ӘЛЕУМЕТ

Инвестициялар мен бюджеттердің ашықтығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Нидерланд елшілігінің ынтымақтастығы

2020 жылғы 25 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаңында Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Андрэ Карстенспен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту және ортақ жобаларды іске асырудағы екіжақты өзара әрекеттесу мәселелерін талқылады. Агенттік төрағасы «Protecting Business and Investments» жобасы аясында кәсіпкерлер мен инвестицияларды қорғау шараларына ерекше назар аудара отырып, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бастамалардың нәтижелерімен бөлісті. Ведомство басшысы Агенттік инвесторларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау көрсетуді жалғастырады деп сенім білдірді. Карстенс мырза голландиялық инвесторлардың Қазақстанда жұмыс жасауға деген қызығушылығының жоғары екенін атап өтті. Елші Ақтөбе облысындағы ауыл шаруашылығы саласындағы «Green Capital» ЖШС жобасының іске асырылу барысы туралы хабардар етті. Тараптар «Қазақстанда па...
Толығырақ... Оқылды: 155 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.08.2020

Көксу ауданы бойынша көмекке мұқтаж ата-аналарды барынша қамту мақсатында «www

Көксу ауданында жалпы орта білім беру ұйымдары бойынша көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту Көксу ауданында жалпы орта білім беру ұйымдары бойынша көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Атамекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж 93 ата-ана өз өтінімдерін тіркеген. Демеушілер мен меценаттар оқушыларға көмектерін көрсетуде. Дәстүрлі «Мектепке жол» жалпыхалықтық акциясы бойынша көпбалалы және аз қамтылған отбасындағы оқушыларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету үшін демеушілерді тарту жұмыстары жүргізілуде. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Атамекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж 93 ата-ананың өтінішіне сәйкес 13 балаға көмек көрсетілді. Оның ішінде: аз қамтамасыз етілген отбасының -2 баласына 1 планшет (30 000 теңге), 3 балаға оқу құралдары (30 000), 1- ноутбук (45 000 теңге); көпбалалы от...
Толығырақ... Оқылды: 203 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.08.2020

Медициналық сақтандыру жүйесінде болмауыңыздың алты себебі

Егер сіз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына үнемі жарналар енгізіп отырсаңыз, бірақ egov-дағы жағдайды тексергенде, телеграмм бот «сақтандырылмаған» деп көрсеткен болса, онда сіз оны анықтап, себебін білуіңіз керек. Біз олардың ең жиі кездесетін себептері туралы айтып береміз. Бірінші себеп. Қазақстандықтардың көпшілігі жеңілдікті кезеңді 1 шілдеге дейін төлемдерді төлеуден босату ретінде қабылдап, төлеуді тоқтатты. Ал жеңілдікті кезең халықтың осы тұста МӘМС жүйесіндегі мәртебесін оңай анықтай алуы үшін арнайы жасалды. Нәтижесінде, алғашқы алты айда төленбеген немесе ішінара төленген болуы мүмкін, ал МӘМС пакетіндегі медициналық көмек осы кезеңде барлығына тегін қол жетімді болды. Не істеу керек? Алдымен айларға бөлінген өз төлемдеріңіздің үзіндісін алу қажет. Егер Сіз жеке кәсіпкер, АҚС шарты бойынша қызметкер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған немесе дербес төлеуші болсаңыз, онда сізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 8 айға жарналар төленуі керек. Егер сіз жалдамалы жұмысшы бол...
Толығырақ... Оқылды: 156 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.08.2020

Антикор 27 млн теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қызметкерлері медициналық ұйымдарға қайырымдылық көмек көрсету үшін шамамен 27 млн.теңге жинады. Агенттік қызметкерлері коронавирустың таралуына қарсы күреске көмек ретінде бір күндік жалақыны аударуға шешім қабылдады. Жиналған қаражатқа 25 оттегі концентраторы сатып алынды, олар өңірлер арасында тең бөлінетін болады. Өнімділігі минутына 10 литрге дейінгі аппараттар тыныс алу жолдарының аса ауыр ауруларын емдеуде қолданылады. «Әрбір ұйым әлеуметтік жауапты болуы тиіс. Қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігіміздің дәрежесін түсіне отырып, біз ауруханаларға оттегі концентраторларын сатып алу үшін бір күндік жалақыларымызды аудару маңызды және қажет деп есептедік. Сол арқылы СOVID-пен қарсы күреске жанашырлық танытамыз», - деді Агенттік төрағасы А. Шпекбаев. Сондай-ақ, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Халықаралық Интеллектті дамыту институтының дир...
Толығырақ... Оқылды: 145 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2020

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Ағымдағы жылдың 19 тамызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте айтылған Мемлекет басшысының тезистерін түсіндіру мақсатында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті колледж басшыларымен онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында "Sanaly Urpaq" жобасын жандандыру әдістері талқыланып, оқушылар арасында академиялық адалдық қағидалары түсіндірілді. Колледж басшыларымен кері байланыс барысында білім беру жүйесінде карантин жағдайында жобаны онлайн режимде іске асыру қажеттілігі атап өтілді.
Толығырақ... Оқылды: 184 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2020

Egov. Kz

Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру Құрметті оқырман, парақшамыздың бүгінгі #oqy&toqy айдарында аты-жөнін өзгерткен кезде берілетін анықтаманың телнұсқасын қайта алу жайлы айтатын боламыз. Ол үшін:
Толығырақ... Оқылды: 185 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.08.2020

Алматы облысында «Nur Otan» париясының партияішілік сайлауы бастау алды.

Облыс бойынша 323 үміткер праймеризге қатысуға өтінішін білдіріп үлгерген. Оның 175-і тіркелген. Үміткерлердің ішінде 23 адам облыстық деңгейге, 300 адам аудандық деңгейге өтініш білдірген. Праймериз келесі кезеңдер бойынша өткізіледі, олар: 1) кандидаттарды ұсыну және тіркеу; 2) кандидаттарды үгітке даярлау; 3) үгіт жұмысы; 4) дауыс беруді өткізу; 5) тізімдерді дайындау. Праймеризге Ел аумағында 10 жыл тұрған, 20-25 жастағы азамат қатыса алады. Үміткер сотталмаған, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыспен айыпталмаған болуы тиіс. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының мүшесі болуы қажет. Партия қатарынан шығарылған тұлға праймеризге жіберілмейді. Үміткерлерді тіркеу 17 тамыздан басталып 29 тамызға дейін жалғасады. Ал, 7 қыркүйектен 3 қазанға дейінгі аралықта кандидаттардың үгіт жұмыстары, сонымен қатар 14-30 қыркүйек аралығында жария пікірсайыстар өткізу жоспарланған. «Үміткерлер қатысу үшін primaries.kz сайты немесе өзіңіздің тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша аумақтық партия...
Толығырақ... Оқылды: 181 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.08.2020

Медициналық сақтандыру қоры сақтандырылмаған азаматтарға уақытша мәртебе беруді ұсынады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесінен жеңілдетілген санаттағы азаматтардың «түсіп қалу» жағдайлары туралы түсінік берді. 15 жеңілдік категориясының өкілдері үшін, яғни 11 млн-ға жуық қазақстандықтар үшін мемлекет жарнаны төлейді, Медициналық сақтандыру қоры өз емханасына немесе өз бетінше Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы бойынша жүгіну арқылы уақытша мәртебе беру алгоритмін (бір айға) әзірледі. Осылайша, халықтың жеңілдікті санаты өкілдерінің сақтандыру мәртебесімен туындайтын мәселелер жедел мерзімде шешіледі, пациент медициналық қызметтерге қол жеткізе алады. Пациент медициналық ұйымға жүгінген кезде оның қызметкері пациенттің растайтын құжатын сканерлейді (суретке түсіреді) және оны «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы ӘМСҚ-ға жібереді. Қор пациентке 1 айға мәртебе береді, оған тиісті хабарлама жіберіледі. Жеңілдікті санаттағы дәл осындай өкіл мұны App Store және Play Market-те «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасын жүктеу арқылы өз бетінше жасай алады. Жеңілдікт...
Толығырақ... Оқылды: 150 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.08.2020

«Шаңырақ» пилоттық жобасы бойынша өтініш қабылдау басталды

Баспаналы болуды мақсат тұтқан әрбір жанның көздеген межесіне жетуі үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламаның тамыры тереңге жайылған. Олй деуіміздің себебі, бірбағдарлама негізінде бірнеше бағытта үйлі болуға болады. Солардың бірі «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасы. Бұдан әрі «Шаңырақ» пилоттық жобасы ретінде іске асатын болады. Биылғы жылы «Шаңырақ» пилоттық жобасын жандандыру үшін қазынадан 210 млрд. теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Оның 90 млрд. теңге көлеміндегі алғашқы бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне түсті. Бұл қомақты қаржының есебінен 7-8 мың отбасы қоныс тойын тойлауға мүмкіндік алады. Аталмыш жоба шеңберінде баспанаға ие болу үшін ең алдымен мемлекеттік үй кезегінде тұруы шарт. Сонымен қатар, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен шот ашып, ол жерге пәтер құнының 10 пайыздық бастапқы жарнасын жинауы тиіс. Несие, 20 жылға жылына 5 пайыздық мөлшерлемемен берілетін болады. &laqu...
Толығырақ... Оқылды: 200 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.08.2020

Биыл ХҚО арқылы мың жарым адамға спорттық атақ-дәреже рәсімделді

Елімізде тамыз айының үшінші жексенбісі Спорт күні ретінде белгіленген. Осы мереке қарсаңында «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-офистері арқылы қанша спортшы атақ пен санатқа ие болғаны есептеліп, бұл тарапта биылғы жеті ай ішінде 1 544 мемлекеттік қызмет көрсетілгені анықталды. «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «ҚР еңбек сіңірген спорт шебері», «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы», «Жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі», «Ұлттық спорт төрешісі» және тағы басқа да бірқатар атақ-санаттарды беру туралы мемлекеттік қызметтерді алу үшін тапсырылатын құжаттардың тізімі атақ-санаттың дәрежесіне қарай әртүрлі. Оның үстіне бұл қызметтер бірнеше кезеңнен тұратындықтан, мерзімі де 24 жұмыс күнін құрайды. Спорттық атақ пен санаттарға қатысты қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Нәтижесінде қызмет алушының қолына ХҚО-да спорттық атақ...
Толығырақ... Оқылды: 176 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.08.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.