ӘЛЕУМЕТ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КОМПЛАЕНС ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТ БОЙЫНША LIVE – ВЕБИНАР |
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілері ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы Комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелерді айқындауға тиіс. Бұл ретте квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылмайтын кәсіпкерлік субъектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді құруға құқылы. Осылайша, кәсіпкерлік субъектілерінде комплаенс-қызметтерді құру ұсынымдық ретінде қарастырылады. Осыған байланысты, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінде комплаенс-қызметтерді тарату мәселелерін жылдамдату мақсатында ағымдағы жылдың 2 наурызында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өңірдің бизнес-қоғамдастығы үшін ISO 37001 талаптарына сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты, сондай-ақ Компленс-қызметтер институты... |
Толығырақ... Оқылды: 1626 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.03.2021 |
1-наурыздан бастап 1-5 сынып мектеп оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді. |
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы №9 қаулысына сәйкес 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде, санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, 1-5-сынып және халықаралық мектептердің 1-7-сынып білім алушыларын аралас форматта оқытуға, оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқытуға рұқсат етілді. Білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беріледі. Бұл жағдай әлі де қашықтан оқытуда қалып отырған 6-8, 10 сыныптарға қатысты. Бұл міндетті емес, мұғалімдердің шешімі мен оқушылардың ата-аналарының келісімі бойынша іске асырылады. Облыстың аудан, қалаларындағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қай оқу пәндерінің штаттық немесе қашықтан оқыту форматтарында жүргізілуін және оқу сағаттарының санын анықтауды мектептер де... |
Толығырақ... Оқылды: 1620 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.03.2021 |
ПРЕСС-АНОНС! |
Құрметті әріптестер! 2 наурыз күні, сағат 11:00-де «Jetisy media» ақпараттық алаңында «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының 2020 жылғы жұмыс қорытындылары, 2021 жылға жоспары және гендерлік саясат туралы» тақырыбында брифинг өтеді. Спикер: «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары - Тойлыбаева Гүлнәр Қожағұлқызы. Өтетін орны: «Журналистер үйі», 1-қабат, мәзіліс залы. |
Толығырақ... Оқылды: 1487 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.03.2021 |
Шамамен 16 млн қазақстандық немесе халықтың 84%-ы медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған – Б.Төкежанов |
Шамамен 16 млн қазақстандық немесе халықтың 84%-ы медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған, деп «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Басқарма Төрағасы Болат Төкежанов Денсаулық сақтау министрілігің алқа отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша МӘМС жүйесіне енбегендердің саны 3 млн-нан асып жығылады: жарнаны тұрақты төлемегені үшін 1,6 млн адам мәртебеге ие болған жоқ, ал 1,4 млн тұлға бір жыл ішінде бірде-бір рет төлемеген. «Жазда ай сайын 42500 алып жүрген кезде, жеке тұлғалар жаппай БЖТ төлей бастаған болатын. Солай жалғаса бергенде МӘМС жүйесі халықтың 92%-ін қамтитын еді. Халықты МӘМС жүйесіне енгізу үшін тыңғылықты жұмыс істеуді жалғастыру қажет - өңірлердің әкімдіктері "Атамекен" ҰКП, Мемлекеттік кірістер комитетінің аймақтық бөлімдері мен медициналық ұйымдарды жұмылдыра отырып, өңірлік штабтардың тиімділігін арттыруы тиіс. Бұл мәселеге әсіресе Қостанай, Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының әкімдіктері баса назар аудар... |
Толығырақ... Оқылды: 1469 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.03.2021 |
2020 жылы МӘМС бойынша жалпы құны 41,6 млрд теңге тұратын 10 мыңға тарта қымбат ота жасалды |
2020 жылы МӘМС бойынша медициналық көмекке 357 млрд теңге жұмсалды, деп Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ Басқарма Төрағасы Болат Төкежанов хабарлады. МӘМС бойынша қосымша 100 млрд теңгеге тарта қаражат 67 млн консультативтік және диагностикалық қызметті қаржыландырды, оның ішінде - 25 млн бейінді мамандардың қабылдауы, 5 млн диагностикалық зерттеу, 7 млн стоматологиялық қызмет, 10 млн процедура мен манипуляция, 337 мың жоғары технологиялы зерттеу, мысалы КТ және МРТ. МӘМС енгізілгелі бері амбулаториялық деңгейде дәрілік көмектің де қолжетімділігі артты. Бұрын пациенттер 45 дерт бойынша препараттар ала алатын болса, қазір 138 ауруға байланысты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. 2020 жылдың қорытындысына бойынша Қор активі есебінен еліміздің стационарларында жоспарлы түрде 1 миллионан астам пациент емделді, бұған 170 млрд теңге жұмсалды. Ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер бойынша, жоспарлы емдеуге жа... |
Толығырақ... Оқылды: 1460 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.03.2021 |
Алматы облысында 8 шағын ДШК салынады |
Жетісудың бас шаһары, Талдықорған қаласында «Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы» және «Қазақ күресі» ассоциациясының Алматы облысының спортшыларымен кездесуі өтті. Алқалы жиынға өңір басшысының орынбасары Рустам Али арнайы келді. Дөңгелек үстелдің аясында, жігіттің жүректісі ғана төбе көрсететін спорт түрлерінің өткеніне баға беріліп, келешегіне бағам жасалды. Жеті өзені тоғысқан өлкеде, жауырыны жерге тимеген ұлттың ұландарын шыңдау мақсатында түрлі спорттық шаралар жүзеге асуда. Ал, кіл жүйріктер топ жаратын аламанға саңлақтарды дайындау үшінде, аранайы «Алтын орда» құрылуы тиіс. Бұл ретте, өңір басшылығы нысанадан мүлт кетпеді. Оғландардың басын бір арнаға тоғыстыру мақсатында, 2019 жылдың наурыз айында Алматы облысының жауынгерлік өнер қауымдастығы кереге жайған еді. Аталған бірлестікке 16 облыстық спорт федерациялары кіреді. Бір шаңырақтың астында топтастырылған спорттық ұжым жүйелі істер атқарудан тайынған емес. Соның бір дәлелі,... |
Толығырақ... Оқылды: 1469 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.03.2021 |
«Алғыс айту – жүректен шығады» |
Лабасы ауылдық округіне қарасты Мәмбет ауылдық кітапханасы ризашылық пен алғыс, ізеттілік қасиеттерді насихаттау мақсатында 1 Наурыз - Алғыс айту күніне орай әлеуметтік желіні пайдаланушылардың назарына «Алғыс айту – жүректен шығады» атты жылы лебіздер эстафетасын ұсынды. Аталған шарада кітапхана оқырмандарының әр буын өкілдері өздерінің жүрек жарды алғыстарын білдірді. Лабасы ауылдық округі әкімінің аппараты |
Толығырақ... Оқылды: 1447 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.03.2021 |
«Үй тұмарын» жасау |
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Лабасы ауылдық округіне қарасты Талапты ауылдық клубының көркемдік жетекшісі И. Ибраимова “Шежіре” тәлім- тәрбие ұйымымен Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ұлттық құндылықтарды, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді жастарға насихаттау мақсатында “Үй тұмарын” жасауды үйретті. Шараға қатысушылар қолөнерге байланысты сұрақтарын қойып, қолөнерге деген қызығушылығын көрсетті. Лабасы ауылдық округі әкімінің аппараты |
Толығырақ... Оқылды: 1408 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.03.2021 |
Дарындылар пулы |
Азаматтарға арналған үкіметтің «Дарындылар пулына» өтінімдерді қабылдау басталды Кадр резервіне өтініш бергісі келетін үміткерлерге talent.gov4c.kz сайтында тіркеуден өту қажет. Өтінім беру кезінде жүйеде жеке деректерді толтырып, өңірді, жұмыс істейтін/жұмыс істеген ұйымның атауын, лауазымды және қызмет бағытын көрсету қажет. Сонымен қатар тіркеу барысында білімі, жұмыс өтілі, байланыс телефоны және электрондық пошта туралы мәлімет толтырылады. Сондай-ақ үміткер жеке куәлігінің, дипломының, сертификаттарының және ұсынымхаттарының (кемінде үш) көшірмелерін тіркеуі керек. Тіркеу рәсімінен кейін көрсетілген поштаға растау-хат жіберіледі, хатта көрсетілген сілтеме бойынша өткен соң, үміткер пайдаланушы келісіміне ЭЦҚ-кілтпен қол қоюы шарт. «Онлайн өтініш беру платформасы түсінікті әрі ыңғайлы. Жобаға тіркелген тұлғалар жеке кабинетінде ақпаратты толықтырып, іріктеудің кезеңдері мен нәтижелерін көре алады. Бұл кандидаттарды іріктеу процесінің толық ашықтығын дәлелдейді.... |
Толығырақ... Оқылды: 1489 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.03.2021 |
Мектепішілік сурет байқауы |
1 наурыз-Алғыс айту күні мерекесіне орай Лабасы ауылдық округіне қарасты Жамбыл атындағы орта мектепте «Алғыс –сөздің асылы» айдарымен мектепішілік сурет байқауы ұйымдастырылды. Сурет байқауының мақсаты: оқушыларды толеранттылыққа, қоршаған ортаға деген құрметі мен жақындарына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; тәрбиеленушілердің азаматтық, отан сүйгіштік, Отанына деген махаббат сезімдерін қалыптастыру. Байқау қорытындысы бойынша 11 сынып оқушысы Дәулетхан Өріс марапатталды. |
Толығырақ... Оқылды: 1881 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.03.2021 |