ӘЛЕУМЕТ
Үндеуге қолдау |
| Аудандық мәслихаттың хатшысы Әлдибек Досымбеков: "19 наурыз - қазақтың тарихындағы алтын әріптермен жазылған күн болып қалмақ. Мемлекет басшысы 19 жылдың 19 наурызында Астана уақыты сағат 19:00-де лауазымын тоқтатты. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «өкілеттілігімді тоқтатамын» дегені әрине баршамыздың көңілімізге кірбің түсірді. Дегенмен, Елбасының өкілеттігін тоқтату туралы шешімі Елбасына деген құрметті арттыра түскендей. Іштей қимаймыз. Рас! Бірақ Елбасының бұл шешімінің өзі айтқандай оңай болмағандығын да жақсы түсінеміз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - біздің бірінші тұңғыш Елбасымыз! ҚР Сенат басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевқа салиқалы сындарлы саяси жол болсын дейміз! Әлі талай сараптама жасалар! Бірақ ең бастысы еліміздің бірлігі, ынтымағы арта берсін! Ең маңызды айта кетерім, әрбір адам бұл талқылауға белсенді қатысып, өзінің пікірін білдірсе, бұл қоғамдағы азаматтық сезімнің артқандығының белгісі". |
| Толығырақ... Оқылды: 599 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.03.2019 |
Мемлекеттік жәрдемақы кімдерге берілмек? |
| Елбасының 27 ақпанда “Нұр Отан” партиясының 18- кезекті съезінде берген тапсырмасы бойынша, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға берілетін жәрдемақының көлемін ұлғайту жөнінде аудан бойынша түсіндіру жұмыстары басталды. Осыған орай, ауылдық округтерде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айгүл Шаяхметова мен аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Руслан Байменов Айнабұлақ, Алғабас және Мұқыры ауылдарын аралады. Әлеуметтік көмек алу үшін жалғыз төлқұжат жеткілікті. Тұрғылықты жерінде тіркеліп, арнайы комиссияның тексерісінен өткен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар жәрдемақыға ие бола алады. Алайда отбасылық табыс мұқият есептеледі. Мәселен, жанұяда жұмыс істеп отырған адамдардың табысына ауылдық жерде мал асырап отырған отбасылардың мал саны түгел есептеліп қосылады. Осы аталған табыс көздерінің қосындысын сол жанұядағы адамдардың санына шаққанда белгіленген 20789 теңгеден аспауы керек. Ескере кететін... |
| Толығырақ... Оқылды: 479 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.03.2019 |
Әлеуметтік салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі |
| Әлеуметтік салада қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту бойынша, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланып, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі шараларды одан әрі күшейту мемлекеттік мекемелердің негізгі міндетіне айналды. Ағымдағы жылдың 24 қаңтар күні Балпық би ауылының орталығында аудан тұрғындарына әдістемелік кеңес беру, көмек көрсету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алуды насихаттау мақсатында «Әлеуметтік салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» өтті. Көксу ауданының білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі, жұмыспен қамту орталығы және аудандық орталық емхана мамандары мен басшылары іс-шараға белсенді түрде қатысып, аудан тұрғындарының сұрақтарына жауаптарын беріп, мемлекеттік қызмет алу бойынша тиісті кеңестерін берді. Жәрме... |
| Толығырақ... Оқылды: 509 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.02.2019 |
Алматы облысында ішкі аудиторлық іс-шаралар қорытындыланып, қаржылық есептілікке аудит жүргізу өзгерістері туралы айтылды |
| Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Азамат Мұсабек аталған департаменттің 2018 жылдың аудиторлық іс-шараларын қорытындылады. Баспасөз конференциясы барысында 356 аудиторлық іс – шаралар өткізілгенін, оның ішінде 336-ы жоспардан тыс тексеру болса, 20-ы жоспарлы түрде өткен. Азамат Мұсабектің айтуынша, өткен жылы тексеру нәтижесінде орын алған заң бұзушылықтардың жалпы сомасы 70 872 910,4 мың теңгені құраған, оның ішінде 19 713 275,4 мың теңгесі қаржылық бұзушылықтар және 51 159 635,0 мың теңге процедуралық бұзушылықтар болып шыққан. «Бюджетке қайтару, қалпына келтіру, есепке алу, қайтару бойынша анықталған 19 761 916,4 мың теңгенің, 19 666 294,8 мың теңге бюджетке қайтарылды және қалпына келтірілді (бұл 99,5 % құрайды)» -, дейді ол. Аудит жүргізілген мемлекеттік сатып алудың жалпы сомасы 49 913 768,6 мың теңгенің ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заң бұзу... |
| Толығырақ... Оқылды: 623 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.02.2019 |
Алматы облысының 3 мыңнан астам кәсіпкерлерлер 2018 жылда «Даму» Қорының қаржыландыруын алды |
| Алматы облысы бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалы «Шағын және орта бизнестің дамуын қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында баспасөз-конференциясына қатысты. Іс-шара барысында ағымдағы жылдың 11 (он бір) айдың қорытындылары талқыланды. Алматы облысында «Даму» Қорының бағдарламалары бойынша қолдау алған жобалардың жалпы сомасы 21,3 млрд. теңгені құрады – бұл 3 023 жоба. Екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдікті қаржыландыру бағдарламасы бойынша 2018 жылда жалпы несиелер сомасы 9,7 млрд теңге құрайтын 2 805 жобаға қолдау көрсетілді. 2018 жылы несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін қаражаттандыруды жалпы сомасы 8,7 млрд. теңге құрайтын 125 жоба пайдаланды. Алматы облысында ең танымал бағдарлама «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және бизнесті дамытудың бағдарламасы болып табылады. 2018 жылы несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін қаражаттандыруды жалпы сомасы 8,7 млрд. теңге болатын 125 жоба пайдаланды. Ке... |
| Толығырақ... Оқылды: 468 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2018 |
"Samǵaý-2018": Жетісудың үздік БАҚ өкілдері марапатталды |
| Талдықорғанда, «Самғау» - журналисттер жүлдесінің жеңімпаздары анықталды. Жылдың басты сыйлығы саналатын байқауда, 11 наминация бойынша 143 материал қабылданған. Салтанатты шара, мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған. Үздік деп танылған БАҚ өкілдерін облыс әкімі Амандық Баталов марапаттар алдында, барша кешке қатысушыларды келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап өтті – Құрметті журналистер! Баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жарқын жетістіктер мен толайым табыстар елім деген әрбір азаматтың көңіліне қуаныш сыйлайды. Ал сол жетістіктерге жетісулықтардың да қосқан үлесі зор. Біз мәдениет пен әдебиет, әлеумет, экономика сынды сан сала бойынша толымды көрсеткіш көрсетіп келеміз. Талдықорған шаһары көрсе көз тоймайтын сұлулыққа ие болды. Құрылыс саласы жанданып, зәулім де әсем ғимараттар сап түзеді. Бұл сіздер мен біздің ортақ жеңісіміз... |
| Толығырақ... Оқылды: 471 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.12.2018 |
Алматы облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті өз жұмысын қорытындылады |
| Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Нариман Ботанов мекеменің жылдық жұмыс нәтижесін жария етті– деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Ағымдағы жылдың 31 қазанына дейін Ішкі мемлекеттік аудит департаменті облыста 268 аудиторлық тексеру өткізген. Оның ішінде 248 жоспардан тыс, 20-сы жоспарланған шаралар. Тексеріс кезінде анықталған қаржылық бұзушылықтар көлемі 18 269 648,2 мың теңгені құраса, ал процедуралық бұзушылықтар 20 397 712,4 мың теңге болған. - Департаменттің мақсаты бюджет қаражатын, мемлекет активтерін және мемлекеттік сектор субъектілерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыру. Мұндай тексерулер жыл сайын жүйелі түрде жүргізіледі, - дейді Н.Ботанов. Сондай-ақ, жасалған аудиторлық іс - шаралардың нәтижесінде, аудит объектілерінің 97 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Атап айтқанда, 57 - ескерту, 36 - сөгіс, 2-қатаң сөгіс, 2 қызметкер жұмыстан босатылды. Және де есептік кезеңде мемлекеттік орга... |
| Толығырақ... Оқылды: 813 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.12.2018 |
Алматы облысында мигранттарға құқықтық қолдау көрсету жұмыстары белсенді жүргізілуде |
| Алматы облысында «Талдықорған аймақтық әйелдер қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің қолдаумен осал мигранттарды өңірлік және жаһандық қауіп-қатерлер тұрғысынан қорғау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Науқанның осы облыста ауқымды өткізілуі,Қазақстанда статистикалық мәліметтерге сәйкес, шетелдік мигранттарды барынша тартатын 5 өңірге кіруі болып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында белгілі болды. Аталмыш шара, Халықаралық көші-қон ұйымы және Норвегия Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен жасалған. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастау алған түсіндіру жұмыстарына - ХКҰ, көші-қон қызметкерлері, Алматы облысының ІІД ұйымдасқан қылмыстық бөлімінің қызметкерлері, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі, Қазақстан халқы Ассамблеясының Өзбек этномәдени бірлестігі және БАҚ өкілдері тартылған. Халықаралық көші-қон ұйымының ұлттық үйлестірушісі Светлана Жасымбекованың айтуын... |
| Толығырақ... Оқылды: 530 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.11.2018 |
ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХПЕН ТАНЫСУ |
| Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы өткен тарихымыздың жарқын келбеті деп білемін. Себебі, бүгіннің өткенсіз, болашақтың бүгінсіз айнасы бұлыңғыр. Біз жаһандану заманына өзіміздің тарихымызбен енуіміз керек. Ал, сол түпкі тарих тағылымын Елбасы кезек-кезегімен атап өтті. Қазақ халқының танымдық мұрасы, салт-дәстүрі мен өзіндік әдет-ғұрпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық шежіресі – баға жетпес асыл қазына. Сол қазынаны ұмытпау әрі дәріптеу – жастардың үлесінде. Алғашқы «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» тарауында Ұлы дала төсінде пайда болған мәдениет, атқа міну дәстүрі, аң стилі, Алтын адам жайында айтып, біраз бағдарламалар мен жобаларды ұсынды. Сол Ұлы даланың жеті қырының ең алғашқысы ретінде, қазақ халқының жеті қазынасының бірі – жылқыны дәріптегені көп нәрсені аңғартады. қазақ ауыз әдебиетінде жылқы туралы «Құлын – тайға жеткізер, тай – құнанға жеткізер, құнан – атқа жеткізер, ат – м... |
| Толығырақ... Оқылды: 661 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.11.2018 |
Қолды болған 7,7 млрд теңге мемлекет қазынасына қайтарылды |
| Қолды болған 7,7 млрд теңге мемлекет қазынасына қайтарылды Ағымдағы жылдың 8 айының қорытынсыды бойынша 1394 пара беру және алу фактілері тіркеліп, мемлекет қазынасына 7,7 млрд теңге қайтарылды. Құқық бұзушылықтың басым бөлігі Қостанай мен Түркістан облыстарында болып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Равиль Тюлебаев баяндады. «Мемлекеттік қызмет институтын жетілдіру, оның ішінде, әрбір мемлекеттік қызметшінің бәсекеге қабілеттігін арттыру және құқықтары мен мүдделерін қорғау тетіктерін нығайту бұл Агенттіктің басты мақсаттарының бірі. Агенттікпен жүйелі түрде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуына бақылау жүзеге асырылып, Әдеп жөніндегі кеңестер мен уәкілдердің қызметін үйлестіру жүргізіліп келеді. 2018 жылдың 8 айында Агенттікпен және оның аумақтық департаменттерімен 728 тексеру жүргізілді. Бұ... |
| Толығырақ... Оқылды: 593 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2018 |
