ӘЛЕУМЕТ

«Жетісу Әкелер мектебі» әлеуметтік жобасы іске асырылуда

Облыс аумағында маусымнан қарашаға дейін мектеп өміріне әкелер қауымын тарту, белсенділіктерін арттыру және ер азаматтардың тәрбиедегі рөлін арттыруға бағытталған «Әкелер мектебі» жобасы іске асырылуда. Жоба әкелік институтын нығайтуға және дамытуға бағытталған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында және жобадағы негізгі іс-шаралармен қамтамасыз етіледі. Оған кемінде 50 жалпы білім беретін мекеме қатысады. Онда өз балаларының өмірі мен тәрбиесіне белсенді қатысуға дайын, жауапты және белсенді әкелерді қалыптастыруға ықпал ететін түрлі іс-шаралар мен тренингтер өткізілетін болады.
Толығырақ... Оқылды: 94 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.09.2024

25-қазан Республика күні

25-қазан Республика күні – еліміздің басты және жалғыз ұлттық мерекесі. 1990 жылы 25 қазан күні ҚазКСР жоғарғы кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл декларацияның қабылдануы еліміздің тәуелсіздігін алуға деген үлкен қадамдардың бірі болып есептеледі. 5 жылдан кейін, яғни 1995 жылы 18 қазанда ҚР Президенті Жарлығымен 25-қазан Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі - Республика күні болып жарияланды. Сондықтан, елімізде Республика күні ұлттық мереке болып белгілену жайдан жай емес, ол дегеніміз еліміздің құрылуындағы ең маңызды күн екенің белгісі. Ұлттық мереке еліміздің жастарының Отанға деген патриоттық сезімін оятып, өз тарихымызды, еліміздің қазіргі тәуелсіз, егеменді ел қатарына қосылудағы өткен талай қиындықтарын еске түсіріп тұрады деген ойдамыз. Қазақ елі бұл күнге онайлықпен жеткен жоқ, оны біз тарихтан жақсы білеміз және ол туралы келер ұрпақ ұмытпаса екен. Осы қан мен тердің көмегімен келген егемендіг...
Толығырақ... Оқылды: 167 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.10.2023

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі шеңберінде жұмыс істейтін халықтың мүдделерін қорғау

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі 2005 жылдан бастап әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрлі жағдайы басталған кезде жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі ретінде енгізілді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржы ресурстары жұмыс берушілер жұмыскерлері үшін, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдар өздері үшін төлейтін ең төменгі жалақының кемінде бір және жеті еселенген мөлшерінен аспайтын кірістің 3,5% мөлшерінде әлеуметтік аударымдар есебінен қалыптастырылады. Бұл ретте әлеуметтік аударымдар міндетті зейнетақы жарналары сияқты қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, жұмыс берушілердің қаражаты есебінен төленеді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру ынтымақтастық принципіне негізделген, өйткені әлеуметтік аударымдар барлық жұмыс істейтін азаматтар үшін төленеді, ал төлемдерді тек әлеуметтік тәуекел туындаған адамдар ғана ала алады. Қордан асыраушысынан айырылуы жағдайына төленетін әлеуметтік төлем асыраушысынан айырылуы бой...
Толығырақ... Оқылды: 156 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.09.2023

ОТБАСЫМ - МЕНІҢ БАЙЛЫҒЫМ

Отбасы — сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» демекші Көксу аудандық "AMANAT" партиясы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Отбасы күні» мерекесіне орай «Отбасым менің байлығым» атты шара өткізді. Партия консультанттары Көксу аудандық мәслихатының депутаты,жас отбасы атанған Байгабулов Нұрлан Сейілханұлыны мерекемен құттықтады.Көксу ауданының орталық ауруханасының мейіргерімен бірге медициналық кеңес беріп,балалардың денсаулығын тексерді.«Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қызы» деген, мақтан етер ұрпағымыз көбейсын. Ұрпағына мақтаныш болар қазыналы қарттарымыз көп болғай. Қазақтың әр отбасының керегесім кең, шаңырағы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Толығырақ... Оқылды: 148 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.09.2023

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ

ҚР Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын аудан тұрғындарының арасында насихаттау мақсатында, Аудандық маслихат депутаты Алпысбаев Калибек Демегенұлы мен Көксу аудандық кітапхана директоры Тустикбаева Айгерим Айдарқызы Мұсабек ауылдық округіндегі, Бақша бекеті, Мойынқұм бекет тұрғындарымен кездесіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауын насихаттау жұмысын жүргізді. Бекет тұрғындары жолдау туралы өз ойларымен бөлісіп, қолдау білдірді.
Толығырақ... Оқылды: 192 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.09.2023

ТҰТЫНУШЫЛАРҒА ДЕПОЗИТ МӘЖБҮРЛЕУ ЗАҢСЫЗ!

Қазақстандық тұтынушылар көңіл көтеру, демалыс базалары және т.б орындарына барып, демалған уақытта кәсіпкерлер тарапынан депозитпен мәжбүрлеу сынды мәселеге ұшырап жатады. Бұл ретте ҚР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заңының 28 бабында тұтынушыны тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өзіне қажетсіз мөлшерде және (немесе) ассортиментте сатып алуға мәжбүрлеуге тыйым салынған, яғни бұл бәрімізге мәлім Депозит жайлы айта кетсек, жоғарыда айтылған Заң талаптарына қайшы болып табылады. Бұл жайында Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Еділ Зайтбеков облыстық «Атамекен» ҰКП өткен «Көңіл көтеру орындарындағы, демалыс базаларындағы депозит мәселесі және тұтынушылар құқығы» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында жеткізіп, заңның нормаларын кездесуге қатысқан кәсіпкерлерге, оның ішінде көңіл көтеру орындарымен демалыс базасы иелеріне түсіндірді. Сонымен қатар, департамент басшысы «Тұтыну...
Толығырақ... Оқылды: 172 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.08.2023

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ БҚДАД ТАЛАБЫН ОРЫНДАДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (әрі қарай — Департамент) «Көксужылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (әрі қарай — Кәсіпорын) жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейтуге келісім беру туралы өтінішхатын қарастырды. Осы өтінішхатты қарау барысында, Департаментпен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жетісу облысы бойынша филиалының Көксу аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің (әрі қарай — Бөлім) бұйрығымен Кәсіпорынның мемлекеттік қайта тіркеуден өткені анықталды. Кәсіпорынның мемлекеттік қайта тіркеуден өтуіне негіз: қосылу жолымен қайта ұйымдастыру, жарғының жаңа редакциясы, жарғылық капиталдың ұлғаюы, қызмет түрлерінің және атауының өзгеруі. Алайда, Кәсіпорын қызмет түрлерін кеңейтуге монополияға қарсы органның келісімін алған жоқ, бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіні...
Толығырақ... Оқылды: 173 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.07.2023

МЕМЛЕКЕТТІК—КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРЫН БҚДАД ТАЛАБЫН ОРЫНДАДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (әрі қарай — Департамент) «Көксужылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (әрі қарай — Кәсіпорын) жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейтуге келісім беру туралы өтінішхатын қарастырды. Осы өтінішті қарау барысында Департамент кәсіпорынның монополияға қарсы органның келісімінсіз қызмет түрін кеңейте отырып, мемлекеттік қайта тіркеуден өткенін анықтады*. Сондай-ақ, Кәсіпорынның жарғылық қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен (әрі қара — Қаулы) бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің Тізбесіне сәйкес келмейді. Осылайша, Кәсіпорынның іс-әрекеттерінде, Қаулыға сәйкес келмейтін және монополияға қарсы органмен келісілмеген қызмет түрлерін кеңейтуге байланысты, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама бұзушылығы анықталды. Жоғарыда айтылған...
Толығырақ... Оқылды: 251 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.07.2023

Біз халықпен біргеміз, атқарар жүгіміз ауыр

Халық даналығында «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан жаңа» деген ұлағатты сөз бар. Сөз астарынан, жарты ғасырда қоғам жаңарып, жаңа сипатта өмір сапасының жақсаратыны қоғамның даму заңдылығы екенін аңғартады. Бүгінде сан ғасырлық бабалар арманы болған Тәуелсіздікке қол жеткізіп, егемен ел болғанымызға 32 жыл толды. Осы жылдарда жеткен жетістіктеріміз бен бағындырған биіктеріміз бір төбе болса, жинақталып қалған бір кем дүниені жаңартуда қаңтардың қаралы оқиғасы қоғамға зор думпумен сілікініс туғызды. Нәтижесінде «Жаңа Қазақстан» ұғымы өмірге келді. Мемлекет басшысы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жаңа Қазақстан» стратегиясын іске асырудың күрделі де ауқымды алғы шарттарын небәрі 1 жылдың ішінде өте табысты іске асырды. Ең алдымен Ата Заң «Конституцияға» бүкіл халықтың дауыс беру арқылы толықтырулар мен өзгерістер енгізді. Кезектен тыс Президенттік сайлау өткізіп, көп кешіктірмей барлық деңгейдегі Мәслихат сайлауын өткізіп, қоғам жаңаруғ...
Толығырақ... Оқылды: 199 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.06.2023

Қазақстан Республикасындағы инфляция

Сәуірде тұтыну бағаларының индексі айлық мәнде 0,9% құрады, тиісінше көрсеткіш наурыз деңгейінде сақталды. Индекс құрылымында азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 1,3%-ға, азық-түлік тауарлары – 0,9%-ға, ақылы қызметтер – 0,4%-ға өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде сәуірде бағаның ең жоғары өсімі дизель отынына – 16,1%, бензинге – 9,7% болды. Наурыз айымен салыстырғанда жуу және тазалау құралдары 1,4%, жеке гигиена құралдары 1,1%, ыдыс-аяқ 1%, тұрмыстық техника 0,9% өсті. Азық-түлік тауарлары арасында жеміс пен көкөніс бағасы едәуір өскен, сәуірде қырыққабат 4,7%, қызанақ 4,1%, жүзім 3%, алма 2,6%, алмұрт 2,4% қымбаттаған. Бағаның өсуі күрішке – 2,7%, салқындатылған сусындарға – 2,5%, рожкилерге, ультрапастерленген сүтке – әрқайсысы 2,4%-дан, салқындатылған балыққа – 2,2%, пастерленген сүт, макарон өнімдеріне – әрқайсысы 2,1%-дан байқалды. Бұл ретте қияр – 11,4%, қарақұмық жармасы – 3,7%, күнбағыс...
Толығырақ... Оқылды: 281 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.05.2023
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.