ЖАҢАЛЫҚТАР

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында көшпелі медициналық көмек көрсетілді

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 24.07.2025
Оқылды: 104 Печать страницы
«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында көшпелі медициналық көмек көрсетілді



«AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ел ішіндегі қарияларға құрмет көрсетіліп, денсаулығына көңіл бөлінуде. Осы мақсатта арнайы ұйымдастырылған көшпелі медициналық топ шалғай елді мекендердегі ардагерлерге барып, тегін медициналық көмек көрсетті.

Мамандар ардагерлерді тексеріп, қажетті кеңестер беріп, қан қысымын, қандағы қант мөлшерін және жүрек соғысын тексерді. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда дәрі-дәрмектер де ұсынылды. Бұл шара ардагерлердің денсаулығын жақсарту, профилактикалық тексеруден өткізу және оларға деген әлеуметтік қолдауды арттыруға бағытталған.

Ардагерлер мен қарт тұрғындар осындай қамқорлыққа ризашылықтарын білдіріп, партияға алғыс айтты.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.