ӘЛЕУМЕТ
Бюджеттік мәселелерде мемлекеттік органдардың есептілігін одан әрі күшейту шаралары талқыланды |
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын құру және дамыту жолында жайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктіру үшін алаңдар құру маңызды. Бұл мемлекеттің халық алдында есептілігін қамтамасыз етудің жаңа тетіктерін әзірлеуді және енгізуді білдіреді. Осыған байланысты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында қаржы және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлерінің, өңірлер әкімдерінің қаржы жөніндегі орынбасарларының, қоғам өкілдері мен әзірлеушілердің қатысуымен «Ашық бюджеттердің интерактивті картасын» дамытудың жаңа тәсілдерін қарастыру бойынша кеңес ұйымдастырылды. Кеңесті аша отырып, Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Картаны іске асыру тәжірибесі Мемлекет басшысымен сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайларды және адами факторды жоюға мүмкіндік беретін цифрлық шешім ретінде оң бағаланғанын атап өтті. О. Бекте... |
Толығырақ... Оқылды: 148 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2020 |
ГРЕКО атқарушы хатшысы Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жүйелі шараларына оң пікір білдірді |
Джанлука Эспозито Мемлекет басшысының биылғы жылғы 1 қыркүйектегі жыл сайынғы Жолдауында айтылған жемқорлыққа қарсы бастамаларға қатысты пікірімен бөлісті. «Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жүйелі тұрғыда шара қабылдау мен алдын алу жұмыстарына ерекше мән бергенді құптаймын», – деп атап өтті ГРЕКО атқарушы хатшысы. Осы тұрғыда сарапшы жемқорлықтың алдын алудың түп тамыры сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты бағалау және оны қатысушы елдерде нақты іске асыру негізінде жатқанын атап өтті. Ол Президенттің сөйлеген сөзінде айтылған риясыз және әділ сот төрелігіне бағытталған бағдарға ерекше назар аударды. Оның пікірінше, құқықтық мемлекеттің бұл өлшемі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тиімділікке қол жеткізудің негізгі шарты болып табылады. Өз кезегінде жемқорлыққа қарсы пәрменді шаралар қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін арттырады және экономикалық өсуге ықпал етеді. Өз хабарламасында Эспозито мырза 2021 жылы Қазақстанды бағалаудың... |
Толығырақ... Оқылды: 173 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2020 |
Айдынды Алакөлде заттай көлем индексі 117,9 пайызды құрады |
"Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жанындағы "Адал көмек" жобасы аясындағы бүгінгі баспасөз - мәслихаты Алакөл аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Дәулет Базенұлымен өткізілді, — деп хабарлайды "Jetisy media" ақпараттық алаңы. Алакөл ауданында бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Бизнестің жол картасы -2025», «Индустриялық-инновациялық даму», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2019 ж», «Қарапайым заттар экономикасы » бағдармалары жүзеге асырылуда. Бөлім басшысы Д.Жуандықовтың айтуынша, аудан экономикасына 20 млрд. 210,2 млн. теңгенің инвестициясы тартылып, 2019 жылдың сәйкес мерзімінен 3 млрд. 355,2 млн. теңгеге немесе 120 пайызға өскен. Заттай көлем индексі 117,9 пайызды құрады. Жылдық жоспар 59,4 пайызға орындалған. Ауданда бағаларды тұрақтандыру және бақылау мақсатында аудан әкімдігі тарапынан құрылған арнайы мониторингт... |
Толығырақ... Оқылды: 162 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2020 |
Алматы облысының оқушыларына "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қоры 500 ноутбук табыстады |
Жаңа оқу жылында қашықтықтан оқыту үшін жағдай жасау мақсатында Алматы облысының оқушыларын барлық қажетті техникамен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Егер жақында балаларға республикалық бюджеттен дербес компьютерлер таратылса, бүгін "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қорының демеушілігінің арқасында Талдықорған қаласына 500 ноутбук жеткізілді. Олардың 200-і Талдықорған оқушыларына арналған, ал қалғандары жақын арада аудандарға бөлінеді. "Ноутбуктер аз қамтылған отбасы балаларына берілетін болады. Біз осындай қиын кезеңде әрбір баланың сапалы және жақсы білім алуын қалаймыз. Өйткені, болашақ ұрпақтың дамуына еш кедергі болмауы керек", - дейді қор директоры Қасым Қасабеков. Бұған дейін "Салиқалы ұрпақ" қоры Алматы қаласының оқушыларына 500 ноутбук сыйлап, Коронавируспен күресуге және Мақтаарал ауылын қалпына келтіруге қаражат бөлгенін атап өткен жөн. |
Толығырақ... Оқылды: 203 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2020 |
Алматы облысында оқушыларға 40 мыңға жуық компьютерлік техника таратылмақ |
Оқу жылы онлайн форматта басталғаны баршаға аян. Қашықтықтан оқу ісіне керекті ең қажет құралмен қамтамасыз ету жайы бүгінде өзекті. Сымсыз байланысқа жіпсіз байланған кезеңде компьютер мен ғаламтордың көмегіне жүгінкен кез жетті. Осы ретте Алматы облысы білім басқармасы өңірдегі барша ұстаз бен оқушының сауатты білім нәрімен сусындауына бар жағдайды жасап бағуда. Ұрпаққа білім беретін мұғалімдер қауымының жалпы саны облыс көлемінде 41 625-ті құрайды. Барлығы дерлік компьютермен жабдықталған дейді мамандар. Ұстаздар қауымының 49,9%, жеке лимитсіз Интернет желісіне және 3G/4G –45,7%, қосылған. Жарқын болашақтың ертеңгі иелері оқушылардың 57,4%-нің компьютері немесе ноутбугі бар. Дейтұрғанмен аталған құрылғыға қолы жетпей отырғандар да табылады. Олардың саны 95 105. Бұл мәселенің күрмеуі шешілетін күн алыс емес дейді өңірдің бас ұстазы Майгүл Омарова. Осы тектес жұмыстарды ретке келтіру үшін әуелі мектептердегі 23 678 компьютер оқушыларға уақытша пайдалануға берілген... |
Толығырақ... Оқылды: 159 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2020 |
Халық праймеризге қатысты пікірін білдіре алады |
Биылғы жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша праймериз - партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық партияішілік сайлау ауқымында өткізіліп отыр. Науқан 17 тамыз күні бастау алған еді. Қазіргі таңда сайлаудың екінші кезеңі, үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Осы бағдарламаларға арнайы primaries.kz сайты арқылы қазақстандықтарды өздерінің сындарлы ұсыныстарын енгізуге және талқылауға шақырады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» ұстанымын ұстанған билік бұл жолы да елдің айтар уәжіне бір сәт тоқталмақ. Сол себепті азаматтарға өз өтініш тілектерін айтуға қолайлы жағдай жасау мақсатында Республика бойынша қолдау орталығы жұмыс атқарады. Аталған орталыққа 8 800 080 4441 телефоны арқылы тегін қоңырау шалуға болады. «Бұл жобаның ресми атауы «Халыққа көмек» деп аталады. Осы арқылы көптің пікірін біліп, партияныың жұмысын ілгерлете аламыз. Белсенді азаматтар өз ой-пікірін «Instagram», «Facebook» (Халыққа... |
Толығырақ... Оқылды: 151 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.09.2020 |
Бала асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру |
Достар, біз, әдеттегідей, мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алу жолдарымен бөлісуді жалғастырамыз. Бүгін #oqy&toqy айдарында Баланы асырап алғандар үшін тиісті куәлікті қайталап алуға қалай өтініш беру керектігін айтамыз! Ол үшін: - Egov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтіңіз - Азаматтарға тарауынан «Отбасы» бөлімін таңдаңыз - «Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін тауып, онлайн сұрау салыңыз - Әрі қарай асыраушы туралы мәліметтерді толтырып, төлем жүргізіңіз (қызмет құны – 1 АЕК) Дайын құжат электронды форматта 1 жұмыс күні ішінде дайын болуы тиіс! |
Толығырақ... Оқылды: 181 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.09.2020 |
Алакөлдегі өнеркәсіптің индексі 100,9 пайызды құрайды |
"Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жанындағы "Адал көмек" жобасы аясында онлайн баспасөз маслихаты бүгін Алакөл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімшесінің міндетін уақытша атқарушы Серік Абылхановпен өткізілді, — деп хабарлайды "Jetisy media" ақпараттық алаңы. 2020 жылдың 7 айында Алакөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық салаларында оң нәтиже байқалуда. Аграрлық секторда барлық өндірілген ауыл шаруашылық өнімдері 11623,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімінен 131 пайызға өсіп, мал бастарының барлық түрлері көбейді. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 84867 гектарға игеріліп, оның ішінде қант қызылшасының алаңы 1063 гектарға жеткізілді. Өнеркәсіп саласында 5602,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, заттай көлем индексі 100,9 пайызды құрады. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 117,8 млн.теңгеге 4 жоба қаржыландырылып, туризм саласы... |
Толығырақ... Оқылды: 167 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.09.2020 |
Алакөлде «Еңбек» бағдарламасы арқылы 1321 адам жұмысқа тұрған |
"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы Алакөл ауданында табысты іске асуда. Тиімді бағдарлама негізінен төрт бағытта қызмет атқарады. 1) «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету; 2) жаппай кәсіпкерлікті дамыту; 3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту; 4) «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру бағыттары бойынша жүзеге асырылуда екенін жеткізді. «Жыл басынан бүгінгі күнге дейін халықты жұмыспен қамту орталығына 1990 адам жүгінген. Азаматтардың 2047-сі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған, оның ішінде жұмысқа орналасқандар 1321 адам, тұрақты жұмысқа орналасқандар 447 адам — 33,8%-ды құрады»,-дейді Ляззат Қосантаева. Сондай-ақ, «... |
Толығырақ... Оқылды: 161 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.09.2020 |
Алматы облысының еріктілері 16 мың адамға көмектескен |
Қайырымдылықтың қайыры бар. Аталған қағиданы ұстанған Алматы облысының еріктілері облыс тұрғындарына қол ұшын созуға білек сыбана кіріскен. Игі бастаманы өңірдегі өзге аймақтағы жомарт жандарда қолдай кеткен. Осылайша еріктілер жылы аясында мәрт азаматтардың қолдауымен ізгі істер атқарылды. «Алматы облысының еріктілеріқазіргі таңда қарттарымызға , аз қамтылған отбасыларға көмектесудеміз. Біз еріктілер өз қамқорлығымызға 3 отбасыны алдық оларға әр апта көмек көрсетудеміз. Болашакта неғұрлым ауқымды істерді қолға аламыз. Бұл біздің азаматтық борышымыз»,-дейді ерікті Елбосын Абай. Президент 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялап, адамдарға шын ниетімен көмектесіп, оны науқанға айналдырмау қажетін айтқан болатын. Қайырымдылық қанында бар елдің ұрпағы мұны бірден белсенді алып кетті. Біз оны мына індет жайлаған кезеңде анық байқап отырмыз. Қайтарымсыз қайырымдылық жасаудан қол үзбеген халқымыз биылғы «Еріктілер жылында» атқарылып жатқан жұмыста... |
Толығырақ... Оқылды: 186 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.09.2020 |