ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерлан Қарин: Биылғы Жолдаудың біріктіруші идеясы – цифрландыруды дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 09.09.2025
Оқылды: 109 Печать страницы
Ерлан Қарин: Биылғы Жолдаудың біріктіруші идеясы – цифрландыруды дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Президенттің бүгін Қазақстан халқына жолдаған Жолдауының маңызына тоқталды.

«Биылғы Жолдаудың біріктіруші идеясы – цифрландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың түрлі салаларына цифрландыру мен жасанды интеллект құралдарын жеделдетіп енгізу міндетін жүктеді. Бұл қадамның барлығы жинақтала келіп, Қазақстанның жаңа Ұлттық цифрлық даму стратегиясына біріктіріледі.

Қазақстан жаңа технологияларды дамыту мен енгізуде кешенді әрі жүйелі шешімдер қабылдаған әлемдегі алғашқы елдердің бірі болып отыр. Бұл ретте Қазақстан болашақта технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет атануды көздейді.

Осылайша, биылғы Жолдауда цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізу біздің ел үшін жаңа ұлттық идея ретінде айқындалды», – деді ол.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.