ЖАҢАЛЫҚТАР

Конституция балалар көзімен

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 20.02.2026
Оқылды: 38 Печать страницы

 2026 жылғы 20 ақпан күні Көксу ауданында өнер мектебінде «Конституция балалар көзімен» атты аудандық сурет байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституцияның маңызын түсіндіру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Іс-шара барысында жас суретшілер өз жұмыстарында құқық, бостандық, тәуелсіздік және бейбіт өмір тақырыптарын ерекше қиялмен бейнеледі. Әрбір суреттен балалардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен өзіндік көзқарасы көрініс тапты.

 Осындай шаралар жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырады.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.