ӘЛЕУМЕТ

ҰШЫРСА ҰЯМЫЗ, ҚАЛАЙША ҚИЯМЫЗ

Мектептегі өмір енді өткеніміз, Алаңсыз шақ, балалық көктеміміз. Қуантады, біресе қорқытады, Бір-ақ күнде есейіп кеткеніміз. Үзілмесін тіршілік тынбас әні, Үлкен өмір есігін кімге ашады. Алыстағы армандар шақырғанмен, Қоштасарда көңілді мұң басады. Иә, мектеп – сіз бен біздің біліммен сусындаған, тәлім алған алтын ордамыз. Мектеп – қасиетті шаңырақ, киелі мекен. Көптен күткен салтанатты сәт те келіп жеткен сияқты. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын аттаған ұл- қыздарымыздың, ойы толып, білім нәрімен сусындап, кәмелеттік аттестат алуға, алтын ұя мектебімен қоштасатын уақыты да келді. 12 маусым – республикамыздың барлық аймақтарында мектеп бітіру кештері аталып өтті. Осы айтулы күннің кереметін көру биылғы жылы Мұқыры ауылдық округі Қ.Жапсарбаев атындағы орта мектепке бұйырыпты. Аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы, аудан әкімінің орынбасары Ұлан Досымбеков пен аудандық білім бөлімінің басшысы Тлеумұрат Сейтниязов арнайы қатысы...
Толығырақ... Оқылды: 769 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.06.2019

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР МЕРЕКЕСІ

Денсаулық – адам үшін баға жетпес байлық. Бұл мереке құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі. Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп, денсаулықты дүниедегі байлық атаулының барлығынан жоғары қойса, Ата заңымызда «Мемлекеттің ең басты қазынасы – халық және оның денсаулығы» деп айқын көрсетілген. Азаматтардың рухани дүниесі мен денінің саулығы – мемлекетіміздің басымдық беріп отырған маңызды міндеттерінің бірі. Дені сау ұлт қана бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруді мақсат еткен мәңгілік елімізді дамытуға қабілетті бола алады. Адам өміріндегі, өлшеусіз еңбектің ерен жандары, ол – дәрігерлер. Олар – науқас жандардың жабырқаулы жүздеріне үміт отын ұялатып, үлкен сенімге жетелеп, өмір өзен арнасының әлі де ағысында талай өмір сүру керектігін ескертіп, бойға қуат бітіретін абзал жандар! Осы айтулы к...
Толығырақ... Оқылды: 868 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.06.2019

Экстремалды спорт қарқынды дамуда

22-30 маусым аралығында Алматы облысының Жоңғар Алатауы, Ескелді ауданының Екпінді ауылы сияқты табиғаты көркем жерлерінде үш ірі халықаралық спорт шарасы өтеді. Бұл жайлы өңірлік экстремалды жарыс өкілдері федерациясы өңірлік комуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді. Жарыс бағдарламасы бойынша алдымен Азия біріншілігі жалауын желбіретеді. Артынша Қабанбай батырға арналған Қазақстан кубогы ұйымдастырылмақ. Паропланшылар бәсекесін әлем кезегі қорытындылайды. Эскстремалдық спорттық додаға Дүниежүзінің 24 елінен 124 адам қатысады деп жоспарланған. Бұл тізімде 10-нан аса әлем чемпиондары мен жүлдегерлері бар. Қазақстандықтар өз жарыс алаңында және жанкүйерлер алдында аянып қалмайды дейді мамандар. Ұйымдастырушылардың пікірінше мұндағы басты мақсат паропландық спортты өткізу арқылы елдегі туризмді дамыту. Әзірге әлем кубогінде жерлестеріміздің үздік көрсеткіші 8 орын болып отыр. Қазақстандағы жарыста жергілікті саңлақтардың жүлдегер болуына толық мүмкіндігі...
Толығырақ... Оқылды: 414 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.06.2019

Баламалы энергия-заман талабы

Жетісу өңірінің шалғай ауылдары күннен қуат алатын электр станциялармен толық қамтылуы тиіс. Бұл әсіресе шаруа қожалықпен айналысатын тұрғындар үшін тиімді. Себебі, таулы аймақтарға арнайы жарық жүйесі жүргізілмеген. Сол себепті шағын күн электр станциясын орнатылуы керек. Бұл жөнінде «Азия жүрегі» мәдениет және экологияны қолдау қорының президенті Вадим Ханифович журналистер үйінде өткен жиында айтты. Басқосуда «Көмірсутекті электр энергия генераторларын пайдаланудан бас тарту және жаңартылатын энергия көздеріне көшу бағдарламасын» түсіндірді. Бұл - біріншіден энергия үнемдеуге, екіншіден экологияның ластануын алдын алады, - дейді мұндағылар. Осы орайда сарапшылар, шаруа қожалық қызметкерлері мен кәсіпкерлерге күн электр станциясын арнайы Ғаламдық экологиялық қордың қаржылық қолдауымен ала алатынын айтты. «Қазіргі таңда жасыл экономиканы қалыптастырып, энергия көздерінің баламалы түрлерін қарастыру, жұмсалатын энергияны үнемдеу мәселесі алдыңғы шепте. Б...
Толығырақ... Оқылды: 494 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.06.2019

Мемлекеттік қызметшілер арасында пейнтболдан жарыс өтті

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай пейнтболдан облыстық жарыс өтті. Оған Жетісу өңірінен 12 команда қатысты. Пейтбол бәсекесі облыстық мемлекеттік қызметшілер арасында тұңғыш рет өтіп отыр.Қатысушылар қатары да көп. Әрқайсысы 5 адамнан құралған 12 команда өзара екі топқа бөлінген. Ұйымдастырушылардың айтуынша жарысты өткізудегі басты мақсат халық арасында сала өкілдерінің беделін арттырып, бірлігін нығайту. Ертеңнен кешке дейін қазіргі заманның қаржы саласы бар, қаржыны жинау, оны орналастыру, осы саланың барлық жұмыстарын игеріп отыру мемлекеттік қызметшілердің мойнында. Сондықтанда мемлекетшілердің жұмысқа деген көзқарасы, жұмыс істеу деңгейі өте жоғары болуы керек. Соған байланысты ұйымдастырылып отырған іс-шара, -деді облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев. Пейнтбол бастапқыда арнайы мақсаттағы әскери жасақтың жаттығуы болған. Кейіннен халық арасында үлкен қызығушылыққа ие болып, жылдам тарап кетті. Бұл...
Толығырақ... Оқылды: 414 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.06.2019

Жұмыстың жаңа форматы парасаттылық идеологиясына негізделген

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін құру туралы шешім қабылдап, Қасым-Жомарт Тоқаевтың басым бағыттарының бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді іске асыруды бастап кеттік. Институционалдық өзгерістерге қарамастан, парасаттылық идеологиясына негізделген жұмыстың жаңа форматы біз үшін басым болып қалуда. Алайда, сыбайлас жемқорлық шенеуніктерді ұстау көңіл-күйді ешкімге көтермейтіндігін жақсы түсінсек те, жұмысымызды әлсіретуге ниетті емеспіз. Бүгін мемлекеттік аппараттағы келеңсіз құбылыстардың бірі - ел ішіндегі іссапарлар барысындағы қызметшілердің теріс қылықтары және отырыс, алым-салық, дастархан жаю және тарту жасау қоса жүретін тамыр жайған, төмен құрылымдарды жаппай тексерулерге назар аудартқым келеді. Бұл проблеманың өткірлігі, әсіресе облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің көптеген шағымдарымен расталады, мысалдар да жеткілікті. Біз стандарттарына бой түзейтін ЭЫДҰ елдерінде мұндай мәселе жоқ, ешкім еш...
Толығырақ... Оқылды: 443 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.06.2019

«Жетісу – адалдық алаңы» жолдағы жемқорлық тәуекелдеріне қарсы

Облыстық көліктік бақылау инспекциясы қызметінің жылжымалы бекеттерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі бейім сала. Мәселен, соңғы үш жыл ішінде мұнда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін көліктік инспекцияның 9 қызметкері сотталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында айтылды. Өткен жылы Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті «Жетісу- адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында көлік құралдарының техникалық байқау саласында және ірі көлемді көлік құралдарының салмақтық бақылау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді. Алматы облысының ірі көлемді көлік құралдарының салмақтық бақылау саласында жүргізілген мониторинг көрсеткендей, бүгінгі таңда көліктік бақылау жүйесіндегі аталған сала сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне барынша бейім. Бұл саладағы негізгі мәселе - адами фактор, яғни «тікелей байланыстың» болуы. Сондықтан ірі көлемді...
Толығырақ... Оқылды: 532 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.06.2019

ЕЛ СЕНІМІН АҚТАР ПРЕЗИДЕНТ

Елімізде Президент сайлауы өтті. Қалай болғанда да бұл сайлаудан бірінші кезекте ұтатын – халық. Себебі халықтың тұрмысы түзеліп, әл-ауқатының жақсы болуы биліктің тұрақтылығына байланысты екені сөзсіз. Сондықтан Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімін бірауыздан қолдады. Халық ел үшін ерінбей еңбек ететін Президентті таңдады жеп ойлаймын. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел тағдыры, болашақ, мемлекет үшін барын салады деп сенемін. Айдана Абдыкалыкова, "Нұрлы Көксу" газетінің тілшісі.
Толығырақ... Оқылды: 433 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2019

ХАЛЫҚ САЙЛАҒАН ПРЕЗИДЕНТ

Мен Бәзілов Сайлау Бәзілұлы еліміздің әрбір азаматы өз дауысын беріп, республикамыздың қандай бағытта дамитынын анықтауға өз септігін тигізуі өте маңызды деп ойлаймын. Халық сайлаған Президент ел дамуының бағытын анықтап қана қоймай, елімізді халықаралық деңгейге көтереді. Президент өз сөзінде «Сайлаудың таза, әрі әділ өтуіне кепілдік беремін»,-деп айтты. Бұл халықтың өздері дауыс берген үміткердің сайлануына деген сенімін оятады. Сондықтан халық сайлауда өздерінің қалаған адамына дауыс берді деп ойлаймын. Ел таңдаған Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың үмітін ақтайды деп ойлаймын. Сайлау Бәзілов, Көксу ауданының Құрметті азаматы.
Толығырақ... Оқылды: 470 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2019

БОЛАШАҚ ҮШІН НАҚТЫ ҚАДАМ

Күні кешегі сайлауда біз өз таңдауымызды жасадық. Ол - Қасым-Жомарт Тоқаев. Еліміздің, жеріміздің дамуы үшін дұрыс таңдау жасадық деп ойлаймыз. Көзіміз көріп, көңілге түйгеніміз - Қасым-Жомарт Кемелұлы қарапайым, білімді азамат. Болашағымыздың тұрақтылық нышаны болады деген үміттеміз. Ол өзінің "Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" атты бағдарламасы арқылы халыққа кемеңгерлігі мен парасаттылығын дәлелдеді. "Ұлт көшбасшысы іс жүзінде тәуелсіз елдегі саяси басқару мен сабақтастықтың мүлде жаңа, озық үлгісін жасап берді. Менің де Президент ретіндегі негізгі ұстанымым мен өмірлік көзқарасым осы бағыттан ауытқымайды. Жоғарыда айтып өткенімдей, елдің өркендеу кепілдігі мемлекетшілдік пен дәстүр сабақтастығында және оған деген құрмет пен адалдықта жатыр. Онсыз ешқашан тұрақтылық та, даму да болмайды. Екінші ұстанымым – әділеттілік. Бұл жалпыадамзаттық әрі дала демократиясынан бастауын алатын, ата-бабамыздан дарыған, ежелден қанымызға сіңген құндылық болатын. Оны жоғалтып...
Толығырақ... Оқылды: 537 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.