ӘЛЕУМЕТ
"Nur Otan" партиясының жұмысы жандануда |
| Көксу аудандық "Nur Otan" партиясының филиалында партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия төрағасы Орынхан Нұртаевтың төрағалық етуімен өткен жиынға комиссия мүшелері, мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Дәулет Халелов және "Nur Otan" партиясының Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов қатысты. Аталмыш жиынның күн тәртібінде бес мәселе қарастырылды. Ең алдымен аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қажым Әдетбековтың баяндамасы тыңдалды. Аудан орталығындағы салынып жатқан 20 және 50 пәтерлік тұрғын үйге қатысты партиялық бақылау комиссия мүшелерінің жүргізген рейді бойынша атқарылған жұмыстары сараланып,мердігер компанияның басшысына сын-ескертпелер мен толықтырулар айтылды. Келесі кезекте аудандық мәслихат депутаты Бақытхан Оразбаеваның аудандық бюджет қаражатын жұмсалғаны жөніндегі есебі талқыланды. Бақытхан Жұмақанқызы өз сөзінде: "Мәслихат қызметінің негізгі нысаны оның сессиялары мен тұрақты... |
| Толығырақ... Оқылды: 426 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.11.2019 |
ОБЛЫС ӘКІМІ АУДАН АХУАЛЫМЕН ТАНЫСТЫ |
| Бейсенбі күні аудан орталығына облыс басшысы Амандық Баталов жұмыс сапарымен келді. Мақсат - мемлекеттік бағдарламаға сәйкес аудандағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, халықпен кездесу. Елімізде ауыл шаруашылығын дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы барған сайын кеңейіп келеді. Оның ішінде отандық тұқым шаруашылығын оңтайландырып арттыруға да айрықша көңіл бөлініп отыр. Бұл жағынан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тарапынан тиісті орындарға жүктелген тапсырмалар ұшан-теңіз. Осы бағытта қант қызылшасына ерекше назар аударыла бастады. Әрі, табыстың қайнар көзі - қант қызылшасы екендігі де баршаға мәлім. Осыған байланысты, облыс әкімінің жұмыс барысының негізі Ақшатоған ауылында орналасқан «Айдын» шаруа қожалығына баруымен бастау алды. Егістік алқабы барлығы 800 гектарды алып жатқан шаруа қожалығында қант қызылшасы - 285 га, соя - 345 га, жүгері - 120 га, дәнді дақыл - 50 га құрайды. Бұл қожалықта 70 -ке жуық адам жұмыс жасайды. Шаруашылық басшысы Айдын Дюсенбинов... |
| Толығырақ... Оқылды: 424 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.11.2019 |
Еңбекшіқазақ ауданында 60 пәтерлік тұрғын үй қолданысқа беріледі |
| Үстіміздегі 2019 жылдың 9 айында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы жалпы өндірілген ауылшаруашылық өнім құны 79 млрд.теңгеден асып, нақты көрсеткіш өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 122,1 пайызға артық орындалған. Бұл туралы облыс орталығы Талдықорғанда «Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында жария етілді. Аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлының айтуынша ауылшаруашылықтың барлық саласы бойынша негізгі көрсеткіштерінің өсу динамикасы негізінен қамтамасыз етілген. Ет, сүт, жұмыртқаны өндірудің өсуі байқалады. Мал саны мен барлық дақылдардың көрсеткіштері айтарлықтай өсті. Ауданның мақтауға тұрарлық іс – алма бақтарының жандануы. Егер 2012 жылы алма мен жүзім бақтарының көлемі 3271 гектарды құраса, 2019 жылы, 6 жыл ішінде бұл көрсеткіш 10,5 мың гектардан асқан. Алмалар қазақстандық нарыққа ғана емес, Рессей, Қытай, Моңғолия және Бірікен Араб Әмірліктеріне де экспортқа шығарылуда. Бұл елдерде алмамыздың с... |
| Толығырақ... Оқылды: 385 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.11.2019 |
Еріктілер ерлептұр |
| «Jetisy Media» алаңында «Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығы», ҚБ « Сердитый Талдыкорганец» шағымдар порталымен бірлесіп «Талдықорған Медиа – волонтерлік» жобасы аясында баспасөз – мәслихаты өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің «2020 еріктілер жылы» деп бекітуіне байланысты еріктілермен жұмыс жүргізу бір ізге салынған. Соған орай, медиа-волонтерлікті дамыту қолға алынып отыр. Аталған жобаның мақсаты жастардың еріктілікті дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларды қолдау арқылы, волонтерлік қызметке белсенді қатысуын ынталандыру. Жобаны ұйымдастырушы еріктілер ұйымының жетекшісі Әлия Шагиахмет. Әлия Ғалымжанқызының айтуынша, Жобада Талдықорған қаласындағы орта және жоғарғы оқу орындарының білімгерлеріне медиа – волонтердің кім екенін, атқаратын жұмыстарын, олардың қандай артықшылықтары бар екенін айтып түсіндіру. Осы тақырыптың көлемінде баспа өнімдерін шығару және тарату, сонымен қ... |
| Толығырақ... Оқылды: 523 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.11.2019 |
Әлеуметтік мәртебені қалай білуге болады? |
| Келесі жылдан бастап енгізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болу үшін азаматтар арнайы әлеуметтік мәртебе санатына жататынын тексеруі керек. ✅Бұл үшін: Egov.kz порталына ЭЦҚ-мен кіріп, «Әлеуметтік мәртебені тексеру» қызметін таңдап, шыққан жолаққа ЖСН енгізу қажет. |
| Толығырақ... Оқылды: 357 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.11.2019 |
"Береке тілеймін": жапон елшісі жетісу өлкесіне келді |
| Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Касаи Тацухико Талдықорғандағы Қаратал ықшамауданында орналасқан, 2014 жылы Елдос Баялышбаев негізін қалаған «Асар» спорттық-сауықтыру орталығына келді. Оны облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов күтіп алды. Еңбеккер азамат Елдос Баялышбаевтың жобалары талай жерде мақұлданып, жүзеге асыру үшін арнайы гранттар ұтып алған. Жобаларының негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созу, олардың қоғамға қалыптасуына септігін тигізу. Еліміз егемендік алғаннан кейін жұмысын бастаған Жапонияның «Кусанонэ» адам қауіпсіздігін сақтауға арналған әлеуметтік жобаларға арналған қайтарымсыз көмек бағдарламасы талайдың жолын ашты. Бұл тізімде Елдос Баялышбаев та бар. Залдағы Польшадан, Ресейден келген жаттығу құралдарына дәл осы бағдарлама грантын ұтып алу арқылы қол жеткізді. «Кусанонэ» (біздің тілде «Шөп тамыры») бағдарламасы 1997 жылдан бастап 2018 жыл аралығында... |
| Толығырақ... Оқылды: 379 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.11.2019 |
Еріктілер – жақсылық жасауға жаралған жандар |
| 2020 жыл – «Еріктілер жылы».Бұл туралы «Jetysu Media» алаңында өткен баспасөз-маслихаты барысында мәлім болды. Қазіргі таңда елімізде 287 әлеуметтік-еріктілер орталығы жұмыс істейді. Олардың ішінде 50 мың белсенді еріктілер қайырымдылықпен айналысуда. «2020 еріктілер жылы» қарсаңында Алматы облысындағы еріктілерді қолдау орталығы «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-мен бірлесіп, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының демеуімен «Еріктілер бастамасын дамыту үшін шағын гранттар бағдарламасын іске асыру» жобасын жолға қоюда. Жобаның мақсаты-бірыңғай еріктілер қозғалысы мен алаңдарды ұйымдастыру арқылы жастардың волонтерлік қызметке белсенді қатысуын ынталандыру болып табылады. «Дос.кз» әлеуметтік еріктілер орталығының директоры Лариса Леонидовнаның айтуынша, республика бойынша 17 еріктілер орталығы жұмыс істейді. Бүгінде еріктілер ұйымының жұмысын жадандыру үшін 17 грант бөлініп отыр. Грантты жеңіп алған жа... |
| Толығырақ... Оқылды: 439 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.11.2019 |
«Әрекет» жобасы аясында Алматы облысында әлеуметтік кәсіпкерлік дамуда |
| Алматы облысында әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша бірден екі жоба басталды: олардың бірі-аутизмі бар балаларға арналған бейімделген дене шынықтыру залы, екіншісі-есту қабілеті бұзылған студенттер жұмыс істейтін стоматологиялық ортопедия кабинеті, деп хабарлайды «Jetisy Media» КММ. Екі жоба да «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорымен жүзеге асырылатын «ӘREKET» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында іске қосылды. Солардың бірі облыс орталығында алғаш рет ашылған стоматологиялық ортопедия кабинеті. Бұл жерде Талдықорған қаласының жоғары медициналық колледжінде оқитын есту қабілеті бұзылған студенттер тіс протездерін дайындайтын болады. «Есту қабілеті бұзылған адамдарға жұмысқа орналасу оңай емес, себебі жұмыс берушілер оларды жұмысқа қабылдауға асықпайды. Өткен жылы Қазақстанда алғаш рет есту қабілеті бұзылған студенттерге арналған «стоматолог-ортопед» мамандығы ашылды. Осыдан медициналық колледждің түле... |
| Толығырақ... Оқылды: 352 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.11.2019 |
Енді мелекеттік қызметтерді алуда ЭЦҚ-ның қажеттілігі жоқ |
| Ермек Құралбекұлы,1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы болмаса, оның орнын қандай құжат басады? Енді тұрғылықты жері бойынша тіркеу қажет емес пе? Азаматтар қай мекенжайда тіркелгенін қайдан біле алады? - Иә, Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді және мемлекеттік қызметтер реестрінен алынып тасталатын болды. Яғни, еш мемлекеттік орган, мектеп немесе медициналық ұйым азаматтардан мекенжай анықтамасын сұрата алмайды. Тіптіхалыққа қызмет көрсету орталығынан да, электронды үкімет порталынан да анықтамаалу мүмкіндігі болмайды. Енді қазақстандықтар мекенжай мәліметінтек egov.kz электронды үкімет порталы және eGov mobile қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы тексере алады.Ал осы анықтамаларды сұратушы мелекеттік органдар мекенжай тіркеуі туралы мәліметтіішкі істер министрлігінің деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы өздері алатын болады. Жеке компаниялар egov.kz электрондық үкімет порталындағы үшінші тұлғаларға анықтама беруге мүмкіндік... |
| Толығырақ... Оқылды: 387 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.11.2019 |
Қазақстан – электронды мемлекеттік қызметтерді дамыту бойынша көшбасшы |
| Бұлтуралы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы барысындаTechFarmбасқарушысеріктесі Аман Тентиевмәлімдеді. Оныңайтуынша, Қырғызстанның электронды мемлекеттікқ ызметтердің дамуын қамтитын цифрландыру бағдарламасы 2017 жылы іскеқосылды, ал Қазақстандағы электрондық үкімет қызметі 13 жылдан бері жұмыс істеп келеді. «Қазақстан –өңірдегі электронды мемлекеттік қызметтердідамытудағы көшбасшы ел. Азаматтаронлайнтіркеліп, интернет арқылы кәсіпкерлікашаалады. Білуімше, бұл– елдеріңізде бес-алты жыл бұрын енгізілген қызмет. Қазақстан бұл бағытқа қомақты инвестиция жұмсаған, сәйкесінше нәтижесін көріп келеді», – дейді Тентиев. Сонымен қатар Тентиев танымал мэссенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік қызметтерді алу жолдарына жоғары баға берді. «Әзірге Қырғызстанда барлығы мемлекеттік қызметтер порталына цифрлық қолтаңбамен кіру арқылы жүзеге асып жатыр. Болашақта біз де Қазақстанның тәжірибесін ескеріп, қызметтерді әлеуметтік желіле... |
| Толығырақ... Оқылды: 373 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.11.2019 |
