ӘЛЕУМЕТ
Ақсу ауданында 519 адам тұрғын үй кезегінде тұр |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері туралы ақпарат қашанда маңызды. Бүгінгі күні халықты қажетті мәліметпен құлақдандыру үшін мекеме басшылары тікелей эфирде ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізуде. Кезекті тікелей байланыс Ақсу ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен өтті. Аталған мекеменің құзіретіне: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы; "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" "Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру" "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмсету жатады. Қызметтер көрсету электронды, қағаз жүзінде және тегін көрсетіледі. Негізі бөлімде ең көп көрсетілетін қызмет... |
Толығырақ... Оқылды: 143 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.09.2020 |
Балқаш ауданында жаппай кәсіпкерлікті дамыту жолға қойылған |
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының» І бағыты бойынша ағымдағы жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 20 адамға жолдама беріліп, оның 20-сы оқуды аяқтады. Бұл туралы «Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директоры тікелей эфир де өткен баспасөз-мәслихатында баяндады. Бағдарламаның 2 бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша21 азаматқа жолдама беріліп олар 91,5млн.теңге көлемінде шағын несие алған.Сонымен қатар, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант 27 адамға берілген. «Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 29 адамға, жастар практикасына 22 адамға, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 702 адамға жолдама берілген»,-деп түйіндеді Сағи Алмазұлы. Осы тектес жұмыстар алдағы уақытта Балқаш ауданында жалғасын таппақ. |
Толығырақ... Оқылды: 170 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.09.2020 |
Халыққа тегін құқықтық кеңес беру |
"Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жанындағы "Адал көмек" жобасы аясында бүгін Алакөл ауданы әкімі аппаратының Заң және мемлекеттік құқықтың бөлімшесінің басшысы Равза Омарбековамен тікелей эфирде баспасөз-мәслихаты өткізілді, — деп хабарлайды "Jetisy media" ақпараттық алаңы. Жалпы аудан бойынша «Жетысу Адалдық алаңы» жобасы аясында Халыққа тегін құқықтық кеңес беру жөнінде еліміздің барлық өңірлерінде азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында аудандағы «НұрОтан» партиясының ғимаратында, барлық мемлекеттік басшыларымен, адвокаттармен нотариустар, жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, «Халық заңгері» атты акциясы өткізілген. Аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік құқықтық бөлімшесі Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігі мәніне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Қолданыста 19 Нормативттік құқықтық акті бар. Осы кезеңге дей... |
Толығырақ... Оқылды: 150 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.09.2020 |
Ауыл шаруашылығы техникасын басқаруға куәлік қалай беріледі? |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрлері аясында көптеген сұрақтардың халық арасында жиі кездесетіні белгілі. Бүгінгі күні мың сауалға жауап беру мақсатында «Qyzmet Live» жобасы аясында ауыл шаруашылық бөлімімен көрсетілетін қызметтер бойынша тікелей эфирде түсіндіру жұмыстары өтті. Механиканы жүргізуге рұқсат беретін куәлікті алу үшін арнайы сынақтан өту керек. Тракторист-машинист куәлiгi машиналарды техникалық пайдалану, жол жүру ережелерi мен практикалық машина жүргiзу дағдыларынан бiлiм тексерiлген соң берiледi. Маманның бiлiмін тексеру мемауылтехқадағалау инспекциясының қызметкерi, оқу орындары, шаруашылықтар, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың өтiнiштерi бойынша жүргiзiледi. Практикалық жүргiзу дағдыларын тексеру үшiн керек тракторларды және басқа өздiгiнен жүретiн машиналарды, оқу орындары, шаруашылықтар, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың өздерi қамтамасыз етедi. Белгiленген категориядағы машиналарды жүргiзуге рұқсат беретiн тракторист-машинист куәл... |
Толығырақ... Оқылды: 144 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.09.2020 |
Маңызды мәселе |
Достар, өздеріңізге белгілі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту – Мемлекет басшысы саясатының басты бағыттарының бірі. Президент былтыр 20 мамырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың алғашқы пакетін жариялады. Онда қол астындағылардың сыбайлас жемқорлығы үшін басшыларды лауазымынан босату мен тәртіптік жауапкершілікке тарту институттарын енгізу, нормативтік-құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын қалпына келтіру, азаматтарды жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін ынталандырудың сараланған жүйесіне көшу тапсырылды. Жаңа бастамалардың барлығы нақты заңдарда көрініс тапты және өздерін тиімді алдын-алу құралдары ретінде көрсетті. Антикордың басқа бастамалары да тұжырымдамалық қолдауға ие болды. Бұл – квазимемлекеттік және жеке секторларда комплаенс-қызметтер құру; ұлттық компаниялардың сатып алу және жобалық қаржыландыруға жауапты қызметкерлері есебінен сыбайлас жемқорлық субъектілерін кеңейту; мемлекеттік қызметшілерге сы... |
Толығырақ... Оқылды: 160 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.09.2020 |
Алматы облысында 288 орындық жатақхана қолданысқа берілді |
Қаратал шағын ауданында орналасқан құрылысы аяқталмаған қонақ үйдің екінші тынсы ашылды. Бұдан былай ол білімгерлердің үйіне айналмақ. 9 қабатты ғимараттың қаңырап бос тұрғанына бірнеше жылдың жүзі болған. Содан бері пайдаланылмаған нысан облыс әкімі Амандық Ғаббасұлының тапсырмасы бойынша 288 орынға лайықталған жатақханаға айналды. Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Бес әлеуметтік бастама» атты халыққа үндеуінде: «2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырамын»-деген еді. Облыс орталығында бой көтерген жаңа студенттер үйі берілген пәрменнің орындалғанына дәлел. Бүгінде жатақхананың құрылыс жұмысы аяқталды. 96 бөлмеден тұратын ғимарат болашақ жас мамандардың білім алуына мол мүмкіндік береді.Жоба құны -2,3 млрд.теңге. Айта кету керек, Нысанның құрылысына жауапты болған бас мердігер компания «Астана құрылыс» ЖШС болып табылады. Ал, мұнары көкпен таласып тұрған ғимараттың сұлба... |
Толығырақ... Оқылды: 199 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.09.2020 |
Алматы облысы бойынша праймеризге 1116 адам өтініш берген |
Ел тарихында тұңғыш рет партияішілік сайлау республика көлемінде өткізілді. Бұл пратияның – саяси дамуына үлкен септігін тигізгені анық. Аталған бағытта өткен сайлау қоғам мен билік арасындағы сенімнің нығайуына ықпал етті. Осы арқылы пратия жұмысын «қайта жандандыру» үрдісі белең алды. Саясаттың көшінде жүрген азаматтардың біразы сайлауға қатысты. Алматы облысы бойынша өтініш бергендердің саны 1116 адамды құраған. Олардың 1108 ресми түрде тіркелді. Үміткерлерді тіркеу партия филиалындағы ұйымдастыру комитеттері, primaries.kz веб-порталы арқылы жүргізілді. Қатысушылардың 60 пайыздан астамы праймеризге қатысуға өз-өзін ұсынушылар қатарынан. Қалғаны – 323 үміткер бастауыш партия ұйымы сапынан ұсынылған. Үміткерлер қатарында дәрігерлер, ұстаздар, дала еңбеккерлері, кәсіпкерлер және қоғам өмірінде көзге көрініп жүрген белсенді жастар бар. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі санаты – 26, облыстық мәслихаттағы депутаттық мандатқа – 13... |
Толығырақ... Оқылды: 172 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.09.2020 |
Алматы облысы әкімдігінде жолдауға қатысты алқалы жиын өтті |
Отырысқа өңірдің дамуына үлес қосып жүрген азаматтар қатысты. Барлығның мақсаты бір, Президент алға қойған талаптарды іске асыруға күш біріктіру. Елдің әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайының тұрақтылығы әр кезде де бірінші орында болғаны сөзсіз. Бұл жолғы актив жиынында да осы сөз етілді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай мемлекеттік басқару аппаратының жұмысын жетілдіру үнемі жаңа өзгерістер мен ізденісті аталап етеді. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы өзгерістер азаматтық қоғамға әсер етпей қоймайды. Өйткені аталған қоғамның мойнындағы жауапкершілік жүгінің салмағы ауырлай түспек. Осы себептенде мемлекет басшысы басқаруда азаматтық қоғам мен бизнестің рөлінің маңызды екенін ерекше атап өтті. Бұл реттегі ойды салмақтай түскен, алқалы жиында сөз алғандардың бірі Алматы облыстық «Талдау және болжау» орталығының директоры Елдар Сапаров. Ол, «мен үкіметтік емес ұйымның өкілі ретінде, біздің азаматтық қоғамның бәсекелестік ортаға бе... |
Толығырақ... Оқылды: 150 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.09.2020 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы |
ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ Құрметті отандастар! Құрметті Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, Үкімет мүшелері! Құрметті Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, Үкімет мүшелері! Парламенттің кезекті сессиясының жұмысы күрделі кезеңде басталып отыр. Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды. Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай шақта бей-жай қалмаған барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын. Сіздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсет... |
Толығырақ... Оқылды: 152 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.09.2020 |
Облыстық ардагерлер үйінің өкілдері Президент Жолдауына пікір білдірді |
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдау арнады. Жолдау 11 бөлімнен тұрады. Онда қоғамның әр саласына жеке тоқталған. Президент өз мәлімдемесінде мемлекеттік қызметтің жұмысын жақсарту мақсатында саяси реформаларды жаңартудың кезі келгенін айтты. Қ. Тоқаев «азаматтық қоғамға саяси реформалар қажет, сондықтан оларды жүзеге асыруға басты назар аудару керек. Демократияның басты жауы - білімнің жеткіліксіздігі және популизм. Мұны ұмытпағанымыз жөн. Азаматтар елдегі реформаларды қолдайды деп сенемін» - деді. Осыдан қарап-ақ, елдегі азаматтық қоғамға артылған жауапкершіліктің жүгі айтарлықтай еселенгенін аңғаруға болады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі жаңа агенттік Мемлекет басшысына тікелей есеп бере отырып құрылу қажет екенін тілге тиек етті. Мұнысы өте орынды, біздегі билік бір арнаға тоғысқан кезде ғана белгілі бір жетістікке жетеміз. Еліміздің бел белесті бағындыруы тек қана мемлекеттік р... |
Толығырақ... Оқылды: 166 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.09.2020 |