ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҰҢҒЫШ "ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ" ДАУЫС БЕРДІ

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 06.10.2024
Оқылды: 117 Печать страницы
ТҰҢҒЫШ

Талдықорғанда Әлем кубогінің күміс жүлдегері, тұңғыш «Қазақстан Барысы» атанған Ұлан Рысқұл өз таңдауын жасады.


Референдумға жетісулық Рысқұл Ұлан №349 дауыс беру учаскесіне барып дауыс берді.

Рысқұл Ұлан дзюдодан Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы, Әлем кубогінің күміс жүлдегері. «Қазақстан Барысы» турнирінің тұңғыш жеңімпазы дауыс беріп, өз пікірін білдірді.

«Еліміздің өсіп-өркендеп дамығанын қалаймын. Сондықтан ел ертеңіне бей-жай қарамай, даму жолындағы тың бастамаларды қолдау үшін  келдім. Таңдау жасадым. Бүгінгі күн барлығымыз үшін маңызды. Барша қала халқын референдумнан қалыс қалмауға шақырамын»,- деді чемпион.

 
 
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.