ЖАҢАЛЫҚТАР

БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫ ҚОРҒАУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 17.10.2025
Оқылды: 333 Печать страницы
БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫ ҚОРҒАУ – БАСТЫ НАЗАРДА

 

Бүгінгі таңда балалық шақты қорғаубалалардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасызету мәселесі – қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды бағыттардың біріСоңғы уақытта ата-аналар тарапынан резонанс тудырған негізгімәселелердің бірі – балабақшалардағы балалардыңтамақтану сапасы мен қауіпсіздік жағдайыБұлмәселе қоғамның кең талқысында тұр және«AMANAT» партиясына да бұл жағдайды назардантыс қалдырмайнақты шаралар қабылдауды қолғаалды.

Осы бағытта «AMANAT» партиясы Жетісуоблыстық филиалы білім басқармасымен бірлесіп,арнайы «Қоғамдық бақылау» штабын құрды. Бұл штабтың құрамына депутаттық корпус, қоғамдық кеңес, ата-аналар комитеті, «Атамекен» палатасы,  басқа да қоғамдық ұйымдары мүшелік етеді.

Штаб жұмысының басты мақсаты – балабақшалар мен мектептердегі тамақтану сапасын, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін бақылау болып табылады.

Алғашқы мониторинг жұмыстарын Жетісу облысы, Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылында басталды. Сонымен қатар Талдықорған қаласы, Алакөл, Ақсу, СарқанҚаратал, Көксу, Ескеледіаудандары және Текелі қаласында жалғасын табуда.

«Біздің басты мақсат – білім беру мекемелерінде кемшіліктерін табу емес, жүйелі мәселелерді анықтау және олардың шешу жолдарын қарастыру. Мұндай мониторинг жұмыстары қазан айының соңына дейін өңірдегі барлық білім беру және мектепке дейінгі ұйымдарды қамтитын болады», – деді «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Қадырұлы.

Мониторинг барысында штабы білім беру мекемелерінің асханаларындағы жұмыс барысы, оқушылар мен тәрбиеленушілерге ұсынылатын тағамның сапасы, азық-түлік өнімдерінің жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары, сондай-ақ тағам дайындау талаптарының сақталуы қаралды. Бұдан бөлек, бейнебақылау камераларының тиімділігі, өрт қауіпсіздігі жүйесінің жай-күйі және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шаралар назарға алынды

«Асханалардағы санитарлық талаптардың сақталуы мен тағам сапасы әрдайым бақылауда болуы тиіс. Сонымен қатар, әр баланың қауіпсіздігі бейнебақылау және өрт қауіпсіздігі жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуіне тікелей байланысты»  дейді Жетісу облысы бойынша партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Руслан Вахапұлы.  

Айта кетейікЖетісу облысында 315 мемлекеттік білім беру мекемелері, 6 жеке меншік мектеп, 235 мемлекеттік балабақша сонымен қатар 145 мемлекеттік-жекешелік әріптестік балабақша жұмыс істейді.

«Қоғамдық бақылау» штаб ағымдағы жылдың қазан айынын соңына дейін өңірдегі барлық аудан қалалардағы орта және мектепке дейінгі білім беру мекемелерін қамтитын болады.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.