Кәсіби мереке – Ветеринария күніне орай, Көксу ауданы AMANAT партиясы филиалының төрағасы Бейсенов Мәлік Аманбайұлы ветеринария саласының мамандарын құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Салтанатты іс-шара барысында аудандағы ветеринар мамандардың қоғамдағы маңызы мен қажырлы еңбегі ерекше атап өтілді. Мәлік Аманбайұлы өз сөзінде:
«Ветеринария – тек мал шаруашылығына емес, бүкіл халықтың денсаулығы мен азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды сала. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз», – деді.
Іс-шара аясында ветеринария саласының озат қызметкерлеріне құттықтау хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Бұл – мамандардың еңбегін бағалаудың, оларды ынталандырудың айқын белгісі болды.
ЖАҢАЛЫҚТАР
Көксу ауданында Ветеринария күні аталып өтті
| Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР | |
| Уақыты: 24.07.2025 | |
| Оқылды: 100 | Печать страницы |
