ӘЛЕУМЕТ

"Egemen qazaqstan"-100: Дархан Қыдырәліге "Құрметті профессор" атағы берілді

Биыл - Ілияс Жансүгіровке 125 жыл. Сонымен бірге, құлагер ақын қалам сілтеген «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтойы. Осыған орай Талдықорған қаласында «Музейдегі түн» жобасы аясында «Ілияс ізі: "Еңбекші қазақтан" – "Егемен Қазақстанға" дейін» атты әдеби-сазды кеш өтті. Шағын шаңырақтағы үлкен шараның тізгінін облыстық "Жетісу" газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Әміреев пен ақын Гүлбақыт Қасен ұстады. Мөлтек жиынға аймақтағы әдебиеті жанашырлары толықтай жиналып, Сарыарқадан сағынып келген Халықаралық түркі академиясының президенті, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлімен дидарласты. Келелі кешке мұрындық болған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев алдымен сөз алып, жиналған қауымға жүрек лебізін жеткізді. – Бұл әдеби кештің Ілияс Жансүгіров музейінде өтуінің өзінді...
Толығырақ... Оқылды: 363 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.11.2019

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

Талдықорғандағы «Өркен» спорт кешенінде мемлекеттік қызметкерлер арасында суда жүзу спортынан жарыс өтті. Додаға 8 команда қатысты. Шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайыс облыстық ішкі саясат басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің мұрындық болуымен өтті. Өңірімізде мемлекеттік қызметкерлер арасында тұңғыш рет ұйымдастырылған дүбірлі дода тартысқа толы болды. Жарысқа жоғары дайындықпен келген спортшылар жеңістің желкенін көтеру үшін барын салып өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша 100 м қашықтықта 1-орынды Алмаз Нақыпбаев, 2-орынды Рустам Орсаев, 3-орынды Шынтас Нысаимов жеңіп алды. 25 м қашықтықта 1-орынды қалалық кірістер басқармасы, облыстың тауарлар мен көрсетілетін қызмет...
Толығырақ... Оқылды: 335 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.11.2019

Алматы облысында «Музейдегі түн» әдеби-сазды кеші өтті

Талдықорғанда Ілияс Жансүгіров атындағы әдеби музейінде жыр Құлагерінің 125 жылдығы мен "Егемен Қазақстан" газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған "Ілияс ізі: Еңбекші қазақтан - Егемен Қазақстанға дейін» атты әдеби сазды кеші өтті. Кештің өткізілудегі мақсаты қазақ әдебиетінің төкпе жорғасы, алдына қара салмайтын тұлпары, биік бәйтерегі, жырдың алтын діңгегі Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойының жалғасы ретінде Жыр жампозының артына қалдырған ізіне көз жүгіртіп, еске алу. Және де ақынның өзі қызмет еткен мемлекетіміздің бас газеті, еліміздің басынан өткерген сан түрлі әлеуметтік дүниені, маңызы зор оқиғаларды қалт жібермей қалың оқырманға жеткізіп жүрген, қазақ үшін құнды, ұлт үшін ұлағатты, сол кездегі «Еңбекші қазақ" бүгінгі «Егемен Қазақстан" газетіне биыл жүз жыл толуы жөнінде кеңінен ақпарат беру. Шара "Egemen Qazaqstan» республикалық газеті акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Ілиястанушы, Дархан Қыдырәлінің қ...
Толығырақ... Оқылды: 304 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.11.2019

«Жасыл ел» штабы маусымды жемісті қорытындылады

«Jetisy Media» алаңында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ХV еңбек маусымына арналған баспасөз-мәслихаты өтті. «Жасыл ел» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы негізінде 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Штаб құрылған 15 жыл ішінде қаншама жастың Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, елімізді жасыл желекке айналдыру мақсатында оларды бір арнаға тоғыстырды. Жастарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Алматы облыстық филиалы Республикалық көрсеткіштер бойынша көшбастап тұр. «2013-2017 жылдар арасында 4 мәрте қатарынан «Үздік штаб» номинациясына ие болса, 2016 жылы «Үздік жасақ» және «Үздік жоба» номинацияларымен қатар 2018 жылы қаһарман «Жасыл ел» номинациясына қол жеткіздік. Осы ж...
Толығырақ... Оқылды: 562 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.11.2019

Алматы облысында «ЕРЕКШЕ» жандарға арналған жоба іске асуда

«Jetisy Media» алаңында «A&A: IT-services & Education» жастар қоғамдық бірлестігі Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің тапсырысымен «Сөйлейтін пернелер» жобасын жүзеге асыруына байланысты баспасөз - мәслихаты өтті. XXI ғасыр ақпараттың уақыты. Күннен күнге жаңарып келіп жатқан мәліметтерден көз аша алмаймыз. Ал, қоғамның «ерекше мүшелері» осы тұрғыда өздерін жаңалықтармен қалай қамтамасыз етпек? Бұл бүгінгі күннің басты сауалы. Бұл ретте «Сөйлейтін пернелер» атты жобаның мақсаты аталған кемшіліктерді реттеу болып табылады. «Адам көз арқылы 80 пайыз, есту қабілеті арқылы 20-30 пайыз ғана ақпарат алады. Толық мәліметтен құлақдар болу үшін, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «тифо флеш плеер» атты құрылғы көмекке келе алады»,- дейді жоба авторы Қуаныш Қапанов. Қалтаға салып жүруге ыңғайлы құрылғы да, 150-ге жуық интернет...
Толығырақ... Оқылды: 373 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.11.2019

Алматы облысында экологтар бас қосты

Табиғат - адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Табиғатты қорғауға ғылыми тұрғыда бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар өткізіледі. Осы тұрғыда Алматы облысы да табиғатты қорғауға қатысты шаралардан қалыс қалған емес. Күні кеше еліміздегі барлық экологтардың басын қосқан Салтанат сарайында «Балқаш-2019» республикалық дөңгелек үстелі өтті. Шараның мақсаты еліміздегі экологиялық жағдайдың бір шама жақсаруына үлес қосу. Балқаш сынды өзгеде көлдердің тартылып кетпеуінің алдын алу шараларын ұйымдастыруға үндеу. Шара барысында Балқаш көлі мен Іле-Алакөл бассейінінің мәселелерінің пайда болуы, динамикасы, қазіргі жағдайы және шешімдері қарастырылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар мен спикерлер «Балқаштың кеше-бүгін-ертеңі жайлы мәселелерімен оның шешу жолдары мен болашағы» туралы баяндамалар жасап, кәсіби пікірлерін ұсынды. Дөңгелек үстелде «Экологиялық мәселелерді ғылыми зерттеу институтының» директ...
Толығырақ... Оқылды: 336 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.11.2019

"Nur Otan" партиясының жұмысы жандануда

Көксу аудандық "Nur Otan" партиясының филиалында партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия төрағасы Орынхан Нұртаевтың төрағалық етуімен өткен жиынға комиссия мүшелері, мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Дәулет Халелов және "Nur Otan" партиясының Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов қатысты. Аталмыш жиынның күн тәртібінде бес мәселе қарастырылды. Ең алдымен аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қажым Әдетбековтың баяндамасы тыңдалды. Аудан орталығындағы салынып жатқан 20 және 50 пәтерлік тұрғын үйге қатысты партиялық бақылау комиссия мүшелерінің жүргізген рейді бойынша атқарылған жұмыстары сараланып,мердігер компанияның басшысына сын-ескертпелер мен толықтырулар айтылды. Келесі кезекте аудандық мәслихат депутаты Бақытхан Оразбаеваның аудандық бюджет қаражатын жұмсалғаны жөніндегі есебі талқыланды. Бақытхан Жұмақанқызы өз сөзінде: "Мәслихат қызметінің негізгі нысаны оның сессиялары мен тұрақты...
Толығырақ... Оқылды: 365 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.11.2019

ОБЛЫС ӘКІМІ АУДАН АХУАЛЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бейсенбі күні аудан орталығына облыс басшысы Амандық Баталов жұмыс сапарымен келді. Мақсат - мемлекеттік бағдарламаға сәйкес аудандағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, халықпен кездесу. Елімізде ауыл шаруашылығын дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы барған сайын кеңейіп келеді. Оның ішінде отандық тұқым шаруашылығын оңтайландырып арттыруға да айрықша көңіл бөлініп отыр. Бұл жағынан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тарапынан тиісті орындарға жүктелген тапсырмалар ұшан-теңіз. Осы бағытта қант қызылшасына ерекше назар аударыла бастады. Әрі, табыстың қайнар көзі - қант қызылшасы екендігі де баршаға мәлім. Осыған байланысты, облыс әкімінің жұмыс барысының негізі Ақшатоған ауылында орналасқан «Айдын» шаруа қожалығына баруымен бастау алды. Егістік алқабы барлығы 800 гектарды алып жатқан шаруа қожалығында қант қызылшасы - 285 га, соя - 345 га, жүгері - 120 га, дәнді дақыл - 50 га құрайды. Бұл қожалықта 70 -ке жуық адам жұмыс жасайды. Шаруашылық басшысы Айдын Дюсенбинов...
Толығырақ... Оқылды: 363 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.11.2019

Еңбекшіқазақ ауданында 60 пәтерлік тұрғын үй қолданысқа беріледі

Үстіміздегі 2019 жылдың 9 айында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы жалпы өндірілген ауылшаруашылық өнім құны 79 млрд.теңгеден асып, нақты көрсеткіш өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 122,1 пайызға артық орындалған. Бұл туралы облыс орталығы Талдықорғанда «Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында жария етілді. Аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлының айтуынша ауылшаруашылықтың барлық саласы бойынша негізгі көрсеткіштерінің өсу динамикасы негізінен қамтамасыз етілген. Ет, сүт, жұмыртқаны өндірудің өсуі байқалады. Мал саны мен барлық дақылдардың көрсеткіштері айтарлықтай өсті. Ауданның мақтауға тұрарлық іс – алма бақтарының жандануы. Егер 2012 жылы алма мен жүзім бақтарының көлемі 3271 гектарды құраса, 2019 жылы, 6 жыл ішінде бұл көрсеткіш 10,5 мың гектардан асқан. Алмалар қазақстандық нарыққа ғана емес, Рессей, Қытай, Моңғолия және Бірікен Араб Әмірліктеріне де экспортқа шығарылуда. Бұл елдерде алмамыздың с...
Толығырақ... Оқылды: 300 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.11.2019

Еріктілер ерлептұр

«Jetisy Media» алаңында «Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығы», ҚБ « Сердитый Талдыкорганец» шағымдар порталымен бірлесіп «Талдықорған Медиа – волонтерлік» жобасы аясында баспасөз – мәслихаты өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің «2020 еріктілер жылы» деп бекітуіне байланысты еріктілермен жұмыс жүргізу бір ізге салынған. Соған орай, медиа-волонтерлікті дамыту қолға алынып отыр. Аталған жобаның мақсаты жастардың еріктілікті дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларды қолдау арқылы, волонтерлік қызметке белсенді қатысуын ынталандыру. Жобаны ұйымдастырушы еріктілер ұйымының жетекшісі Әлия Шагиахмет. Әлия Ғалымжанқызының айтуынша, Жобада Талдықорған қаласындағы орта және жоғарғы оқу орындарының білімгерлеріне медиа – волонтердің кім екенін, атқаратын жұмыстарын, олардың қандай артықшылықтары бар екенін айтып түсіндіру. Осы тақырыптың көлемінде баспа өнімдерін шығару және тарату, сонымен қ...
Толығырақ... Оқылды: 468 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.11.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.