ӘЛЕУМЕТ
«100 жаңа есімге» кім лайық? |
«100 жаңа есім» жобасына өтініштер қабылдау басталды. 2019 жыл Тұңғыш Президент – Елбасы ұсынысымен «Жастар жылы» болып белгіленгендіктен, биылғы жобаға 39 жасқа дейінгі жас қазақстандықтардың жетістіктерінің тарихын іздеуге және таңдауға ерекше назар бөлу жоспарланған. Жобаның басты мақсаты – Тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан, ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту. Үміткерлер 100janaesim.ruh.kz сайтында өтінім толтырып және қалауы бойынша өз жетістіктері туралы бейнероликті жүктеп жобаға қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 1 қазанынан 1 қарашаға дейін жүзеге асырылады. Осыған орай, ұйымдастырушылар елорданың мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым, бизнес, спорт, қоғам саласында қызмет етіп, Қазақстанды көркейтуге үлес қосып жатқан азаматтарды жобаға қатысуға шақырады. Жобаға қатысу критерилері: 1. 39 жасқа толмаған азамат болуы керек; 2. Нақты бір саладағы жетістіктері болу... |
Толығырақ... Оқылды: 300 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.10.2019 |
Алматы облысындағы қарттардың жағдайы қандай деңгейде? |
Алматы облысының «Талдау және болжау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қыркүйек айында Алматы облысындағы қарт адамдардың жағдайын анықтау үшін онлайн, телефон сауалнама жүргізді. Мемлекетіміздің саясаты халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын: көпбалалы отбасылар, қарт адамдар, зейнеткерлер, әйелдер мен жастарға жағдай жасауға бағытталғаны белгілі. Соның ішінде, әрбір азаматтың қарттық шағын лайықты етіп қамтамасыз ету, қарт адамдар өмірінің сапасы мен әлеуметтік стандарттарын үнемі жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Сауалнамаға нәтижесінде «Біздің қоғамымызда қарт кісілерге құрметпен қарай ма, әлде сыйламай ма? деген сауалға жауап берген респонденттердің 53% құрап, сенімділіктің жоқтығын білдіргендей «құрметпен шығар» деген жауапты таңдаған. Қазіргі кезде қоғамымызда қарт кісілерге жеткілікті көңіл бөленетіндегіне 44% респонденттер жеткілікті шығар деп күмәнмен жауап берсе, 31% же... |
Толығырақ... Оқылды: 328 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.10.2019 |
Күрішті өңір өркендеп келеді |
Жетісудың ақ маржанын ору қызу жүріп жатыр. Бүгінде астықтың жартысынан жуыға қамбаға құйылған. Бұл туралы «Jetysu Media» коммуналдық мекемесінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Балқаш ауданының әкімі Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы мәлімдеді. Әкім жиын барысында ауданның ағымдағы жылдың 9 айы аралығындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, атқарылған жұмыстар жайлы толық баяндады. Облысымыздың басты драйвері – ауылшаруашылығы. Халықтың 80 пайызы ауылдық жерде тұрады. Сондықтан ауылдарға жағдай жасау – басты міндетіміз болуы керек. - Бүгінде аудан ауыл шаруашылық саласы бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Мәселен, егін шаруашылығы бойынша барлығы 29809 га жерге егіс егіліп, оның ішінде күріш 8861 гектарының 7521 га шабылып, 6473 га бастырылды. 27963 тонна өнім алынған. Сүтті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту және сүт өндіру мақсатында 2018 жылы «Динара ранч» ЖШС-і жеке қаражат есебінен 1500 бас «Гол... |
Толығырақ... Оқылды: 333 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.10.2019 |
Министр: Көпбалалы отбасыларға микрокредит беру мерзімі ұлғайтылмақ |
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Атырау қаласының тұрғындарын қабылдады. Сонымен қатар, Махамбет ауданының тұрғындарымен кездесіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары туралы айтты. Қала тұрғындарымен кездесуден кейін Еңбек министрі Атырау қаласының жұмыспен қамту орталығында болды. Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен әңгемелесу барысында Біржан Нұрымбетов Президенттің Жолдауында бизнесті қолдаудың жаңа түрлерін белсенді түрде енгізу қажеттілігі айқын көрсетілгенін, бұл әлеуметтік аспектілерге – бірінші кезекте көпбалалы және табысы аз отбасылар үшін отбасылық бизнес құруға баса назар аударылатынын атап өтті. Сондықтан жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері осы отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерін нәтижелі жұмысқ... |
Толығырақ... Оқылды: 336 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.10.2019 |
Брифинг өткізілді |
2019 жылдың 8 қазан күні аудандық төтенше жағдайлар бөлімі от жағу маусымы кезеңі бойынша брифинг өткізді. Аудан аумағында 2019 жылдың 9 айында 27 өрт жағдайы тіркелген. Оның ішінде 4 өрт жағдайы тұрғын секторда орын алған. Төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында үй секторларында өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі айлықты өткізіп тұрады. Оның негізгі мақсаты – азаматтардың меншігін, жеке мүліктерін және өмірін өрттен, улы газдан уланудың алдын алу болып табылады. Айлықты өткізу кезінде Балпық би ауылының №8 ӨСБ қызметкерлерімен бірлесіп аудан аумағында орналасқан 1154 тұрғын үйді аралап, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу барысында 2308 адамға тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Аудандық ТЖБ қызметкерлерімен Көксу ауданының «Халыққа қызмет көрсету орталығының» қызметкерлері арқылы 400 дана жаднамалар таратылды. Қазіргі таңда тұрғын секторда адам өліміне әкелетін өрттер көбеюде. Олардың негізгі себептері: пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ереж... |
Толығырақ... Оқылды: 325 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.10.2019 |
Фракция отырысы өтті |
Ағымдағы жылдың 3 қазан күні «Nur Otan» партиясының Көксу аудандық филиалында депутаттық фракция отырысы өтті. Отырысқа облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Ғалиасқар Сарыбаев, аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Алмас Әділ, Көксу аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов және аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Күн тәртібінде «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Жиын барысында аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында аудан көлемінде атқарылған бірқатар жұмыстармен таныстырды, - «Ағымдағы жылдың 9 айында Көксу ауданының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 57108 қызмет көрсетілді, оның ішінде 50835 немесе 89 пайыз қызмет электронды форматта көрсетілді. 2018 жылы аталған көрсеткіш 75 пайызды құраған болатын. Қазақстан Республикасының Президе... |
Толығырақ... Оқылды: 362 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.10.2019 |
Қарасай батырға еңселі ескеркіш қойылды |
Қарасай ауданының 90 жылдығын мерекелеу аясында Қаскелең қаласындағы орталық алаңға даңқты Қарасай батырдың 11 метрлік еңселі ескерткіші тұрғызылды. Ескерткіш жергілікті меценаттар мен кәсіпкерлердің қолдауымен жасалды. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Амандық Баталов қатысты. Аудан тұрғындары мен қонақтарын құттықтаған облыс әкімі А. Баталов: - Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласы шеңберінде облыста тарихи құндылықтарымызды сақтауға, ұлы тұлғаларымыздың есімін құрметтеуге бағытталған ауқымды шаралар атқарылуда. Бүгін, міне, Қарасай ауданының 90 жылдығына орай аты аңызға айналған қаһарман Қарасай батырға арнап ескерткіш ашып отырмыз. Бұл кейінгі жастарды елжандылыққа тәбиелеуге қосылған үлкен үлес деп білеміз, - деді өз сөзінде. Мұнан соң олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіров және аудан тұрғындары мен қонақтары мерейлі мерекемен көпшілікті құттықтап, ауданда жасалып жатқан игі істерді, соның ішінде Қара... |
Толығырақ... Оқылды: 390 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.10.2019 |
Алматы облысында «Орбұлақ» шайқасының тарихи клубы құрылды |
Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасы халықтың тарихи санасын жаңғырту үшін өте маңызды. ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» жалпы ұлттық клубын құру ұсынылған. Осы мақсатта Талдықорған қаласындағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жанынан «Орбұлақ шайқасының тарихи клубы» құрылды. Клуб мақсаты-халқымыздың көп ғасырлық мәдени-тарихи мұрасын жандандыруға және тарихымызға деген жағымды көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. Жалпы ұлттық клубы түрлі фестивальдер өткізу, тарихи естелікті сақтауға жаңа серпін бермек. Сонымен қатар, тарихшылар, археологтар, қолөнершілер, реконструкторлар мен түрлі қоғамдық ұйымдармен тығыз жұмыстар жүргізеді. Клубтың алғашқы отырысына зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен жас мамандар қатысты. Жиында алғаш болып сөз алған «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін «Орбұлақ» шайқасының отандық... |
Толығырақ... Оқылды: 282 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.10.2019 |
ӘМСҚ КеАҚ Алматы облысы бойынша филиалының медициналық қызметтер сапасына мониторинг жүргізу бөлімінің 2019 жылдың 9 айының жұмысы |
2019 жылдың басынан бастап бөлім мамандары келісімшарттық міндеттемелер аясында медициналық ұйымдарға бару арқылы тұрақты негізде мониторинг жүргізіп келеді, медициналық қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Алматы облысында қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту түрі бойынша мониторинг жүргізілді. Мүгедектердің жағдайын жақсарту Қазақстан Республикасының әлеуметтік қызметі үшін ерекше маңызға ие.(«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; «Халық денсаулығы және 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 52-бабының 4-тармағы). денсаулық сақтау жүйесі »). Денсаулықты жақсарту, әлеуметтендіру және созылмалы патологиясы бар науқастарға, ауыр жарақат пен операция жасатқан науқастарға, мүгедектерге пайдалы өмірге оралу мақсатында қалпына келтіру қызметтерін ұсы... |
Толығырақ... Оқылды: 343 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.10.2019 |
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК НӘТИЖЕЛЕРІ |
Толығырақ... Оқылды: 475 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.10.2019 |