Жетісу облысы, Көксу ауданында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында «Таза бейсенбі» экоакция ұйымдастырылды.
Игі шараға аудандық мәслихат депутаттары, жастар орталығының өкілдері, партия филиалы мен ауыл тұрғындары атсалысты.аудандық партия филиалының мүшелері, еріктілер және белсенді азаматтар қатысты.
Балпық би ауылындағы М.Сеңгірбаев атындағы саябақта өткен сенбілікке 30-ға жуық жуық адам жұмылдырылып, 3 тоннадан астам қоқыс жиналды. Қатысушылар қоғамдық орындардың тазалығына ерекше мән беріп, акция барысында аумақты қоқыстан тазартып, көгалдандыру жұмыстарын да атқарды.
— «Біздің мақсат – тек қоқыс жинау емес, тұрғындарға табиғатты аялаудың маңызын көрсету. Әрбір азамат өз ауласынан бастаса, бүкіл ауданымыз таза болады», — деді «AMANAT» партиясы Көксу аудандық филиалының төрағасы Мәлік Бейсенов
«Таза бейсенбі» акциясы алдағы уақытта ауданның басқа да елдімекендерінде жалғасын таппақ.
#amanat #tazaqazaqstan #QAZAQSTAN
