ӘЛЕУМЕТ
Тазалық – табалдырықтан басталады |
Тазалық баршаға ортақ. Кінә кімнен? Күнделікті көріп жүргеніміздей, өмірдегі өзекті мәселенің бірі – тазалық. Себебі, тазалық – өмір айнасы, иманның жартысы. Ол болмаған жерде бейберекетсіздік еңдеп, қоғамда қауіпті жағдайлар орын алып, адам денсаулығына зиянды факторлар пайда болуы ғажап емес. Бұлай деуімізге Қытай елінде тараған «коронавирус» себеп болуда. Яғни тазалық сақталмаған жағдайда инфекциялық түрлі ауру-сырқау тарайтынын ұмытпағанымыз абзал. Сондықтан санитарлық жұмыстардың жүйелі жүргізілуінің мәні осында. Бұл – бір. Екіншіден, тұрмыстық қатты қалдықтар кез келген жерде шашылып жатса, көшенің де көркі қашады. Ауыл, елдің сәні бұзылады. «Тазалық – табалдырықтан басталады» деген ұғымды әкеміз бен анамыз қаршадайымыздан-ақ санамызға сіңірді. Бұл біздің отбасымыз үшін ғана емес, Отан алдындағы азаматтық міндеттің ажырамас бөлігі екенін бәріміз жақсы білеміз. Күнделікті есіктің алдынан бастап, қора-қопсыны тазалау, қоқыстарды ти... |
Толығырақ... Оқылды: 1103 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2021 |
Әскери билет eGov.kz порталы арқылы |
Күнделікті өмірде әскери билеттің маңызы төлқұжат пен жеке куәліктен кем емес. Ол жұмысқа орналасу немесе тұрғылықты жері бойынша тіркелу кезінде міндетті болып табылады. Әскери билет болмауының немесе жоғалуының жағымсыз салдары болуы мүмкін, сондықтан бүгін біз «офицерлерге, сержанттарға, запастағы сарбаздарға әскери билеттер немесе олардың телнұсқаларын (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік қызметі туралы айтып бермекпіз. Қызметті екі жолмен алуға болады: eGov.kz порталы арқылы: - Порталда авторизациядан өтіп, "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз - Өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ немесе бір реттік құпиясөз арқылы қол қойыңыз - Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) сіздің өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысыңыз ХҚО арқылы: Сіздің категорияңыз үшін ұсынылған тізім бойынша құжаттарды жинап, жақын орналасқан ХҚО-ға жүгіну болады. Қажетті құжаттардың санаттары мен тізімін сырғытпадан таба... |
Толығырақ... Оқылды: 1352 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.09.2021 |
Некені бұзу туралы өтініш eGov порталының көмегімен |
Егер ерлі-зайыптылардың екеуі де ажырасуға келіссе және кәмелетке толмаған ортақ балалары, ортақ мүлкі және басқа да талаптары болмаса, олар тұрғылықты жері бойынша АХАТ арқылы ажырасуы мүмкін. Некені бұзу туралы өтінішті не АХАТ-қа, не eGov порталының көмегімен беруге болады. Бір айдан кейін ерлі-зайыптылар ажырасу үшін АХАТ-қа баруы керек. Ажырасқаннан кейін eGov порталында ерлі-зайыптылардың екеуі де ажырасу туралы анықтаманы ала алады. Ортақ балалар және басқа да даулар болмаған жағдайда қызмет құны – 2 АЕК, сот шешімі негізінде – 0,5 АЕК. eGov порталы арқылы тек некені бұзуға өтініш беруге немесе анықтама алуға болады. Ахат өзара келісім бойынша немесе ерлі-зайыптылардың біреуі жоғалған, әрекетке қабілетсіз немесе кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған деп тану туралы сот шешімі болған кезде некені бұзады. Ал балалар мен мүлік даулары болған жағдайда, сот арқылы жасалады. |
Толығырақ... Оқылды: 1124 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.09.2021 |
Балабақша-бақыт баспалдағы |
«Тәрбие басы тал бесіктен»,- дегендей, адам баласы дүниеге келген күннен бастап ана сүтімен қоректеніп, ес кіріп, есейген сайын жарық әлем сырын, әлем құпиясын білуге құштар бола бастайды. Осы құштарлық таза жан, пәк сезімді ластамай, дұрыс бағыт-бағдар алуда ата-ананың ықпалы зор екені айтпаса да анық. Бала тәрбиесінің алғашқы бастамасын отбасынан алса, жалғасы балабақшада жалғасады, яғни бала тәрбиелене отырып, білім алады, мүмкіндіктері ашылып, қабілеттері дамиды. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балаларды жас ерекшелігіне сай өсіп, жетілуіне, біліммен сусындауына, жан-жақты дамуына балабақшаның берер пайдасы зор. Балабақша есігін енді ғана ашқан балалардың бөтен орта, бөтен адамдарға тез үйренісіп, балалабақшаның ішкі тәртібі мен күн режиміне қалыптасуда тәрбиешілердің рөлі басым. Әртүрлі тәрбиеленген балалар мен олардың түрлі мінезді ата-аналаларының тілін тауып, психологиясын зерттеп, жүрегінен орын алу кез келген адамның қолынан келе бермейтін аса күрделі жұмыс.... |
Толығырақ... Оқылды: 1475 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.09.2021 |
Мектепке дейінгі білім беруде ойын технологияларын қолдану |
Халқымызда «Жақсы бала ойлағыш, Жаман бала тойлағыш» немесе «Баланың ойнағанына қара, қазанның қайнағанына қара» деген аталы сөз бар. Қанша жерден дамыған ғылымға ерсекте, бала тәрбиесінде атадан қалған асын сөздерді ұмытпағанымыз абзал. Себебі, ұлағатты сөздер өмір тәжірибесі, өткеннің ізі. Мәселен, мектеп жасына дейінгі балалар үшін тағылымды тәрбиеден тыс, ойынның да ролі айрықша болмақ. Балалар үшін ойын еңбек, ойын тәрбиелеуді ең мықты формасы. Сондықтан, мектеп жасына дейінгі балалар үшін дұрыс ойынның балаға берері зор. Ойын - бала әрекетінің негізгі түрі. Ол бала тілінің дамуына ықпал етіп ғана қоймай, айналаны тануға деген белсенділігін арттырады. Баланың білімге құштарлығы, сөйлеуі ойнай жүріп қалыптасады. Ойындар баланың жас ерекшелігіне қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рөлді,, дидактикалық, құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар т.б. болып бөлінеді. Ондағы мақсат, баланың әлеуметтік белсенділігі мен жеке тұлға болып қалыпт... |
Толығырақ... Оқылды: 1469 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.09.2021 |
Көксудан шыққан суретші - Әбілхан Қастеевтің шәкірті |
«Жарық дүниеге келген екенсің, өмірді, тіршілікті қыран қанатындағы өнер биігіне көтерген ләзім»- депті немістің ұлы ақыны Гете. Өмір– өзен ағады, тоқтамайды. Өмір өткен күнмен, жасаған жылмен өлшенбейді. Өмір өлшемі– мына беймаза дүниеде жасаған ізгілікті ісің, артында қалған жақсы көрнекі ізің. Дана халқымызда «Көп жасап күміс болғанша, аз жасап алтын болған артық»- деген ұлағатты сөз бар. Бұл сірә, бабамыз Балпық би, Қадырғали Жалайыри сияқты талай елімізге танымал тұлғаларға жарқын бейне сыйлаған қылқалам шебері, сурет өнерінің майталманы Иманбек Рахымбекұлына арнап айтылғандай. Кішкентай кезінен Жамбыл ауылында өсіп ер жеткен бала Иманбек табиғаттың көз тартар сұлулығына, қаймағы бұзылмаған ауыл азаматтарының татулығы мен мейіріміне бөленіп өсті. Үйінде алған тәлім-тәрбие мен сүйіспеншілік қиялға қанат бітіріп, өнерге қадам басуға, сурет сиқырына кенелуге жол ашады. -«Менің суретке деген алғашқы қызығушылығым мектеп қабырғасында жүрген... |
Толығырақ... Оқылды: 1530 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.09.2021 |
Әкімі жақсы болса - халқы бақуатты |
Қыркүйектің 12-сі күні Мұқыры және Мұсабек ауылдық округтерінде су жаңа екі әкім тағайындалды. Бұл кадрлық ауыс-түйіс жалпы жалпақ жұртқа жыл келгендей жаңалық бола қойған жоқ. Себебі екеуі де сол ауылдың тумасы. Көптің көз алдында, өз еңбегімен, білім-білігімен абырой биігіне өрлеген азаматтар. Қоғамның белді азаматтары туралы адамдар әсте әртүрлі ойлайды. Көпшілік жоғары лауазымды қызмет аспаннан салбырап түсіп, сол адамның басына қона қалғандай көреді. Әдетте, әкімдер туралы әңгіме бола қалса жақтырмай, тулай жөнелетін адамдар да жоқ емес. Әкімнің де әкімі бар. Жұмыс болған соң, оның күнгейі мен көлеңкесі де болмақ. Әкім болу оңай ма? Әкімдер- барлық жағдайды жоғарыдан төмен емес, төменнен жоғарыға қарай бақылайтын, соған қарап іс-әрекет жасайтын тұлғалар. Өздеріне тиесілі ауылды, қаланы, облысты көркейту, дамыту үшін барын салады. Алайда бәрі тиянақты, кемшіліксіз бола алмайды. Осы кезде, әкімдердің басы дауға қалып, сынға ұшырайды. Мұқыры ауылына барар жолда әкімдердің қызмет... |
Толығырақ... Оқылды: 1454 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.09.2021 |
Алматы облысының кәсіпкері жасанды көлде балық, қаз өсіруде |
Елімізде жеке кәсіпкерлерді қолдау ерекше. Сондықтанда болар әр жерде жеке шаруалар қаз, үйрек, балық өсіріп табыс табуға ден қоюда. Қаратал ауданының тұрғыны Аксенов Анатолий да осы кәсіпті бастау үшін 10 гектар жерге жасанды көл жасап, 10 жылдан бері балық өсірсе, соңғы 2 жылда қаз, үйрек өсіруді қолға алған. Бұл фермада бүгінгі күні беламур, сазан, мөңке балықтары, қаздың россиядан әкелінген етті бағыттағы үлкен Сера және ақ Линда қаз түрі бар. Балықтардың орта салмағы 18 кг. қаздың орта салмағы 4 келіге дейін жетеді. Кәсіпкер Анатолийдың айтуынша, қаз балапандарын өсіріп, суға жіберген сәттен балықдың өсуі 2 есеге ұлғайған, себебі қаздың еті, жүні, аяқтары мен бауыры нарықта үлкен сұранысқа ие болса, оның соңғырығыда таптырмас тыңғайтқыш. «Балық шарушылығымен айналысып жүргеніме 10 жылдан асты. Бұл кәсіп табысты болғанымен оны 4 жыл бойы ауламай баптау қажет. Ал қаз, үйрек балапандары 3 ай ішінде өсіп, ет алады. Еті диеталық жеңіл болып келеді. Қазірдің өзінде сұраныс ө... |
Толығырақ... Оқылды: 1417 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.09.2021 |
Азаматтарға арналған үкімет Kaspi.kz-пен |
Қазақстандықтар үшін жақсы жаңалығымыз бар. Азаматтарға арналған үкіметтің Kaspi.kz-пен бірігіп енгізген жаңа сервисінің арқасында жылжымайтын мүлікті тіркеу жеңілдей түседі. Енді нотариуста жылжымайтын мүлік бойынша мәміле жасасқан клиенттер мемлекеттік бажды Kaspi.kz қосымшасында бірден төлей алады. Ол үшін нотариус берген түбіртектегі QR кодты сканерлеу қажет немесе қосымшадағы "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі арқылы төлем жүргізуге болады. Бұрын нотариаттық мәміле жасалғаннан кейін нотариус құжаттардың электрондық көшірмелерін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі арқылы жіберетін. Содан кейін мәміле рәсімін аяқтау үшін клиенттер мемлекеттік бажды банкке немесе "Қазпошта" кассаларына барып төлеп, төлем чегін нотариусқа қайта әкелуі тиіс-тін. Жаңа қызмет нотариусқа қайта оралу қажеттілігін жояды. Қазақстандықтар өз уақыттарын айтарлықтай үнемдейді. Бүгінде жылжымайтын мүлікті тіркеуге өтінішті ХҚО немесе нотариус арқылы да беруге болады. |
Толығырақ... Оқылды: 1376 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2021 |
Шетелде жүріп ЭЦҚ-ны қалай алуға болады? |
Күтпеген жағдайлардан ешкім сақтандырылмаған, сондай жағдайлардың бірінде сізге ЭЦҚ керек болып қалуы да мүмкін. Бұрын шетелде жүріп ЭЦҚ алу қиындық тудыратын, қазір сіз ЭЦҚ-ны алу үшін елшілікке немесе консулдыққа жүгіне аласыз. Ол үшін сізге: - NCALayer бағдарламасын орнату -www.pki.gov.kzпорталында "жеке тұлғалар үшін ЭЦҚ" алуға өтінім беру - жеке ЖСН нөмірін енгізіп, тиісті жолдарды толтыру қажет. Бұдан кейін консулдыққа барып, сайтта өтініш берген соң қалыптастырылған анықтама мен жеке куәлікті ұсыну қажет. Лауазымды тұлға ақпараттық жүйеде өтінімді растаған соң өтініш жасаған компьютерденwww.pki.gov.kzпорталында шығарылған сертификаттарды (ЭЦҚ) жүктеп алуға болады. Бүгінгі таңда бұл қызмет Абу-Даби, Бішкек, Вашингтон, Мәскеу, Нью-Йорк, Прага, Санкт-Петербург, Сеул, Ыстамбұл және Майндағы Франкфурт қалаларында орналасқан 10 дипломатиялық өкілдікте қолжетімді. |
Толығырақ... Оқылды: 1391 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2021 |