен тұтастығын сақтап тұрған ұлттық на...
Толығырақ... Оқылды: 454 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2019

Ауылдағы жақсы өмір кепілі – еңбек

Мамыр айында Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысовтың «алдағы уақытта қазақ елінде болашағы бұлыңғыр, шаруашылығы құлдыраған, ауыл тұрғындарының саны 50-ден аспайтын, әлеуметтік инфрақұрылымдары жоғалуға жақын ауылдар басқа жерге көшіріледі» – деген хабарламасы естіген құлаққа түрпідей тиген еді. Біреулер Үкіметтің мұнысы дұрыс, босқа бюджеттен шығын шығарып, өспейтін ауылдарға қаржы құйғанша, оларды көшіріп тыну керек – деп, Үкімет жоспарын қолдап жатса, ал екінші біреулер бұған қарсы шығып, Кеңес одағынан кейін ауылдарды ыдыратып, шаруашылықтарды шашыратып, ауыл адамдарын қалаға тентіретіп жіберген бұрынғы Қазақстан үкіметтерінің қателерін тізіп, Е.Алпысовтың айтқандары дұрыс емес, қайта ауылды көтеру керек, ауылды жаңғыртып, ауыл санын көбейту керек, ауыл дегеніміз – қазақтың алтын бесігі – деп жатыр. Осы мәселе төңірегінде тілші Сабина Қалибекованың аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлымен жүргізген сұхбатын ұсынамыз. - Біздің білуімізше, ауд...
Толығырақ... Оқылды: 485 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2019

Жетісудың жеті өзенін білесіз бе?

Алматы облысының ішкі туристтік әлеуетті көтеру және киелі Жетісу өзендерін кеңінен таныту, дәріптеу мақсатында, Алматы облысының ішкі саясат басқармасы және «Жетісу географиялық қауымдастығы» бірлесе отырып, «Жетісудың 7 өзені» байқауын жариялайды. Ол үшін әлеуметтік желідегі инстаграм @visitzhetysukz парақшасына жазылуыңыз шарт. Жеке парақшаңызда Жетісу жерінің 7 өзенінің бірінде суретке түсіп, жеті өзеннің атаулары мен орналасқан жерлерін белгілеу қажет, сондай ақ жүктелген сурет астына #zhetysurivers, #7river хештегін қалдыру қажет. Байқау 2019 жылдың 1-ші тамызына дейін жалғасады. Байқау жеңімпазына, яғни: 1-орын – Дрон DJI Phantom 3 SE; 2-орын – Фонарь NITECORE TM16 3-орын – Бинокль Bresser National Geographic 10x42 WP⠀сияқты бағалы сыйлыққа ие болады.
Толығырақ... Оқылды: 479 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2019

Иесіз иттерді бақылау

Ит пен мысыққа да баспана қажет. Адам құқықтарын қорғау қоғамның мүшелері мен зооклубы қоғам мүшелері бірлестігінің еріктілері панасыз жануарлардың проблемаларын көтерді. Олардың айтуынша қазір өңірде панасыз жануарлар көбейіп барады. Биылдың өзінде жыл басынан бері 4 мыңға жуық ит ауланыпты. Статистикаға сүйенсек облыста жыл сайын шамамен 30 мың жануар жойылады екен. Бұл мәселені тек вольерлер салумен шешуге болады екен. Осы мәселе бойынша биылғы жылы облыстық бюджеттен 93 миллион 36 мың теңге қаражат бөлінген. Оның 58,4 пайызы игерілді. Бөлінген қаражатқа жыл соңына дейін вольерлер салынып, жұмыстар жасалынбақ. «Қазір аймақта мұндай келеңсіздіктердің алдын алып, жануарлардың адам денсаулығына зиян келтіруінен сақтану үшін түрлі шаралар қабылдануда. Нақтырақ айтсақ, қаңғыбас жануарлар алдымен ауланып, әлеуметтік желі арқылы суреттері жарияланады. Осыдан соң біренеше күн ішінде олардың иесі табылмаған жағдайда көзі жойылады. Бүгінгі күнге дейін шаһарда 1923 ит, 164 мысық ауланып...
Толығырақ... Оқылды: 369 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.07.2019

МЕРЕКЕ КҮНІНДЕГІ ҚУАНЫШ

Жыл сайын халқымыз шілде айының бірінші жексенбі күні "Ұлттық домбыра күнін" атап өтеді. Осы мерекеге орай Қазақстан халқы Ассамблеясы республика көлемінде "Қасиетті домбыра" атты акция ұйымдастырған болатын. Бұл айтулы күннің маңыздылығын ұғындырған ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде бұл бастама "Рухани жаңғырудың" негізінде өтетінін айтты. - "Қазақ пен домбыра – егіз ұғым. Күмбірлеген домбыраның үні батырларымызға рух, ақындарымызға шабыт берген. Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз болуға тиіс. «Өнер – ұлт келбеті» дейді дана халқымыз. Баршамызға ортақ құндылық – домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Домбыра аспабы – қайталанбас асыл дүние. Сондықтан, мектепте домбыра үйрену сабақтарын енгізу – қажетті әрі дұрыс бастама. Себебі, қазіргі жаппай жаһандану уақытында халқымызға тән бірегей құндылықтарды жаңғырта беруіміз қажет,...
Толығырақ... Оқылды: 445 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.07.2019

ЖАУАПТЫ ЖОБА - "ҚҰТТЫ МЕКЕН"

Бәрімізге белгілі, Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның XVIII съезінде «Құтты мекен» жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Бұл жобаның басты мақсаты - жергілікті жерлерде инфрақұрлымды нығайту, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, газ, су құбыры, электрмен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуді және моноқалаларды дамыту жұмыстарын жалғастыру екені аян. Осы жоба аясында біз көтергелі отырған бірқатар мәселелер бар. Көксу ауданының "Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің" 2019 жылдың бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарын саралап, жасалынған жолдар бойынша талдау жасадық. Жалпы аудан жолдарына күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға ағымдағы жылы 383 776 мың теңге қаражат бөлінді. Атап айтсақ, Балпық би ауылындағы Амангелді көшесіне күрделі жөндеу жұмысын ұйымдастыруға 99 888 мың теңге, Амангелді көшесі бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпаз болып «Гор Дор Строй&raq...
Толығырақ... Оқылды: 685 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.07.2019

Талдықорғанда "Печа куча" форматында конференция өтті

Еліміздің қалалары Елордаға қарап бой түзейді. Бас қаладағы бастамалар басқа аймақтарда да қолға алынып жатыр. Соның бірі келешекте Талдықорғанда жаңа сипатпен жүзеге аспақ. Бұл мәселе Жастар саябағында "Печа куча" форматында өткен конференцияда талқыланды. Онда әр аймақтан келген спикерлер өздерінің ауқымды жобаларын таныстырды. Ал, "Алматы байк" компаниясының өкілі Әнуар Жүсіпов велоспортты дамыту бойынша тың жобасын көпшілік назарына ұсынды. Егер ол жүзеге асатын болса, арнайы веложолдар мен велотұрақтар салынбақ. Осылайша адамдар арасында салауатты өмір салтын насихаттау көзделген. Сонымен қатар, бұл жоба экологиялық ахуалды да жақсартуға сеп болады. Жобаның жүзеге асуына қанша ақша кететінін айта алмаймын. Бірақ, Талдықорған үшін көп қаржы қажет емес. Веложобаны жүзеге асырған дұрыс. Себебі, экологиялық жағынан тиімді және адам денсаулығы үшін де пайдалы,-деді "Аlmaty bike" компаниясының өкілі Әнуар Жүсіпов. Жүз сексен мың халқымыз 5 жылда жарты...
Толығырақ... Оқылды: 426 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.07.2019

Қаратал ауданында 100 отбасыға пәтер кілті табысталды

Бүгін Елорда күні қарсаңында Үштөбе қаласы Шаңырак шағын ауданында жəне Акын Сара көшелерінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы қатысып, 100 отбасыға пәтер кілтін табыстады. Облыстық бюджеттен бөлінген 200 млн теңге қаржыға Шаңырак шағын ауданындағы қырық пәтерлі тұрғын үй сатып алынған. Сондай-ақ 2018 жылдың 15 наурызында Үштөбе қаласындағы Акын Сара көшесіндегі 60 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй «Нұр-Шапағат-Құрылыс» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, биыл құрылысы толықтай аяқталды. Аталған үй аудан бойынша кезекте тұрған мұқтаж азаматтарға берілді. «Мереке қарсаңында қоныстанғалы отырған баспаналарыңыз құтты болсын. Мемлекеттің осындай игі істері алдағы уақытта да жалғасын табатын болады»,- деді облыс әкімі. Жаңа пәтерге жайғасқандардың басым көпшілігін көп балалы және мүгедек балалары бар отбасылар құрайды. Пәтер кілтін иеленгендер облыс, аудан басшылығына ризашылығын білдіріп, алғыстарын...
Толығырақ... Оқылды: 475 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.07.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.