ЖАҢАЛЫҚТАР

КӨКСУ АУДАНЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 14.10.2025
Оқылды: 179 Печать страницы
КӨКСУ АУДАНЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жылыту маусымының басталуына байланысты Көксу ауданында тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында түсіндіру және алдын алу шаралары қарқын алуда. 

Қазіргі таңда қатты отынмен жылытылатын жеке тұрғын үйлерге көміртегі тотығын (иіс газы) анықтайтын арнайы иіс сезгіш құралдар (датчиктер) орнатылуда. Бұл құрылғылар улы газдың таралуын дер кезінде анықтап, адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, көміртегі тотығы – түссіз әрі иіссіз, өте қауіпті у, ол тыныс алу жолдары арқылы ағзаға еніп, ауыр зардаптарға, тіпті адам өліміне әкелуі мүмкін. Сондықтан мұндай улы газды тек арнайы құрылғылардың көмегімен ғана анықтау мүмкін.

Аудан бойынша бұл құрылғылар әлеуметтік осал топтарға жататын, көпбалалы, жалғызбасты аналар және мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұратын отбасылардың үйлеріне орнатылып жатыр. 

Мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өрттің және уланудың алдын алу. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен жергілікті әкімдік бірлесе отырып, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда. 

Өрт қауіпсіздігін сақтайық – өмірімізді қорғайық!

 

Көксу ауданы төтенше жағдай бөлімі

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.