ӘЛЕУМЕТ
Ескелді ауданында 4 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады |
| «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының бірінші бағыты бойынша көпбалалы жанұяларға тұрғын үй сатып алу үшін Ескелді ауданына 50,0 млн.теңге бөлінген болатын. Оның ішінде 34,0 млн.теңге республикалық, қалған 16,0 млн.теңгесі облыстық бюджеттен. Аталмыш бағдарламның аясында Ескелді ауданына қарасты Қарабұлақ, Сырымбет, Бақтыбай, Ақын Сара ауылдарынан көпбалалы отбасыларға 4 тұрғын үй берілді. Аудан әкімі Рауан Рақымбеков баспаналы болған отбасыларды қуаныштарымен құттықтап, 5 бала өсіріп отырған ана Бибігіүл Бектурова, 4 бала тәрбиелеп отырған Аида Молдыбаева, 6 бала тәрбиелеп отырған Жанар Акилбаева және 5 бала өсіріп отырған Каукер Каримова атты көпбалалы аналарға үйдің кілтін табыстады. Үлкен қуанышқа жетіп отырған отбасылар аудан әкіміне алғыс айтып, жауапты жұмыста табыс тіледі. |
| Толығырақ... Оқылды: 359 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.08.2019 |
Алматы облысының кәсіподақ орталығының белсенділігі артып келеді |
| «Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Төрт жыл ішінде аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының құрметті ұйымдарының бірі болды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ҚР Кәсіподақтар федерациясының құрылымындағы көшбасшылар үштігіне енді. Тәжірибесі мол орталық үнемі іздену үстінде және кәсіби өсуді, дамуды көздейді. Қазіргі уақытта кәсіподақтар – үкіметтік және бизнес өкілдерімен бірлесе заманауи қазақстандық қоғамды қалыптастыруда жұмыс жасап келеді. Еліміздегі кәсіподақ жүйесіне оң өзгерістер еніп, жұмысы жаңа форматта жүргізіле бастады. Алматы облысының кәсіподақтар орталығы – облыстағы азаматтық қоғамның маңызды бөлігінің бірі. Орталық құрылғаннан бері мекемелердегі еңбек ұжымдарын кәсіподақ қозғалысына тарту, жаңадан бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру, жұмыс жасап жатқан кәсіптік одақтардың қызметтерін ретке келтіру бойынша жұмыстар жасалуда. Бүгінгі таң... |
| Толығырақ... Оқылды: 451 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.08.2019 |
Дүрия жамылған Көлсай |
| Алматы мен Талдықорған қаласынан тур операторлар мен баспасөз өкілдерінің қатысуымен «Солтүстік Тянь-Шанның інжу-маржаны» саналатын Көлсай мен Қайыңды көліне ақпарат туры өтті. Шараны Алматы облыстық туризм басқармасы мемлекеттік мекемесінің облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығы МКҚК ұйымдастырды. «Qazaq Travel» компаниясының өкілі Жандос Нуриев бастаған ұйымдастырушылар 2 күн бойы жол бастап, Көлсай мен Қайыңдының көркем тәбиғатын көрсетіп, Саты ауылының тарихынан сыр шертіп, қазіргі тыныс-тіршілігімен таныстырды. Айта кетерлігі, облысымызда курорттық аймақтардың инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары қызу жүріп жатыр. «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи саябағына өткен жылы тақтайдай тегіс тасжол төселді. Ол өз кезегінде туристер санының артуына оң әсер еткен. Мәселен, осыдан 10 шақты жыл бұрын Көлсайға бір жылда 6 мыңдай саяхатшы атбасын бұрса, қазір күніне мыңдаған адам келіп-кетіп жатыр. Осы жөнінде кеңінен баяндаған парк директор... |
| Толығырақ... Оқылды: 512 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.08.2019 |
Берік Уәли: Күн тәртібінде – ашықтық және қоғаммен кері байланыс |
| – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне 4 айдан асты. Жалпы, өзіңіз де білесіз, ақпараттық кеңістікте қалыптасқан дәстүр бойынша, үш айдың ішінде атқарылған шаралардың қорытындысы жасалатын еді. Алайда, жаңа Президенттің 100 күндік жұмысы жөнінде көп ресми ақпарат жарияланбады. Мұның қандай да бір себебі болды ма? Әлде Президенттің өзі айтпақшы, сөзден гөрі нақты іске ден қойды ма? – Ең алдымен, тәуелсіз Қазақстанның тарихында екінші президенттің сайлануы – еліміз үшін үлкен тарихи кезең. Өздеріңіз де куә болдыңыздар, барша халықтың алдында ант бергеннен кейін Қасым-Жомарт Кемелұлы Мемлекет басшысы ретінде бірден жұмысқа білек сыбана кірісіп кетті. Міне, сол уақыттан бері көптеген маңызды іс-шаралар атқарылды. Халықаралық кездесулер өтті, өңірлерді аралады, шетелдерге сапарлады, келіссөздер жүргізді. Президент қызметінің 100 күндігіне қатысты ресми БАҚ-та мақалалар жарияланып, телеарналарда сюжеттер беріліп жатты... |
| Толығырақ... Оқылды: 389 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.08.2019 |
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ - БАСТЫ БАҒЫТ |
| Экономиканың маңызды саласы ретінде еліміз ауылшаруашылығын дамытуға баса назар аударып отыр. Оның ішінде мал шаруашылығының орны бөлек. Осы бағытта мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, қаржылай көмек беру де қолға алынғаны белгілі. Осы мақсатта, 29 шілде күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында шаруаларға арналған жиын өтті. Бұл жиынға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Алматы облысы бойынша филиалы кредиттік бөлімінің басшысы Шара Сүлейменова арнайы шақырылды. Одан бөлек, аудан әкімінің орынбасары Нұрдәулет Кененбаев, аудандық ауылшаруашылығы бөлімі мен кәсіпкерлік бөлім, округ әкімдері мен ауылдағы мал шаруашылығымен айналысатын шарулар қатысты. Ауыл десе, екінші деңгейлі банктердің басым көпшілігі несие беруден бастарын ала қашатын. Ал, Шара Шажабайқызы өздерінің бөлімдері арқылы қорықпай несие алып, бастар ісіңді әрмен қарай дөңгелетіп әкетуге болатын айтты: - Өздеріңізге белгілі, мемлекет әр жыл сайын 600 млрд. қаражатты осы ауылшаруашылығы саласына бөледі. Оның... |
| Толығырақ... Оқылды: 537 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.08.2019 |
Есеп беру кездесуі өтті |
| 2019 жылдың 31 шілде күні аудандық Мәдениет үйінде Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Мұрат Жәлелұлы Ұрұмхановтың қатысуымен Көксу АПБ-нің бастығы полиция подполковнигі Рамиль Раифұлы Гимадиевтің аудан халқының алдында есеп беру кездесуі өтті. Кездесуге облыстық полиция департаменті штабының бастығы, полиция подполковнигі Людмила Теряева, облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ерғали Абілғазинов, облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы, полиция полковнигі Марат Күштібаев, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрдаулет Кененбаев және аудан тұрғындары қатысты. Кездесудің мақсаты – аудан халқының алдында ПБ-нің бастығы, полиция подполковнигі Рамиль Гимадиевтің халық алдында есеп беріп, туындаған өзекті мәселелерді талқылап, шешу жолдарын қарастыру. – Жалпы аудандағы қылмыстық ахуал тұрақты және үнемі бақылауда. Ағымдағы жылдың 6 айлық қорытындысы бойын... |
| Толығырақ... Оқылды: 528 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.08.2019 |
Көпбалалы отбасылар мен мүгедектігі бар азаматтардың қарызы кешіріледі |
| Мемлекет көпбалалы аналар мен мүгедектігі бар азаматтардың 300 мың теңгеге дейінгі несиесін өтейді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында ұлттық банк мамандары баяндады. Президенттік науқан кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сабақтастық негізінде Елбасының Стратегиясын жүзеге асыру ісін жалғастыруға, соның ішінде аса өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге уәде берді. Бүгінде еліміздегі әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы азаматтар (көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғыз асыраушысынан айрылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар) түрлі себеппен қиын жағдайға тап болып, өз аттарына алған несиелік міндеттемелерін орындай алмай отыр. Көмек кімдерге және қандай жағдайларда көрсетіледі? Сонымен, бұл жарлықта айтылған "әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы азаматтар" деген кімдер? Олар - көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғыз асыраушысынан айрылған отбасылар, атаулы әлеуме... |
| Толығырақ... Оқылды: 341 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.08.2019 |
«Қорғау» жобасы өз жұмысын бастады |
| Қазақстанда «Қорғау» жобасы басталды. Жоба -азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін қолжетімді және тегін инфрақұрылым құруға бағытталған, сондай-ақ 200-ден астам өзекті бағыттар бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау алгоритмдері бар арнайы сайт пен мобильді қосымшаны әзірлеуді болжайды. Жобаның негізгі мақсаты-қиын өмірлік жағдайда жүрген халықтың құқықтық білім деңгейін арттыру. Жобаны іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап Алматы облысының барлық қалалары мен аудан орталықтарында 20 заң консультациясы бөлімдері қызмет атқаратын болады, онда барлық азаматтар құқықтарын қорғау бойынша тегін құқықтық қолдау ала алады. Сонымен қатар, жобада заң факультетінің студенттеріне тәжірибелік тағылымдамалар ұйымдастыру, әлеуметтік заңгерлердің қауымдастығын құру, «Сөйле!» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, отбасы мен некенің оң бейнесін қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шара... |
| Толығырақ... Оқылды: 347 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.08.2019 |
Талдықорғанда электронды қолтаңбаның тиімділігі түсіндірілді |
| Қазақстан Республикасының Бас прократурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің облыстық филиалына, жыл басынан бері соттықты жою орталығынан 2740 анықтама келіп түскен. Мамандардың айтуынша, азаматтардың басым бөлігі шет елге шығу үшін, сотталмағандығы туралы анықтаманы сұратады. Бұл жөнінде аталған басқарма өкілдері өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты. Басқосуда электронды үкімет порталын қолданудың жолдары мен артықшылықтарын түсіндірді. 4 мемлекеттік қызметтің 3 түрін «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы алу мүмкіндігі, яғни Қазақстан Республиканың кез келген тұрғыны үйден шықпай-ақ, онлайн түрінде қызметке тапсырыс бере алады, тек электронды-цифрлы қолтаңба арқылы, бұл мемлекеттік органдар бойынша жүру уақытын айтарлықтай қысқартады және көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасын арттырады. Бұл біріншіден, пайдаланушылар уақытын үнемдесе, ал, екіншіден өте қолайлы, - дейді мамандар. Бүгінгі кү... |
| Толығырақ... Оқылды: 437 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.07.2019 |
КОРЕЙ ДИАСПОРАСЫ КЕҢПЕЙІЛ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА АЛҒЫС АЙТТЫ |
| Бүгін Қаратал ауданының Бастөбе жотасының бөктерінде барша жер аударып келген кәріс ұлтының алғысын білдіретін «Қазақ халқына мың алғыс» атты монументтің жанында Қазақстан және Оңтүстік Корея Республикаларының арасындағы дипломатиялық, стратегиялық әріптестіктің орнатылуының 10 жылдығына арналған митингі болып өтті. Осынау іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Бескемпиров Серикжан Ислямұлы, ҚР мәжіліс депутаты Ким Роман Ухенович, аудан әкімі Қайрат Найманбайұлы , Корея Республикасының бас консулы Ким Хынг Су , Қазақстандағы Кәрістер қауымдастығының президенті Сергей Огай және этно-мәдени бірлестік мүшелері, аналар кеңестерінің төрағалары мен аудан жұртшылығы қатысты. Көпшілік тарихқа тағзым, өткенге құрмет ретінде монументке гүл шоқтарын қойды. Салтанатты ашылуда сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бескемпиров Серикжан Ислямұлы «-Құрметті қараталдықтар! Құрметті қонақтар! Зұлматты 1937 жылдары зорлықпен жер аударылған мыңдаған халықтарға құтты қоныс болып, сүйікті ота... |
| Толығырақ... Оқылды: 363 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.07.2019 |
