ЖАҢАЛЫҚТАР

Конституциялық реформа

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 19.02.2026
Оқылды: 59 Печать страницы
Конституциялық реформа

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық конституциясы үшін!» атты өңірлік коалициясы Көксу аудандық Қазпошта ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси жаңғырулар мен конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары түсіндірілді. Қатысушыларға заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру және мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңа тәсілдер туралы кеңінен ақпарат берілді.

Сонымен қатар, еңбек ұжымы тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Кездесу соңында қатысушылар реформалардың қоғам дамуына оң әсер ететініне сенім білдірді.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.