Көксу аудандық кітапханасы ұжымының ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне орай мәдени-танымдық іс-шара өтті. Тағылымды шараның басты мақсаты – қоғамда ризашылық, құрмет пен сыйластық құндылықтарын дәріптеу, өскелең ұрпаққа мерекенің мән-маңызын терең түсіндіру болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға Алғыс айту күнінің шығу тарихы мен қоғамдық маңызы туралы мазмұнды бейнеролик ұсынылды. Бейнероликте еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің бір-біріне деген құрметімен татулығы, тарихи кезеңдердегі өзарақолдау мен ынтымақтастық көрініс тапты. Кітапхана қызметкерлері мерекеніңмазмұнын жан-жақты түсіндіріп, алғыс айту– адамгершілік пен кішіпейілділіктің, кеңпейілділік пен ізгіліктің көрінісі екенінатап өтті.
Кештің көркемдік бөлігінде мәдениетсаласының өкілі Бауыржан Болатұлы әсерліән орындап, көпшілікке мерекелік көңіл күйсыйлады. Әуезді ән кештің ажарын ашып, қатысушылардың ерекше ықыласынабөленді.
Шара аясында «Мақалды жалғастыр» аттывикториналық ойын ұйымдастырылып, қатысушылар халық даналығын еске түсіріп, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Ойын барысында мақал-мәтелдердіңтәрбиелік мәні кеңінен талқыланып, жастардың ұлттық құндылықтарға дегенқызығушылығы артты. Сонымен қатар, психологиялық тренинг элементтеріқамтылған ойын өткізіліп, қатысушылар бір-біріне жылы лебіз білдіріп, ризашылықсөздерін арнады. Бұл бөлім көпшіліктіңкөңілін толқытып, шынайы алғыс пен ізгітілектер айтылған әсерлі сәттерге ұласты.
Кеш барысында Әжелер ансамблініңмүшелері сөз сөйлеп, өмірліктәжірибелерімен бөлісті. Олар жастардыүлкенді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға, әрдайым шүкіршілік етіп, алғыс айта білугешақырды. Ақ жаулықты аналардың өнегеліой-пікірлері мен ақ баталары шараныңтәрбиелік мәнін тереңдете түсті.
Мазмұнды өткен мәдени-танымдық іс-шара қатысушылардың рухани байып, бір-бірінедеген құрмет пен алғыс сезімдерін арттыруғазор ықпал етті. Осындай тағылымдыкездесулер қоғамда бірлік пен татулықтынығайтып, адамгершілік құндылықтардыдәріптеуге қызмет ететіні сөзсіз.
Көксу аудандық кітапханасының кітапханашысы А. Нурмухамбетова
