ӘЛЕУМЕТ
Панфилов ауданында Ту тұғыр орнатылды. |
| ҚР Мемлекеттік Рәміздер күні және ҚР Тәуелсіздігің 30 жылдығы қарсаңында Панфилов ауданының Тұрпан ауылында биіктігі 13 метрлік ту тұғыр орнатылды. Бұл аудан бойынша алғаш рет орнатылған ту тұғыр. Мемлекеттік Рәміздер күні қарсаңында ту тұғырды ауылдың белді азаматтары өз қаражаттарымен орнатқан. Сондай-ақ, іскер азаматтар ту тұғырдың дәл жанынан ауыл балаларына арнап, спорт залын салдыруда. "Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Әркім өз туған ауылын көркейтуі керек. Біз ауыл азаматтарымен бірлесіп, осы спорттық залды салып жатырмыз"-дейді жергілікті кәсіпкер Жалғас Алтынбеков." Бүгін Рәміздер күні қарсаңында осы ту тұғырды орнаттық. Спорт залдың жанында әдейі орнаттық.Себебі көк байрағымызды спортшыларымыз да желбіретеді. Көк байрағымыз әрқашан осылай желбіреуі тиіс. Әр ауылдың балалары елімен, байрағымен мақтануы керек"-деді қайырымды азамат. Көк байрақты ілу рәсімін жергілікті спортшы, грек-рим күресінен жасөспірімдер арасынан әлем және азия чемпионы Сабаз Бағдат жасап, ауыл ақсақ... |
| Толығырақ... Оқылды: 1698 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.06.2021 |
Жетісулықтар ҚР Мемлекеттік рәміздеріне деген сүйіспеншілігін шығармашылық тұрғыда ерекше білдірді |
| Алматы облысында мемлекеттік рәміздер күніне орай 150-ден астам іс-шара өткізілді. Өңір тұрғындары түрлі акцияларда, флешмобтар мен байқауларда мемлекеттік рәміздерге деген құрметін білдіреді. Алматы облыстық басқармаларының қызметкерлері ҚР Мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсетіп, әнұранды орындады. Акцияға ересек қатысушылардан басқа балабақшалар мен мектеп қабырғасындағы бүлдіршіндер қатысты. Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетовтің айтуынша, мұндай патриоттық акцияны әсіресе жастар үшін өткізу өте маңызды. - Бұл іс-шара жас ұрпақтың Отанға, еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген сүйіспеншілігі мен құрметін оятады. Ту, Елтаңба, Әнұран-біздің ортақ игілігіміз, болашаққа сенім ұялатады. Олар-қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың қайнар көздері. Біз мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, өскелең ұрпақты өз елінің тарихын, оның жеңістерін құрметтеуге және оларды мақтан етуге үйретуіміз керек, - деді өз сөзінде. Содан кейін облыстық басқармалардың бір... |
| Толығырақ... Оқылды: 1600 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.06.2021 |
«Өркен» спорт мектебінде 800 жеткіншек жаттығады |
| 1983 жылы іргетасы қаланған «Өркен» спорт мектебінде 37 жаттықтырушы еңбек етеді. Олардың 7-і жоғары дәрежелі, 2- I дәрежелі, 17-II санаттағы бапкерлер. Тағы екеуі ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Білікті мамандардың қол астында жаттығатын бала саны 800-ден асады. Салауатты өмір салтын ұстанған ұрпақ, аталған мекемеде спорттың 10 түрімен шұғылданады. Мектепте спорттық гимнастика, ауыр атлетика, бокс, дзюдо, грек-рим күресімен шұғылдануға арналған арнайы залдар жасақталған. Сондай-ақ, ұзындығы 25 метр болатын 6 жолаққа бөлінген бассейн де жұмыс жасайды. Жаттығудан кейін, ретке келу үшін барлық залдарда себезгі қондырғылары және массаж, дәрігерлік бақылау кабинеті бар. «Залдар тегістей спорттық жабдықтармен, құрал-саймандармен жабдықталған және спорт залдарына кварц шамдары орнатылған, бұл оқу процесіне спорттың сан алуан түрі бойынша оқу бағдарламаларын игеруге мүмкіндік береді», - дейді ««Өркен» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры Рамиль Мұратов. Осы жылд... |
| Толығырақ... Оқылды: 1582 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.06.2021 |
ЖАЗҒЫ МЕКТЕПКЕ КЕЛУ - ОҚУШЫНЫҢ ӨЗ ЕРКІ |
| Білім және ғылым министрлігі ата-аналардың өтініштері бойынша оқушылар 26 мамырдан 19 маусымға дейін жазғы мектептерде сабақ оқи алатынын мәлім етті. Бұл, әсіресе үлгерімі нашар оқушыларға жақсы мүмкіндік. Мамырдың 26 күні жазғы мектептер осылайша қашықтан оқыту кезінде оқу үлгерімі нашарлағандарға олқылықтың орнын толтыруға мүмкіндік беруде. Жазғы мектеп оқушыларға білім берудегі олқылықтың орнын толтыруға, сондай-ақ, балалардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Баланы жазғы мектепке қабылдау үшін ата-ана алдымен өтініш жазуы керек. Сабақ оқуға ниет білдірген барлық бала қатыса алады. Тегін оқуда үлгерімі төмен балаларға басты назар аударылады. Жазғы мектепте сабақтар санитарлық талаптарға сай өтеді. Оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді. Олар мектепке еркін киініп келе алады. «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жетіжал орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ата-аналар өтініші негі... |
| Толығырақ... Оқылды: 1800 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
Ұрпақтан айырылып қалмайық |
| Бүгінгі таңда қоғамды алаңдататын ең басты мәселенің бірі ана тіліміздің жағдайы, келешегі, тағдыры екені күмәнсіз. Осы тұрғыдан келгенде өткендегі мынадай бір тарих еріксіз еске түседі. 1986 жылдың күзінде, ол кезде республикалық «Жалын» баспасының директоры едім, Орталық партия комитеті шақырып алып, менің республикалық «Казкнига» кітап саудасы бірлестігіне басшы болып баруым қажет екенін айтты. «Қазақша шығатын кітаптардың тиражы, таралымы мандымай, өспей қойды, соны жолға қою керек» деген тапсырма берілді маған. Келген бойда жағдайды зерттеп қарасам, әсіресе солтүстік облыстардағы кітап саудасы мекемелерін басқаратын адамдардың да, қызметшілерінің де барлығы түгел орыстар, өзге ұлт өкілдері екен. Қайсыбір кітап саудасы мекемелерінде қазақша білетін бір адам да болмай шықты. Баспалардан келесі жылдың тақырыптық жоспарына енген кітаптардың тиражы «Казкнигада» күзде бекітілетін. Оны «тиражирование», «тираждау комиссияс... |
| Толығырақ... Оқылды: 1746 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
Ұдайы жұмыстар атқарылуда |
| Сыбайлас жемқорлыққа тән белгі лауазымды адамның әрекеті мен оған жұмыс берушінің мүдделері арасындағы немесе таңдап алынған тұлғаның әрекеті мен мүдделерінің арасындағы қайшылық болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың көптеген түрлері лауазымды адам жасаған алдау – арбауға ұқсайды және мемлекеттік билікке қарсы жасалған қылмыстар қатарына жатады. Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті түрлері қылмыстық іске жатады. Ең алдымен бұған парақорлық жатады. Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың бір түрі, бұл лауазымды тұлғаның жеке тұлғаға қандай да бір қызмет көрсетіп, соның өтеуі ретінде пайда табуымен сипатталады. Бұл ретте тек лауазымды тұлғаның пара алуы ғана емес, сонымен қатар пара берушінің заңсыз түрде сыйлық беруі де заңға қайшы әрекет болып табылады. «Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарының сақталуы жөніндегі жұмыстар қатаң бақылауға алынып, жемқорлыққа қа... |
| Толығырақ... Оқылды: 1687 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
ЭЛЕКТРОНДЫ СОТ ТӨРЕЛЕГІ - УАҚЫТ ТАЛАБЫ |
| Заман ағымына қарай еліміздің сот саласы ақпараттық технологиялардың көмегімен жұмыс жасауға көшті. Қазіргі карантиндік шектеулер кезеңінде де сот жүйесіне енгізілген заманауи технологиялар өзінің тиімділігін көрсетуде. Соның нәтижесінде халықпен кері байланыс орнату денгейі көтереліп, жұмыс сапасы арта түсті. Осы орайда күнделікті жаңартылып отыратын соттардың ресми сайтары, халыққа қолжетімді «Сот кабинеті», «Сот құжаттарымен танысу», «Сот істерін қарау кестелері», «Сотқа шақыру қазағы», «SMS-хабарлама», «Дыбыс-бейнеге жазу» жүйелері халыққа электронды қызметті тиімді көрсетіп отыр. «Сот кабинеті» сервисі арқылы сот құжаттардын және істерді іздеуге, мемлекеттік бажды онлайн түрде төлеуге, істі қарау барысын қадағалауға, «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметін ішінара алуға, «Талдау» Форумына (сот практикасын қорыту) ауысуға болады. Одан бө... |
| Толығырақ... Оқылды: 1574 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
«Электрондық мемлекеттік қызметтер» |
| Елбасы халыққа арнаған Жолдауында ең әуелі рұқсат беру құжаттарының тізбесін қысқарту керектігіне тоқталды. Электронды үкіметті дамыту, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру жөнінде қадау-қадау тапсырма жүктеді. Олардың орындалуы – басты назарда. Мемлекет басшысының мұндай саясаты еліміздің одан әрі өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына, сыбайлас жемқорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдардың азаюына негіз болады деп есептеймін. Яғни ендігі жерде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болады және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде тікелей халыққа арналуы тиіс. Ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемле... |
| Толығырақ... Оқылды: 1518 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
МАЛ ҰРЛЫҒЫ ӨРШІП ТҰР |
| Ауыр қылмыстардың бірі - мал ұрлығы. Мал шаруашылығы қашанда қазақ халқының негізгі тіршілік көзі болып табылған. Еліміздің бірқатар елді-аймақтарында жері шұрайлы, шаруашылық жүргізуге қолайлы жерлерде мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтар құрылып, саны артуда. Қазіргі таңда мемлекет мал шаруашылығының дамуына ерекше көңіл болып отыр, оның бірден-бір көрсеткіші мемлекеттен субсидиялар беру арқылы шаруаларды мал асырауға ынталандырып, мал санын көбейтуде. Әрине, мал шаруашылығымен айналысу оңай кәсіп емес. Малға жазғы жайылымы, су табу, ала жаздай жем-шөбін дайындау, қыс азабын айтпағанда, тұрақты малшы табудың өзі үлкен мәселе және тағы басқа қиындықтарды бастан өткеріп жүрген шаруаға мал ұрлығы тағы қосылады. «Мал ашуы – жан ашуы» деп бекер айтылмаса керек, мал ұрлығының көбеюі шаруалардың жан ашуын тудыратыны хақ. Сондықтан, мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тікелей бастамасымен, мал ұрлығын тоқтату мақсатында, мал ұрлығына қатысты жауаптылықты қатаңдату жөнінд... |
| Толығырақ... Оқылды: 1509 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
САҚТАНСАҢ, САҚТАЙДЫ |
| Қазір жаз мезгілі. Ал жаздың сәні – суға түсу. Күннің ыстығында бір сергіп, суға шомылған жақсы-ақ! Алайда, суға түсудің соңы қайғылы жағдайға душар ететінін қаперден шығармау керек. Мәселен, биыл өңірде ата-ана бақылауынсыз қалған бір бала тілсіз жаудың құрбаны болды. Жиырма сегізінші мамыр күні Көксу бекетінде бір үйдің 5 жасар кенжесінің суға кеткені естіген адамды есеңгіретті. Тапа-тал түсте ата-аналарынан ойнауға кеттік деп сұранып шыққан бір үйдің төрт баласы судың жағалауында ойнаған. Осылайша оқыс оқиға орын алып үйдің кенжесі өзенге батып, ажал құшты. Артынан інісін құтқармақ болып он жасар ағасы суға секірген. Алайда, қаршадай бала тілсіз жауға қарсы тұра алмады. Өкініштісі туған інісі көз алдында көз жұмды. Оқиға куәгерлерінің шақыруымен құтқарушылар кешікпей жеткенімен, балдырғанды құтқарып қалу мүмкін болмады. Байқасаңыз, оқиға өзенге жақын орналасқан ауылда болған. Оның үстіне, балалар бақылаусыз жүрген. Орын алған оқиғаларда бала қауіпсіздігі туралы қанша... |
| Толығырақ... Оқылды: 1563 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
