ӘЛЕУМЕТ
Карантин кезіндегі Құрбан айт мерекесін өткізудегі қағида |
Жетісулықтар құрбан шалу рәсімін онлайн режимінде өткізуге өтінім бере алады.Бұлтуралыақпараттықалаңында«JETISÝMEDIA»ТалдықорғанөңірібойыншаҚМДБ бас имамыАрдақОразбаевхабарлады. Еліміздегіэпидемиологиялықжағдайдыескереотырып,құрбанайтмерекесіқарсаңындаҚазақстанмұсылмандарыдінибасқармасыqurban2020.kz.арнайысайтыніскеқосты Оларқылыәрбірниетбілдірушіқұрбандықшалурәсімінөткізугеөтінішбереалады. "ЕндіАлматыоблысыныңтұрғындарыдаөзборышынүйденшықпай-ақденсаулығынақауіптөндірмейорындауғамүмкіндігібар.Олүшінсізгесайтқакіріп, "құрбандықшалуқызметінетапсырысберу"ұяшығынбасуқажет,әріқарайөңірді,толықатын, телефоннөмірінкөрсетуқажет,соданкейінқұрбандықшалуүшінмалтаңдап,қажеттісоманытөлеугеболады", -дептүсіндірдіАрдақОразбаев. Бас Имамсондай-ақ,азаматтардыңрәсімгежекеқатысаалмайтынынатапөтті.Өйткені,сойып,еттібөлшектеуүшінарнайыбөлінгенорындақасапшыларадамдардыңтапсырыстарынорындайтынболады. Алтапсырысберушіфото -жәнебейнеесепсұрайалады.Олетмұқтаждарарасын... |
Толығырақ... Оқылды: 168 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.07.2020 |
Медициналық сақтандыру қоры Алматы облысы бойынша филиалы COVID-19 қарсы күреске қатысқан 3455 медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төледі |
Алматы облысы медициналық сақтандыру қорынан COVID-19 қарсы күреске қатысқан 3 455 медицина қызметкеріне маусым айы үшін үстеме ақы төледі. Үстеме ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен Алматы облысынын Медициналық сақтандыру қорына 2,89 млрд теңге бөлінді. Қор қаржы операторы ретінде медицина қызметкерлерінің наурыздан маусым айы аралығында жалақысына қосымша 1,74 млрд астам теңге төледі. Медициналық сақтандыру қоры қауіпті жағдайда жұмыс істейтін дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің саны ай сайын артып келе жатқанын хабарлады. Егер наурыз айында үстеме ақыны 1447 астам қызметкер алса, маусым айында олардың саны 3 455 адамға дейін өсті. Коронавирус бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерін ынталандыру және көтермелеу үшін жалақыға үстеме ақы қарастырылған. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен тәуекел топтар, алушылардың тізімін қалыптастыру тәртібі және төлемдер мөлшері анықталды. Тәуекел тобына байланысты медицина қызметкерлеріне 212 м... |
Толығырақ... Оқылды: 159 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.07.2020 |
Медициналық сақтандыру қоры Алматы облысы бойынша филиалы COVID-19 қарсы 17,9 мың ПТР-зерттеулерді қаржыландырды |
Алматы облысы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры наурыз-маусым аралығында коронавирус инфекциясын диагностикалау үшін 17,9 мың ПЦР-зерттеу жасалынған, 9 мың тест стационарларда және МСАК дәрігерлерінің жолдамасы бойынша 8,9 мың тест жүргізілді. ПЦР-тестілеу облысымыздың адамдарына қолжетімді болу үшін Қор зертханасы бар 43 мекемемен келісім жасады. Облыста медициналық алғашқы көмек ұйымдары жанындағы шілде айынан бастап 321 мобильді бригада полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен тестілеу жүргізу үшін СOVID-19 күдікті пациенттерден биологиялық материалдардың үлгілерін алады. Мамандардың пікірінше, бұл тұрғындардын қызмет көрсету мәселесін уақытылы шешуге және олардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Медициналық сақтандыру қоры халықтың қай топтарында ТМККК және МӘМС қаражаты есебінен ПЦР-тестілеуден тегін өтуге мүмкіндігі бар екенін еске салады. Бірінші кезекте - инфекциялық стационарларда жатқан пациенттер. Диагнозды растап, емдеу алгоритмін қолдану ү... |
Толығырақ... Оқылды: 135 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.07.2020 |
ҚҰРҒАҚ ШӨПТІҢ ЖАНУЫН ҚАЛАЙ БОЛДЫРМАУ КЕРЕК |
Көксу ауданының аумағында ауа-райының жылынуына байланысты, өрт сөндірушілер күн сайын ашық аумақтағы және саяжай қоғамдарындағы құрғақ шөптің жануын сөндіруге 3 рет шығуда, ал демалыс күндері бұл сан екі есеге артуда. Өкінішке орай, осындай жағдайлар жиі кездеседі: ауа-райы құрғақ әрі желді кезде кез келген сөндірілмеген темекі тұқылы табиғи апат көлеміне дейін тарауы мүмкін. Сондай-ақ осы кезеңде саяжай өрттері нағыз қайғыға айналады. Бағбандар мен саяжайлар өз мүліктерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жеткілікті көңіл бөлмейді, сонымен қатар, көбінесе, бөтен мүлікке, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына, атап айтқанда, көршілеріне зиян келтіруге тәуекел етеді. Құрғақ шөптің жануы – басқарылмайтын процесс. Қатты жанып жатқан өртті тоқтату оңай емес. Көбінесе, шөп өрттерінен үйлер немесе тіпті тұтас қоныстар жанып кетеді. Шөптің өртенуінен өте қатты түтінденеді. Қоқыстың және басқа қалдықтардың жануы кезінде атмосфераға қор... |
Толығырақ... Оқылды: 176 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.07.2020 |
Ауырмайын десеңіз, емін біліңіз! |
Тарихқа үңілсек, ата-бабаларымыз жұқпалы аурулардың алдын алудың да, емдеудің де жолдарын жақсы білген екен. Өйткені, бүгінгі коронавирус індетінің симптомдары кәдімгі тұмаумен бірдей. Асқынса ушығады, дұрыс ем қолданылса жазылады, алдын алса мүлдем ауырмайды. Міне, бұл туралы тарихты зерттеуші Мұхамбеткәрім Қожырбайұлының жазбасына тоқталсақ болады. Сонымен, қауіпті дерттен құтылудың бірнеше жолдарын қаперлеріңізге ұсынамыз: 1. Еліміз індеттен түгел арылғанша ауырған адамдармен жақын қарым-қатынаста (контакт) болмай, оқшаулану. Бетперде (маска) кию. Ғимараттарда, көшелерде 1,5 — 2 метр арақашықтық ұстау. 2. «Жан алып, жан берісетіндей» аса бір қажет болмаса, адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарға бармау. Жақын, таныстармен қол бермей амандасу. Мұның еш сөкеттігі жоқ. Жалпы, қазақтың ата салтында алыстан амандасқан, қос қолын беріп, құшақтасып көрісу жылына бір-ақ рет Наурыз мерекесі кезінде болған. Қандай даналық десеңізші! Аталарымыздың бұл әрекеттерінің қанш... |
Толығырақ... Оқылды: 198 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.07.2020 |
Антикор сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық жаңашылдықтарға бастама жасады |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын әзірледі. Тұжырымдама жария талқылау үшін «Ашық НҚА» интернет-порталында» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4283406) және Агенттіктің сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/47919?lang=kk) орналастырылды. Ұсынылған түзетулерді үш блокқа бөлуге болады. Біріншісі сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Судьялар, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін қатаң жауапкершілік пен санкциялар енгізу ұсынылады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық жағдайын модельдеу арқылы парасаттылықты тексеру институты (Integrity Check) құқық қорғаушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда тиімді тежеуші тетік болады. Егер тексерілуші ұсын... |
Толығырақ... Оқылды: 183 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2020 |
Балабақшаға кезек нөмірін қарау |
Бүгінгі #oqy&toqy айдарын қазіргі кезде сұраныстағы қызмет түріне арнамақпыз. Маусым айынан бастап, балабақшаға жасы жеткен бүлдіршіндерге жолдама беріліп жатқаны мәлім. Нәтижесінде біраз баланың кезектегі саны алға жылжып келеді. Ондай болса, бүгін балабақша кезегін онлайн қарап үйренейік. |
Толығырақ... Оқылды: 220 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.07.2020 |
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА |
2020 жылғы 12 тамызға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын тағайындауға байланысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы келесіні xабарлайды: 1. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфирді және баспа алаңын төлеудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей (2020 жылғы 18 шілдеден кешіктірмей) тиісті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлауы және жариялауы, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына мына мекен-жай бойынша ұсынуы тиіс: Нұр-сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 4, электрондық мекен-жайы: v.zheksembekova@election.gov.kz, a.khusainova@election.gov.kz. 2. Бұқаралық ақпарат құралдары ақы төлеу мөлшері, эфирді және баспа алаңын беру шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жарияланғанға дейін кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру, тарату үшін эфир уақытын, баспа алаңын бере алмайды. 3.... |
Толығырақ... Оқылды: 197 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.07.2020 |
Туылған күніңмен Нұр-Сұлтан!!! |
«Астана – отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі». Егер біз бабаларымыздың қанымен келген тәтті сыйымыз тәуелсіздікті ұлы жетістігіміз деп есептесек, елордамыз соның ең асқақ жемісі. Ол –Қазақ деген абыройлы елдің атағын асқақтата түскен биік қамал, тәуелсіздіктің символы. Ол –отанымыздың жүрегі, бейбіт елдің баға жетпес байлығы. Астана күніне орай құттықтауларды қабыл алыңыздар! Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі - Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұрғаны айдан анық. Жас та болса, бас болған ару қаламыздың көркейіп, гүлденуінде әрбір қазақстандықтың қосқан үлесі бар. Астана дегенде кеудемізді мақтаныш сезімі кернеп, бойымызды тәтті сезім билейді. Гүлдей бер, жайнай бер, елімнің бас қаласы Астана! Астана күнін мемлекеттік мереке деп жариялаудың тарихи, танымдық, тәрбиелік тұрғыдан мәні айрықша зор. Бұлай дейтін себебіміз, елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру – бұл қазақтың өз билігі өзі... |
Толығырақ... Оқылды: 213 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.07.2020 |
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 80 жасқа толды |
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі. Бірқатар шет мемлекеттер мен еліміздің жетекші университеттерінің құрметті профессоры және докторы. Көптеген кітаптар мен ғылыми мақалалардың авторы. 1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973-1977 жылдары – Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы. 1977-1979 жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы. 1979-1984 жылдары – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984-1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы. 1989-1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығ... |
Толығырақ... Оқылды: 181 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.07.2020 |