ӘЛЕУМЕТ

Брифинг өткізілді

2019 жылдың 8 қазан күні аудандық төтенше жағдайлар бөлімі от жағу маусымы кезеңі бойынша брифинг өткізді. Аудан аумағында 2019 жылдың 9 айында 27 өрт жағдайы тіркелген. Оның ішінде 4 өрт жағдайы тұрғын секторда орын алған. Төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында үй секторларында өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі айлықты өткізіп тұрады. Оның негізгі мақсаты – азаматтардың меншігін, жеке мүліктерін және өмірін өрттен, улы газдан уланудың алдын алу болып табылады. Айлықты өткізу кезінде Балпық би ауылының №8 ӨСБ қызметкерлерімен бірлесіп аудан аумағында орналасқан 1154 тұрғын үй араланып, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу барысында 2308 адамға тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелері үйретілді. Аудандық ТЖБ қызметкерлерімен Көксу ауданының «Халыққа қызмет көрсету орталығының» қызметкерлері арқылы 400 дана жадынамалар таратылды. Қазіргі таңда тұрғын секторда адам өліміне әкелетін өрттер көбейіп келеді. Олардың негізгі себептері: пештерді пайдалану кезінде өрт қауіп...
Толығырақ... Оқылды: 364 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.10.2019

Талдықорғанда «Жылдың үздік мұғаліміне» автокөлік кілті тапсырылды

Талдықорған қаласындағы Б. Римова атындағы облыстық драма театрында мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай «Ұстаз аты –ұлы, әрі мәңгілік » атты салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға облысымыздың аудандары мен қалаларының білім саласының басшылары, мұғалімдер, оқу орындарының оқытушылары қатысты. Аймақ басшысының атынан облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов жиналғандарды құттықтап сөз сөйледі. — Қадірменді білім саласының қызметкерлері! Мұғалімдер күні – орны бөлек, дәрежесі биік мереке. Барша ұстаздарды төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Елбасы Н.Назарбаев білімнің сапасын, мектептің жай-күйін, мұғалімнің жағдайын назардан тыс қалдырған жоқ. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде елімізде жаңартылған білім жүйесі, мықты материалдық-техникалық база, білікті кадрлар қатары қалыптасып үлгерді. «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылдау қажет деп ұйғарды. Қазір де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кеме...
Толығырақ... Оқылды: 390 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.10.2019

ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Өздеріңізге белгілі аудан әкімі Алмас Қабдулұлы өңірімізде атқарылып жатқан барлық жұмыстарды, ауданның тыныс-тіршілігін назардан тыс қалдырмай күн сайын жеке аралап бақылауында ұстап келеді. Күні кеше ғана өңір басшысы бір күндік жұмыс күнін, аудандағы құрылыс алаңдары мен бірқатар нысандардың жұмысымен танысуға арнады. Жауапты сала жетекшілерімен бірге Т.Исабаев көшесіндегі Елбасының «Құтты мекен» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 50 және 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылысын бақылап қайтты. Нысандарды аралау барысында аудан әкімі жүргізіліп жатқан құрылыс жұмысының және жолдардың орташа жөнделуіне баса назар аударып, тиісті сала мамандарына тапсырма берді. Ескере кетсек, бұл 50 пәтерлі үйдің құрылысы 15-ші сәуірден басталған. Күрделі жұмыстары толығымен аяқталып, бүгінгі күні есік пен терезелері салынуда. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сомасы 465 миллион 950 мың теңгені құрайды. Желтоқсан айының 16 жұлдызы мерекеге орай тапсыру көзделіп отыр. Ал, 20 пәтерлі үй...
Толығырақ... Оқылды: 298 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.10.2019

Жаһандық сауалнама жүргізу туралы ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 11 қыркүйек пен 30 қараша аралығында Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ересек тұрғындарға темекі өнімдерін қолдану туралы маңызды сауалнама жүргізілетінін хабарлаймыз. АЕО қызметкері үй шаруашылығын (пәтер, үй, жатақхана) ғылыми іріктеу жолымен анықталған болады және электронды құрылғы (планшет) көмегімен үй шаруашылығының (отбасының) бір тұрғынынан темекі өнімдерінің әр түрлерін пайдалану (пассивті темекі шегу, экономикалық аспектілер, білім және темекіге қатысты) мәселелер бойынша сұрайтын болады. АЕО қызметкерінде өзімен бірге фотосуреті және аты-жөні (бейдж) бар интервьюер куәлігі, АЕО-ның темекіні пайдалану бойынша сұрау туралы ақпараттық хаттарының көшірмелері бар. Бұл жобаның табысы үшін әрбір таңдалған респонденттің сауалнамаға қатысуы өте маңызды. Сауалнамаға қатысушы ұсынатын ақпарат толық құпиялылық жағдайында сақталады. Жеке ақпарат басқа біреуге, оның ішінде отбасының басқа мүшелеріне хабарланбайды. Сауалнама нәтижелері ҚР Д...
Толығырақ... Оқылды: 354 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.10.2019

«Мектепке жол» республикалық акциясының өтілуі туралы

Көксу ауданында 2019 жылдың 5 шілде - 30 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 4 шілдедегі «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу туралы № 3-15-3/2717-И тапсырмасына және Алматы облысы әкімінің 2019 жылдың 5 шілдедегі «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы» № 78 –ө н/қ өкіміне негізінде республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Акцияны ұйымдастырып өткізу жөнінде аудан әкімінің 5 шілдедегі № 112-ө н/қ өкімі мен аудандық білім бөлімінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 304/1 –б н/қ бұйрығы қабылданып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Көксу ауданының білім беру ұйымдарында акция жөнінде билборд жасалып, орнатылды. Сонымен қатар, барлық елді мекендерде акция туралы және акцияға шақыру хабарламалары ілінді. «Мектепке жол» акциясы аясында әр мектепте «Жүректен жүрекке» ұранымен қайырымдылық шаралары бекітілген кестеге сәйкес өткізілді. Шара барысында аудандағы жек...
Толығырақ... Оқылды: 402 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.10.2019

Талдықорғанда қала күніне орай 100 баспана пайдалануға берілді

Талдықорған қаласының туған күні қарсаңында көп балалы аналар, ауған соғысының ардагерлері, кезекте тұрған азаматтар қоныстой қуанышына ие болды. Оларға пәтер кілттерін облыс әкімі Амандық Баталов, ұшқыш-косманавт, генерал-майор Айдын Айымбетов және басқа да белгілі азаматтар салтанатты түрде тапсырды. Салтанатты шарада облыс әкімі Амандық Баталов қуаныш иелеріне ізгі тілегін білдірді. - Шаңырағың биік, босағаң берік болсын дейтін жақсы тілек бар қазақта. Бүгін сіздердің қуаныштарыңызға осындай тілектерді арнап айтқым келеді. Жаңа баспанада бала-шағаларыңыз өсіп-өнсін, іші шаттық пен бақытқа толсын! Бұл коттеджді қалашық біраз жыл бұрын қолға алынғанымен, құрылысы біраз саябырлап қалған еді. Биылғы жылы құрылыс жұмыстарын жандандырып, соның 100 үйін аяқтап, көп балалы аналарымызға, баспанаға мұқтаж азаматтарға беріп отырмыз. Елбасы жүргізген, жаңа Президентіміз жалғастырған мемлекеттік саясаттың арқасында осындай зор нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Ынтымағымызды сақтап, бірлесе...
Толығырақ... Оқылды: 306 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.10.2019

Алматы облысы шикізаттық емес инвестиция тартуда көш бастап тұр

Талдықорған қаласында Jetisy Invest-2019 халықаралық бизнес форумы өтті,-деп хабарлайды dalanews.kz Өңірдің инвестициялық потенциалы және оны әрі қарай да өркендету жолдары сөз болатын шараға қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлер қатысуда. 2014 жылдан бері ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту жөнінен Алматы облысы алда келеді. 2014-2016 жылдардың аралығында облыстағы ішкі инвестиция 27 пайызға өскен (2016 жылы 477 млрд теңге). Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысы шикізаттық емес шетелдік инвестициялар тарту жағынан көш бастаған. Өткен жылы өңірге шамамен 77 млрд теңге инвестиция тартылған. Шикізаттық емес инвестиция көлемі облыста осымен үшінші жыл қатарынан 20 пайызға өсіп отыр. Олардың арасында Іле ауданында салынатын “Қаскелең Солар Пауэр” электростанциясы, Сарқанд ауданында бой көтеретін “ВЭС Абай” жел электростанциясының құрылысы бар. Бұдан бөлек Жамбыл ауданында бір ауысымда 250 адамға арналған аудандық емхана алдағы жылдары пай...
Толығырақ... Оқылды: 273 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.10.2019

«Талдау және болжау» орталығы тағы бір меморандумға қол қойды

«Талдау және болжау» орталығы діни бірлестіктердің ынтымақтастықтарын арттыру мақсатында “Ізгілікті істер” қоғамдық қоры орталығымен меморандумға қол қойды. Бұл туралы «Zhetysu media» алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. Қазіргі таңда Алматы облысында азаматтарға діни мәселелер бойынша онлайн-кеңес беретін «Қауырт желі 114» орталығы жұмыс істеуде. Орталық «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы тарапынан ұсынылған. «Қауырт желі 114» Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен діндерді зерттеу орталығы қауымдастығымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Жоба азаматтарға діни мәселелер бойынша кәсіби және уақытылы көмек көрсете алады. Мамандар телефон арқылы және сайттың онлайн режимінде тұрғындардың дінге қатысты сауалдарына жауап беріп, деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге психологиялық қолдау көрсетеді. Консультациялық кеңес қазақ жә...
Толығырақ... Оқылды: 324 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.10.2019

Үкіметтік емес ұйымдар мен серіктестік – көңілге сенім ұялатты

Қазіргі таңда аудан көлемінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып, халықтың ықыласына бөленуде. Мемлекеттің де идеология және экономика саласында Үкіметтік емес және азаматтық институттармен бірлесіп, мемлекеттік саясатты халыққа насихаттап түсіндіру бағытындағы жұмыстар жылдан жылға жаңа сипатта қарқын алып келеді. Дана халқымызда «келісіп пішкен тон келте болмайды» деген ұлағатты сөз бар. Осы бағытта аудандық ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Азамат Болатұлының қолдауымен бірқатар мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық идеологияны насихаттайтын маңызды тақырыпта бірнеше лоттар бойынша республика аумағында ашық конкурс жариялады. Нәтижесінде «Болашақ бағдары» деп аталатын қоғамдық бірлестік конкурс жеңімпазы болып танылды. Аталған қоғамдық бірлестік жетекшісі Нұржан Маратұлы жас та болса бас болуға лайық екенін көрсетіп, ішкі саясат бөлімінің қолдауымен ауылдық округтерде іс-шаралар...
Толығырақ... Оқылды: 364 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.10.2019

Қарттарын қадірлеген – ел ардақты

Даналықтың алтын кілті – қарттарымыз. Ата жолын жалғап келе жатқан бүгінгі күнгі ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз. Қария деген сөз елдің басы болу, ақылын айтар дана болу, ел төрінде құрметке бөлену, ас бергенде немерелерінің үлесін бөлер қамқоршысы, шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылын айтар елі мен жерінің кеңесшісі, қазақтың әр отбасында арқа тұтар осындай ата-әжелері бар. Олардың әрбір айтқан гауһар тасқа бергісіз ақылдары жас ұрпақтың өсіп-өркендеуіне өте мол үлесін тигізеді. Ауданымызда 1 – қазан Халықаралық қарттар күні жыл сайын ерекше аталып өтіледі. Ауылдық округтерде жергілікті әкімшіліктің ұйымдастыруымен аймақтағы барлық еңбек ардагерлері дастарханға шақырылып, өткен – кеткенді еске алып, бір жасап қалды. Бұл игі іс-шара Балпық би ауылында және Мұқыры, Лабасы, Мұсабек ауылдық округтерінде ерекше жүзеге асуда. Аудан әкімінің тапсырмасымен Балпық ауылдық округінің әкімі Қуат Күзбаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік...
Толығырақ... Оқылды: 395 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.10.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.