Ата Заң күніне орай Көксу ауданының AMANAT партиясы филиалы мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызы мен құндылықтары түсіндіріліп, тәуелсіз еліміздің басты заңының қоғамдағы рөлі ерекше атап өтілді.
Жиынға аудан тұрғындары, ардагерлер мен партия белсенділері қатысты. Қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында түрлі сый-сияпаттар табысталды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — азаматтарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, Конституция қағидаттарын дәріптеу және ел дамуына үлес қосып жүрген жандарды қолдау болды.
