ӘЛЕУМЕТ

Іле ауданының құрылыс бөліміне тексеру жұмысы жүргізіліп, нәтижесі анықталды

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Іле ауданының құрылыс бөлімі» ММ-де сәйкестікті тексеру жүргізіліп, нәтижесі бойынша келесі бұзушылықтар анықталды. Құрылыс алаңын көрнекі тексеру кезінде, тек шұңқыр қазылып, ал жұмысты аяқтау актісі бойынша сатып алынған материалдар құрылыс алаңында жоқ екендігі анықталған. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 97 бабының 6 тармағының және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету» ережесінің 238,243 тармақтарының талаптарын бұза отырып, аудит объектісі «Байқоңыр» ЖШС-не құрылыс объектісі бойынша атқарылмаған жұмыстары үшін 49 413 970 теңге сомасында төлем жасаған. Осы негізде Қазақстан Републикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағының 3 тармақшасына сәйкес, «Іле ауданының құрылыс бөлім» ММ-не, «Байқоңыр» ЖШС-не (мердігер) және «Музтау» ЖШС – не (техбақыл...
Толығырақ... Оқылды: 456 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.05.2019

Талдықорғандағы көп қабатты үй құрылысына тексеріс жүргізілді

Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті " Талдықорған қаласы Абылайхан көшесіндегі төрт 2 қабатты тұрғын үйге жылумен жабдықтау желілерінің құрылысын жан жақты сараптап шықты. Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша бөлімде келесі бұзушылықтар анықталды: Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 97-бабының 6-тармағын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесінің 238,243-тармақтарын бұза отырып, бөліммен «Алматы облысы Талдықорған қаласының Абылайхан көшесіндегі төрт 2 қабатты тұрғын үйге жылумен жабдықтау желілерінің құрылысы» объектісі бойынша орындалмаған жұмыстар үшін 1 163,8 мың теңге төлем жүргізілген, аталған сома аудит жүргізу барысында мердігер тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау арқылы қалпына келтірілген.
Толығырақ... Оқылды: 391 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.05.2019

Тәжірибе алмасу– іскерлікті жетілдіру

Қант қызылшасы – Жетісу жерінің төл дақылы. Республика бойынша өндірілетін тәтті түбірдің едәуір көлемі біздің облысқа тиесілі. Бұл ретте елімізде тәтті түбір ең алғаш рет Талдықорған өңірінде өсірілгенін айта кету керек. 2019 жылдың 16 мамыр күні ауданымызға қант саласын дамыту барысында атқарылып жатқан жұмыстарымен танысу және тәжірибе алмасу мақсатында Павлодар облысының делегаттары жұмыс сапарымен келді. Олардың мақсаты қант қызылшасын өсірудің озық технологиясы, егістікті суару, тыңайтқыштарды тиімді пайдалану, егіс алқаптарының көлемін ұлғайту – қант өндірісін дамытудың негізгі бағыттары бойынша тәжірибе алмасу. Алдымен атбасын Көксу ауданы қант зауытына бұрды. Мекеме директоры Алтынбек Абатов қант қызылшасы будандары тұқымдары және ауыл шаруашылығы техникасы туралы толығымен таныстырды. Содан кейін қант қызылшасын себу, күту, жинау технологиясымен таныстыру жұмысын «Кең дала» ШҚ басшысы Қалибек Алпысбаев жалғастырды. Өңірімізге жұмыс сапарымен келге...
Толығырақ... Оқылды: 578 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.05.2019

Алматы облысында «Алтын таяқша» дирижерлер және «Кестелі орамал» вокалистер байқауы басталды

Талдықорғанда қазақтың көрнекті композиторы, КСРО халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұқан Төлебаев атындағы V Халықаралық «Алтын таяқша» дирижерлер, «Кестелі орамал» вокалистер байқауы басталды. Артына бай мұра қалдырған алып тұлғаның құрметіне арналған кезекті шара Талдықорғанда жыл сайын өткізіліп келеді. Жалпы байқауға 50 вокалист пен 25 дирижер қатысуға ниет білдірген. Іріктеу кезеңіне жолдама алған 6 мемлекеттен 17 дирижер және 28 вокалист байқауда өз бақтарын сынайтын болады. Байқаудың негізі мақсаты- Қазақ өнерін дамыту. Қазақстан композиторларының шығармашылығын шыңдау және насихаттау, олардың тың туындылары арқылы өнер ұжымдарының репертуарларын толықтыру. Үміткерлер Мұқан Төлебаевтың шығармаларымен бірге шет ел классикасынан да өзі таңдаған туындыларды орындайды. Қатысушылардың дені облыстық филормонияларда еңбек етіп, үлкен сахнаға шығып жүрген кәсіби мамандар. Байқау 2 күнге созылады. Жеңімпаздар қорытынды күнгі гала-концертке қатыс...
Толығырақ... Оқылды: 493 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.05.2019

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына байқау жарияланды

Талдықорғанда Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында, Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иеленуге арналған байқау мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлады. Баспасөз мәслихатына Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Әсет Шаяхметов, «Dolce Pharm» бренділі «Dolce Group» ЖШС Директорлар кеңесінің төрайымы Елена Ли мен «Alugal» ЖШС бас директоры Анар Көкенова қатысты. Байқаудың басты мақсаты – отандық өндірушіні қолдау, отандық тауар мен қызмет сапасының жоғарылауына, сондай-ақ отандық өндірушілердің бәсекелік қабілеті мен сапа идеясы танымалдығының артуына ықпал ету. Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Әсет Шаяхметовтың айтуынша, екі байқау да қазақстандық өндірістің сапасын танымал ету үшін өткізіледі. &...
Толығырақ... Оқылды: 443 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.05.2019

Алматы облысында мемлекеттік қызметкерлер арасында отбасы слеті өтеді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасы отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Бақыт жанында» жобасының бастау алатындығын жариялап, Алматы облысы Мемлекеттік қызметкерлерінің отбасы слетін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында белгілі болды. Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағидат қай дәуірде болсын өзгерген емес, өзгермек те емес. Елбасы «Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп бұл мәселенің біздің қоғам үшін маңызын көрсетіп берді. 1993 жылдың 20 қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясы 15 мамырда атап өтілетін Халықаралық Отбасы күні мерекесін бекітті. Осылайша, Отбасы күні Қазақстанда атаулы күн ретінде тойланып келеді. «О...
Толығырақ... Оқылды: 408 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.05.2019

Білім министрлігі диплом беруді электронды форматқа көшірмекші

Білім және ғылым министрлігі білім жүйесін толығымен электронды форматқа көшіруді жоспарлап отыр. "Диплом беру, диплом алу – барлығы электронды форматқа көшіріледі. Сонда ғана жемқорлыққа жол берілмейді. Егер электронды форматта болса, бақылау болады", - деді министр журналистерге. Сондай-ақ, ол жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жаңа курс енгізіліп жатқанын атап өтті. "Біз бұл жұмысты бастап кеттік. Биыл сауалнама жүргізген кезде, балалардың 70%-тен астамы жемқорлықпен бетпе-бет келмегенін айтты. Бірақ қалған процент бізді әлі де алаңдатады, сондықтан бұл бағытта жұмысты жалғастырамыз", - деп сендірді Шәмшидинова. Бұған қоса, министр емтихан жұмыстарын анонимді тексеру жүйесін енгізу, барлық жұмысты антиплагиатқа тексеру жемқорлыққа тосқауыл болатынын айтты.
Толығырақ... Оқылды: 404 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2019

Алматы облысында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 615 грант беру көзделген

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы 2017 жылдан бастап іске асырылуда. Тоқсаныншы жылдардан бастап әлеуметтік-экономикалық даму бағытын айқындап алған елімізде жұмыссыздықты азайту мақсатында «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Бизнестің жол картасы» сынды түрлі бағдарламалар қабылданып, «Қазақстан – 2050» стратегиясына және Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, адами капитал сапасын арттыру саясатын жаңғырту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау бағытына басымдық берілді. «Еңбек» бағдарламасы осы секілді ірі бастамалардың заңды жалғасы болып есептеледі. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты — еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар санын арттыру, ауылда және қалада микрокредит беру арқылы азаматтардың өзін өзі жұмыспен қамтуын ынталандыру. Сайып келгенде, бұл еліміздегі кә...
Толығырақ... Оқылды: 399 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.05.2019

Талдықорғанда Үкіметтік емес ұйымдарға тегін қызмет көрсететін орталық ашылды

Алматы облысында үкіметтік емес ұйымдардың өз мүмкіндіктерін толық пайдалану, интелектуалдылық, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жаңа орталық бастама алды. Жаңа мекеменің ашылу салтанатына Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Жылқышыбайұлымен қатар АҚШ бас консулдығының өкілі Карли Ван Орман да қатысып, лентасын қиды. «Social center» деп аталатын әлеуметтік орталық қоғамдағы үкіметтік емес ұйымдардың одан ары дамуына үлкен септігін тигізеді. Себебі, әлеуметтік жаңа бастама аясында барлық жағдайлар жасалынған. Осы орталықтың бастамасымен креативті жобаларды қолдау көзделген және кез-келген қызмет тегін көрсетіледі. Сонымен қатар, түрлі шаралар мен жиындар өткізіп, ортақ жобаларды талқылайды. Бұдан бөлек ұйым жетекшілері шет тілдерді оқып, компьютерлік сауаттылығын арттырады. Әрі әлеуметтік мәселелерге қатысты идеяларын жүзеге асырады. Оларға менеджерлер жан-жақты көмек көрсететін болады. Жалпы, Алматы облысында 1012 Үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың 4...
Толығырақ... Оқылды: 411 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.05.2019

Талдықорғанда «Аманат» азаматтық алаңының семинар- кеңесі өтті

Алматы облысында сайлаудың әділ өтуі үшін қолға алынған жұмыстарымен таныстыру мақсатында, журналистер үйінің мәжіліс залында «Аманат» азаматтық алаңының ұйымдастыруымен баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Алматы облысының «Аманат» Азаматтық платформасының жетекшісі Қайрат Тұрсынғалиұлы мен «Аманат» Азаматтық платформасының мүшелері Лепсібаев Шыңғыс, Тұрсынов Аким және аудан, қалалардағы мобилді капитандар қатысты. Баспасөз мәслихатынан кейін аудан, қалалардан келген мобильді капитандардың қатысумен семинар-тренинг өтті. Семинар барысында платформа мүшелері аудандар мен қалаларға бекітілген мобилдьді капитандардың жұмыс бағыттарын айтып, сайлау үшін қажетті жағдай жасаудың бес негізгі бағытын түсіндірді. Сонымен қатар, сайлау бөлімшелеріне бекітілген бақылаушылардың құқықтары мен жүктелген міндеттерін түсіндіру, олардың жұмысын қадағалауға басшылық жасау бойынша дәрістер өтті. Сондай-ақ, сайлау күні сайлаушылардың дауыс беруі кезінде заңсыздықта...
Толығырақ... Оқылды: 663 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.05.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.