ӘЛЕУМЕТ
Қазақстан мен Моңғолияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарының басшылары онлайн кездесу өткізді |
Шет елдердің жемқорлыққа қарсы ведомстволары басшыларымен кездесулер легін жалғастыра отырып, 2020 жылғы 11 қыркүйекте Алик Шпекбаев өзінің моңғол әріптесі Дашдаваа Зандраамен әңгімелесті. Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – басқа елдер тап болған жемқорлыққа қарсы бастамаларды іске асырудағы тәжірибе мен қиындықтарды зерделеу. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды (whistleblowing) қорғаудың кешенді жүйесін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары үшін шетелдік юрисдикцияларда активтерді иеленуге тыйым салу жөніндегі шараларды іске асыруға ерекше назар аударылды. Кездесу барысында тараптардың әрқайсысы өз елінің жемқорлыққа қарсы саясатының бағыттарын және оның нәтижелерін таныстыру бейнероликтерін көрсете отырып баяндады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы біздің ымырасыздық әрекетіміз, ең алдымен, ел басшылығының саяси ерік-жігеріне, азаматтық қоғамның, бизнест... |
Толығырақ... Оқылды: 147 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.09.2020 |
ЕҚЫҰ-ның 28-ші экономикалық-экологиялық форумында Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы «цифрлық күрес» мәселесі жария етілді |
Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде онлайн форматта ЕҚЫҰ-ның жыл сайынғы экономикалық-экологиялық форумы өтті. Онда Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы электрондық технологияларды қолданудың қазақстандық тәжірибесі туралы айтып берді. Атап айтқанда, ол шетелдік әріптестерін мемлекеттің ашықтығы мен есептілігін арттыруға ықпал ететін мемлекеттік басқару саласындағы соңғы цифрлық жаңалықтармен таныстырды. Сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту тұрғысында бірқатар мемлекеттік қызметтерді, лицензиялауды, сот ісін жүргізуді, кедендік және салықтық әкімшілендіруді «электрондық рельске» көшіру маңызды қадам болды. Қазақстанның жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі – қоғамдық қатысу мен бақылау құралдарын дәйекті кеңейту болып табылады. Электрондық үкіметтің дамыған құрылымы әрбір қазақстандыққа үйден шықпай-ақ бюджет шығыстарын бақылауға, нормативтік актілердің жобаларын талқылауғ... |
Толығырақ... Оқылды: 194 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.09.2020 |
«Ашық бюджет»: қоғамдық бақылау мен азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін жаңа серпін |
Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында жергілікті бюджеттерді бекіту және оңтайлы жұмсау барысына бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Себебі бөлінген қаражат көп жағдайда тұрғындардың шынайы қажеттілігіне жұмсала бермейді. Осылайша, азаматтардың өздерінің белсенді қатысуын қамтамасыз ету арқылы мемлекеттік бақылаудың баламасы ретінде қоғамдық бақылау институтын енгізу міндеті айқындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев а.ж. 19 тамыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдегендей, қоғамдық бақылаудың жаңа нысандары мен басқару шешімдерінің барынша ашықтығы қажет. Осыған байланысты, а.ж. 11 қыркүйегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығымен, Нидерланды Корольдігінің Елшілігімен және Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорымен бірлесіп, бұдан бұрын іске қосылған «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» негізінде «Ашық бюджет» жобасын бастады.... |
Толығырақ... Оқылды: 151 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.09.2020 |
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҰЙҒЫР АУДАНЫНДА «СЕРВИСТІК ӘКІМДІК» АШЫЛДЫ |
Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Сағындықұлы Жұмабаев Шонжы ауылына іс-сапармен келді. Ұйғыр ауданының әкімі Ш. Нұрахуновтың қатысуымен өткен кездесудің басты оқиғасы заманауи сервистік әкімдіктің тұсаукесері болды. Аталған Сервистік әкімдік аудан азаматтары үшін қолайлы жағдай жасау арқылы жаңартылған форматта жүмысын бастады. Әкімдікте азаматтар білім, жер қатынастары, сәулет және аудан құрылысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және басқада салалар бойынша қызметтерін және пайдалы кеңестер алатын болады. Сервистік әкімдік мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру мен азаматтарға қолайлы жағдай жасауға арналғандығымен құнды. Яғни, бұл жерде атқарушы билік өкілдерінің жергілікті тұрғындармен бетпе-бет отырып жұмыс жасауына еш кедергі жоқ, қажетті қызметі бір ғимаратың ішіне тауып, ісін қиналмай-ақ бітіруіне қол жеткізді. Әкімдіктің... |
Толығырақ... Оқылды: 229 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.09.2020 |
Білім саласында «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы бойынша қызмет алушылар саны артуда |
2020 жылдың қаңтар айынан бастап «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы арқылы 2063 қызмет көрсетілген. Бұл туралы Кербұлақ аудандық білім бөлімінің басшысы Досалбаев Ермек Сарқытбайұлы бүгінгі «QYZMET LIVE» жобасы аясында өткен баспасөз-мәлихатында хабарлады. Сонымен қатар, Ермек Досалбаев білім саласында мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі қағидаттары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен бірлесе, яғни мектеп, балабақшалармен бірге көрсетілетін қызметтер тізбесін атап өтті. 2018 жылы бастау алған «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрыштары жұмысы жанданып, 2019 жылы барлық мектептерде 100 пайыз бұрыштар құрылып, жұмысын жүргізуде. «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы бойынша, 2019 жылы 612 қызмет алушыға 1302 қызмет көрсетілген. «2019 жылы білім бөлімі аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімімен бірлесіп, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында 2 оқыт... |
Толығырақ... Оқылды: 163 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.09.2020 |
Ескелді ауданында жер қатынастары бөліміне 620 өтініш келіп түскен |
Мемлекетте әр саланың өз орны, атқаратын қызметі бар. Бүгінгі күні көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасы мен саны маңызға ие болып отыр. Бұл ретте жер қатынастары бөлімінің жұмыстары жайлы айта өткен абзал. Негізінен жер қатынастары саласы Қазақстан Республикасының Премьер министрінің орынбасары Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық Министрінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 25 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартқа сәйкес бір мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Яғни, жер учаскесінің жеке меншікке бірден ақысын төлеп немесе бөліп төлеуге сату мемлекеттік қызметі. Бір ғана Ескелді аудандық жер қатынастары бөліміне қатысты жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ағымдағы жылы 596 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту санаты шеңберінде 382 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сондай-ақ, аталған салаға келіп түсетін өтініштер легі толассыз болып табылады. Ресми мәліметтерге ден... |
Толығырақ... Оқылды: 157 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2020 |
«Бала дауысы» Ұлттық балалар ән конкурсының V маусымы. "Біз біргеміз!» |
Жуырда елімізде жыл сайын өткізілтеін Ұлттық "Бала дауысы"балалар ән конкурсының V маусым финалында Алматы облысының намысын Диханбаев Едіге қорғайды. Едіге конкурсқа қатысқан 4 135қатысушылар арасынан суырылып шығып, кіршіксіз таза бұлақтай дауысымен, харизмасымен ерекшеленді. Едіге небәрі 11жаста. Кішкентай жасына қарамастан туған жерін, Б. Момышұлы атындағы орта мектептің,сүйікті ұстазы –Ломанова Ольганың үмітін ақтауға дайын. Едіге бала кезінен ән айтатынына қарамастан, домбырада шертіп, каратэменде айналысады. Болашақта Тоқтар Әубәкіров ағасы сынды космонавт болуды армандайды. Едіге басқа қатысушыларымен бірге Конкурс финалына дайындалу үстінде. 15 қазан, Республика Сарайы сахнасында сөзі – Әбдірахман Асылбек, әні – Марсель Алсейітовжазған «Ерікті елім» атты авторлық әнін орындайды. Құрметті жерлестер! Өнер сүйер қауым! Болашақта жарық жұлдыз болып жанатын Едігенің талабын, талантын қолдап Қазақстан Республикасының мәдениет жә... |
Толығырақ... Оқылды: 197 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2020 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екендігін ата |
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен «KYZMET LIVE» жобасы аясында бүгін "Ақпараттық, үгіт-насихат" штабының мүшесі, аудан әкімі аппаратының басшысы Дамир Сатыбалдиевпен баспасөз-мәслихаты өткізілді. Баспасөз-мәслихаты барысында аппарат басшысы Д.Сатыбалдиев Алакөл ауданында І жартыжылдық бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы баяндады. Оның айтуынша, жалпы мемлекеттік қызметті аудан әкімдігінің 35 құрылымдық бөлімшелері көрсетеді. Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында 98 қызмет, наурыз айынан бастап 84 қызмет және а. ж. 6 айында 61 қызмет түрінен 9 340 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Бүгінгі таңда аудан бойынша 2020 жылдың І жартыжылдығында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламентерінің бұзылуының алдын алу бойын... |
Толығырақ... Оқылды: 171 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2020 |
Сарқан ауданында «Сервистік әкімдік» жобасы іске асады |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екендігін атап өткен еді. Осыған орай, бүгін Сарқан ауданы әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Абибековтың қатысуымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тақырыбында тікелей эфир өтті. Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел әрекет ету мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болып саналады. Бүгінгі күні Сарқан ауданында 99 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемкеме саны 25. 2020 жылдың 6 айлық есебіне сәйкес, көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 6246 оның ішінде қағаз түрінде –106 мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген қызмет саны – 365, электрондық түрде мемлекеттік органн... |
Толығырақ... Оқылды: 146 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2020 |
Жастар арасында "Дипломмен ауылға" бағдарламасына қатысушылар саны артуда |
2020 жылдың басынан бері, аудан бойынша 45 маман көтерме жәрдемақы және 35 маман тұрғын үй алу үшін несие алған. Бұл туралы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ғалым Домбаев бүгінгі өткен баспасөз-мәслихатында хабарлады. Сонымен қатар, Ғалым Әділбекұлы ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №43 бұйрығына сәйкес, өзгертілгенін айтты. Жаңа заңнамаға сәйкес, бағдарламаға қатысушыға несие теңгемен он бес жылға дейінгі мерзiмге 0,01% мөлшерiндегі жылдық сыйақы мөлшерлемесі бойынша, тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшiн кейіннен ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы маманд... |
Толығырақ... Оқылды: 168 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2020 |