ӘЛЕУМЕТ

Алакөл ауданында 767 түлек мектеп бітіреді

Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жанындағы "Адал көмек" жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз маслихаты бүгін Алакөл аудандық білім бөлімінің басшысы Мәулен Төлеужанов өткізілді, — деп хабарлайды "Jetisy media" ақпараттық алаңы. Жалпы Алакөл ауданы бойынша 1 қыркүйек күні ауданның 44 мектебінде онлайн форматында алғашқы қоңырау соғылып 13446 оқушымен, оның ішінде 1 сыныптарға келетін оқушы саны - 1419, 2 мектептен тыс, 19 мектепке дейінгі мекемемен жаңа оқу жылын бастады. Биылғы түлектер саны - 767. М.Төлеужанов өз сөзінде: "Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде 2020-2021 оқу жылы қашықтықтан ұйымдастырылды. Жалпы орта білім беретін мектептердің мектепалды тобы, 1 сынып оқушыларына әр сыныпқа 15 балаға дейін кезекшілік сыныптар ашуға рұқсат етілді»,-дейді Мәулен Төлеужанов. Меншік нысанына қарамастан мектептердің қызметінде санитариялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, сыныптарда 15...
Толығырақ... Оқылды: 283 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.09.2020

Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы қалай алуға болады?

Егер үйіңіз тұрған көшенің атауы не нөмірі ауысқан болса, көп жағдайда жылжымайтын мүліктің мекенжайын айқындайтын анықтама сұратылып жатады. Оныegov.kzарқылы қалай алуға болады, Oqyp&Toqyp алыңыз!
Толығырақ... Оқылды: 295 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.09.2020

Жеке куәлік пен төлқұжатты қалай рәсімдейміз?

Құрметті оқырман, егер сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжаттардың бірін ауыстыру керек болса, ХҚО-ға бару қажет. Ал біз сізге бүгінгі #oqy&toqy айдарында бұл жайлы қысқаша ақпарат беретін боламыз.
Толығырақ... Оқылды: 270 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.09.2020

Алакөл ауданында медициналық-құрал жабдық алуға 129.6 млн. теңгеге бөлінген

Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жанындағы "Адал көмек" жобасы аясында ұйымдастырылған бүгінгі баспасөз маслихаты Алакөл аудандық орталық аурухана директоры Асхат Бутабаевпен өткізілді, — деп хабарлайды "Jetisy media" ақпараттық алаңы. Жалпы аудан бойынша тұрғындарға 41 емдеу-профилактикалық мекемелердің 119 дәрігер және 573 орта буын медициналық қызметкерлері 67 768 тұрғынға қызмет көрсетеді. "Тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтер деңгейін және сапасын жақсарту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. 19 дәрігер, 66 орта буын медицина қызметкерлер білімін жетілдіріп, аудан бойынша медицина мекемелеріне барлығы 34 жас маман келді. Оның ішінде 10 дәрігер және 24 орта буын медицина қызметкерлері", — дейді Асхат Бутабаев. Сондай-ақ, ауданда медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында аудандық ауруханаға медициналық құрал-жабдықтар алуға 129,6 млн. теңге бөлінген. 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап компьютер...
Толығырақ... Оқылды: 274 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.09.2020

Ақсу ауданында қылмыс саны 31,2 пайызға азайған

Қылмыс атаулының алдын алу үшін барлық құқық қорғау органдары барын салуда. Бұл әуел баста мемлекет басшысының алға қойған міндеттерінің ішіндегі негізгі тармағы болған еді. Осы істің төңірегінде Ақсу ауданындағы көрсеткіштер көңіл қуантады. 2019 жылмен салыстырғанда аудан бойынша тіркелген қылмыс саны 31,2 пайызға азайған. Сөйтіп, соңғы сегіз айдың қорытындысы бойынша 227 қылмыс тіркелген. Жалпы қылмыстың ашылу көрсеткіші 2020 жылы 90,6 % құрап отыр. Бүгінгі күні ең көп тіркелетін қылмыс түрі бөтеннің мүлкіне қол сұғу болып табылады. Бұл тұрғысыцнда статистика 73 істің қозғалғанын көрсетуде. Ал, өткен жылы аталған іс бойынша 164 қылмыстың бары анықталған. «Бүгінгі күні аудан жұртшылығын аса алаңдататын қылмыс түрі, бұл мал ұрлығына қатысты қылмыстар болып табылады. Мал ұрлығы қылмысына келетін болсақ, 2019 жылы 58 қылмыс орын алса, 2020 жылы 36 қылмыс тіркеліп, 22 қылмыстық дерекке төмендеген. Ашылу көрсеткіші 2019 жылы 76,9% болса, биылғы жылы 78,6%-ды құрап, 1,7 па...
Толығырақ... Оқылды: 275 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.09.2020

Облыстағы емханаларға тіркелу науқаны басталды

Күні кеше ел аумағында тіркеу науқаны басталды және әрбір азамат еркін таңдау бойынша емханаға тіркеле алады. Бекіту екі ай ішінде – 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін жүзеге асырылады. Науқан кезеңінде Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына бекітіле отырып, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтар медициналық көмекті ала бастайды. Бұл ретте ол қормен алдағы жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметтер көрсетуге шарт жасасуға тиіс. Бекіту науқанының қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар бөлінісінде халықтың бөлінуін ескере отырып, 2021 жылға қаржыландыру жоспарланатын болады. Қор Дерекқордың абсолютті дұрыстығына мүдделі, өйткені әрбір тіркелген тұрғын үшін ай сайын медициналық ұйымдарға жан басына қаржыландыру төленеді. Қордың Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев бекіту науқаны тек денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және ТМККК және М...
Толығырақ... Оқылды: 245 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.09.2020

Өмірбаян

Аудандықмәслихаттыңдепутаттығына кандидатДосымбековӘлдибекРғайбекұлыныңөмірбаяны 1962 жылы Талдықорған облысы, Киров ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келгем. Еңбек жолын 1979 жылы Алғабас колхозында жұмысшысы болып бастадым. 1980-1982 жылдары Кеңес Әскері қатарында әскери борышымды өтедім. 1983-1988 жылдары Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтында «мал дәрігері» мамандығы бойынша жоғарғы білім алып шықтым. 1988-1992 жылдары «Алғабас» өндірістік кооперативінде мал дәрігері болып қызмет атқардым. 1992-1999 жыдары «Алғабас» өндірістік кооперативінде ферма меңгерушісі болып қызмет атқардым. 1999-2002 жылдары «Науатоған» шаруа қожалығының төрағасы болып қызмет атқардым. 2002 -2012 жылдары Алғабас ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқардым. 2012 жылғы қаңтардан бүгінгі күнге дейін, Көксу ауданы мәслихатының хатшысы болып еңбек етеудемін. Көксу аудандық мәслихатының V, VI шақырылым хатшысы болып сайлан...
Толығырақ... Оқылды: 340 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.09.2020

Бақанас елді мекенінде 12 көшенің жөндеу жұмыстары басталды

«Адал Көмек» жобасы аясында Балқаш ауданы әкімінің орынбасары Жанат Жүнісбековпен аймақтағы инфрақұрылымды дамыту мәселелері тақырыбында онлайн-конференция өтті, деп хабарлайды «Jetisy Media». «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» жобасы бойынша 12 көшенің орташа жөндеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта «Балқаш Жолдары» ЖШС және «Ақмарал» ЖШС мердігерлері жөндеу жұмыстарына тартылған. «Бүгінгі күні ауданның 5 көшесіне асфальт төселді. Сондай-ақ, 6 көше жаңартылуда. Тағы бір көшенің жөндеу жұмысы осы айда басталады. Барлық жол жөндеу жұмыстарын қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр », - деді Жанат Жүнісбеков. 12 көшені орташа жөндеу жұмыстарына 96 адам тартылды. Оның 48-і жұмыспен қамту орталығынан қамтылған. Бақанас ауылында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша өткен жылы «Дене шынықтыру-сауықтыру» кешенінің құрылысы басталғанын айта кеткен жөн. Нысан келесі жылдың қа...
Толығырақ... Оқылды: 260 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.09.2020

Достар, бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлық қысымынан және әкімшілік кедергілерден қорғау – елдің күн тәртібіндегі негізгі басымдықтарының бірі екені сөзсіз

Ағымдағы жылдың 19 тамызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Мемлекет басшысы осы бағытты күшейтуге баса назар аударды. Бұл мәселе жыл сайынғы Жолдауда да нақты айқындалды. Шағын және орта бизнес COVID-19 пандемиясы жағдайында қиын кезеңді бастан кешуде және бұрынғыдан да зор қолдауды қажет етеді. Осы тұрғыдан алғанда кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу «мемлекетке қарсы ең ауыр қылмыс» ретінде қарастырылуы тиіс. Шағын бизнес бойынша халықаралық кеңестің (ICSB) деректеріне сәйкес, ШОБ әлемдегі барлық кәсіпорындардың 90%-дан астамын құрап, шамамен халықты жалпы 70% жұмыспен қамтуды және ЖІӨ-нің 50%-ын қамтамасыз етеді. Бұл тұрғыда азаматтардың әл-ауқаты жеке сектордағы істердің ахуалына тікелей байланысты екенін нақты түсіну қажет. Бұл – салық түсімдері, жұмыс орындарын құру, жаңа технологиялар және адам капиталын дамыту. Бір сөзбен айтқанда, бизнес мемлекетке халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді о...
Толығырақ... Оқылды: 233 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.09.2020

«e-Salyq» мобильді қосымшасындағы жаңа сервистің қызметі қандай?

«Салық әмияны» арқылы жергілікті салықтар бойынша және көлік құралдар салығы бойынша мәліметтерді түзетудің жаңа сервисі 2020 жылдың 7 қыркүйегінен бастап жүзеге асуда. Комитет «Интеграцияланған деректер базасы» ақпараттық жүйесі арқылы 2019 жылғы салық кезеңі үшін жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтың орталықтандырылған есебін жүргізді. Көлік құралдары салығын есептеуді іске асыру мақсатында «ИДБ» АЖ және «Сервис орталығы» АЖ ақпараттық өзара іс – қимыл шеңберінде алынған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің көлік құралдары дерекқорының мәліметтері пайдаланылды. «Аталған сервис көлік құралының сипаттамаларын өзгертуді қоса алғанда, түзету үшін онлайн режимінде өтініш беруге, көлік құралын иеліктен шығуына байланысты мәліметтер базасынан шығаруға мүмкіндік береді»,- дейді Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқар...
Толығырақ... Оқылды: 161 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.09.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.