ӘЛЕУМЕТ
«Жетісу адалдық алаңында» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды |
Облыста жыл басынан бері "Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсесінде 50-ге жуық қоғамдық қабылдау өткен. 200-ден аса азамат өтініш беріпті. Бүгінде оның 30 пайызға жуығы оңтайлы шешімін тапқан. Біз мұнда халықтың түйіткілді мәселелерін шешіп қана қоймай, түрлі жағдайларға байланысты кеңес береміз, - дейді жоба жетекшісі. Аманжол Жазықбаевтың айтуынша, тұрғындардың басым бөлігі - мемлекет тұрғын үй қорынан үй алу, жер телімін рәсімдеу сынды өтініш білдіреді. Жалпы, бұл мәселелер адалдық алаңы жобасы аясында кестеге сай жүргізіліп келеді. Осы орайда ҚР әділет министрлігінің кадр қызметі департаменті директорының орынбасары Мақсат Жақсыбаев пен әдеп жөніндегі уәкілі Алма Сыдықова атаулы жобалық кеңседе қоғамдық қабылдау өткізді. Жиында өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы бірқатар сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші этикасын қалай сақтау қажеттігі жайлы ақпараттандырды. «Жетісу аймағына келгендегі басты себебіміз, Алмат... |
Толығырақ... Оқылды: 292 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.10.2019 |
Алматы облысы озық өңір атанды |
24 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» атты тұңғыш республикалық форумы болып өтті. Республикалық формуға Алматы облысынан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев, басқарама қызметшілері және облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушылары мен әдіскерлері қатысты. Форум барысында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жаһандану үдерісіндегі қазақ тілінің болашағы мен даму бағыттары, латын графикасына көшіру барысы талқыланды. Өңірлердегі тілдік ахуалға мониторинг жасалып, әр өңірдегі өзекті мәселелердің шешу жолдары сарапталды. Форум аясындағы интерактивті көрмеде Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев өңірімізде жүзеге асып жатқан жобалар мен өнімдерді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға көрсетіп, таныстыр... |
Толығырақ... Оқылды: 294 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.10.2019 |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б.Б. Дембаевтың «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабы тәртібінде үндеуі |
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! Әлеуметтік желілерде сотпен экстремистік деп танылған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» ұйымы (ҚДТ) мен оның жақтастары 2019 жылғы 26 қазанда кезекті заңсыз акцияларды ұйымдастырып, қатысуға шақырулар таратуда. Аталған ұйымның мүшелері аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін шетелде сот төрелігінен жасырынып жүр. Олар тұрғындарды құқыққа қарсы іс-әрекеттерге айдап салып, адамдардың қауіпсіздігіне, олардың өмірі мен денсаулығына, мүлкіне залал келтіру, қоғамның қалыпты тіршілік әрекетін бұзу қауіпін туындатуда. Бұл тұлғалардың қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қатер төндіретін іс-әрекеттеріне жол берілмейді және олар шектеуге жатады, өйткені Конституцияның нормаларына және елдің заңдарына, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 19, 20, 21-баптарына қайшы келеді. «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 13-бабына сәйкес экстремистік ұйымдарды тарта отырып, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пик... |
Толығырақ... Оқылды: 344 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.10.2019 |
Кербұлақ ауданының 59 елді мекені орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған |
Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихаты барысында Кербұлақ ауданының әкімі Махаббат Бигельдиев хабарлады. Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында оң серпін байқалды. Осы жылдың III-ші тоқсанында ауыл шаруашылық, өнеркәсіп және де басқа салалардың барлығында өсім сақталды,-деді аудан әкімі өз есебінде. Сонымен қатар, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2 млрд 969 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 102,8 пайыз болды. Ауылшаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 2018 жылмен салыстырғанда 1 мың 118 гектарға артып, 111 мың 793 гектарға жеткен. Барлығы 88 мың 143 гектар дәнді дақылдан түсімділігі 20 центнерден 175 685 тонна астық орылды. Келесі жылдың есебіндегі 25 мың 748 гектар алқапқа күздік бидай себіліп, жоспар 100 пайызға орындалған. Картоп өндірісі 2 мың 640 гектарға себіліп, жоспар 100 пайызға аяқталды. Әр гектардан орташа түсім 208 центнерден айналып 54 мың 900 тонна өнім өндірілді. Сонымен қатар,... |
Толығырақ... Оқылды: 328 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.10.2019 |
Беларусь елі Панфилов ауданы арқылы Қытайға өз тауарын шығармақ |
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Беларусь елінің тауарлары сатылатын арнайы сауда орталығы ашылды. Қазірдің өзінде бұл еркін экономикалық сауда аймағында 20-дан астам түрлі компаниялардың өнімдері қойылған. Беларусь Республикасының Премьер-министрінің бірінші орынбасары Александр Турчиннің айтуынша жаңадан ашылған сауда павилоны арқылы Қытай нарығына қандай тауар керектігін зерттейміз. Егер біздің өнімдерге сұраныс артып жатса Алматы обысында Беларусь елінің өнімдерін өндіретін боламыз,-деді. Беларусь Республикасы Қытай еліне өз өнімдерін мұхит арқылы бір айдан астам тасымалдаса, «Құрғақ порт» арқылы 15 күнге тасымалдау мүмкіндігі бар. Осы орайда, облыс әкімі Амандық Баталов А.Турчинға «Nur joly» және «Құрғақ порт» бекеттерінің жұмыстарын таныстырды. Айта кету керек, өткен жылы Қазақстан мен Беларусь арасында 1 млрд теңге сауда-саттық жасалынған. Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметі. |
Толығырақ... Оқылды: 301 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.10.2019 |
Алматы облысы бойынша МКД баспасөз-мәслихатын өткізді |
Jetisy` media алаңында Мемлекеттік кірістер Департаментінің ұйымдастыруымен «2019 жылдың 9 айындағы кедендік әкімшілендіру жұмысының негізгі бағыттары жөнінде Алматы облысы бойынша МКД қызметінің қорытындысы» тақырыбында баспасөз-мәслихатын өткізді. Спикерлер Алматы облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Д.Н.Маулетов және кедендік әкімшілендіру басқарма басшысы Р.О. Қалиаждаров кедендік әкімшілендіру жұмысының негізгі бағыттары және осы жылдың 9 ай ішінде орын алған құқық бұзушылықтар жөнінде баяндады. Бүгінде Департамент құрылымы 20 аумақтық басқармалардан, «Достық» кеденінен, бес «Алтынкөл-жол», «Қорғас-ШЫХО», «Қалжат», «Нұр жолы» және «Талдықорған» кеден бекеттерінен тұрады. Жалпы, Департамент кеден ісі саласында 9 ай көлемінде 672 құқық бұзушылық анықтады, 87 628 125 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, 78 096 750 теңгеге айыппұл өндірілді. Оның ішінде тек қана ҚР ӘҚБтК 551-бабы бойынша &la... |
Толығырақ... Оқылды: 341 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.10.2019 |
Мекенжай анықтамасын алып тастау бойынша |
Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасыталапетілмейдіжәнемемлекеттікқызметтерреестріненалыныптасталатынболады. Яғни, ешмемлекеттік орган, мектеп не медициналықмекемеазаматтарданмекенжайанықтамасын 1 қарашаданбастапсұратаалмайды. Оны «Азаматтарғаарналғанүкіметтің» филиалдарынан да, электрондыүкіметпорталынан да алумүмкіндігіболмайды. Қажетболғанжағдайдақазақстандықтартіркеугетұрғанмекенжайларын egov.kz электрондыүкімет порталы мен eGovmobileқосымшасындағыжекекабинетіарқылытексереалады. Мемлекеттікоргандарғакелетінболсақ, оларбұлмәліметтіішкіістерминистрлігініңдеректербазасыменинтеграцияланғанақпараттықжүйелеріарқылыалатынболады. Соныменбірге, азаматтардыңмекенжайтіркеуітуралыақпараттысұратуымүмкінбасқаұйымдар, соныңішіндежекекомпаниялар egov.kz электрондықүкіметпорталындағыүшіншітұлғаларғаанықтамаберугемүмкіндікберетінсервистіпайдаланаалады. Бұл тек азаматбірретақпараталуғарұқсатберетін SMS-кекелісімбергендеғанажүзегеасатын операция. Мұндай SMS алуүшіназамат &... |
Толығырақ... Оқылды: 298 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.10.2019 |
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 340 мыңнан астам көпбалалы отбасы жаңа мемлекеттік жәрдемақы алатын болады |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамандарының болжамы бойынша 4 немесе одан көп баласы бар 340,3 мың отбасы көпбалалы болуына байланысты мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады. Айта кетерлігі, аталған жәрдемақы енгізілгеннен бастап Қазақстандағы көпбалалы отбасылар санының артуына байланысты алушылар саны да артуы мүмкін. Аталған мемлекеттік жәрдемақыны енгізу Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша ҚР Еңбекмині әзірлеген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде (бұдан әрі – АӘК) көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағытының бірі болып табылады. Таяуда ҚР Еңбекмині тиісті заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізуді жоспарлап отыр. Жоғарыда аталған мемлекеттік жәрдемақы 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көпбалалы отбасыларға табысын... |
Толығырақ... Оқылды: 349 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.10.2019 |
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУҒА ТҮСКЕН ЖАРНАНЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ 214 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ |
Оның 205,5 млрд теңгесі (95,9%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, ал 8,9 млрд теңге (4,1%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Алматы облысы бойынша жарна көлемі 10,2 млрд теңгені құрады. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Жеңілдік берілген азаматтар қатарына төмендегі 15 санат кіреді: 1) балалар; 2) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер; 3) бала (балалар) туу немесе жаңа туған сәбиді (сәбилерді) асырап алуға байланысты, баласы (балалары) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыс алған адамдар; 4) үш жасқа толмаған бала (балалар) тәрбиесімен аналысатын жұмыс істемейтін азаматтар; 5)«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен немесе бұрын «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар; 6) зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысыны... |
Толығырақ... Оқылды: 335 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.10.2019 |
Алматы облысында «Сапалы жол» және «Ашық бюджеттердің интерактивтік картасы» жобаларын іске асуда |
Бұл туралы «Jetisy Media» коммуналдық мекемесінд өткен баспасөз мәслихаты барысында белгілі болды. Өздеріңізге белгілі, 2018 жылы 26 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Парламентаризмді дамыту қорымен бірлесе жүзеге асырған «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» бірегей жобасының таныстырылымы өткен болатын. Қазіргі таңда осы жоба Алматы облысында іске қосылды. Сыбайлас жемқорлықты тек азаматтық қоғам институттарын тарта отырып жеңуге болады, өйткені бұл жеңісте азаматтық қоғамның қызығушылығы аса жоғары. Басқарудың төменгі деңгейлеріндегі сыбайлас жемқорлық тек азаматтар мен азаматтық қоғам институттарының күш-жігерімен ығыстырылуы мүмкін. Интерактивтік карта - қоғамның ақпаратқа қол жеткізуін жеңілдету, Қазақстан азаматтарының мемлекеттік билігіне сенім деңгейін арттыру және билік пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді диалог платформасын құру үшін құрылған ЕурАзЭҚ және ТМД елдері арасынд... |
Толығырақ... Оқылды: 296 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.10.2019 |