ӘЛЕУМЕТ
СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІ |
Өткен апта Көксу ауданының тұрғындары үшін жағымды жаңалықтарға толы болды. Олай дейтін себебіміз, ауданға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкімет мүшелерінен құралған жұмысшы топ келіп, жаңалықтарымен бөлісіп, аудан тұрғындарымен кездесті. Ең алдымен, жұма күні ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов арнайы іссапармен келді. Ол аудандық Б.Оңғаров атындағы орталық стадионның жұмысымен танысты. Айта кететін жәйт, орталық спорт алаңы былтырғы жылы ғана күрделі жөндеуден өтіп, қазіргі заманға сай құрылғылармен жабдықталған. Нәтижелі өзгерістерге оң бағасын берген Елдос Мұратұлы әрмен қарай, стадион базасында орналасқан «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне» де аяқ басты. Бұл мектеп спорттың 12 түрінен оқушыларды шынықтырады. Спортшылармен 35 жаттықтырушы жұмыс істейді. Жалпы спортпен айналысатын 1241 бала 90 топқа бөлінген, оның ішінде: - 63 алғашқы дайындық топтарында 632 оқушы, - 27 оқу жаттығу тобында 309 оқушы. Спорт түрл... |
Толығырақ... Оқылды: 397 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.11.2019 |
Танымал американдық продюсермен кездесу өтті |
Талдықорған қаласындағы журналистер үйінде киноматаграфия саласының үздігі Дженнифер Арнольд шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сабағы кино сүйер қауымға осы салада еңбек жолын бастайтын жанның бәріне қызық болғаны анық. Сыр-сұхбат форматында ұйымдастырылған кеш барысында режиссер түсірілім барысында басынан өткерген қызықты жайттарды айтып, Арнольд көркем және өзгеде жанрдағы фильмдерге сахналарды қайтып құру және қалай бағыттау керектігі туралы өз аузынан әңгімелеп берді. Дженнифер Арнольд туралы ақпаратқа сүйенсек, ол - Эмми сыйлығына үміткер, жазушы, продюсер және режиссер. Оның еңбектеріне «A Small Act» (HBO), «The Diplomat» (ESPN) және «Tig» (Netflix), толық метражды комедиялары «Fat Camp» сынды телевизиялық комедиялары, сонымен қатар «Жердегі соңғы адам» (Fox), «Елес» (Fox) сияқты комедиялар кіреді. Кездесу соңында тыңдармандар продюсерге емен-жарқын сұхбаты үшін ризашылығын білдіріп, естелік сур... |
Толығырақ... Оқылды: 305 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.11.2019 |
Алматы облысында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны өтуде |
«Jetisu Media» алаңында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқанына орай баспасөз- мәслихаты өтті. 1988 жылдан бері жыл сайын 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні болып белгіленген, биылғы жылы науқандық іс-шаралар «Қоғамдастықтың шешуші рөлі» ұранымен өткізіліп жатыр. Осы тұрғыда Алматы облысында 2019 жылдың 5-ші қарашасы мен 5-ші желтоқсаны аралығы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанын өткізу айлығы боп жаряланды. Айлықтың басты мақсаты – облыс халқының АИТВ/ЖИТС бойынша білім деңгейін көтеру, оның ішінде халықтың осал топ өкілдері, сонымен қатар жастар арасында АИТВ жұқпасының таралуының алдын алу. Жыл сайын АИТВ жұқпасына 250 000 адам (облыс тұрғындарының 12 %) шалдығады. Жұқпаның 70-80% жыныстық қатынас арқылы, 17-20% есірткі қабылдайтындар арасында, 1-2% анадан балаға жұғу жолымен таралуда. «Соңғы жылдары адамдардың дәрігерге кешігіп қаралу үдерісі байқалуда, соның есебінен 2019 жылы анықталған әрбір бесінші науқас ЖИТС-тің... |
Толығырақ... Оқылды: 338 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2019 |
ХАБАРЛАМА! |
Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні - республикалық іс-шараның шеңберінде 2019 жылдың 21 қарашасында сағат 10-00-ден Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының басшылары азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдайды. Облыс прокуроры А.С.Жылқыбаев азаматтарды қабылдауды Талдықорған қаласы, Абылай хан көшесі, 113 (ӘКК «Жетісу» ғимараты) мекен-жайында орналасқан Алматы облысы прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығында өткізеді. Қабылдауға алдын ала жазылу Құқық қорғау қызметтері орталығында немесе 8 (7282) 41-32-80 телефоны арқылы жүргізіледі. Аудандық бөлімдерде қабылдау орны мен жазылу жолдары жайлы www.alm.prokuror.gov.kz сайтынан біле аласыздар. |
Толығырақ... Оқылды: 322 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.11.2019 |
Қазақстанда "5-20-25" бағдарламасы іске қосылады |
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елімізде «5-20-25» бағдарламасы іске қосылатынын мәлімдеді. Министрдің сөзінше, аталған тұрғын үй бағдарламасындағы басты шарт қазақстандықтардың табысының мөлшері болмақ. «Бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру» тапсырмасының аясында баспанаға қолжетімлідік баспалдағы енгізіледі. Мұнда халықтың табысы айқындаушы фактор болмақ. Кезекте тұрған жетім балалар, 1 және 2-топ мүгедектері, зейнеткерлер мен тағы басқаларының отбасында жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне, яғни 29,7 мың теңгеге жетпесе, сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспана беріледі», - деді Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында. Министрдің сөзінше, табысы екі ең төменгі күнкөріс деңгейіне (59-4 мың теңге) жетпейтін көпбалалы, толық емес және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға «Бақытты отбасы» бағдарламасы қолжетімді бола бермек. Өз сөзінде Атамбаев табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіні... |
Толығырақ... Оқылды: 301 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.11.2019 |
Хабарландыру |
Достар, егер мемлекеттік бағдарламаларға қатысу не банктен баспанаға қатысты қызметтерді алу үшін жылжымайтын мүліктің бар/жоғы туралы анықтама қажет болса, оны онлайн алудың жолын оқып, ойға тоқи жүріңіз |
Толығырақ... Оқылды: 283 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.11.2019 |
«Нан бағасы өспейді»: Алматы облысының наубайханалары төмендетілген бағадағы ұнмен қамтамасыз етілді |
Алматы облысында қалыпты нан бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Тұрақтандыру қорының қаражаты есебінен 6 мың тонна көлемінде бірінші сұрыпты бидай ұнын сатып алды. Осыған дейін облыс әкімі Амандық Баталов нан бағасын тұрақтандыру бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырған болатын. «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ, аудан әкімдіктері мен наубайханалар арасында ұн жеткізу жөнінде агенттік келісім жасалды. Жақында «Жетісу» ӘКК мамандары жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесе наубайхана мен дүкендердің басшыларымен кездесіп, бағаны ұстап тұру жөніндегі шаралардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Ұн «АзияАгроФуд» АҚ жергілікті кәсіпорнынан сатып алынды. Зауыт Алматы облысында қалыпты нан бағасын тұрақтандыруға бағытталған іс-шараларға үнемі қатысып келеді. «Қазіргі таңда Алматы облысының аудандарының басым бөлігіне 500 тоннадан астам тонна ұн жібердік. Алдағы уақытт... |
Толығырақ... Оқылды: 316 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.11.2019 |
Алматы облысында қысқы жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр |
«Jetisy Media» алаңында «Қысқы кезеңде төтенше жағдайды алдын алу және жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар», «Қысқы кезеңде пешті және электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өтті. Облыс аумағында ағымдағы жылдың басынан бері 1267 өрт оқиғасы тіркелген. Оның ішінде тұрғын үй секторында 791 өрт, шаруашылық объектілерінде 61 өрт шыққан. Өрттен келген шығынның жалпы сомасы 136 млн. 55 мың теңгені құрайды. Өртте 14 адам қаза тауып, 17 адам жарақат алған. Жыл басынан 173 улы газбен улану оқиғасы тіркелген. ТЖ ретінде есепке алынған улы газбен улану фактілері бойынша 55 адам жарақат алып, 19 адам қаза болған. Былтырғы жылмен салыстырғанда жарақат алу саны 14-ке төменсе, адам өлімі 4-ке артқан. «От жағу маусымындағы орын алатын ыстан улануды азайту мақсатында Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс әкімдігімен бірлесіп, үйлерде тұншықтырғыш газ датчиктерін орнату... |
Толығырақ... Оқылды: 335 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.11.2019 |
АЛИМЕНТ |
Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің бесінші бөлімімен реттеледі. Алимент дегеніміз - ол бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат. Атап айтқанда қаражат кәмелетке толмаған балаларға, қамқорлықсыз қалған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларға, еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарға және ерлі-зайыптыларға, жүктілігі кезеңінде және бала туған күннен бастап үш жыл бойы зайыбына қамтамасыз етілу үшін арналған. Ата-аналардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде, алимент сот тәртібімен өндіріп алынады, ол өз кезегінде сот орындаушының мойына түседі. Алиментті өндіру, оның ішінде балаларға арналғаны, халықтың әлеуметтік осал топтарының мүдделерін қозғайды және әлеуметтік маңызы бар істердің бірі болып табылады. Статистикалық мәліметіне сүйенсек ағымдағы жылдың 9 айындағы есептік кезеңнің аяғындағы атқару құжаттарының қалдығы 16 мыңнан ас... |
Толығырақ... Оқылды: 402 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.11.2019 |
Хабарландыру |
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету аясында ағымдағы жылы 21 қарашада Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні жалпы республикалық іс-шарасы ұйымдастырылады. Осыған байланысты 2019 жылы 21 қарашада сағат 09.00-де Алматы облысының әкімі А.Ғ.Баталов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді. Азаматтарды қабылдау Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 38-үй мекенжайы бойынша облыстық әкімдіктің ғимаратында (шағын зал, 3-қабат) өткізіледі. Қабылдауға алдын ала жазылу 8 /7282/ 24-71-40 телефоны бойынша жүргізіледі. Облыс әкімі аппараты басшысының м.а. Ж.Әлімбеков |
Толығырақ... Оқылды: 333 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.11.2019 |